1.4.
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАРЫН ЖІКТЕУ
Ақпараттандырудың заманауи техникалық құралдарын құрамында
компьютер жəне оның негізгі құрылғыларын қоса алғанда, сондай-ақ
қосымша немесе перифериялық құрылғыларын қоса алғанда болатын
жалпы жағдайда ақпараттық-есептеуіш кешені түрінде елестетуге
болады. Ақпараттандырудың техникалық құралдары 1.1. суретте
көрсетілген.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары қатарына оның жүйелік
блогында орналасатын аналық тақтаны, процессор, видеоадаптер
(видеожады),
дыбыстық
картаны,
видеосигналдарды
өңдеу
құрылғылары,
жедел
жады,
қатқыл
магнит
дисктердегі
жинақтауыштар,
оптикалық,
магнит
оптикалық
жəне
өзге
жинақтауыштар, сондай-ақ CD-ROM, DVD-ROM жинақтауыштар,
қоректену блогы мен суыту жүйесі жатқызылады. Жүйелік блокта
жетектер мен əр түрлі ақпараттарды жинақтауыштар үшін
дискжетектер орналасады.
Әр түрлі тапсырмаларды шешу кезіндегі перифериялық
құрылғылармен орындалатын функциялардың алуан түрлілігін бірнеше
топқа бөліп қарастыруға болады (1.1 суретті қараңыз).
Ақпаратты бейнелеу (шығару) құрылғылары видео ақпаратты
өңдеу жəне визуалдық қабылдауды ұсыну үшін қолданылады. Ол ең
алдымен заманауи технологиялардың кең спектрі негізіндегі
мониторлар, соның ішінде 3D-мониторлар.
Көлемді бейнелерді қалыптастыру виртуалды шынайылықтың
шлемдері, 3D-көзілдіріктің жəне əр түрлі қызмет жасау принципіндегі
3D-мониторлар көмегімен жүзеге асырылады. Үлкен аудитория үшін
экран бетінде ақпаратты көрсетуге байланысты тапсырмаларды шешу
үшін əр түрлі проекторларды қолданады. Телевизиялық тюнер,
бейнемагнитофон, бейнекамера сияқты құрылғылардың сигналдарын
компьютерлік өңдеу үшін, яғни аналогтық формадан сандық формаға
түрлендіру үшін мысалы видеобластер сияқты бейнесигналды өңдеудің
арнайы құралдарын қолданады.
Компьютердің дыбыстық жəне акустикалық жүйелері аудио
ақпаратты өңдеуді жəне жаңғыртуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты енгізу құралдары деректерді енгізу жəне басқару
құрылғыларының жиынтығы. Бұл функцияларды пернетақта, тінтуір,
джойстик орындайды. ДК-ге ақпаратты енгізу үшін сəулелі қалам,
сканер,
сандық
камера,
дигитайзер,
электрондық
планшет
қолданылады.
13
1.1
-сурет. Ақпараттандырудың техникалық құралдарын жіктеу
Баспа құрылғылары (принтерлер) ақпаратты, қатты, мəтіндік
формадағы жəне көлемді түрде қағаз тасымалдағыштарға шығару үшін
қызмет етеді. Әрекет ету принципі бойынша принтерлер біршама алуан
түрлі: екпінді, бүріккіш, лазерлік, жарықдиодты, термиялық жəне басқа
да көп өлшемді баспа технологияларын іске асыратын қатарлары.
Сызбалар түрінде графиктік ақпаратты шығару үшін плоттерлер
қолданылады. Плоттерлердің жазатын блоктарының қызмет істеуі
принтерлердің қызметіне негізделген, ал конструкциясы бойынша олар
планшеттік жəне орама деп жіктеледі.
Телекоммуникация құралдары
ақпаратты
қашықтықтан
тасымалдауға арналған. Оларға пейджерлер, радиотелефондар,
дыбыстық жəне мəтіндік ақпаратты беруді қамтамасыз ететін
спутниктік байланысқа арналған дербес терминалдар жатады. Бейне
мен мəтінді қашықтықтан беру процесін жүзеге асыратын факсимильді
аппараттар термографикалық, электрографикалық, бүріккіш, лазерлік,
фотографиялық, электрохимиялық жəне электромеханикалық деп
жіктеледі. Модемдер негізінен телефон желісі арқылы компьютерлер
арасында ақпарат алмасу үшін қолданылады жəне автономиялы əрекет
ететін сыртқы, сонымен қатар ішкі кірістірілетін аппаратуралармен
орындалады.
Қатты тасымалдағыштардағы ақпаратпен жұмыс істеу кең
таралған құралдары көшірме техникасының көптеген құралдары
болып
табылады:
электрографикалық,
термографикалық,
диазографикалық, фотографиялық, электрондық-графикалық. Қатқыл
тасымалдағыштарда құпия ақпаратты жою үшін арнайы құрылғылар —
шредерлер қолданылады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ақпараттандырудың техникалық құралдары құрамына не кіреді?
2.
Ақпарат көлемінің өлшем бірлігі ретінде нені қабылдау
тағайындалған?
3.
Мəтін символдары қалай кодталады?
4.
Дəстүрлі 8-биттік кодтау мен Unicode жаңа кодтау арасында
қандай айырмашылық бар?
5.
Дыбысты екілік кодтау сапасын қандай параметрлер анықтайды?
6.
Графиктік ақпараттың екілік кодталуы қалай жүргізіледі?
15
Б
ӨЛІМ
2
ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
2.1.
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКА ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ
ДӘУІРЛЕРІ
XX ғ. ортасында электрондық-есептеуіш машиналарын (ЭЕМ) жасауды
адамзат тарихындағы ең үздік жетістіктерінің қатарына жатқызады.
Есептеуіш техника адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін кеңейтті
жəне ғылыми-техникалық прогрестің шешуші факторларының біріне
айналды. Сонымен қатар оның дамуы өнеркəсіптік салаларда техника
мен технологияның дамуымен үздіксіз байланысты.
Арифметикалық операцияларға механикалық жəне жартылай
автоматтық құралдарды пайдаланудың бір мыңжылдық тарихы бар деп
есептеледі. Алғашқы есептеуіш құрылғылар Ежелгі Грецияда
жасалған. 1642 ж. француз математигі Блез Паскаль (1623 — 1662)
төрт арифметикалық амалды орындайтын механикалық арифмометр
жасап шығарды. Неміс философы жəне математигі Готфрид Вильгельм
фон Лейбниц (1646 — 1716) көбейту мен бөлуді жүзеге асыратын
механикалық есептеу машинасын ойлап тапты. Ағылшындық Чарльз
Бэббидж (1792 — 1871) икемді бағдарламалау схемасы жəне есте
сақтау құрылғысы бар есептеуіш машинасының концепциясын жасап
шығарды. Бағдарламалар перфокарталар – ақпарат тесіктер
қисындастыруы түрінде көрсетілетін жəне деректер жəне аралық
нəтижелер түрінде «қоймада» (жадыда) сақталатын қатты материалдан
жасалған карточкалар көмегімен енгізіліп отырды. Машина бумен
жұмыс жасады, есептеу процесі автоматтандырылған, ал кесте
түріндегі есептеу нəтижелері басып шығарылатын.
1878 ж. орыс математигі жəне механик Пафнутий Львович Чебышев
(1821 — 1894) ондықтарды үздіксіз беретін жинақтаушы аппарат
жасады, ал 1881 ж. — көбейту мен бөлу үшін оған қосымша приставка
жасады.
16
Достарыңызбен бөлісу: |