Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет6/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207

14 

басылып  шығарылған  «Өздігінен  білім  алу  жəне  кітап  оқу  жолдары»  атты  мақаласы  жарық  көрген 

[5]. 

Қорыта  келе,  бүгінгі  таңда  Шəрапи  Əлжановтың  педагогикалык  жəне  психологиялық  идеялары 



мен  шығармашылық  мұрасы,  қоғамдық-педагогикалық  қызметтері  зерттеушілердің  теориялық  жəне 

тəжірибелік  қызығушылықтарын  тудырып  отыр.  Бірақ,  өкінішке  орай,  ғалымның  Қазакстанның 

ғылыми-педагогикалык  ой-пікірлерінің  дамуына  қосқан  үлесі,  болашақ  ұрпақты  тəрбиелеу  мен 

окытуға  жəне  жоғары  мектеп  педагогикасын  дамытуға  арналған  өзекті  педагогикалық  ой-пікірлері, 

құнды идеялары өз дəрежесінде қарастырылмағандығын айғақтайды.  

 

Əдебиеттер 

1.  Қ.Б. Жарықбаев. Ғибраты мол ғалым еді. Қазақ педагогикасының алғашқы профессорларының бірі – Ш. 

Əлжанов туралы (1901-1938) // Алматы ақшамы. – 2001. – 23 қазан (№120). – 3б.  

2.  Т. Қажыбай. Шəрəпиді білетін кім бар екен? Біржан сал əулетінен шыққан профессор Шəрəпи Əлжанов 

туралы ой-толғам // Арқа ажары. – 2004, 22 VI- 3 б. 

3.  И. Мадин, М. Исқақов. Комиссар-Педагог Əлжанов // Қазақ əдебиеті. – 1968. 

4.  И. Мадин, М. Исқақов. Комиссар-Педагог Əлжанов // Қазақ əдебиеті. – 1968. 

5.  Қ.Қ. Бердімұратова. Ш.Е. Əлжановтың педагогикалық көзқарастары // Қазақстан кəсіпкері. – 2010. – 4 

сəуір (№83). – 40б.  

 

 

Қастай Дастан, Баймолдина Л.О. 



(əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 

 

ҒАЛЫМ ЖАРЫҚБАЕВ ҚҰБЫҒҰЛ БОЗАЙҰЛЫНЫҢ МƏШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТА ЗЕРТТЕУ ШЕБЕРЛІГІ 

 

Cоңғы  жылдары  зерттеу  еңбектерінде,  оқу  басылымдарында  психология  ғылымының  қазіргі 



таңдағы  мақсат-міндеттеріне  ұлттық  таным,  халықтық  мүдде  тұрғысынан  баса  назар  аударылып, 

осыған  орай  рухани  кемел  халқымыздың  тұрмыс-салтына,  əдет-ғұрыпына,  жөн-жосық,  жол-

жоралғысына,  тіпті,  бүкіл  тыныс-тіршілігіне  қатысты  тұстары  (жеке  тұлға,  ойлау  əдебі,  сөйлеу 

ерекшеліктері,  ерік-жігер  қабілеті,  ұлттық  мінез)  түгелдей  дерлік  қайтадан  зерттеле,  түрленген 

тұрғыда қарастырыла бастады. Əрине, адамзаттың ақыл-ой парасаты алға жылжыған сайын өткеніне 

тереңірек үңілетіні – қажеттіліктен туған заңдылық. Өйткені, оның өткен жолы шыққан тегіне алып 

барады,  тегін  тапса,  нəр  алып  жатқан  топырағында  тамырлана  түседі.  Сол  секілді  де  ұлтымыздың 

ғасырлар  бойы  тағдыр  талқысына шыңдалып, сана мен сезім сүзгісінен өтіп барып рухани өмірінің 

бөлінбес бөлшегіне, ажырамайтын əдеті мен əдебіне айналған құндылықтарын іздеу, табу, тану жəне 

таныту, сол арқылы бүгінгі ұрпақтың ділін нығайту – ғылымның басты міндеттерінің біріне айналып 

отыр.  Себебі,  бұл  үрдістің  өзі  ұрпақ  алдынағы  ілімнің  тəлім-тəрбиелік  қызметіне,  қоғамдағы 

қажеттіліктің  үлгілік  құзырына  жұмсаларына  бүгінде  толықтай  көзіміз  жетті.  Кезеңінде 

болашағымызға  қазақ  даласының  данышпандарының  мұраларын  меңгере  отырып  көз  тастау 

қажеттілігін  уақыттың  өзі-ақ  сараптап  берді.  Əрине,  кемелдену, «Рухани  жаңғыру»  бағдарында 

алдымен  Абайға  үңілуіміз,  ұлт  психологиясы  төңірегінде  түрлі  ғылыми  зерттеулер  мен  шаралар 

ұйымдастырып,  халқымыздың  он  төрт  ғасырлық  келелі  психологиялық  ой-пікірлерінің  тарихын 

тануымыз  өте  орынды.  Бірақ,  күні  бүгінге  дейін  орындары  ұлтымыздың  көкжиек  кеңістігінде 

ойсырап  тұрған  ғұламаларымыздың,  анығы,  Ахмет  Байтұрсынов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Мағжан 

Жұмабаев,  Халел  Досмұхамедов,  Мəшһүр-Жүсіп  Көпейұлы,  Ғұмар  Қараштың  қазірдің  өзінде 

зерттелмеген қырлары көп-ақ. Рас, еңбектеріне үңілек, Мəшһүр-Жүсіптің бір өзі молданы молдаша, 

шайырды  шайырша,  жырауды  жырауша  сөйлетіп,  қарапайым  халық  мүддесіне  келгенде,  аса  құнды 

рухани  құнар  төгетінін  байқаймыз.  Ал  олардың  еңбектеріндегі  психологиялық  байлықты  сарқып 

алып,  оларды  оқырман  парасатына  ұсыну,  олардың  қоғамдық-саяси  қызметіне  үңіліп,  əлі  де  болса 

толықтай  талдауды,  жұмбақ  Мəшһүр-Жүсіп  болмысын  жаңаша  қырынан  игеруімізді  қоғамның  өзі 

талап  етіп  отырғаны  сөзсіз.  Бірақ  бізге  дейін  бұл  қажеттілікті,  асылы,  зəрулікті  ұғынып,  ұлт 

психологиясы  шыңына  өзінің  дəуір  үшін  қуаты  күшті  зерттеулерімен  көтеріліп,  тұрақты  биігіне 

орныққан бір тұлға бар. Оның есімі қазақ психологиясымен жапсарлас, ұлт педагогикасымен мығым. 

Себебі,  ол – ғалым.  ол – педагогика  ғылымдарының  докторы,  професор,  ол – Жарықбаев  Құбығұл 

Бозайұлы.  

Қазақстанда  психологиялық  ой-пікірдің  қалыптасуы  туралы  айтқанда,  ең  алдымен  оның 

тарихының  өте  ертеде  жатқандығы  көңіл  қуантады.  Уақыт  кеңістігінде  ұлттық  психологияның 

дамуына,  даусыз  дала  перзенттерінің  бірталай  өкілдері  үлес  қосты,  қазақ  өркениетінде  оның 

теориялық  жағынан  зерттелуі  өте  қарқынды  дамыды.  Алғашқы  психологиялық  ой-пікірлер  қазақ 



15 

топырағында  дүниеге  келген  шығыстың  ұлы  ойшылы  Əбу  Насыр  əл-Фарабидің  ғылыми  еңбектері 

мен философиялық трактаттарынан бастау алып, жантанудың жалауын кейіннен өз еңбектерінде дала 

данышпаны  ортағасырлық  Жүсіп  Баласағұн  батыл  көтерді.  Кейіннен  қазақ  ағартушыларының 

психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам 

жəне мемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлеген Тəжібаев өз еңбектерімен күллі Одақ 

көлемінде  танылды [1,2]. Академик  Т.  Тəжібаевтан  кейін  бұл  бағытта  ғылыми-зерттеу  жұмысын 

ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық жəне педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму 

тарихын  зерделеген, «Қазақстанда  төңкеріске  дейінгі  педагогикалық  ой-пікірдің  қалыптасуы  жəне 

дамуы», «Қазақстанда  психологиялық  ой-пікірдің  қалыптасуы  мен  дамуы»  жəне  т.б.  бірнеше 

монографиялық  еңбектердің  авторы,  көрнекті  психолог-ғалым,  педагогика  жəне  психология, 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Қ.Б.  Жарықбаевтың  алатын  орны  тіптен  ерекше.  Қазақ 

психология  тарихын  зерттеумен  көптен  айналысып  жүрген  көрнекті  психолог-ғалым  Жарықбаев 

Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда  психология ғылымының қалыптасуы  мен  даму  тарихын  үш  кезеңге 

бөліп қарастырады: 

 

Бірінші кезеңі – кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы (бұл кезең психология 



ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХғ.)) 

 

Екінші кезеңі – марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), 



 

Үшінші кезең – егемен, тəуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология 

дамуының жаңа кезеңі (1991-2006). 

Қазақстанда психология  ғылымының қалыптасу жəне  даму тарихын  қарастырғанда  əдіснамалық 

тұрғыдан  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  профессор  Қ.Б.Жарықбаев  ұсынған  кезеңдерді  негізінен 

басшылыққа  алу  орынды.  Біз  Жарықбаевтың  «Қазақ  тəлім-тəрбиесі»  еңбегіндегі  Мəшһүр-Жүсіп 

Көпейұлының  психологиялық  көзқарастарын  ғалымның  талдау  ерекшелігіне  қарай  қарастырып 

көрейік.  Расымен,  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  педагогика,  психология  саласында  өздерінің 

соны  пікірлерімен  көрінген  бірнеше  қазақ  ғұламалары  болды.  Олар  өздерінің  пайымдары,  жазған-

сызған еңбектері арқылы ойларын, индивидтік таным-түсініктерін білдіріп отырды. Олардың ішінде 

Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Ғұмар Қараш, Мұхаметсəлім Кəшімов, Спандияр Көбевтерді ерекше атап 

өтуімізге болады. Жалпы аталған ғұламалардың  педагогикалық жəне психологиялық көзқарастарын 

Қ.Б. Жарықбаев: 

1. Қолжазбалары арқылы; 

2. Еңбектеріндегі ой-пікірлері арқылы; 

3. Діни жəне азаматтық қағидалары арқылы қарастырады.  

Мəселен,  діни  оқудан  мейілінше  сусындап,  уақыт  өте  келе  фольклоршы-публицист  атанған 

шежіреші  ақын  М.Ж.  Көпейұлы  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңнің  өзінде-ақ  əр  түрлі  тақырыпта 

бірнеше кітаптар шығарған. Əрине, Қазақтың Мəшһүр Жүсіп Көпеев сынды ойшылы өзінің саналы 

ғұмырында  дін  мен  мəдениеттің,  білім  мен  ғылымның,  адамгершілік  пен  адалдықтың  өзара 

жақындығын  жете  түсініп,  оны  поэтикалық-философиялық,  гуманистік  сипатта  баяндап  өткені 

даусыз  емес  пе?  Сондықтан  ағартушылық  жолды  ұстанған  Жүсіп  Көпеевтің  дара  тұлғасы 

замандастары  тарапынан  өз  заманында-ақ  өзіндік  жоғары  бағалауларға  ие  болды,  халық  оны 

қадірледі,  сөзіне  құлақ  асты,  білімдарлығын  мойындады.  Оған  жастайынан  «Мəшһүр»  деген 

қазақтардың  арасында  ерекше  құрметтелетін  керемет  сұңғылалықты  білдіретін  аттың  таңылуы  да 

бекер  емес  еді.  Сол  себептен  де  ғалым,  психология  тарихын  зерттеуші  Жарықбаев  ойшылдың 

мұрасын:  

 

сезім мүшелері; 



 

ми мен жүрек; 

 

қиял; 


 

ойлау; 


 

бала мен үлкендердің қарым-қатынасы; 

 

əйелдерге білім беру тағы да басқа қырлары тұрғысынан зерделейді.  



Рас, кез келген тұлғаның дүниетанымына психологиялық-философиялық тұрғыда сипаттама беру 

барысында  тарихи  үрдістің  астарында  жатқан  терең  əлеуметтік  психологиялық  ерекшеліктер  мен 

этникалық дүниенің онтологиялық іргелі ұстанымдарына тоқтала кеткен жөн. Осы тұрғыдан алғанда 

Жарықбаевтың  дəстүрлі  қоғамның  құндылықтар  жүйесін  сараптауы  маңызды  жəне  олар  қоғамның 

мəндік негізі, руханиятының мəйегі ретінде кездейсоқ басымдық танытпайды жəне олардың өміршең 

болатындығы  шын  мəнінде  өзіндік  сынақтардан  ғасырлар  бойы  өткеніне  де  байланысты  екені  де 

аңғарылады. Мəшһүр-Жүсіптің көрегендігі ғасырларды өзара жалғастырушы рухани күштің мəдени 

құндылықтарда жатқандығы жəне оны жете түсінгендігінде болып отыр. 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау