Т ік е л е й қ ол ж е т к і з у қ ұрыл ғ ыл а ры жоғары тез əрекеттілікке
ие болады, сондықтан олар компьютердің жұмыс жасау процесінде
тұрақты қолданылатын негізгі сыртқы жадтау құрылғылары болып
табылады. Тізбекті қол жеткізу құрылғылары негізінен ақпаратты ұзақ
сақтау үшін қолданылады.
Енгізу-шығару құрылғылары (ЕШҚ) пайдаланушы мен ЭЕМ
байланысуын қамтамасыз ету үшін арналған жəне перифериялық,
немесе сыртқы құрылғыларға жатады.
Монитор жүйелік блоктан суретті қабылдайды. Оның экраны
жұмыс алаңы болып табылады.
Пернетақта көмегімен компьютерге кез келген мəтін, символдар,
енгізіледі, командалар беріліп, компьютер жұмысын басқару жүзеге
асырылады.
Тінтуір — монитор экранында меңзерді басқару құралы.
Контроллерлер, немесе адаптерлер, сыртқы құрылғыларды
басқаруға арналған, сонымен қатар СЖҚ.
Өздігінен компьютер өзінің қолданысындағы ешбір саланың
білімдеріне ие болмайды, барлық осы білімдер компьютерлерде
орындалатын бағдарламаларда шоғырландырылған.
Компьютерде жұмыс жасайтын бағдарламаларды мынадай
санаттарға жіктеуге болады.
Жүйелік бағдарламалар компьютердің қалыпты жұмысын, оның
қызмет көрсетілуін жəне баптауларын қамтамасыз ету функциясын
атқарады. Жүйелік бағдарламалар арасында операциялық жүйелер
(ОЖ) ерекше орын алады, олар компьютерді басқару, бағдарламаларды
іске қосу, деректерді қорғауды қамтамасыз ету, пайдаланушы мен
бағдарламалардың сұраныстары бойынша əр түрлі сервистік
функцияларды орындауды қамтамасыз етеді. Әрбір ОЖ аз дегенде үш
міндетті бөліктерден тұрады. Яд р о , н е м е с е к о м а н д а лы қ
т үс і н і к т е м е б е ру ш і , бағдарламалық тілден машиналық кодтар
тіліне «аударманы» қамтамасыз етеді.
Д ра йве р л ер
ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтеді, сол немесе өзге
сыртқы құрылғымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі ОЖ
үшін драйверлер жиі жаңа құрылғылармен немесе контроллерлермен
бірге жеткізіледі. И н т е р фе й с — пайдаланушымен тілдесетін
ыңғайлы графиктік қабық.
Утилиталар — компьютер жұмысын жақсартуға бағытталған
пайдалы бағдарламалар жиынтығы.
Тесттер — бағдарламалық жабдықты, кейде утилиталарға
жатқызылатын
аппараттық
ресурстарды
тестілеуге
арналған
бағдарламалар.
26
Қолданбалы
бағдарламалар
пайдаланушыларға
қажетті
жұмыстардың орындалуын тікелей қамтамасыз етеді.
Қолданбалы бағдарламалар ішінен кең таралғаны к ең сел і к
б а ғ д ар л а м а л ар табылады, олардың көмегімен мəтіндер,
электрондық
кестелер
түріндегі
құжаттар
құрылады
жəне
редакцияланады. Осы топқа машиналық аударма, мəтінді тану,
сканерден графикалау жүйелері; қаржылық жəне бухгалтерлік
бағдарламалар Internet-пен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар
кіреді.
М ул ь ти м е д и я л ы қ қ о л д ан б ал ы б ағд ар л амал а р ға
бейнелерді құру жəне өңдеуге арналған, дыбыспен жұмыс жасау
бағдарламалар, сондай-ақ күйтабақ ойнатқыштар (плеерлер) мен қарау
бағдарламалары (вьюверлер) жатады.
К ə сі б и қ о л д а н б ал ы б а ғ д ар л а м ал ар тобына
компьютерге арналған жаңа бағдарламаларды құруды қамтамасыз
ететін
бағдарламалаудың
инструменталды
жүйелері;
автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ); үш өлшемді графика
мен анимация редакторлары, сондай-ақ арнайы инженерлік жəне
ғылыми бағдарламалар жатады.
2.3.
ЭЕМ ЖІКТЕЛУІ
ЭЕМ мүмкіндіктерін талқылау үшін оларды белгілі сипаттары
бойынша топтарға жіктеу, яғни классификациялау қажет.
Міндеті бойынша ЭЕМ əмбебап, проблемалық-бағдарланған жəне
мамандандырылған деп жіктеледі.
Әмбебап ЭЕМ əр түрлі тапсырмаларды шешуге арналған:
экономикалық, математикалық, техникалық, ақпараттық жəне
алгоритмдер күрделілігімен жəне өңделетін деректердің үлкен
көлемімен ерекшеленетін өзгелері. Олар ұжымдасып пайдаланудың
есептеу орталықтары мен мықты есептеуіш кешендерде кең
қолданылады.
Мәселелік-бағдарланған
ЭЕМ
технологиялық
объектілерді
басқарумен; салыстырмалы көп емес деректер көлемін тіркеу, жинау
жəне өңдеумен; салыстырмалы оңай алгоритмдер бойынша
есептеулерді орындаумен байланысты санаулы тапсырмаларды шешу
үшін қызмет етеді. Олар əмбебап ЭЕМ-мен салыстырғанда шектеулі
аппараттық жəне бағдарламалық ресурстарға ие болады. Проблемалық-
бағдарланған ЭЕМ-ға əр түрлі басқарушы есептеуіш кешендерін
жатқызуға болады.
27
Мамандандырылған ЭЕМ біраз тапсырмалар қатарын шешу үшін
немесе нақты анықталған функциялар тобын жүзеге асыру
үшін қолданылады. Мұндай ЭЕМ тар бағдары олардың құрылымын
арнайы бағытқа сала алады, олардың күрделігін жəне жоғары
өнімділікті жəне олардың жұмысының сенімділігін сақтау кезінде
бағамын біршама төмен түсіре алады. Мамандандырылған ЭЕМ-ге
мысалы,
арнайы
бағдарланған
бағдарламанатын
микропроцессорларды; жеке күрделі емес техникалық құрылғыларды,
агрегаттар мен процестерді басқарудың логикалық функцияларды
орындайтын адаптерлер мен контроллерлерді жатқызуға болады.
Габариттік өлшемдері мен өнімділігі бойынша ЭЕМ мынадай түрде
жіктеледі:
■
аса өндіргіш жəне жүйелер (супер-ЭЕМ);
■
үлкен ЭЕМ (жалпы бағыттағы əмбебап ЭЕМ);
■
кіші, немесе мини-ЭЕМ;
■
микроЭЕМ.
СуперЭЕМ — ол тиісті тарихи кезеңде болған өте мықты есептеуіш
жүйелер.
Супер ЭЕМ-ге тез əрекеттілігі секундына 10 млрд. операцияларды
құрайтын қуатты көп процессорлы есептеуіш машиналар жатады.
Суперкомпьютерлер күрделі жəне үлкен ғылыми тапсырмаларды
(метеорология, гидродинамика жəне т.б.) шешу үшін, басқаруда,
барлауда, ақпаратты орталықтандырылған сақтау орындары жəне т.б.
ретінде қолданылады.
Қазіргі уақытта əлемде өнімділігі бірнеше мыңдаған
флопс (MF1OPS — mega-floating point operations per second) —
компьютер теория жүзінде бір секундта орындай алатын қалқыма
нүктесі бар миллиондаған операциялар болатын бірнеше мыңдаған
супер ЭЕМ саналады.
Суперкомпьютерлерге жиі серверлерді де жатқызады.
Се р в ер — өзіне қосылған компьютерлерге қызмет көрсетуді
жəне басқа желілерге шығуды қамтамасыз ететін есептеуіш
желілердегі мықты компьютер.
Арналуына байланысты серверлердің келесі типтері анықталады.
Қосымшалар сервері есептеуіш желінің барлық станцияларының
сұраныстарын өңдейді жəне оларға ортақ жүйелік ресурстарға
(деректер қорына, бағдарламалар кітапханаларына, принтерлерге,
факстарға жəне т.б.) рұқсат береді.
Файл-сервер деректер қорымен жұмыс істеу үшін жəне ақпараты
бар файлдарды қолдану үшін қолданылады.
.
28
Достарыңызбен бөлісу: |