244
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
3. Автоматты нарықтық реттегіштер шаруашылықтың теңгерімді жағдайында ғана
тиімді әрекет ете алатын жағдайда.
4. Нарықтық экономикалы қалыптасқан елдер, әдетте, мемлекеттік реттеуді
кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және халықтың тұтынушылық сұранысын
жандандыру негізіндегі нарықтық тетіктермен икемді ұштастыруға ұмтылады.
Аймақтың тиімді жұмыс істеуінде жоғары басшылық маңызды орын алады. Оған,
әдетте, аймақта әкімшілік басшысы, әкімнің орынбасарлары, жетекші департаменттер мен
басқармалардың басшылары жатады [1].
Аталған құрылымдық түзілімдер тізбегіндегі әр буынның рөлі мен тиімділігі
әртүрлі және мынандай факторларға тәуелді болады:
-аймақ әкімшілігі басшысының басқару стилі;
-басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрі;
-негізгі персоналдардың команда мүшелерінің жеке тұлғалық және кәсіби сапасы.
Әрине, бұл тізімде шешуші позицияны әкімшілік басшысы алады. Ол өзінің
неғұрлым кәсіби дәрежесі жоғары болаған сайын, соғұрлым мықты орынбасарлар мен
жетекші бөлімшелердің басшыларын таңдайды.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімді дамуы аймақ экономикасының негізгі элементтерінің
бірі және қазіргі уақытта ол мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдауға байланысты
болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасына сәйкес жұмыс істеу
өндірісті құрылымдық қайта құру, оның техникалық деңгейін арттыру, қызметкердің әл-
ауқаты және оның еңбегінің нәтижесін өзара байланыстыруды қамтамасыз ету, тиімділігі
жоғары икемді, жаңалықтарды қабылдағыш, экономикасы әлеуметтік бағдарланған,
азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары, кәсіп пен жұмыс орнын таңдау,
кәсіпкерлік бостандығы, барлық меншік нысандарының теңдігі, оның жеке тірлігіне қол
сұғылмаушылық және жеке және қоғам мүддесінде пайдалану кепілдігі конституциялық
кепілдендіруқағидаттарына негізделген экономиканы құру мақсатында ірі әлеуметтік
бағдарламаларды жасауды іске асыру мүмкіндігін анықтайды[2].
Мемлекеттің негізгі рөлі жекелеген экономикалық салалардағы кәсіпкерлік
қызметке теріс әсер ететін жағымсыз үрдістерді жылдам анықтау болып табылады,
олардың туындау себептерін анықтау және оларды жою бойынша қажетті шараларды
қабылдау. Мемлекет араласу үшін мынадай жағдайлар болу қажет: экономикадағы
жағымсыз құбылыстар (инфляция, бюджет тапшылығы, жұмыссыздықтыңжоғары деңгейі,
өндірістің құлдырауы, инвестициялық құлдырау және т. б.), қоғамдағы әлеуметтік
шиеленіс, қоршаған ортаның жай-күйініңнашарлауы, ұлттық қауіпсіздік талаптары және
т. б.
Сондай-ақ, салықтарды жинау бойынша жүйені жетілдіру қажет. Салықсалынатын
базаны кеңейтуменбір мезгілде салықтардың құрылымын түзету есебінен өндірушілердің
салық жүктемесін төмендету, түрлі деңгейдегі бюджеттерге кірістердің тұрақты түсімін
қамтамасыз ету кезінде экономиканың нақты секторының қаржылық жағдайын нығайтуға
мүмкіндік береді. Салық реформасының келесілерді көздейтін негізгі бағыттарын жүзеге
асыру қажет:
- тауар өндірушілерден алынатын жергілікті салықтар мен алымдарды, соның
ішінде ҚҚС, пайдадан алынатын салықты, лицензиялық алымдарды азайту;
- заңды тұлғалардың мүлкіне және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкіне,
сауда-делдалдық және қаржылық құрылымдардың үстеме пайдасынапрогрессивті
аймақтық салықтарды енгізу;
- салықтарды жинауға, берешектерді қысқартуға, соның ішінде оларды вексельдер
мен акцияларға ресімдеу жолымен, кейін бағалы қағаздар нарығында және аумақтың
тауар қорларын қалыптастыру кезінде пайдалану мақсатында пәрменді бақылауларды
енгізу;
245
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
-дағдарыстан шығу және аумақтық тапсырыстарды орындау аумақтық
бағдарламаларына қатысу жолымен жүзеге асырылатын салықтықынталандыру жүйесін
енгізу.
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру үдерістердің әлеуметтік бағдарлануы
кезінде инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеудің макроэкономикалық,
микроэкономикалық және институционалдық құралдарын үйлестіретін, инвестициялық
қызметті мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын
механизмге тірек бола алады.
Мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктері шектеулі және өндірістік құлдырауды
еңсеру қажет болған жағдайда инвестициялық саясатты мынадай қағидаттардың негізінде
жүзеге асырған тиімді:
- әр түрлі меншік нысандарын дамыту, олардың инвестициялық жобаларын
қаржыландыру үшін кәсіпорындардың жинақтарының ішкі (меншікті) көздерінің рөлін
арттыру арқылы инвестициялық процестерді дәйекті орталықсыздандыру;
- өндірістік мақсаттағы инвестициялық жобаларға шектелген орталықтандырылған
күрделі салымдар мен мемлекеттік қаржыландыруларды, қатаң түрде жергілікті мақсатты
бағдарламаларғасәйкес және тек бәсекелестік негізде орналастыру;
- жергілікті бюджеттен қаражаттың мақсатты жұмсалуына мемлекеттік бақылауды
күшейту;
-шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында нормативтік базаны жетілдіру.
Аймақтардың меншігіолардың даму стратегиясында маңызды орын алады және
осыған байланысты мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін туралы өткір мәселе
қалыптасқан.
Мемлекеттік облыстық меншікті басқару мен бөлістірудің негізгі мақсаты
«мемлекеттік мүліктің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және осының негізінде
облыс бюджетінің кірістерін арттыру» болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген негізгі мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу
арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін:
- облыстық мемлекеттік меншікті басқаруды және оны бөлістіруді жүзеге
асыратын органдар жүйесін құру және олардың өзара тиімді қарым-қатынасын
қамтамасыз ету;
- облыстық мемлекеттік мүлікті есепке алуды қамтамасыз ету және оған
құқықтарын мемлекеттік тіркеу;
- облыстық мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын тұрақты бақылауды қамтамасыз
ету, оны пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында қажетті іс-шаралар өткізу.
Мемлекеттікжәне аймақтық меншікті басқару және иелік етудің қазіргі кезде
қалыптасқан нысандарының ішіндегі негізгілерікелесілер болып табылады:
- объектілерді республикалық, аймақтық, жергілікті және басқа меншік
нысандарынан беру, сондай-ақ олардың кері бағытта қозғалуы кезінде объектілерді
мемлекеттік аймақтық меншікке бекіту;
- мүлікті шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарғабекіту;
- мүлікті жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мекемелерге бекіту;
- мемлекеттік мүлікті жалға беру;
- мүлікті өтеусіз пайдалануға беру;
- аймақ мүддесіне байланысты мүлікті сату (жекешелендіру) және сатып алу.
Мемлекеттік аймақтық мүлікті басқару және иелік ету тиімділігін бағалаудың
кешенді және жан-жақты тәсілінің қажеттігін айта кету керек.
Мемлекеттік басқару жүйесі консервативтік болып қалып отыр, басқарудың
объектісі ретінде аймақтық шаруашылық құрылымдарының спецификасын, сондай-ақ
меншік институтын реформалау салдарынан экономикалық қатынастарда болған
өзгерістердіңсипатын ескермейді.