1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
103
ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдері еліміздің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы саясатын оң бағалады, сондай-
ақ республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл
жоспарына сәйкес, 2005 жылдың 20-21 қазанында Парижде кеңесу
тобының кездесуі болып өтті, онда Қазақстандағы және Ресей
Федерациясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері
бойынша заңдық-құқықтық және институционалдық база туралы
ақпарат ұсынылды [24].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивті шара – еліміздің барлық
өңірлерінде жұмыс істейтін «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа
қызмет көрсету орталықтары болып табылады.
Сонымен, 2006–2010 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламада инвестициялық
жобаларды, құрылысты және республикалық маңызы бар автокөлік
жолдарын қайта жөндеуді, ауыл шаруашылығы, шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінген қаржылық
шығындардың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған
іс-шараларды қамтыды [25]. Сондай-ақ аталған іс-шаралардың ішінде
мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде жеке және заңды
тұлғалардың мүдделерін көздейтін тұлғалардың қызметінің жолын кесу
бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, құқықтық базаны жетілдіру
мәселелері де қамтылды.
Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған іс-шаралар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы Қаулысымен
бекітілген, 2006–2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар
жоспарында да көрініс тапты. Аталған жоспарға сәйкес, Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясат әртүрлі өмір сүру саласында сыбайлас
жемқорлықтың туындауына ықпал ететін және мемлекеттік қызметшіні
сыбайлас жемқорлық іс-қимыл жасауға итермелейтін себептер мен
жағдайларды азайту тұрғысынан мемлекет пен қоғамның жан-жақты әрі
кезекті іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыруды көздеді.
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында «электрондық
үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатында бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыстар
жүргізілді, нәтижесінде ұйымдар мен халықтың мемлекеттік қызметшімен
байланысы қысқартылып, сыбайлас жемқорлық көлемі төмендеді [26].
2007 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін
жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданған болатын. Бұл Заң бойынша
32 қылмыс құрамы Қылмыстық кодекс бойынша сыбайлас жемқорлық
ретінде сарапталады. Пара алу бойынша қылмыстық жауапкершілік
қатаңдатылды. Мысалы, егер оған дейін лауазымды адамға пара алғаны
үшін бостандығынан айырудың барынша ұзақ мерзімі бес жылды