Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет5/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207

12 

оқиды.  Осында  оқып  жүргенде  коммунисттік  партия  қатарына  алынады.  Ол  кеңес  партия  мектебін 

үздік  бағалармен  тəмамдаған  шағында  Алтай  губерниясында  аз  ұлттардан  жасақталған  əскери 

бөлімшеге  жіберіледі,  онда 1920 жылдың 15 қараша  айынан  бастап  он  тоғыз  жасында  Бийск 

қаласындағы  бірінші  қазақ  атты  əскерлер  полкінің  эскадронында  саяси  жетекші  болып 

тағайындалады. Кейін 1921 жылы 10 наурыз айында өзінің жиырма жас шағында осы қазақ полкінің 

əскери комиссары болып қызмет атқарады. Бұл бір ерекше жағдай орыс тарихында Аркадий Гайдар 

он  алты  жасында  полк  командирі  болса  немесе  коммисары  болса,  біздің  қазақтан  шыққан  Шəрапи 

Əлжанов  жиырма  жасында  полктың  əскери  коммисары  болған.  Мұның  өзі  де  атап  өтетін  жəйт. 

Шəрапи  Əлжанов  жастайынан  бастап  алғыр,  пысық,  өз  ісіне  мығым  қасиеттерімен  қаруластар 

құрметіне  бөленеді.  Мыңдаған  қолға  саяси  басшылық  жасаған  Шəрапи  Əлжанов  Сібір  өңірін  ақ 

гвардияшылардан  тазарту  жолындағы  кескілескен  ұрыстарда  ол  тапқырлық  пен  табандылықтың 

үлгісін көрсетті. Ал 1921 жылдың 29 желтоқсанында Батыс Қазақстанда ақ бандыларға қарсы күресу 

үшін 121-атты арнаулы отряд жасақталып, оның комиссары болып тағайындалды. Өзіне көрсетілген 

сенімді зор жауапкершілікпен қабылдаған ол өлкені ақтардан тазарту жолында қаруластарын батыл 

шайқастарға  бастай  білді.  Өзінің  жəне  қаруластарының  көрсеткен  ерліктерінің  нəтижесінде 1922 

жылы сол кездегі Орал губерниясы ақ бандылардан түгелдей дерлік жойылды. Бұл қазақ тарихында 

сол кездері өте сирек кездесетін жағдай еді.  

Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі жылдары, дəлірек айтқанда 1922 жылы 15 мамырда қордағы 

командирлер қатарына шығып, осы жылдың тамыз айынан бастап, Ақмолада уездік атқару комитеті 

басшысының  орынбасары  болып  қызмет  атқарады.  Ал, 1924 жылы  Ақмола  уездік  милиция 

бастығының қызметін атқарады. 1926 жылдан КПСС мүшесі болады.  

Терең ойлы, көлдей терең білімді, күміс көмейінен парасатты сөз ағылған ұстаз Шəрапи Əлжанов 

жастайынан  білім  жолына  бет  бұрып,  ғылым  жолын  қуған,  өзінің  күш  жігері  мен  білімін  туған 

халкының болашағы үшін арнаған ізденімпаз ғалымдардың бірі. Ш. Əлжановты бүкіл оқушы қауымы 

«Өте əділ мұғалім» деп сыйлайтын. Ол жастайынан өзінің ана тілі – қазақ тілімен қатар, орыс тілін де 

жетік  меңгерген.  Нақтырақ  деректерге  көз  жүгіртсек,  ол  жиырма  төрт  жасының  шамасында  ғылым 

жолына бет түзеді, 1925 жылы Мəскеудегі жоғары əскери педагогикалық курста оқиды, осы жылдары 

ол  Қазақстанның  сол  кездегі  астанасы  Орынбордағы  əскери  мектепке  екі  жыл  шамасында  сабақ 

беруге  шақырылады.  Яғни,  оның  ұстаздық  қызметінің  бастау  алған  жылдарын  осы  кезден  білуге 

болады. 1927-1929 жылдары  атақты  ғалым  Қызылордада  Қазақстанның  өлкелік  кеңес-партия 

мектебінде  ленинизм  мен  педагогикадан  сабақ  береді. 1919-1930 оқу  жылдарында  Қызылордадағы 

Қазақ ағарту институтының директоры қызметін атқарады. Осы тұста Кеңес өкіметі, ленинизм, оқу-

ағарту  мəселелері,  Қызыл  Армия  туралы  көпшілікке  арналған  дəрістер  оқиды. 1930 жылдың  сəуір 

айынан  бастап 1932 жылдың  қазан  айының  аралығында  Шəрапи  Əлжанов  Мəскеуде  Н.К.  Крупская 

атындағы  коммунисттік  тəрбие  академиясының  аспирантурасында  оқиды.  Оқу  барысында  көптеген 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  айналысады.  Көптеген  мақалалары  баспа  бетіне  жарияланады.  Ш. 

Əлжанов Ұлттар ағарту институтының аспирантурасын 1932 жылы бітіреді. Республикамыздың мек-

тептері жаңа сатыға көтеріліп, жан-жақты дамуға шыға бастаған кезде жоғары білімді мамандардың 

əсіресе, ұлт  кадрларының  аз кезінде  ол  мектептер жүйесінің  дұрыс  ұйымдастырылуына, оқу-тəрбие 

жұмыстарының жемісті болуына, мұғалімдердің ғылыми негіздерінің қарулануына зор мін беріп, осы 

іске  үлкен  үлес  қосқан  Шəрапи  Əлжановқа  Алматыға  келгеннен  кейін  көп  ұзамай  профессор  атағы 

беріледі.  Ол  сол  кездегі  педагогика-психология  саласындағы  тұңғыш  профессор  деген  атаққа  ие 

болған  адам.  Ал, 1932 жылдан  бастап  Қазақстанның  жоғары  білім  ордасы – Абай  атындағы 

педагогикалық  институтта  педагогика  теориясының  доценттік,  кейіннен  бастап  профессорлық 

қызметін  атқарады.  Шəрапи  Əлжанов  кезінде  Қазақ  АССР  Халық  ағарту  комиссариатының  мектеп 

ғылыми-зерттеу институтының директоры, ал, 1932-1934 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ 

педагогикалық  институтында  педагогика  факультетінің  деканы  болып  қызмет  атқарады.  Кейіннен 

осында  педагогика  жəне  психология  кафедрасын  басқарып,  онда  профессорлық  қызметін  атқарады. 

Шəрапи  Əлжанов  өзінің  қысқа  өмірінде  бас-аяғы  педагогика  саласында 12-15 жылдың  ішінде  көп 

жұмыстар атқарған. Профессор Қ.Б. Жарықбаев өзінің «Комиссар. Ұстаз. Профессор» атты Шəрапи 

Əлжанов  туралы  мақаласында: «Ол  кісі  ерінбей,  жалықпай  өзі  бір  жағынан  Қазақ  педагогикалық 

институтында педагогика кафедрасын басқарып жүрсе де ылғи да мектептерге барып, мұғалімдермен 

араласа  отырып,  мектептерде  жəне  де  басқа  да  оқу  орындарында  дəрістер  оқи  жүріп,  Қазақстанда 

тəлім-тəрбиелік ғылымдардың дамуына үлгі, үлес қосып үлгерді. Шəрапи Əлжановтың тіпті білімге 

құмарлығы  мен  ізденімпаздығы  дəрісті  қарапайым,  əрі  түсінікті  тілмен  оқып,  аса  шешен 

сөйлейтіндігі,  көпшілікпен  қарым-қатынас  жасай  алу  шеберлігі  адамның  бойында  пайда  болатын 

таңқаларлық жəйт» – дейді [3]. 




13 

Кезінде  атақты  профессордан  тəлім  алған  доцент  М.  Алтынбекова  өзінің  ұстазы  туралы  былай 

еске  алады: «Сол  кездегі  Қазақ  педагогикалық  институтының  от  жағылмайтын,  суық  елу  төртінші 

аудиториясында  дəріс  тыңдайтын  əдебиет  факультетінің  студенттері  қатты  жаурағанымызға, 

қолымыздың  қалам  ұстауға  жарамағандығына  қарамастан,  Шəрапи  Əлжановтың  тоқсан  минуттық 

дəрісін міз бақпастан тыңдап, жазып шығатын едік».  

Шəрапи Есмұқамбетұлы Əлжанов 1901 жылы 19 ақпанда бұрыңғы Көкшетау облысына қарасты 

Еңбекшілдер ауданында дүниеге келді. Педагогика ғылымдарының кандидаттары Имаш Мадин мен 

Мыңбай  Исқақов  өздерінің 1968 жылы 10 ақпанда  «Қазақ  əдебиеті»  газетінде  «Комиссар-Педагог 

Əлжанов»  атты  жарияланған  мақаласында  ғалымның  өмір  жолы  мен  шығармашылық  қызметтері 

туралы  баяндайды [4]. Шəрапи  Əлжанов  өзінің  қысқа  да  болса  ғұмырына  қарамастан,  артынан 

психология,  педагогика  ғылымдары  бойынша  көптеген  еңбектерін  қалдыра  білді.  Оның  сол  кездегі 

ұлт  мектептері  мен  жоғары  педагогикалық  мектептердің  өзекті  мəселелері  төңірегіндегі  идеялары, 

педагогикалық  жəне  психологиялық  еңбектері  баспа  беттерінен  мақалалар  ретінде,  оқу  құралдары, 

кітаптары  ретінде  жарияланды.  Кейбір  еңбектері  маркстік-лениндік  педагогика  тұрғысында 

жазылғанымен,  Шəрапи  Есмұқамбетұлының  ұсынған  ғылыми  еңбектерін  бүгінгі  таңда  біз 

құндылығы мол, оқу-тəрбиелік мəні зор еңбек ретінде танимыз, оның көптеген көлемді мақалалары, 

еңбектері күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сонымен бірге оқу-ағарту мəселелері 

жөнінде  бірталай  кітаптарды,  оқулықтарды,  мақалаларды  жазу  ісімен  қатар,  ол  Азамат  соғысы 

жылдарында  қолына  қару  алып,  Қазан  жемістерін  қорғаған  жауынгер,  саяси  жетекші,  комиссар 

болып,  əскери  мектепте  оқытушы  қызметін  атқарып,  мектеп  мұғалімдерімен  жəне  жоғары  оқу 

орындарының  оқытушы  құрамымен  де  белсенді  араласып,  студенттер  қауымына  дəрістер  оқып, 

кафедра меңгерушісінің қызметін атқарды. Ш.Е. Əлжанов сол кездегі кеңес өкіметі тұсындағы қиын 

жағдайға қарамастан, өзінің бүкіл ғұмырын халкына білім беру ісіне арнады. Сонымен қатар, ғалым 

педагогикалық  əдебиеттерді  қазақ  тіліне  аударуда  жан-жақты  жұмыстар  жүргізген.  Педагогика  мен 

халық ағарту ісі жайлы жетекші материалдарды қазақша аудару үшін қажетті терминологияны жасау 

мəселесін бірінші болып күн тəртібіне қойды [5].  

Біз  Шəрапи  Есмұқамбетұлы  Əлжановты  ауылдық  жерлерде  Кеңес  өкіметін  нығайту  ісіне  ат 

салыса  отырып,  кеңес-партия  мектебінде  сабақ  беріп,  оқу-тəрбие  ісімен  айналыса  отырып,  Мəскеу 

аспирантурасын бітіріп, доцент атағын алған бірінші қазақ ғалымы ретінде де танимыз. Оның жарқын 

өмірі  де, артына  қалдырған  ғылыми  мұрасы  мен  құнды  ой-пікірлері  əрдайым халқымыз  үшін  өнеге 

бола алады.  

Осыған  орай,  Ш.  Əлжановты  толғандырған  көкейтесті  мəселелердің  бірі – ұлттық  мектеп 

жағдайы да болатын. Профессор Ш.Е. Əлжанов қазақ мектептерінің əлеуметтік жағдайы гигиеналық, 

педагогикалық талаптарға сай жұмыс аткара алмай тұрғандығын көріп, оны жақсартудың жолдарын 

ғылыми  негізде  тұжырымдай  білген.  Кеңес  өкіметі  тұсындағы  республикамыздағы  жоғары 

педагогикалык  мектеп  пен  мектептердегі  білім  берудің  қалыптасуына  белсенді  түрде  ат  салысты. 

Халық  ағарту  ісінде  халықты  жаппай  сауаттандыру  мен  педагог  мамандарды  дайындау,  белгілі 

мемлекеттік  деңгейдегі  жауапты  жұмыстарды  атқара  отырып,  Ш.  Əлжанов  қазақ  халқының  мұң-

мұқтажын  тыңдап,  қалың  бұқараның  саяси-сана  сезімінің  өсуіне,  қалыптасуына  ықпал  етушілердің 

бірі  болғандығы  бəріне  мəлім.  Профессор  Ш.  Əлжановтың  жиырмадан  аса  еңбектері  бізге  мəлім, 

олардың қатарында төмендегідей еңбектері бар:  

–  «Əйел  делегаттарының  жиналыстарын  өткізу  жөніндегі  методикалық  жинақ» (1928 жыл, 

Қызылорда); «Партия  оқуының  жүйесі  мен  оқыту  əдісі» (1928 жыл); «Ауылдағы  əскерлік  үгіт-

насихат  жұмысы» (1929 жыл,  Ташкент)  атты  жеке  кітаптары; «Ауыл  мектептерін 

политехникаландыру жолдары» атты мақаласы (1933 жыл, Қызылорда); «Аз ұлттардың жоғары оқу 

орындарында сабақ беру əдістері»; «Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау мəселесі»; 

–  «Ұлт  мəдениеті  жөнінде  екі  майданда  да  күресуіміз  керек»; «Маркстік-Лениндік  теория  таза 

жəне дұрыс баяндалсын»; «Оқу кітабы – коммунисттік тəрбие беру жөніндегі үлкен құрал» атты 1933 

жылы  «Политехникалық  мектеп»  журналының 4-санында  жарияланған  мақаласы; «Эстетикалық 

тəрбие негіздері» деген 1933 жылы «Ауыл мұғалімі» журналының 4-санында жарияланған мақаласы; 

«Пять  лет  борьбы  и  строительства  первого  казахского  национального  вуза»  атты  Мəскеуде 

«Просвещение национальностей» журналда жарияланған мақаласы; «Ұлт мектептері қазіргі кезеңде» 

атты 1932-1937 жылдары  Мəскеу  журналдарында  жарияланған  ғылыми  мақалалары; «Абайдың 

педагогика  туралы  көзқарасы»  деген 1934 жылғы  «Əдебиет  майданы»  атты  журналының  төртінші 

санында  жəне  «Социалистік  Қазақстан»  газетінің 1934 жылғы 26 желтоқсанда 130-санында 

жарияланған  мақаласы; «Ғылыми-зерттеу  педагогика  институтының  алдындағы  кезекті  міндеттер» 

атты  «Мектептерді  политехнизациялау»  журналының 1934 жылғы  екінші  санында  жарияланған 

мақаласы; «Ес жəне есте қалдыру мəселелері». Дағдылану мəселелері атты 1936 жылғы Қызылордада 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау