Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет11/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   207

24 

(2004), «Жалпы  психологияға  кіріспе»  жəне  «Білім  беру  жүйесінде  қолданылатын 

психокоррекциялық  жаттығулар»  атты  оқу  құралдарын (2007) жəне  «Психология»  оқулығын 

жатқызуға болады. Университеттің студенттер мен магистранттар арасында əсіресе, профессор С.М. 

Жақыповтың  алғашқы  екі  еңбегі  кеңінен  танымал.  Бұл  кітаптар  оқу  процесінде  қолдан  түспейтін 

оқулықтарға  айналды.  Жалпы  бұл  еңбектер  тек  университеттік  студенттер  ғана  емес,  сондай-ақ 

еліміздегі  оқытушылар  мен  аспиранттар,  ізденушілер  үшін  де  құнды  дүние.  Аталмыш  еңбектер 

олардың психологиялық ойлау жүйесін əдеқайда биік деңгейге көтерді. 

Жалпы  этнопсихология  проблемаларын  ғылыми  тұрғыда  зерттеу  тəуелсіздігін  жаңадан  алған 

мемлекеттер үшін өте өзекті əрі маңызды тақырып еді. Өйткені, отарлауға ұшыраған халықтарға тəн 

ортақ  тағдырды  қазақтар  да  басынан  кешірді.  Кеңес  империясы  құрамындағы  автохтон  халық – 

қазақтардың  этностенуінің  күллі  элементтері  деформацияға  ұшыраған  еді.  Ана  тілін  білмейтін 

қазақтар  тобы  пайда  болды.  Лингвистикалық  сəйкестіліктің  болмауы  тұлғадағы  мəдени-

психологиялық  айырмашылыққа  əкелетіні  байқалды («маргинал  тұлға»  мəселелері  туындады). 

Тəуелсіздік  алған  соң  ғана  қазақтардың  реэтностену  процесі  жүре  бастады.  Мұның  өзі 

этнопсихологиялық  зерттеулерге  қатысты  үлкен  қоғамдық  сұраныс  тудырды.  Кафедра  сол 

сұраныстарды қанағаттандыруға тырысты. 

Көрнекті  ғалым  С.М.  Жақыпов  еліміздегі  этнопсихология  саласын  эксперименттік  деңгейге 

көтеруге  үлкен  үлес  қосты.  Ол  виртуалды  тəуелсіз  айнымалыны  қолдану  негізінде 

этнопсихологиялық  эксперименттің  жаңа  технологиясын  жасап  шығарды.  Этнопсихологиялық 

құбылыстарды  зерттеуде  виртуалды  моноэтностық  топтарды  эксперименттік-диагностикалық 

модельдеу əдісі экспериментттік психология мен этнопсихологияны қарсы қойған вундттық түсінікті 

жеңуге  мүмкіндік  берді.  Этносаралық  қарым-  қатынаста  көрінетін  этностық  жаңсақ  наным  ерекше 

мағыналық  бөгеуілдің  (барьер)  нəтижесі  екендігі  эксперименттік  түрде  дəлеледенді.  С.М.  Жақыпов 

эксперименттік  этнопсихологияның  ұғымдық  қорына  жаңа  аталымды  қосты.  Ғылыми  айналымға 

қазақша  «этностық  жансақ  наным»  деп  аударылып  жүрген  орыс  тіліндегі  «этническое 

предубеждение» деген терминді енгізді (біздің ойымызша, оны «этностық ілкі наным» деп аударған 

жөн  сияқты).  Бұл  ұғым  психологиялық  мазмұны  жағынан  «құндылық  бағдар»  мен  «этностық 

таптаурын» ұғымдары арқылы сипатталатын құбылыстардың арасында жатыр. 

Педагогикалық  психология  саласында  С.М.  Жақыпов  оқыту  процесіне  байланысты  өзіндік 

психологиялық  ерекшелігі  бар  концепция  ұсынды.  С.М.  Жақыповтың  пікірінше,  оқыту  процесінің 

тиімділігі  көрсеткіші  оқытушы  мен  оқушының  арасында  қалыптасатын  бірлескен  диалогтық 

танымдық  іс-əрекет  болмақ.  Ал  оның  дамуындағы  жоғарғы  деңгей  қатысушы  субъектілердің 

бірлескен  ойлау  іс-əрекетке  жету  болып  табылады.  Ұсынылып  отырған  оқыту  процесін  талдаудың 

тұжырымдамалық  үлгісі  бұрын  белгілі  болған  технологиялардан  экологиялық  сəйкестілігі  жағынан 

тиімді ерекшеленеді жəне оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын жасауға мүмкіндік беріп отыр. 

С.М.  Жақыпов  Қазақстандағы  психология  ғылымының  институционалдануы  мен  жоғары  білікті 

психолог  кадрларды  даярлауда  айтарлықтай  еңбек  сіңірді.  Оның  жетекшілігімен 58-кандидаттық, 7 

докторлық  диссертация  жəне 4 PhD диссертациясы  қорғалды.  Сондай-  ақ,  ғалым  қолданбалы 

психологияны  елімізде  кең  қанат  жаюына  үлкен  ықпал  етті.  Ол  отандық  психологияның  түрлі 

салалары  бойынша  көптеген  еңбектің  авторы  (тек  көлемді  еңбектерінің  ішінен 3 монография, 4 

оқулық, 18 оқу  құралы,  отызға  жуық  оқу-əдістемелік  құралдарын  атап  өтуге  болады).  С.М. 

Жақыповтың  еңбектерінде  психология  ғылымының  қазіргі  өмірдің  алдына  қойған  күрделі 

міндеттерін  шешуге  бағытталған  жауаптар  барын  айтып  кету  керек,  бұл  оның  ғылыми-

психологиялық мұраларының өзектілігін көрсетеді.  

Мақаланы қорыта келсек, психология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының ҰҒА 

академигі, «Жоғары  оқу  орнындарының  үздік  оқытушысы»  номинациясының  жеңімпазы,  М.В. 

Ломоносов атындағы МГУ- дің құрметті профессоры, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы жəне 

этникалық психология кафедрасының профессоры С.М. Жақыпов еліміздегі психология ғылымының 

дамуына зор үлес қосты. 



 

Əдебиеттер 

1.  ЛомовБ.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. – М., 1984. – 444 с.  

2.  Джакупов Сатыбалды Мукатаевич. Психологическая структура процесса обучения: Дисс.доктора 

психологическихнаук.- М., 1998.- 356 с. 




25 

2 СЕКЦИЯ 

Этнопсихологиялық жəне этнопедагогиялық зерттеулер 

Этнопсихологические и этнопедагогические исследования 

 

   

 

Алдашева Г.Х. 

(Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы,  

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) 

 

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТƏРБИЕ 

 

Этнопедагогикалық  бағыттағы  зерттеулерде  Қазақстан  Республикасындағы  саяси,  əлеуметтік 

өзгерістер  мен  жаңғырулар  жəне  мемлекеттің  дамуындағы  жаңа  стратегиялық  бағыттар  білім  беру 

құрылымына  тың  талаптар  қоюмен  қатар , Қазақстан  азаматының  білім  деңгейі  мен  əлеуметтік 

құзреттілігі,рухани адамгершілік тəрбиені дамыту мен тəрбиелеудегі халықтық педагогиканың роліне 

баса назар аударылуда.  

Қазақстан  Респуликасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  Тəуелсіз  елдің  жаңа  кезеңін«Болашаққа 

бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласы  арқылы  көрсете  отырып,  ұлттық  құндылықтарымыз, 

мемлекеттің құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары мен мемлекеттік тіл жəне жастардың білім алу 

жолындағы жарқын болашағын жақсарту мəселесі жан-жақты сөз болады.  

Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз – елімізді дамыған 30 елдің қатарына 

енгізуде  жастарға  білім  берудің  жаңа  деңгейіне  аяқ  басуымыз  қажет.  Сондықтан  қазіргі  заманға 

сəйкес  жаңғыру,  оның  ішінде  рухани  жаңғыру  мəселесі – халықтың,  қазақтың  үлкен,  ұлы  мəселесі 

жəне негізгі ұстанымы – ұлттық код – рух мəселесін көтеру керек» – деп тұжырым жасайды.[1] 

Əрбір  халықтың  рухани  азығының  қайнар  бұлағы – оның  халықтық  педагогикасы  мен  ұлттық 

салт-дəстүрлері,  рухани  адамгершілік  пен  тəрбие  беру  болып  саналады.  Рухани-адамгершілік 

мəселелерін əртүрлі тарихи кезеңдерде түрлі саладағы ғалымдар көтеріп отырды (Н.А. Бердяев, М.Х. 

Балтабаев, В.В.Зеньковский, В.И. Слободчиков, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский, С.А. Ұзақбаева, 

К.Ж. Жантуреева, С.Л.Франк жəне т.б.). Олардың көбісі өз ғылыми позициясын, мақсаттарын ұстана 

отырып  руханилық  ұғымына  өз  анықтамаларын  берді.  Қазақстандық  ғалымдар  бұл  салада  біраз 

ізденістер  жүргізіп  К.Ж.  Қожахметова «Духовно-нравственное  воспитание  школьников»,  М.Х. 

Балтабаев «Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушыларға рухани-өнегелі тəрбие берудің Концепциясы», 

С.А. Ұзақбаева «халық педагогикасы негізінде руханилыққа тəрбиелеу» тұжырымдамаларын ұсынды 

[5,6,7]. 

«Адамгершілік» – адам  бойындағы  «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік» сөздерімен 

мəндес.  Халықтық  педагогикада  адамның  жағымды  мінез – құлықтарын  осы  ұғымдардан  таратады. 

Мінез – құлық  пен  қарым-  қатынастағы  келесі  əрекеттерді  атап  өтуге  болады:  адамды  сыйлау,  ар- 

ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б. 

Рухани – адамгершілік тəрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық 

көзқарасты,  сенімді,  парасатты,  мінез-  құлықтағы  адами  тəртіп  пен  рухани  дағдыны 

қалыптастыратын жалпы азамзаттық тəрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тəрбиенің бүкіл жүйесі 

гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған. 

Адамгершілік  тəрбие  мəселесі  негізінен  ұлттық  құндылықтарға  сүйене  отырып,  тəрбие  берудің 

əдістемелік жолдарына негізделеді. 

-Ұлттық дəстүрлер арқылы оқу – тəрбие үрдісінде адамның рухани мəдениетін қалыптастыру. 

- Ұлттық дəстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту. 

-  Салт – дəстүрлер  негізінде,  ұлттық  психологиялық  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  рухани – 

адамгершілік құндылықтарды тəрбиелеу. 

Мектептегі,  ұжымдағы,  отбасындағы  рухани  адамгершілік  тəрбие  баланың  Отанға  деген 

махаббатын,  еңбекке  тағы  да  басқа  нəрселерге  қатынасын  қалыптастырады.  Рухани  адамгершілік 

тəрбие  беружеке  адамның  адамгершілік  санасының  дəрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс  -əрекетін 

анықтайды.  Сананың  қалыптасуы-ол  баланың  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы  алғашқы 

ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Халық педагогикасы 

да  дүниеге  келген  жас  сəбидің  сезімін  ананың  əуенімен  оятатын  бесік  жырлары,  батырлар  жыры, 

лиро – эпостық  жырлар,  даналыққа  толы  мақал-мəтелдер,  жұмбақ-жаңылтпаштар,  қиял-  ғажайып 

ертегілері,  ойындары,  тəрбиелеп  өсіру  негіздері  адамгершілік  ниеттерге  баулиды.  Олай  болса, 

адамгершілік  тəрбие  беру  кілті – халық  педагогикасында  деуге  болады.  Халық  педагогикасыдағы 

негізгі  бір  қағидасы  бойынша  баланың  тəрбиесі  туған,өскен  ортаға,  ата  анаға,  үлкендерге,  олардың 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау