1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
25
жемқорлық көріністерін тергеу және жолын кесу, шенеуніктер
ортасында сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты тексеру, сыбайлас
жемқорлық тәуекел аймағын анықтаудың тиімді әдістерін әзірлеу және
басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты бейімдігін
бағалау кіреді. Парламенттік сайлаулар, сайлау алды науқандары,
полиция мен инспекциялардың қызметі (тұрғын үй құрылысы, сауда,
денсаулық сақтау, жер құрылысы мен жерді пайдалану, лицензия беру),
мемлекеттік қызметшілердің және олардың туысқандарының банктік
есепшоттары Бюроның ерекше бақылауында болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформа аясында сот жүйесінің
кәсібилігін арттыру мен тәуелсіздігін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді
[5]. Сыбайлас жемқорлық дендеген судьялар корпусы елдің ең үздік
заңгерлеріне алмастырылды, олардың арасында жеке адвокаттар көп.
Судьялардың қызметтік өкілеттіктері мен нақты іс-қимылдары қатаң
регламенттелді. Қағазбастылық рәсімдер жеңілдетіліп, қажетсіз рұқсаттар
мен лицензиялар алып тасталды. Қызметтік қатынастардың этикалық
стандарттарының сақталуын нақты қадағалау қамтамасыз етілді.
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жазалау
шаралары қатаңдатылды.
Осы шаралардың барлығы мемлекеттің экономикаға араласуын
азайтумен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыру және
білікті әкімшілік кадрларды даярлаумен ұштасты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік және муниципалдық
аппарат қызметшілерінің еңбекақысын арттырған соң нәтижелі болды.
Сингапурдың үкіметі былай шешті: полиция қызметшісі, қатардағы
кеңсе қызметкері де пара алу мен басқа да сыбайлас жемқорлық асыра
пайдалануға жол бермейтіндей еңбекақы алуы тиіс.
Сингапурдың мемлекеттік қызметі Азиядағы ең тиімділердің
бірі саналады. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны шамамен
65 000 адамды құрайды. Президент және премьер-министр, 14 министрлік
пен 26 тұрақты комитеттердің қызметтері жақсы оқыған және тәрбиелі
кадрлармен жасақталған. Бұл – адамның қабілеті, қызметін қазіргі
заманғы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шенеуніктердің
қатаң тәртібі мен еңбекқорлығы, олардың қайсарлығы мен тұрақты
кемелденуге ұмтылуы негізінде қызметі бойынша ілгерілеу арқылы
қол жеткізіледі. Жоғары нәтижеге жету үшін жұмыстың құрамдас
бөлігі қызметшілерді тұрақты даярлау және олардың біліктілігін арттыру
болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші жылына ең аз дегенде
100 сағат, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
бойынша оқуы тиіс.
Сингапурдағы талант-менеджмент. Жоғарыға барар жол ең ақылды,
жаңаша ойлайтын және қабілетті адамдарға ашылады. Бұл үшін
Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу жөніндегі бюро жауап
береді. Жұмысқа тарту мектептен басталады, одан әрі болашақ элитаны
жетелейді: университетке түсуге көмектеседі, шетелге оқуға және
тағылымдамаға жібереді, табыстарын көтермелейді. Сөйтіп, мемлекеттік
аппарат дұрыс оқыған және тәрбиелі кадрлармен біртіндеп жаңарады,
олардың көпшілігі Бюро қатарын толықтырады.