1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
99
2005 жылғы шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
және қылмыс үшін талапты күшейтетін өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген болатын. Заңның 10-бабы 4-тармағы 6-2) тармақшамен
толықтырылды, онда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам
мемлекеттік қызметке қабылданбайды деген қағида бекітілді. Сонымен
бірге өзгерістердің ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігіне мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыбайлас
жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жазаларын мерзімінен
бұрын алуды келісу өкілеттігін беру көзделді. Осындай өзгерістер мен
толықтыруларға сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
тәртіптік кеңестері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
2001–2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізілген
жағымды нәтижелермен бірге мынадай құқықтық сәйкес келмейтін
тұстар да болды.
Біріншіден, заңнамалық актілердегі құқықтық олқылықтар мен
сілтеме нормаларының көп болуы мемлекеттік органдардың жекелеген
лауазымды адамдарға көптеген өкілеттік беретін ведомстволық актілерді
қабылдауына мүмкіндік берді. Бұл әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді халықаралық
шарттармен және келісімдермен одан әрі біріздендіруді талап етті.
Екіншіден, алдағы уақытта әкімшілік рәсімдерді, ең алдымен салық
және кеден қағидаларын жеңілдету қажет болды. Сыбайлас жемқорлықты
азайту үшін олар қарапайым, түсінікті және жалпыға мәлім болуы тиіс.
Ақпараттар мен құжаттамаға қойылатын талаптарды барынша жеңілдету
қажеттігі туындады.
Үшіншіден,
адами
ресурстарды
басқарудағы
тиімділіктің
жеткіліксіз болуы орын алды. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтардың сот практикасын талдау барысында кінәлі адамдардың
көпшілігі төмен буындағы мемлекеттік қызметшілер қатарына жататынын
көрсетті. Олардың еңбекақы көлемі және әлеуметтік қорғалмауы
сыбайлас жемқорлық үшін экономикалық бастауы болып табылды.
Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың
туындау себептеріне мониторингтің жүргізілмеуі. Сыбайлас жемқорлық
факторлары мен тетіктерін қадағалап отырудың қажеттілігі, оның деңгейі
мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың
тиімділігін талдау мониторингтің енгізілуін қажет етті.
Бесіншіден, осы кезең тәжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясаты мәселелері бойынша азаматтық қоғамның хабардар болуы
мен белсенділігінің тиісті деңгейінің болмағанын көрсетіп отыр. Соның
аясында азаматтық қоғам институттарының аталған бағдарламаны
жүзеге асыруға қатысу тетіктерін қалыптастыру, жұртшылықтың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы жөнінде хабардар болуы
үшін жалпыға қолжетімді және тиімді рәсімдерін енгізу талап етілді.
Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы
халықаралық ынтымақтастық деңгейінің жеткіліксіз болуы. Осыған