Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет12/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   207

26 

үлгісіне байланысты екенін білеміз. Мəселен: «Жібекті түте алмаған жүн етеді, баланы күте алмаған 

құл етеді», «Бала айналасына қарап өседі», -дейді халқымыз. Алайда асырау мен асыл тəрбие беру екі 

түрлі  мəселе.Сондықтан  да  халық  «Жігіттің  тентек  болмағы  биінен,  баланың  тентек  болмағы  -

үйінен», «Ұяда  нені  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»,  деуі  арқылы  бала  тəрбиесінің  өскен  ортаға 

байланысты екенін атап көрсеткен.[3.121,]  

Абайша  айтқанда  еңбек  сүйгіштік – адамгершілік  қасиет,  сол  себепті  адам  болғысы  келген 

жанның  бəрі  де  адал  еңбек  істеулері  керек.  Тек  еңбек  қана  адамды  адам  етеді,  материалдық 

молшылық  жасайды,  рухани  қайрат  береді, «Адалдыққа,  адамгершілікке  тырысушылық, – деп 

жазады  Абай, – биік  дəрежедегі  сананы  туғызады,  сана  адамның  адамшылығын,  ақыл-ойын  жəне 

ғылымға деген қызығушылығын туғызады.»[2].  

К.Д.  Ушинский:  «Тəрбие-  деп  жазды,  адам  деңгейін  өсу  қарқынын  тездетеді – оны 



адамгершілік, ақыл-ой, дене, еңбек тəрбиесі рухында жоғары сатыға көтеретін педагогикалық 

тұрғыда  дəлелдесе»[8,245],  дана  Абай: «Ақпейіл  жəне  ықыласты  жүрек  адамды  жетелеуі 

тиісті,сонда ғана оның еңбегі жəне табыстылығы ерекше мəнге ие болады. Адам болып дүниеге келу 

жеңіл, бірақ адам болу қиын»,- деген болатын.[3]  

Этнопедагогикалық  білім  арқылы  тəрбие  берудің  маңыздылығы  сондай,  біздің  болашақ 

ұрпағымыз тəрбиеден ғана рухани байлық алып, тəрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Бұл 

жерде  айта  кететін  бір  мəселе,  ол – мектепте  білім  беру  сапасының  еліміздің  интеллектуалдық 

əлеуетінің  негізі  болып  табылатындығы.  Осы  мəселе  жөнінде  профессор  А.Құсайынов: « ... жақсы 

білім  беру  жүйесі  болу  үшін  мемлекет  бай  болуы  керек.  Бірақ  жақсы  білім  беру – елдің  жақсы 

жағдайының  арқасы  екені  анық  бола  тұра , жақсы  білім  беру – көп  шығындарды  талап  ететіні 

шындыққа  жанаспайды.  Мысалы,  Грекия  мен  Оңтүстік  Кореяда  мемлекет  бір  оқушыға  есептегенде 

шамамен бірдей қаржы бөледі, бірақ, Оңтүстік Корея алғашқы үштікте де Грекия тізім соңында тұр»,- 

деп  жазады.[4]  Яғни,  рухани  адамгершілік  тəрбиені  дамыту  мен  тəрбиелеудегі  халықтық 

педагогиканың  ролі  мен  оқушылардың  білімі  мен  білігін  бағалаудың  əлемдік  жүйесі  мен  əлемдік 

көшбасшы  білім  беру  жүйеснің  арасында  ажырамастай  байланыс  бар  екендігі  айқын  көрініп  тұр. 

Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан 

келе  жатқан  ата-бабалар  салт-дəстүрімен,  халықтық  мұраларымен  сабақтастыра  тəрбиелеу – қазіргі 

күннің өзекті мəселелеріне айналып отыр. Себебі ең берекелі, ең парасатты тəжірибе – халық түйген 

тұжырымдар,  ғасырлар  бойы  «зергерлік»  ұқыптылықпен  сұрыпталған  үрдістер,  дамыған  даналық 

дəстүрлер, тəлім-тəрбиелік ойлар.  

Ұлттық  ойындарымыз  халықтық  мұраларды  болашақ  мамандарға  дене  тəрбиесін  беруде 

пайдалану  дене  мүмкіндіктерін  тəрбиелеп  қана  қоймай,  ақыл-ой  жұмыс  қабілетін  қалыптастырып, 

рухани-адамгершілік  сезімдері  арқылы  шығармашылық  күш-жігерін  толық  мəнінде  көрсетуге  əсер 

етеді.  Еліміздің  қоғамдық-экономикалық  өміріндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  саяси, 

экономикалық,  əлеуметтік-мəдени,  рухани  жағдайлар  жастарды  тəрбиелеу  мəселесін  дұрыс  бағытта 

ойластыруды  талап  етуде.  Бүгінгі  таңда  халықымыздың  тарихи  мұраларын  оқып-білу,  қастерлеп, 

бүгініміз  бен  келешегіміздің  нəрлі  қайнарына  айналдыру  өмір  қажеттілігінен  туындап  отырған 

əрқайсысымыздың  азаматтық,  перзенттік  парызымыз.  Сондықтан  ата-баба  дəстүрімен  тəрбиелеу, 

халық  педагогикасымен  болашақ  мамандарымызды  сусындату  жоғары  оқу  орындары  оқу-тəрбие 

үрдісінің  негізгі  міндеттерінің  бірі.Этнопедагогиканың  ролі  арқылыəдептілік,  имандылық, 

мейірімділік,  қайырымдылық,  ізеттілік,  қонақжайлылық  құндылықтары  қалыптасқан  халқымыздың 

осы  асыл  да  абыройлы  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  ақыл-парасатына  азық  ете  білу  үшін,  əрбір 

тəрбиеші,  ұстаз  халық  педагогикасын  сан  ғасырларда  қалыптасқан  салт-дəстүрлерді,  əдет-

ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, 

рухани  жаны  таза  адам  болуы  шарт.  Ол  рухани-адамгершілік  тағылымдарды  өркениетті  өмірмен 

байланыстыра  отырып,  білім  берудің  барлық  кезеңдерінде  негізге  алғаны  жөн.  Сонда  ғана  өзінің 

міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.  

Рухани  кемелдену  осынау  процестің  қаншалықты  жүйелі,  жемісті  жүргізілуіне,  саяси,  тарихи, 

қоғамдық-əлеуметтік  факторлармен  қатар  этнопедагогиканың  ролі  де  сол  процеске  қаншалықты 

қолайлы  жағдай  жасалуына  тəуелді.  Міне,  осы  ретте  рухани  кемелденуге  бастайтын  рухани 

қажеттілікті – адамгершілік мұрат мəселесі еш уақытта күн тəртібінен түсіруге болмайтын мəңгілік 

көкейкесті проблемалардың бірі. Сонымен бірге, оқу орындарының оқу-тəрбие тəжірибесін бақылау 

барысында  жастарға  рухани-адамгершілік  тəрбие  беру  мəселесі  этнопедагогикалық  тұрғыдан 

жеткілікті  зерделенгенімен,  бүгінгі  күнде  болашақ  ұрпақтың  адамгершілік  қасиеттерін,  халық 

педагогикасының тағылымдарын пайдаланып, жастардың адами тəрбиесін қалыптастыру қажеттілігі 

арасында  белгілі  бір  дəрежеде  кейбір  қайшылықтар  туып  отыр.Сондықтан  қазақ  этнопедагогикасы 

негізінде  болашақ  ұрпақты  рухани-адамгершілік  тұрғыда  тəрбиелеу  біздің  зерттеу  проблемамызды 




27 

айқындауға  себеп  болады.  Қазақ  этнопедагогикасының  алтын  діңгегін  адамгершілік  тəрбиесі 

құрайды.  Адамгершілік – адамдардың  күнделікті  қарым-қатынасына  байланысты  гуманизм 

принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамгершіліктің негіздері: кісілік, ерлік, табандылық, 

мақсаттылық,  ұлттық  намысты  қорғау,  қоғамшылдық,  азаматтық  борышты  сезіну,  құқықтық 

нормаларды  іске  асыру,  отансүйгіштік  т.б.  адамгершілік  тəрбиесінің  нəтижелері  болып  табылады. 

Адамгершілік  ұғымы  ізгілік,  гуманизмнің  синонимі  ретінде,  адамның  игілігі  мақсатқа  айналғанда 

пайда  болатын  қарым-қатынастар  жүйесі  мен  қоғамдық  ахуал  ретінде  неғұрлым  кең  мағынада  да 

қолданылады.  

Қорыта  айтқанда,этнопедагогика  пəні  арқылыұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан,  ұлттық  мүдденің 

өркендеуіне  үлес  қоса  алатын  ұлттық  құндылықтар  мен  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  өзара 

ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тəрбиелеу. Ал міндеті рухани- адамгершілік тəрбиені дамыту 

мен  тəрбиелеудегі  халықтық  педагогиканың  ролі  арқылыұлттық  тəрбиенің  діңгегі – қазақ  тілі  мен 

тарихын,  мəдениеті  мен  ділін,  салт-дəстүрі  мен  дінін  құрметтеуде  жастардың  интеллектуалдық 

əлеуетін  арттыру,бүгінгі  қазақ  елінің  индустриалық-инновациялық  жүйесінің  дамуын  қамтамасыз 

ететін  парасатты,  ұлттық  сипаттағы  белсенді  іс-əрекетке  тəрбиелеу,  білім  жəне  мəдени-рухани 

тұрғыда басқа өркениеттермен бəсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен 

табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. 



 

Əдебиеттер 

1.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 

мақаласы «Егемен Қазақстан» газеті,12 сəуір 2017 жыл. 

2.  Қалиев С.Ғалым алған асулар. Алматы, 2004 

3.  Қалиұлы С.Ой үндестігі «Абай»журналы,№3,2015,8-11 б. 

4.  Кусайнов А.К.Качество образования в мире и в Казахстане. Алматы, 2013г. 

5.  Қожахметова К.Ж. Проект Концепции Духовно-нравственного воспитания школьников (педагогический 

и этнопедагогический аспекты). –Алматы, 2002.19 с. 

6.  Балтабаев М.Х. Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушыларға рухани-өнегелі тəрбие берудің Концепциясы. 

–Алматы, 2002, -27 б. 

7.  Ұзақбаева С.А. Халық педагогикасы негізінде руханилыққа тəрбиелеу. –Алматы,-2003. -17 б. 

8.  Мұханова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика: Оқу құралы.Астана: Фолиант, 2008. 

 

 

Делова Л. А. 

(Россия, Республика Адыгея, г. Майкоп, Адыгейский республиканский  

институт гуманитарных исследований имени Т. М. Керашева) 

  

ИССЛЕДОВАНИЕ ЭТНИЧЕСКОЙ ТОЛЕРАНТНОСТИ  

В СФЕРЕ СОЦИАЛЬНОЙ ПЕРЦЕПЦИИ 

 

Как  известно,  показателями  межэтнического  взаимодействия  в  сфере  социальной  перцепции 



является толерантность–интолерантность.  

Для  изучения  особенностей  социальной  перцепции  лиц,  заключивших  моно-  и  межэтнический 

брак,  была  разработана  анкета,  состоящая  из 25 вопросов.  Параллельно  с  анкетированием 

использовался  метод  глубинного  нестандартизированного  интервью.  Было  опрошено 135 

респондентов  (состоящих  в  межэтническом  адыго-русском  браке;  адыги,  русские,  состоящие  в 

моноэтническом браке). 

Ставилась задача: выявить особенности социальной перцепции респондентов. 

Этническая  толерантность  в  сфере  социальной  перцепции  понимается  нами  как  терпимость, 

приемлемость в межкультурных взаимодействиях. 

Для  выявления  этнической  толерантности  необходимо  было  выявить,  описать  и  сравнить 

автостереотип  и  гетеростереотип  трех  групп  испытуемых,  обратив  особое  внимание  на  его 

аффективный аспект. 

Этнические стереотипы – это относительно устойчивые представления о моральных, умственных, 

физических  качествах,  присущих  представителям  различных  этнических  общностей.  В  содержании 

этнических  стереотипов,  как  правило,  зафиксированы  оценочные  мнения  об  указанных  качествах. 

Стереотип  имеет  несколько  компонентов.  Один  из  основных – оценочный.  На  основе  оценочных 

критериев  познания  представителей  иноэтнических  групп  этнический  стереотип  может  быть  как 

позитивным, так и негативным. 

В  социальной  психологии  выделяют 4 основных  функции  социального  стереотипа:  две – на 

индивидуальном уровне и две – на групповом. На индивидуальном уровне реализуются следующие 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау