Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б. О



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет20/39
Дата14.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#19562
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39

өндіріс  еңбегі.  Сондықтан  менеджмент  менеджер  жетекшілігінде 
істейтін  жалпы  кəсіпорында  өндіріс  бөлімін  немесе  фирманы 
басқаратын маркетологтар, экономист, қаржы қызметкерлері, логистік, 
жобалаушы, инженерлер сияқты əр түрлі мамандық қызметкерлерінің 
басын қосады. 
Менеджер  түсінігі – бұл  тұрақты  қызметте  отыратын  жəне  фирма 
қызметінің  нақты  бір  түрлері  бойынша  шешім  қабылдау  саласында 
өкілеттіліктерді  жүктейтін  жетекші  немесе  басқарушы.  Менеджердің 
қабылдайтын шешімдері негізделген деп есептеледі. 
Менеджер  термині  кеңінен  таралған  жəне  ол  мыналарға 
қолданылады: 
–  иелік  бөлімшелер  немесе  мақсатты-бағдарлама  топтарының 
нақты жұмысын ұйымдастырушысына; 
– жалпы кəсіпорын немесе оның бөлімшелерінің (басқарма, бөлім, 
бөлімше) жетекшісіне; 
– қол астындағыларға көңіл бөлу жөнінде, жетекшіге; 
–  қазіргі  əдіс-тəсілдерге  сəйкес  жұмыс  ұйымдастыратын 
басқарудың кез келген деңгейінің əкімшілігіне. 
Тəуекел  нарығына  сипаттас,  жəне  жағдайдың  белгісіздігі 
менеджерлерден  қабылданатын  шешімдерге  жауапкершілік  пен 
сезімдік  жұмыс  істеуін  талап  етеді.  Жаңалық  енгізуге  қатысты  
оптималды  ұйымдық  жəне  ғылыми-техникалық  шешімдерді  іздеуге 
мүмкіндік жасайды. 
АҚШ-да 10 миллионға  жуық  профессионалды  менеджерлер  бар. 
Олардың  көпшілігі  фиксирленген  еңбек  ақы  алады.  жалпы  жұмысшы 
санындағы менеджерлер үлесі орташа есептегенде 10%. Менеджерлері 
көп  болып  сақтандыру  жəне  қаржы  компаниялары  саналады.  Бұл 
жердегі  менеджерлер  соны  орташадан  екі  есе  көп.  Ауыл 
шаруашылығында 
менеджерлердің 
саны 
ең 
аз. 
Өндіріс 
спецификасында  негізделгендіктен 50 қызметкерге 1 менеджерден 
келеді. 
Кез келген деңгейдегі менеджерге мынандай талаптар қойылады: 
– кəсіпорынды басқару саласында жалпы бөлімнің болуы; 
– фирма қызметінің түрі мен сипаты қай салаға қатысты болса, сол 
саладағы өндіріс технологиясындағы компетенттілік; 
– кəсіпкерлікпен қатар, əкімшілік саласындағы тəжірибенің болуы, 
нарықтағы  жағдайды  білу,  бастама  ұсыну  шеберлігі,  қолданудың 
табысты саласына фирманың ресурстарын қайта бөлу; 
–  төменде  тұрған  жетекші  мен  қызметкерлердің  келісімі  негізінде 
компетентті  жəне  негізделген  шешімдерді  қабылдау  жəне  оны 
орындауда əр қызметкерді жұмысы бойынша бөлу; 
 
62


–  жұмыс  істеп  жатқан  не  істейін  деп  жатқан  негізі  нарық  немесе 
оның  сегменттеріндегі  экономикалық  жағдайдың  талдау  саласында 
практикалық тəжірибе мен білімінің болуы; 
– бəсекелес фирмалардың қызметін жəне іс-əрекетін талдай білу. 
Кез келген менеджерге қойылатын негізгі талап адамдарды басқара 
білу шеберлігі. Оларға жататындар: 
–  өзінің  қоластындағыларының  жақсы  қабілеттерін  жəне  оларға 
берілетін нақты жұмысты орындау  мүмкіндігін білу. 
–  кəсіпорын  мен  қызметкерлерді  байланыстыратын  шарттарды 
білу, олардың құқығын əділ түрде қорғау. 
–  бірлікті  сақтау  жəне  фирманың  дұрыс  қалыптасуы  мақсатымен 
қабілетсіз қызметкерлерді жұмыстан шығару. 
Нарықтық  экономика  іске  творчестволық  жағынан  келетін  жақсы 
ақпараттандырылған,  жақсы  түрде  ресурсты  қолдану  мен  фирманың 
қалыптасу тиімділігін қамтамасыз ететін басқарушыларды қажет етеді. 
Ең  маңыздысы  американдық  менеджерлердің  қызмет  көрсетуі, 
келісім  негізінде  профессионалды  жəне  квалификациясы  əкімшілікке 
қызыққан фирмалар мен ұйымдарға ұсынылады. 
Дамыған 
мемлекеттерде 
қолданылатын 
саяси, 
əлеуметтік 
экономикалық,  психологиялық  күштерді  жəне  басқару  орындарында 
отырған адамдарға осы күштің əсерін зерттей отырып, басқарушының 
жұмысының  мазмұны  өзгеруі  туралы  маңызды  қорытындыға  келуге 
болады.  Бұл  қорытынды  қазіргі  уақыт  пен  болашақта  шебер 
менеджерден талап ететін қабілеттіліктерді болжайды. М. Вудкок пен 
Д.  Френсистің  зерттеуі  соңғы  он  жылдықта  басқарушылық  қызметке 
əсер ететін 11 факторды бөліп көрсетуге көмектесті. 
1.Стресс, қысым көрсету жəне белгісіздік көп жағдайда ұйым өмірі 
формасында кездеседі. 
2.  Дəстүрлі  құндылықтар  жеке  пайымдау  мен  құндылықтардың 
өзгеруіне əкеп соқты. 
3.  Таңдау  мүмкіндігі  кеңінен  таралуда.  Сондықтан  менедерлердік 
орындалатын  жұмыс  мақсаты  мен  өз  мақсатын  нақты  белгілеу  талап 
етіледі. 
4.  Ұйым  жүйесі  қазіргі  талапқа  сай  басқарушыға  оқуға  қажетті 
барлық  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  етуге  шамасы  қалмайды. 
Сондықтан  əр  менеджер  тұрақты  өз  өсуін  жəне  дамуын  өзі  қолдап 
отыруы қажет. 
5.  Мəселелерді  шешу  құралдары  шектелгендіктен  мəселе  көбеюде 
жəне  күрделенуде,  сондықтан  мəселені  тез  жəне  тиімді  шешу 
қабілеттілігі басқару тəжірибесінің ең маңызды бөлігі. 
 
63


6.  Əр  уақыттағы  тауар  сатып  алу  нарығына  энергетикалық 
ресурстар  үшін  күрес  жəне  пайда  табу,  жаңа  идеялардың  қажеттілігі. 
Сондықтан  басқарушылар  өнертапқыш  жəне  жағдайдың  өзгеруіне 
икемді жауап қайтара білу керек. 
7. Дəстүрлі иерархиялық қатынастар күрделене түсуде. Сондықтан 
тиімді басқару тура бұйрыққа бармай, айналасындағыларға əсер етуді 
қолдануға шақырады. 
8.  Көп  дəстүрлі  мектептер  мен  басқару  əдістері  өз  мүмкіндіктерін 
жойады  жəне  қазіргі  уақыт  пен  болашаққа  жауап  бере  алмайды. 
Сондықтан  жаңа,  қазіргі  талапқа  сай  басқарушылық  əдістері  талап 
етіледі жəне көп менеджерлер өзінің қоластындағылармен қатынасына 
жаңа ыңғайды игеруі керек. 
9.  Қызметкерлерді  қолдану  мен  байланысты  көп  шығындармен, 
қиындықтар  болады.  Сондықтан  əр  басқарушыдан  адам  ресурстарын 
жақсы қолдануды талап етеді. 
10.  Өзгерулердің  масштабының  өсуі  жаңа  дағдыны  игеру  жаңа 
ыңғайларды  дамыту  жəне  ескі  болудың  мүмкіндіктерімен  күресті 
талап етеді. Сондықтан менеджерлерден жаңа тəсілдерді тез оқып-білу 
жəне практикалық дағдыны меңгеруді басқаларға көмектесу шеберлігі. 
11.  Күрделі  мəселелер  шешімді  бірігіп  іске  асыратын  бірнеше 
адамдардың  күш  салуын  талап  етеді.  Сондықтан  менеджер  тез 
өнертапқыш  болатын  жəне  жұмысында  нəтижелі  болатын  топтарды 
білуі қажет. 
Өздерінің  күшіне  сай  келмейтін  мəселелерге  келгенде  көп 
менеджерлер қандай да бір жетекшілікті іздейді. Өкінішке орай, өткен 
уақытта жасалған көп басқарушылық əдістер қазіргі күнге жарамайды.  
М.  Вудкок  пен  Д.  Френсис  болашақта  менеджерлерден  мынандай 
қабілеттіліктер болу керек деп есптейді: 
– өзін басқара білу; 
– парасатты жеке құдылықтар; 
– нақты жеке мақсаттар; 
– тұрақты жеке өсуде табандылық таныту; 
– мəселелерді шешу дағдысы; 
– өнертапқыштық жəне инновацияларға қабілеттіліктің болуы; 
– айналадағыларға əсер ету қабілеттілігінің жоғары болуы; 
– қазіргі уақыттағы басқарушылық ыңғайларды білу; 
– жетекшілік ету қабілеттілігі; 
– қоластындағыларды дамыту мен үйрету қабілеттілігі; 
– тиімді жұмыс топтарын құру жəне дамыту қабілеттілігі. 
Менеджмент  пен  бизнес – бұл  творчество,  ал  творчествоның 
бастапқы  нүктесі – күтпеген  ассоциацияның  оңай  жасалынуы.  Дəл 
 
64


жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау