ХХ ғ-ң соңғы ширегінде азамзат өзінің дамуының жаңа стадиясы
ақпараттық қоғам құрылымының стадиясына енді.
Индустриалды
қоғамда 20 жылдары туындаған ол өзінің жемісін 40 жылдары берді.
Ал 50 жылдары ақпараттық экономиканың басталуы жəне ақпараттың
маңызды тауарға айналатыны туралы айтыла бастады. 60 жылдары
индустриалды қоғамның ақпаратты қоғамға айналуы туралы
мəліметтер пайда болды. 80 жылдардың басында жақсы дамыған
мемлекеттер оның бірінші деңгейіне көтерілді.
Соңғы кезде əдебиеттерде нарыққа жəне кəсіпкерлік түрдің
ұйымдарына бағытталған ақпараттық ортада тиімді жұмыс істеп
жатқан эдкократиялық, Көпшама, партисипативті ұйым түрлері
қарастырылып жүр.
Болашағы бар ұйымдар ғылыми əдебиетте эдхократиялық деген
атқа ие болды. Бұндай атқа ие болу себебі олар стандартталмаған жəне
күрделі жұмыстарға, басқаруға қиын жəне тез өзгеретін құрылымға,
иерархияның позициясы емес, білім мен компетенттілікке негізделген
билікке қолданылады.
Эдхократия – негізгі элементі жоғары бағаланатын компетенттілік
болып табылатын басқарушылық стиль, ұйымдық дизайн. Басқарудағы
бақылау имеленіскен мақсатпен белгілеуді қолдайды. Жетістікке жету
құралдары орындаушылардың өзімен таңдалады. Əр адам өзінің іс-
əрекетіне жауап береді жəне табысқа жеткен адам марапатталады.
Көпшама ұйым термині 1974 ж. «Доу Корнинг» корпорациясының
құрылымын баяндағанда У. Гоггинмен қолданылған болатын.
Көпшама ұйымның негізгі – бір мезгілде үш тапсырманы орындайтын
автономды жұмыс тобы болып табылады:
– қажетті ресурстармен өндіріс қызметін қамтамасыз ету;
– нарық жəне территориядағы нақты тұтынушы үшін өнім мен
қызмет көрсетуді өндіру;
– нақты тұтынушыға қызмет көрсету, нақты нарыққа ену, белгілі
бір территория шеңберінде операцияларды өткізу;
– орындалатын тапсырмалар жиыны бойынша мұндай автономды
топтар пайда орталығы статусын алады, ал бөлек жағдайда өзіндік
компаниялар бола алады. Бірақ екі жағдайда да олар корпорациялар
бола алады. Бірақ екі жағдайда да олар корпоративті салық төлейді.
Кейбір
мамандар,
многомерные
ұйымдардың
негізгі
артықшылықтары мынандай деп есептейді:
– жұмыстарды жобалау кезінде қолданылатын критерийлердің
приоритеттілігін өзгерту мақсатында қандай да бір реорганизация
өткізудегі қажеттіліктің жоқтығы;
58