Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет8/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107

ЭЕМ  архитектурасының  осындай  ашықтығы  пайдаланушыға 
сыртқы  құрылғылардың  құрамын  таңдауға,  яғни  компьютерді 
конфигурациялауға мүмкіндік береді. 
Заманауи 
компьютердің 
негізгі 
жəне 
перифериялық 
құрылғыларының функцияларын қарастырамыз (2.3
-сурет
). 
Процессор,  немесе  микропроцессор

ЭЕМ  негізгі  құрылғысы 
болып  табылады  ақпаратты  өңдеуді  функционалды  аяқтау 
құрылғысы болып табылады. Ол жадтау  құрылғысында сақталатын 
бағдарлама  жəне  ЭЕМ  жалпы  басқару  бағдарламасы  бойынша 
есептеулерді орындауға арналған. ЭЕМ тез əрекеттігі көп мөлшерде 
процессор жұмысының жылдамдығымен анықталады. 
ЭЕМ  жадысында  енгізу-шығару  құрылғысы  арқылы  келіп 
түсетін  өңделетін  деректер  мен  орындалатын  бағдарламалар 
болады.  Жады  иерархиялық  принцип  бойынша  құрылған  əр  түрлі 
типті  жадтау  құрылғыларынан  тұратын  күрделі  құрылым. 
Функционалды ол екі бөлікке — ішкі жəне сыртқы деп бөлінеді. 
Ішкі  жады  —  процессормен  тікелей  байланысқан  жəне 
есептеулерге  тікелей  қатысатын  орындалатын  бағдарламаларды 
жəне  деректерді  сақтауға  арналған  жадтау  құрылғысы.  ЭЕМ  ішкі 
жадысына  жүгіну  жоғары  тез  əрекеттікпен  жүзеге  асырылады, 
алайда  ол  машинаның  адрестеу  жүйесімен  анықталатын  шектеулі 
көлемге  ие  болады.  Ішкі  жады  өз  кезегінде  тұрақты  (ТЖҚ)  жəне 
жедел (ЖЖҚ) жадыға бөлінеді. 
Тұрақты  жады  ақпаратты  сақтау  мен  беруді  қамтамасыз 
етеді.  Тұрақты  жадының  ішіндегісі  ЭЕМ-ді  жасаған  кезде 
толтырылады 
жəне 
қолданудың 
қалыпты 
жағдайларында 
өзгертілмейді.  Тұрақты  жадыда  жиі  қолданылатын  (əмбебап) 
бағдарламалар  мен  деректер  сақталады:  операциялық  жүйенің 
кейбір  бағдарламалары,  ЭЕМ  жабдығын  тестілеу  бағдарламалары 
жəне  т.б.  Қоректен  ажыратылғанда  тұрақты  жадының  ішіндегісі 
сақталады.  Жадының  мұндай  түрі  ROM 
(
Read  Only  Memory 
— 
тек 
оқуға  арналған  жады
), 
немесе  ТЖҚ 
(
тұрақты  жадтау  құрылғы
деп  аталады.  ROM-да  сақталатын  бағдарламалардың  көп  бөлігі 
енгізу-шығаруға  қызмет  көрсетумен  байланысты,  сондықтан  бұл 
жадыны  ROM  BIOS 
(
Basic  Input-Output  System   
—   
енгізу- 
шығарудың базалық жүйесі) деп атайды. 
Жедел  жады

көлемі  бойынша  ішкі  жадының  көп  бөлігін 
құрайды, ақпаратты қабылдау, сақтау жəне беру үшін қызмет етеді. 
Қоректен ажыратылғанда жедел жады ішіндегісі жоғалады. 
 
23 


 
 
2.3 
-сурет. ЭЕМ жалпы құрылымы жəне перифериялық құрылғылармен байланыстары
 


Бұл  жады  «жедел»  деп  аталады,  себебі  өте  тез  жұмыс  жасайды, 
сондықтан жадыдан деректерді оқыған кезде немесе оған жазған кезде 
процессор күтіп тұрмайды. Жедел жады RAM деп белгіленеді (Random 
Access  Memory  —  еркін  қатынауы  бар  жады).  Компьютерде 
орнатылған жедел жады көлемі онда қандай бағдарламалық жабдықпен 
жұмыс істеу керектігін анықтайды. Жеткіліксіз жедел жады көлемінде 
көптеген  бағдарламалар  немесе  жұмыс  істемейді,  немесе  өте  баяу 
жұмыс істейтін болады. 
Кэш-жады  —  тез  əрекетті  компьютерлерде  жедел  жадыға 
қолжеткізудің жеделдеуін қамтамасыз етуші аса тез əрекетті жады. Ол 
микропроцессор  мен  жедел  жады  «аралығында»  орналасады  жəне 
жедел  жадының  жиі  қолданылатын  учаскелерінің  көшірмесін 
сақтайды.  Микропроцессордың  жадыға  жүгінуі  кезінде  кэш-жадыда 
деректерді  іздеу  жүзеге  асырылады.  Кэш-жадыға  қол  жеткізу 
уақытының  жедел  жадыға  қарағанда  бірнеше  есе  аз  болғандықтан  ал 
көп жағдайда микропроцессорға қажетті деректер кэш-жадыда болады, 
жадыға қол жеткізу орта уақыты азаяды. 
CMOS-RAM  —  компьютер  конфигурацияларының  параметрлерін 
сақтауға  арналған  жады  учаскесі,  осылай  аталуы  осы  жады  əдетте 
төмен 
энергия  тұтынатын  CMOS  технологиясы  бойынша 
орындалуына байланысты. CMOS-RAM ішіндегісі компьютерді электр 
көзінен  ажырату  кезінде  өзгермейді.  Бұл  жады  периферияның 
контроллерінде  орналасады,  оның  электр  қоректенуіне  арнайы 
аккумуляторлар  қолданылады.  Компьютер  конфигурацияларының 
параметрлерін 
өзгерту 
үшін 
BIOS-та 
Setup 
компьютер 
конфигурациясының баптаулар бағдарламасы болады. 
ШМ РС-бірге тіркесетін компьютерлердегі Видеожады — монитор 
экранына шығарылатын бейнені сақтау үшін қолданылатын жады. Бұл 
жады  əдетте  видеоконтроллер  —  монитор  экранына  бейненің 
шығарылуын басқаратын электрондық схема құрамына кіреді. 
Сыртқы  жады  (сыртқы  жадтау  құрылғысы  —  СЖҚ)  көп 
мөлшердегі  ақпаратты  орналастыру  жəне  онымен  жедел  жадымен 
алмасу  үшін  арналған.  Сыртқы  жадыны  құру  үшін  қозғалмалы  болып 
табылатын  ақпараттың  энергияға  тəуелді  емес  тасымалдағыштарын 
(дисктер  мен  ленталар)  қолданады.  Бұл  жадының  сыйымдылығы 
шектеусіз  болады,  ал  оған  жүгіну  үшін  ішіндегісімен  салыстырғанда 
көп  уақыт  қажет.  Қызмет  ету  принциптері  бойынша СЖҚ  тікелей  қол 
жеткізу  құрылғыларына  (магнит  жəне  оптикалық  дисктердегі 
тасымалдағыштар)  жəне  тізбекті  қол  жеткізу  құрылғыларына  (магнит 
таспалардағы тасымалдағыштар) жіктеледі. 
 
 
25 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау