Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет9/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   207

20 

Сабирова Ж.Н. 

(Қазақстан Республикасы, Атырау қ, Х.Досмұхамедов атындағы  

Атырау мемлекеттік университеті



 

ҒИБРАТЫ МОЛ ҒАЛЫМ, ПАРАСАТТЫ ПЕДАГОГ 

 

Адамзат  баласы  өзінің  өмір  жолында  ұмытылмастай  із  қалдырған  ғұлама  ғалымдар  мен 

тəлімгер-ұстаздарға  кезігіп,  олардың  алдында  өзін  қарыздар  сезінетін  сəттер  аз  болмайды.  Соның 

ішінде,  ең  алғаш  қолына  қалам  ұстатқан  мұғалімнен  бастап,  өмірдің  түрлі  саласында  өзінің 

тəжірибесімен,  өмірге  деген  көзқарасымен  ақыл-кеңесімен  бөлісе  білетін  тұлғалар,  тікелей 

қарым-қатынас  барысында  немесе  жеке  өмірінің  үлгісімен  жүрегіңе  жақсылықтың  ұрығын  сепкен 

ғалым-ұстаздар  бар.  Өмірдің  сан-салалы  өткелдерінде  əр  буын,  əр  ұрпақтың  адам  болып  дүниеге 

келген  соң  орындайтын  парыздары  мен  өтейтін  қарыздарын  былай  қойғанда,  өзіне  тəн  ерекше 

мүмкіндігі, елді елең еткізер айрықша міндет-мақсаттары болады. 

«Ғылымда даңғыл жол жоқ, онда тек талмай ізденген адам ғана мұратына жетеді»,- деген қанатты 

қағида  бар.  Бүгінде  елімізге  танымал  жандардың  бірі  болған,  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  белгілі 

ғалым,  жоғары  оқу  орнында  бар  саналы  ғұмырын  өткізген,  педагогика  жəне  психология 

ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан  ғылымы  мен  техникасына  еңбек  сіңірген  қайраткер 

Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың ғылыми-педагогикалық жəне қоғамдық қызметтегі өсу, өркендеу 

баспалдақтарына зер салар болсақ, осы қағидаға анық көз жеткізгендей боламыз. 

Құбығұл Бозайұлы Алла жаратқан Ұлы Ұстаз, Л.Н.Толстой былай деген: «Егер ұстаз өз бойына 

ісіне жəне шəкірттеріне деген сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол нағыз ұстаз». Бұл сөздер Құбығұл 

Бозайұлына қатысты айтылған. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы 

құрмет,  себебі  ұрпақтарды  ұстаз  тəрбиелейді.  Болашақтың  басшысын  да,  данасын  да,  ғалымын  да, 

еңбекқор  егіншісін  де, кеншісін  де ұстаз  өсіреді. Өмірде ұрпақ  берген  аналарды  қандай  ардақтасақ, 

сол ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды да, сондай ардақтауға міндеттіміз»,- деген болатынды.  

Мен  ғылым  жолын  бастап,  Алматыға  келген  кезімде  ғылыми  жетекшілікке  келісімін  беріп,  ұлт 

мақтанышына айналған тұлғаларды зерттеуге бағыт берді. Сол кезден бастап Құбығұл Бозайұлымен 

тығыз  шығармашылық  жұмыс  жасадым.  Əсіресе  кандидаттық  диссертация  тақырыбын  таңдап, 

бекітуде  ағай  үлкен  жауапкершілікпен,  табандылықпен,  тамыры  тереңде  жатырған  қазақ 

психологиясының тарихы əлі толық зерделенбей жатырғандығын, осы бағыттағы тақырыптарға назар 

аударуға себепші болды. «Мəшһүр Жүсіп, Ғұмар Қараш артына көптеген еңбек қалдырды. Шəкəрім 

Құдайбердиев – əрі ақын, əрі жазушы, аудармашы, оның да психологиялық мұрасы қаншама! Ахмет 

Байтұрсынов,  Халел  Досмұхамедов,  Міржақып  Дулатов,  секілді  ғұламалардың  əр  еңбегі – ұлттық 

психологияның  қаймағы.  Сонау  жиырмасыншы  жылдары  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов 

секілді зиялылар қаншама еңбек қалдырды. Олар – қазақтың халық психологиясын ғылыми тұрғыда 

қарастырып, осы ғылымның іргетасын қалаған ұстаз-ағартушылар. Ал сонау Х ғасырдағы əл-Фараби 

бабамыздың  психологияға  қатысты  жеті  еңбегі – өз  алдына  бөлек  əңгіме.  Бір  өкініштісі,  осындай 

дүниелердің бəрі оқу орындарынан  бастап, ауыл кітапханасына дейін жетпей тұр. ХV ғасырда өмір 

сүрген  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы  «Шипагерлік  баян»  еңбегінің  құндылығы  əлі  ашылмай  жатыр 

деді.  Ал  олардың  тарихын  əлі  ешкім  тереңдеп  зерттеген  жоқ  неге  біз  зерттемейміз?»  деп,  ұлттың 

рухани  байлығын  жарыққа  шығаруды  көздеді.  Ұлттық  психологияны  өркендетуге  үлес  қосқандар, 

оның  негізін  қалаған  Жүсіпбек  Аймауытовты,  Мағжан  Жұмабаевтарды  зерттеу  басты  борыш  деп 

есептеді. Бұл жерде Құбығұл Бозайұлының ұлтжандылығын, табандылығын, принципшілдігін ұлттық 

мұрамызды қастерлеу, оған деген сүйіспеншілікті байқадым. 

Менің  ғылым  жолындағы  жетістіктерімде  ғылыми  жетекшімнің  үлесі  көп  деп  есептеймін. 

Кандидаттық диссертациямды жазу барысында Құбығұл ағай Т.Тəжібаев атындағы «Этнопедагогика 

жəне  этнопсихология  оқу-зерттеу  орталығында»,  Ұлттық  кітапханада  отырып  менің  жұмысымның 

орындалуына үнемі маған бағыт-бағдар сілтеп, ақыл-кеңесін бере отырып, ғылыми жұмысымды сəтті 

қорғауыма  ғалымның  тигізген  септігі  орасан  зор  еді.  Ұстаздың  ізденімпаздығы,  еңбекқорлығы, 

қарапайымдылығы, жан-жақтылығы үлгі боларлық, ардақтауға тұрарлық асыл қасиеттер.  

Ұзақ  жылдар  бойғы  жоғары  оқу  орындарындағы  іс-тəжірибесінің  негізінде  профессор 

Қ.Б.Жарықбаев қазақ тілінде жоғары мектеп ұстаздары мен студенттеріне арнап, психология пəнінен 

оқу  құралдарын  жазып  ұсынған  республикамызда  тұңғыш  ғалымдардың  бірі.  Бүкіл  республика 

университеттері, педагогикалық институттарымен колледж, соның ішінде Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау  мемлекеттік  университетінің  студенттері  мен  оқытушылары  Құбығұл  Бозайұлының  оқу 

құралдарын  жүйелі  түрде  пайдаланып  келеді.  Соңғы  жылдары  жарық  көрген  оқулықтары: 

«Психология негіздері» (2010 жыл, 30 баспа табақ), «Психологическая наука Казахстана в ХХ веке» 



21 

(2006 жыл, 27 баспа табақ) педагогика жəне психология саласынан білім алатын магистранттардың, 

студенттердің рухани игілігіне айналды.  

Профессор  Құбығұл  Бозайұлының  педагогикалық-психологиялық  еңбектерінің  негізі,  жас 

ұрпақты  тəрбиелеу  əдістері  мен  тəсілдерін  ұлттық  мəселелерімен  тығыз  байланыста  алып 

қарастырғандығы.  Ғылым  жолында  Алматыда  жүрген  кезімде  ғалымның  лекцияларына  қатысып 

байқағаным,  ұстаздың  білім  сапасының  жоғары  болуына  үлкен  мəн  беретіндігі.  Профессордың 

еңбекқорлығы,  ізденімпаздығы  арқасында  əрбір  лекциялық  тақырыптарының  мазмұны  жаңашыл 

идеяларға толы болатын.  

Ғалымның  ұлттық  психологияның  дамуына  сүбелі  үлес  қосуда  қолданған  «ұлттық  мінез», 

«ұлттық мақтаныш», «ұлттық намыс», «ұлттық дəстүр», «ұлттық сана» ұғымдарының барлығы өзіне 

арналған  төлқұжаты  болып  табылады.  Бүкілдүниежүзілік  ғылымға  осы  ұғымдарды  енгізуімен  қазақ 

психологиясының бар екендігін көрсетті.  

Ұлттық  мінез  бітістерін  былайша  сипаттайды: «Жеріміздің  ұланғайыр  кеңдігімен,  мұндағы 

табиғат  сұлулығының  əсерінен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дархан,жомарттық,  адамғадеген 

мейірімділік  пен  өнерпаздық,қазақ  биосферасының  өзіндік  ерекшелігінен  туындаған асқан 

қонақжайлық,  жойқын  соғыс  пен,  қуғын – сүргінге  ұшырау  салдарынан  тірнектеп  жинаған  рухани 

мұраны  өсер  ұрпаққа  жеткізу  ниетінен  қалыптасқан балажандық,  үнемі  мал  шаруашылығымен 

айналасудан  қанымызға  сінген малжандылық,  ешуақытта  басқа  жұрттың  жеріне  көз  алартпаған 

бейбітшілік  саясат,  өзі  тиген  дұшпанның  қабырғасын  қақсатқан  көзсіз  батырлық, «мың  өліп,  мың 

тірілген»  кездердегі  керемет шыдамдылық пен  барға  қанағатшылдық».  Осыған  қосып  айтарымыз, 

ғалымның бойынан табылатын – қандай мəселе туралы айтса да əділдікке бой ұратындығы, ақиқаттан 

ауытқып кетпейтіндігі деп ерекше атауға болады. 

Тарихты  зерделеу  мен  ғалымдардың  жеткен  жетістіктерін  қазіргі  таңда  оқу-тəрбие  үрдісіне 

пайдалану педагогикалық жəне психологиялық тұрғыда білім беру мен тəрбиені шығармашылықпен 

құруға мүмкіндік туғызады. 

Осы  орайда  кеңес  мектебі  мен  педагогикалық  психологиясының  дамуының  өзіне  тəн 

ерекшеліктері мен Қазақстанның білім беру саласының дамуына маңызды үлес қосқан ғалымдардың 

еңбектерінің мəні орасан зор. 

Қ.Б. Жарықбаев сeкiлдi дapa тұлғаның ғылыми, пeдaгoгикaлық, пcиxoлoгиялық мұpaлapын бүгiнгi 

тaңдa  бiлім  aлушылaрғa,  көпшілік  қауымға  жeткiзyдiң  жaңa  əдic-тəciлдepiн  aнықтay  ғалымның 

еңбектерінің өзeктiлiгiн aйқындaй түceдi. Ғалымның aғapтyшылық идeялapын тaлдay eндi-eндi қoлғa 

aлынa  бacтaды. 2008 жылы  профессор,  педагогика  ғылымдарының  докторы  Қ.Б.Сейталиевтың 

жетекшілігімен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистрі Қ.О.Қазиев 

«Профессор  Қ.Б.Жарықбаевтың  педагогикалық-психологиялық  көзқарастары»  атты  магистрлік 

диссертациясын үлкен ізденіспен орындап, сəтті қорғап шықты. 

Бұл  жұмыcта  Қ.Б.Жарықбаевтың  өмipi  мeн  aғapтyшылық  қызмeтiнe  жəнe  тəлiм-тəрбиeлiк 

eңбeктepiне  ғылыми  түpде  тaлдay  жacaлып, oның  Қaзaқcтaндaғы  пeдaгoгикaлық-пcихoлoгиялық 

oй-пiкipлeрдiң дaмyынa қoсқaн үлеci aнықтaлып, ғылыми тұрғыдaн дəйeктeлдi. Сондықтан ұстаздың 

психологиялық  мұраларын  қазіргі  ұрпаққа  жеткізу  мақсатындағы  зерттеу  жұмыстары  өзекті,  ол 

болашақ психолог-педагог мамандарды қалыптастыру үрдісіндегі объективті қажеттіліктен туындап 

отыр.  


Ұлы  тұлғаның  ғылыми  ізденісінің,  психологиялық  мұраларының  ғылыми  астары  мол, 

тұжырымдары  терең,  атқарған  ұстаздық  еңбегінен  өзі  үлгі  өнеге,  тəлім-тəрбие  алған  қазақ 

зиялыларының еңбектерін жалғастыра отырып, қазақ жастарының ұлттық сана-сезімінің ояна түсуіне 

қозғау салумен қатар, қазіргі таңдағы ұлттық ғылымның даму жолында маңыздылығы арта түсуде. 

Халықтың  ғасырлар  бойы  тірнектеп  жинаған  ұлттық  тəлім-тəрбие  психологиясының  сыр-

сипатын,  жас  өскінге  халықтық  үлгі-өнегенің  ғылыми  астарларын  барынша  зерттеп,  ұлттық 

психологияға  тəн  терминдерді  тұжырымдап,  психология  ғылымының  өркендеуіне  үлес  қосып  келе 

жатқан жəне ең алдымен өзінің терең де жан-жақты білімі мен саналы ғұмыры арқылы жас ұрпақты 

тəрбиелеуге, білім-ғылымды меңгеруге баулып келе жатқан адамгершілігі мол, ұлағатты да инабатты 

ұстазбен  сұхбаттас  болып,  тəлім-тəрбие  алғанымды  мақтаныш  етемін  жəне  басымды  иіп,  үлкен 

алғысымды білдіремін.  

 

Əдебиеттер 

1.  Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. -Алматы, 2010 жыл 

2.  Жарыкбаев К.Б. Психологическая наука Казахстана в ХХ веке.- Алматы, 2010 жыл 

 

 

 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау