240
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Толық емес жұмыспен қамту - жұмыс күшiн тиiмсiз (нәтижелi емес)
пайдалану.Оның екi нысаны былай ажыратылады:
1.Жұмыс уақытының қысқаруы себепшi болған ашық толық емес жұмыспен қамту;
2.Жұмыс iстейтiндердiң бiлiктiлiгiн тиiмсiз пайдалануды, еңбек өнiмдiлiгiнiң
төмендiгiн көрсететiн жасырын толық емес жұмыспен қамту.
Жұмыссыздар - жұмыс iстеуге қабiлеттi жастағы, бiрақ оларға байланысты емес
себептермен еңбек қатынасында тұрмаған және еңбек табысы жоқ, жұмыс iздестiрушi,
жұмыс iстеуге дайын тұлғалар.
Ресми тiркелген жұмыссыздар - жұмыспен қамту қызметiнде жұмыс iздестiрушi
ретiнде тiркелген және де жұмыспен қамту қызметi қолайлы жұмысқа ұсыныс жасамаған
жұмыссыздар арасындағы тұлғалар.Жұмыссыздық - еңбек нарығында жұмыс күшiнiң
белгiлi бiр бөлiгiнiң талап етiлмеуi себепшi болған әлеуметтiк-экономикалық құбылыс.
Табиғи жұмыссыздық деңгейi - жұмыс күшiне деген сұраныста, сондай-ақ жұмыс
iздестiруде немесе күтуде (фрикциялы жұмыссыздықта) құрылымдық өзгерiстер себепшi
болған объективтi, экономикалық және әлеуметтiк тұрғыда қабылдауға болатын
жұмыссыздық деңгейi.
Еңбек нарығындағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты болып, жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу және жүргізу табылады.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу екі бағытта –макроденгейде және
микроденгейде жүзеге асуы қажет.
Қазіргі кезде микроденгейде жұмыспен қамту мәселелері өзекті болып отыр.
Кәсіпорын деңгейіндегі жұмыспен қамту мәселелерін шешіп алмай, еңбек нарығының
шиеленісін төмендету мүмкін емес.
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы халықтың жұмыспен қамтылуын
қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықты жұмыспен
қамтамасыз етуді жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей
байланысты.
Сонымен бірге, өңірлік жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы
органдардың рөлін біршама арттыру керек, өйткені, осы органдар арқылы өңірлік
жұмыспен қамту бағдарламалары жасақталады және ең бастысы, жүзеге асырылады.
Яғни, жергілікті жұмыс күшін тиімді пайдалану және бекітуді, оның сапасы мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі мен дамыту
жүйесін қалыптастыру жұмыспен қамту саласында маркетингтік басқаруды пайдалануды
қарастырады. Жұмыспен қамту саласындағы маркетинг - бұл әлеуметтік тиімділікке қол
жеткізу мақсатында жоғары сапалы қызмет көрстеу бойынша мемлекеттік мекеменің
қызметі.
241
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Жұмыспен қамту саласындағы маркетингтің біздің ойымызша, әлеуметтік-
экономикалық-этикалық бағыттылығы болуы тиіс, өйткені жұмыс берушілер жұмыстан
босатылған адамдарға жауапты болуы тиіс және халықты жұмыспен қамту органдары
сияқты қаланың және ауданның, оның ішінде ең алдымен аймақтардағы еңбек нарығында
тұрақты жағдайды сақтауға ықпал етуі тиіс.
Биліктің жергілікті органдарының, жоғары, орта арнайы және орта мектептердің
басшыларына, жұмысшылар мен мамандардың даярлығының кәсіби-біліктілік құрылымы
мен көлемін, еңбектің аймақтық нарығының қажеттілігіне сәйкестендіру және келістіруі
қажет.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға кәсіптік бағдар
беру жұмысы қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін
демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға
байланысты республикамыздың білім беру мекемелеріндегі шәкірттің кәсіп таңдау
мәселесіне жаңа талаптар қойылуда.
Менің пікірімше, қазіргі қоғамымыздағы белең алып бара жатқан жұмыссыздық
мамандықтың дұрыс таңдалмауынан туындаған күрмеулі мәселелердің бірі деп
есептейміз.
Болашақ мамандық таңдау кезінде мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін
жас азаматтың аңсаған арманы мен шынайы қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып,
тұлғаның ерекшеліктері мен қандай нәрсеге икем екендігін ескеріп қадам жасаған дұрыс.
Еңбек рыногы саясатының тікелей мақсаты -жұмыссыздықтың деңгейін төмендету,
жұмыс күшінің сапасын көтеру және ықпалды жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету
арқылы оны реттеу болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қаралатын
мәселелер:
- келешекте өндірістегі жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын
көбейту арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау;
- жұмыспен қамту саясатында әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын
қарастыру (оқушы жастар үшін оқудан бос уақыт кезінде уақытша жұмыспен қамтуын
ұйымдастыру және Жастар саясаты);
Жұмыспенқамтудағымаркетингтікқызм
ет
-
жұмыспен қамтуда
сұраныс пен ұсыныс
нарықтарын зерттеу;
-
ғылыми зерттеулер мен
жобалар;
-
қаржыландыру көздерін
қалыптастыру және бөлу
Мақсаты
Қызметтер
Ұйымдастыру
принциптері
-
әлеуметтік тиімділікке
қол жеткізуге ықпал ету;
-
қоғамның қажеттілігін
қанағаттандыру.
-халықтың жеке
мүдделерін қамтамасыз
ету;
-
жұмыспен қамту
саласында қызмет
таңдау құқығы;
-
тұтынушының
артықшылығы.