Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет8/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   420

16 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



шығындардың  үштен  бірін  берсе  де  болады  дей  отырып,  ең  алдымен  қырғыз-қазақтар 

үшін аудан орталықтарында мектеп-интернаттар ашылуы тиіс деп атап көрсетті. [4. 16-17-

б.]. 

1923  жылы  өткен  ТКП  Жетісу  облыстық  ІІІ  партия  конференциясынан  кейін, 



Жетісу облыстық әскери революциялық комитетінің төрағасы қызметін атқарып отырған 

Қабылбек  Сарымолдаев  (ол  1922  жылдың  14  қазаны  мен  1923  жылдың  18  шілдесі 

аралығындағы  облревком  төрағасы  болып  жұмыс  істеді  –  С.Ш.)  Т.Рысқұловтың 

тапсырмасын орындай отырып, барлық аудан орталықтарында кедей балаларына арналған 

мектеп-интернаттар  ұйымдастыруды  қолға  алады.  Осы  саясат  аясында  уездік 

революциялық  комитеттер  мен  Қосшы  одағынан  жергілікті  кеңестік  орындарға  Жетісу 

облыстық  мектеп-интернаттарға  жетім,  жалшы  және  кедей  балаларынан  оқуға  адам 

жіберу  туралы  арнайы  нұсқаулар  жіберілді.  Міне,  осы  саясат  аясында  көптеген  қазақ 

балалары  білім  алып,  30  жылдары  қазақ  халқына  қызмет  етті.  Олардың  қатарында 

Нұрбапа Өмірзақов, Ақай Нүсіпбеков және т.б. көптеген қазақ қайраткерлері болды [5]. 

Тұрар  Рысқұлов  Түркістаннан  кеткеннен  кейін,  9  ай  көлемінде  Коминтерннің 

өкілетті өкілі ретінде Моңғолияда жұмыс істегені белгілі. Ол 1925 жылғы шілде айының 

басында Мәскеуге қайтып келген соң өзінің Моңғолиядағы қызметіне есеп береді. Оған 

дейін-ақ,  1925  жылы  10  шілдеде  өткен  МХРП  ОК-нің  мәжілісінде  Т.Рысқұловтың 

Моңғолиядағы қызметін тұтастай мақұлдап, оған оң баға берілген болатын. Көп ұзамай, 

КСРО  Сыртқы  істер  халкомы  Г.В.Чичерин  де  осындай  баға  берді  және  оған  қолдау 

көрсету  қажет  деген  пікір  білдірді  [6].  Осыдан  соң,  БК(б)П  ОК-і  Т.Рысқұловтың 

Моңғолиядағы  қызметіне  жоғары  баға  бере  отырып,  әбден  ысылған  партия  және 

шаруашылық  қайраткерін  одан  ары  жұмысқа  пайдалану  мәселесін  ойластыра  бастады. 

Т.Рысқұлов бұл кезде Түркістан халкомкеңесінің төрағасы болған қызметі арқылы-ақ өзін 

шебер шаруашылық қожайыны, ТКП Мұсылман бюросындағы жұмысы арқылы дарынды 

партиялық  ұйымдастырушы  ретінде  мойындатқан,  Моңғолиядағы  қызметі  арқылы 

халықаралық  дәрежедегі  сұңғыла  саясаткер,  шебер  мәмілегер  екенін  көрсеткен  тұлға 

болғандықтан да оған қай саладан болса да қызмет ұсынуға болатын еді. 

БК(б)П  ОК  Ұйымдастыру  бюросы  Т.Рысқұловты  партиялық  жұмысқа  пайдалану 

орынды болады деген тоқтам жасайды. Сол кезеңде БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитеті 

аса  қиын  жағдайда  жұмыс  істеп  жатқан  еді.  1925  жылдың  қыркүйек  айында 

Қазөлкекомының  бірінші  хатшысы  қызметіне  кіріскен  Ф.Голощекин  Қазақстанда 

асқынып тұрған қазақ  топшылдығымен күрес бастады. Әрине, бұл күрес өте тәжірибелі 

саясаткер, кәнігі басқарушы Ф.Голощекин үшін де оңайға соқпады. Бұл күрестің аса ауыр, 

әрі  ұзаққа  созылатынын  БК(б)П  ОК-і  де,  Ф.Голощекин  де  анық  түсінді.  1925  жылғы 

желтоқсан  айында  өткен  V  Бүкілқазақстандық  партия  конференциясы  мұны  анық 

көрсетіп  берді.  Оның  үстіне,  бұл  кезеңде  республика  шаруашылығы  да  1913  жылғы 

деңгейге  көптеген  салалар  бойынша  жете  алмай,  ақсап  жатқан  болатын.  Сондықтан, 

БК(б)П ОК-і  Т.Рысқұловты  Қазақ  өлкелік  партия  комитетіне  қызметке  жіберуді 

ойластыра бастады. Көп уақыт Қазақстанда болмаған Т.Рысқұлов та осыған мүдделі еді. 

Осы арада, «рысқұловшылдық» туралы мәселеге тоқтала кету қажет. Өйткені, 1925 

жылғы  кейбір  тарихи  құжаттарда  «қожановшылдар»  немесе,  «рысқұловшылдар»  деген 

сипаттаулар кездеседі. 

Мұның барлығы да Орталық пен оның Қазақстандағы жандайшаптарының негізсіз 

айыптаулары  болатын.  Шын  мәнінде,  Т.Рысқұловтың  Қазақстандағы  топшылдыққа 

ешқандай  қатысы  болған  жоқ.  Біріншіден,  ол  Қазақ  АКСР-інде  бұған  дейін  қызмет 

атқарған  жоқ.  Екіншіден,  Түркістан  АКСР-індегі  оның  тобы  –  Орталықтың  эмиссарлық 

органы Түріккомиссияға қарсы жергілікті түрік халықтарының мүддесін қарсы қоя білген 

Мұсбюро  болатын.  Түріккомиссияның  Т.Рысқұлов  тобын  талқандауы  –  Түрік  Кеңес 

Республикасы мен  Түрік  халықтарының  Компартиясын  құру  туралы  идеяға  берілген 

соққы  болатын.  Ал  осының  негізінде  ұлттық  мүдде  жолындағы  әрекеттерді 



17 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



«рысқұловшылдықпен» айыптауға жол берілді. Сондықтан, Т.Рысқұловты топшылдықпен 

айыптау ешбір қисынға келе қоймайды. Бірақ, Қазақ АКСР-індегі асқынған топшылдық 

одан  әлдеқайда  жоғары  тұрған  түрікшіл  тұлға  Т.Рысқұловқа  да  салқынын  тигізбей 

қоймады.  Ол  1926  жылы  Қазақстанға  қызметке  келген  кезде  осы  мәселемен  бетпе-бет 

кездесті. 

Т.Рысқұловты Қазақстанға жұмысқа жібермес бұрын БК(б)П ОК-і Ф.Голощекиннің 

және Қазөлкеком бюросының өзге де мүшелерінің көңіл-күй ауанын байқау мақсатымен 

Т.Рысқұловты  Қазақстанға  жұмысқа  жіберсек  қалай  қарайсыңдар  деген  мазмұнда 

жеделхат  жолдады.  Өйткені,  БК(б)П  ОК-нің  Ұйымдастыру  бюросы  1919  жылы 

Түріккомиссияның  мүшесі  болған  Ф.Голощекин  мен  Т.Рысқұлов  арасының  жақсы  емес 

екенін  анық  білетін.  Оның  үстіне,  оған  дейін  өте  жоғарғы  деңгейдегі  партиялық  және 

мемлекеттік  қызметтерді  абыроймен  атқарып,  халықтың  құрметіне  бөленген 

Т.Рысқұловтың қатардағы қызметке келмейтіні әу бастан-ақ белгілі. Яғни, бұл дегеніңіз, 

біреудің  жылы  орнынан  жылжуы  деген  сөз.  Бір  қызығы,  1926  жылы  10  ақпанда  өткен 

БК(б)П  Қазөлкекомы  бюросының  Ф.Голощекин,  И.Киселев,  О.Жандосов,  Н.Нұрмақов, 

Ж.Мыңбаев,  А.Серғазиев,  С.Сәдуақасов,  О.Исаев,  М.Тәтімов,  И.Игеновтардың 

қатысуымен  өткен  мәжілісінде  «Жолдас  Рысқұловты  Қазақстанда  жұмысқа  пайдалану 

туралы ОК-тің  жеделхаты»  қаралып,  «жолдас  Рысқұловтың  жұмыс  істеу  үшін 

Қазақстанға  келуіне  қарсылық  жоқ»  деген  қаулы  қабылданды  [7].  Осы  жерде,  барлық 

жағынан тығырыққа тіреліп, одан шығар жол іздеп отырған Ф.Голощекиннің бұдан басқа 

амалы  жоқ  болған  шығар  деген  ойдамыз.  Себебі,  Т.Рысқұловтың  керемет 

ұйымдастырушылық дарыны Қазақ АКСР-і үшін ауадай қажет болатын. 

Қазақ өлкелік партия комитетінің ресми келісімін алған БК(б)П ОК Ұйымдасыру 

бюросы  1926  ж.  3  наурызда  БК(б)П  ОК  Хатшылығының  келісімімен  Т.Рысқұловты 

БК(б)П Қазөлкекомының қарауына жіберу туралы шешім шығарды. 

Біздің қолымызға Т.Рысқұловтың Қазақстанға дәл қай күні келгенін айғақтайтын 

құжат  әзірге  түсе  қойған  жоқ.  Тек  белгілісі  –  1926  ж.  10  сәуірде  өткен  Қазөлкекомы 

бюросының  мәжілісі  оның  қатысуынсыз-ақ  «жолдас  Рысқұловтың  жұмысы  туралы» 

мәселені қарап, оны БК(б)П Қазөлкекомының Баспасөз бөлімінің меңгерушісі қызметіне 

тағайындады. Ал 19 сәуір күні өткен аталмыш бюро мәжілісі Т.Рысқұловтың қатысуымен 

өтеді.  Осы  мәжілісте  Ф.Голощекин  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  редакциялық  алқасы 

туралы» хабарлама жасап, ол бойынша «Рысқұлов, Сәдуақасов және Жандосов жолдастар 

«Еңбекші  қазақ»  редакциялық  алқасына  мүше  болсын,  Т.Рысқұлов  газеттің  жауапты 

редакторы  болып  тағайындалсын»  деген  шешім  қабылданды  [8].  Яғни,  Т.Рысқұлов 

Қазақстанға осы екі аралықта келсе керек. 

Т.Рысқұлов  Қазақстанға  келе  салысымен-ақ  әдеттегіше  жұмысқа  қызу  кірісіп 

кетеді. Ол кезде Қазақстанда 29 мерзімді басылым шығып тұратын еді. Оның 16-сы орыс 

тілінде болса, 12-сі  қазақ  тілінде,  1-уі  ұйғыр  тілінде  шығатын.  Т.Рысқұлов  өлкелік 

баспасөз  бөлімінің  меңгерушісі  ретінде  ауыл  кеңестерінің  жұмысын  жандандыру 

бағытында  орасан  жұмыс  атқарды.  Үнемі  қазақ  ауылдардарындағы  қоғамдық 

қатынастарды  реттеуге,  қазақ  кедейлерінің  кеңестердегі  рөлін  арттыруға  баспасөзді 

жұмылдыруға  күш  салды.  Сонымен  қатар,  республикалық  баспасөзге  жұмсалатын 

қаржыны көбейтуге, губерниялық баспасөз бөлімдерінің жұмысын жетілдіруге баса назар 

аударды.  Біз  Т.Рысқұловтың  аз  уақытта  Қазақстанда  атқарған  жұмыстарын  кеңірек 

көрсету үшін нақтылы деректермен бере кетуді жөн санап отырмыз. Мысалы, Т.Рысқұлов 

1926  ж.  21  сәуір  күні  өткен  Қазөлкомы  хатшылығының  мәжілісіне  қатысады. 

Т.Рысқұловтың  мәжілістегі  рөлі  мен  ықпалы,  оның  энергиясы  хатшылықтың 

хаттамасынан- ақ айқын сезіліп тұр. Осы мәжілісте Т.Рысқұлов қаржының жетіспеушілігі 

салдарынан шығуы тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұрған «Қызыл Қазақстан» журналына 

қаржы  іздестіру  туралы  мәселені  көтере  отырып,  журналды  шығаруды  тоқтатпау  және 

оған бөлінген 3000 сом субсидияны жеткіліксіз деп есептей отырып, керекті қаржыны тез 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау