Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет14/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107

 
2.8. Сур. PCI шина архитектурасы 
 
Жоғары алмасу жылдамдығы (full-speed signaling bit rate) — 12 Мбит/с, 
ал төмен алмасу жылдамдығы (low-speed signaling bit rate)  — 1,5 Mбит/с. 
Төмен  жылдамдық  режимінде  USB  шинасын  мынадай  перифериялық 
құрылғылар 
қолданады:  пернетақталар,  тінтуірлер,  джойстиктер, 
матрицалық 
принтерлер, 
дигитайзерлер, 
сандық 
фотокамералар, 
қарапайым  телефон  желісіне  арналған  модемдер,  мониторды  басқаратын 
тізбектер.  Жоғары  жылдамдық  режимінде:  колонкалар,  ISDN-модемдер, 
Iomega  Zip  класс  сыртқы  тасымалдағыштар,  кеңселік  АТҚ, лазерлік  жəне 
бүріккіш принтерлер. 
2.0  USB  версиясы  шинаны  өткізу  жолағы  20  есе  арттырылғанымен 
ерекшеленеді,  ол  IEEE  1394  (FireWire)  тікелей  бəсекелесіне  айналған 
видеодеректерді USB бойынша тасымалдауды мүмкін етеді. 
43 


 
2.9-сурет. USB шиналарының архитектурасы 
 
 
USB  шинасы  Plug  &  Play  технологиясын  сүйемелдейді
Перифериялық  құрылғыны  жалғаған  кезде  оның  конфигурациялануы 
автоматты  түрде  жүзеге  асырылады.  Барлық  перифериялық 
құрылғылар USB жалғағыштармен қамтылуы тиіс жəне ДК-ге USB-хаб 
немесе  концентратор  деп  аталатын  жеке  ақпарат  шығарғыш  блогы 
арқылы  жалғана  алуы  керек,  оның  көмегімен  ДК-ге  127  дейін 
перифериялық  құрылғыларды  жалғауға  болады.  USB  шинасының 
архитектурасы 2.9 суретте көрсетілген. 
 
44 


USB 3.0 версиясы ақпаратты тасымалдау ең жоғары жылдамдығын 
5 Гбит/с дейін арттырады, ол USB 2.0 (480 Мбит/с) бірталай көп. 
Сонымен, тасымалдау жылдамдығы 60-тан 600 Мбайт/с дейін артады. 
SCSI  шинасы  (Small  Computer  System  Interface)  деректерді 
тасымалдау  жылдамдығын  320  Мбайт/с  дейін  қамтамасыз  етеді  жəне 
сегіз  құрылғыға  дейін  бір  адаптерге  жалғануын  бақылайды: 
винчестерлер, 
CD-ROM 
жетектері, 
сканерлер, 
фото- 
жəне 
бейнекамералар.  SCSI  ерекшеліктері  оның  кабельдік  шлейф  болып 
табылатындығы. 
 
 
2.9 
-сурет. Қосылған құрылғылары бар SCSI шинасы
 
 
45 
 
 


ДК-дің  шиналарымен  (ISA  немесе  PCI)  SCSI  шинасы  хост-адаптер 
арқылы байланысқан (Host Adapter). Шинаға жалғанған əрбір құрылғы 
өзінің сəйкестендіру номері (ID) болады. SCSI шинасына жалғанған кез 
келген құрылғы басқа құрылғымен алмасуға бастамашылық етеді. 
2.10 
суретте  перифериялық  құрылғылардың  SCSI  шинасы 
көмегімен  ДК-ге  жалғануы  көрсетілген.  SCSI  версиясының  кең 
диапазоны  бар  ең  көп  өткізу  қабілетін  қамтамасыз  ететін  ең  көп 
өткізгіш  қабілеті  5  Мбайт/с  SCSI  I  алғашқы  версиядан  бастап  ең  көп 
өткізу қабілеті 640 Мбайт/с Ultra 640 нұсқасына дейін бар. 
IEEE  шинасы  1394  (Fire  Wire,  i-Link)  —  ол  Apple  жəне  Texas 
Instruments  фирмаларымен  жасап  шығарылған  жоғары  жылдамдықты 
жергілікті  тізбекті  шинаның  стандарты.  IEEE  1394  шинасы  ДК  жəне 
басқа  да  электрондық  құрылғылар  арасында  өзара  сандық  ақпаратпен 
алмасуға  арналған,  əсіресе  қатқыл  дисктер  мен  ауди-  жəне 
бейнеақпараттарды  өңдеу  құрылғыларын,  сондай-ақ  мультимедиялық 
қосымшалар  жұмысына  арналған.  Ол  S3200  спецификациясында 
деректерді  3  200  Мбит/с  жылдамдықпен  беретін  деректерді 
тасымалдауға,  SCSI  сияқты  əр  түрлі  жылдамдықпен  деректер  бере 
алатын  бір  уақытта  бірнеше  құрылғылармен  жұмыс  істеуге  қабілетті. 
USB  сияқты  IEEE  1394  шинасы  ДК-ді  қорек  көзінен  ажыратпастан 
компоненттерді орнату мүмкіндігін қоса алғанда толықтай Plug & Play 
технологиясын сүйемелдейді. 
IEEE 1394 интерфейсі арқылы компьютерге SCSI-мен жұмыс 
істеуге  қабілетті  кез  келген  құрылғыларды  жалғауға  болады.  Оларға 
қатқыл,  оптикалық  түрлерін  қоса  алғандағы  дисктердегі  барлық 
тасымалдағыштар  түрлері,  CD-ROM,  DVD,  сандық  бейнекамералар, 
магниттік  таспаға  жазу  құрылғылары  жəне  тағы  басқа  да 
перифериялық  құрылғылар  жатады.  Осындай  үлкен  мүмкіндіктердің 
арқасында  осы  шина  компьютерді  тұрмыстық  техникамен  біріктіру 
үшін біршама перспективалы бола түсті. 
2.5.3. Тізбекті және параллель порттар 
 
Пернетақта,  тінтуір,  монитор  мен  принтер  сияқты  осындай  енгізу- 
шығару  құрылғылар  ДК-дің  стандартты  жиынтықталуын  кіреді. 
Барлық  енгізу  перифериялық  құрылғылары  ДК-мен  пайдаланушы 
енгізетін деректер  компьютерге дұрыс енгізіліп ғана қоймай, сонымен 
қатар  алдағы  уақытта  тиімді  өңделе  алатындай  коммутациялануы 
керек.  Деректермен  алмасу  мен  байланыс  үшін  периферия  (енгізу- 
шығару  құрылғылары)  мен  деректерді  өңдеу  модулі  (аналық  тақта) 
арасында  деректерді  параллель  немесе  тізбекті  тасымалдау 
ұйымдастырылуы мүмкін. 
 
46 


Параллель  байланыс  барлық  8  бит  (немесе  1  байт)  бірінен  соң 
бірі  емес,  бірдей  уақытта  (параллель)  немесе  дəлірек  айтқанда,  əр 
қайсысы  өз  сымы  бойынша  тасымалданатынын  білдіреді.  
Параллель  интерфейс  жалғағышына  жалғанған,  мысалы  принтер 
кабелі,  деректерді  параллель  тасымалдау  принципі  айқын  болып 
келеді.  Ол  тінтуірдің  тізбекті  кабеліне  қарағанда  бірталай  қалың, 
өйткені деректерді параллель тасымалдайтын кабельдің кем дегенде 
сегіз  сымы  болуы  тиіс,  олардың  əрқайсысы  бір  бит  тасымалдауға 
арналған. 
Параллель интерфейстерді Centronics фирмасы жасап шығарады, 
сондықтан  параллель  интерфейсті  жиі  Centronics  интерфейсі  деп 
атайды
Принтерге      арналған      параллельный      интерфейсты        əдетте 
LPT (Line Printer) деп белгілейдіАлғашқы қосылған принтер LPT1, 
ал екіншісі - LPT2 деп белгіленеді. 
Параллель  порттардың  бірнеше  типтері  болады:  стандартты, 
ЕРР жəне ЕСР. 
С т ан д ар т т ы  п ар а л ле л ь  п о р т  ақпаратты  біржақтық 
тасымалдауға, мысалы, ақпаратты ДК-ден принтерге беру арналған, 
ол  порттың  электр  схемасында  жатталған.  Ол  деректерді 
тасымалдау  ең  жоғары  жылдамдығын  120  200  кбайт/с  дейін 
қамтамасыз етеді. 
ЕРР порты екі бағытты болып табылады, яғни қос бағытта 8 бит 
деректерді  параллель  тасымалдауды  қамтамасыз  етеді  жəне 
стандарт  портпен  толық  сəйкес.  Порт  ЕРР  деректерді  стандартты 
параллель  портқа  қарағанда  алты  есе  тезірек  береді  жəне 
қабылдайды,  оған  принтер  қабылдауға  дайын  болатын  уақытқа 
дейін  берілетін  жəне  қабылданатын  символдарды  сақтайтын  ЕРР 
портының буфері болатындығы мүмкіндік жасайды. Арнайы режим 
ЕРР портына деректер блоктарын, процессордан  өтіп кетіп, тікелей 
RAM  PC-дан принтерге  жəне  керісінше  жіберуге  мүмкіндік  береді. 
Тиісті  бағдарламалық  жабдықты  пайдаланған  кезде  ЕРР  порты 
деректерді  2  Мбайт/с жылдамдықпен  жібере  алады  жəне  қабылдай 
алады. 
ЕС  Р  по  р  т  ы  ,  ЕРР  портының  барлық  мүмкіндіктерін  иелен 
отырып деректерді жоғары жылдамдықта қысу функциясы есебінен 
жіберуді  қамтамасыз  етеді.  Деректерді  қысқарту  үшін  RLE  (Run 
Length 
Encoding) 
əдісі  қолданылады,  оған  сəйкес  бірдей 
символдардың  ұзын  тізбегі  бар  болғаны  екі  байтпен  беріледі:  бір 
байт  қайталанатын  символды  анықтайды,  ал  екіншісі  — 
қайталаулар  санын  анықтайды.  Сонымен  бірге  ЕСР  стандарты 
деректерді қысқарту мен ашуды бағдарламалық (драйверді қолдану 
жолымен) жəне аппараттық (порт схемасымен) түрде мүмкін етеді. 
47 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау