«Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы ғылымның рөлі»



жүктеу 93,79 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.11.2018
өлшемі93,79 Kb.
#20293


«Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму 

стратегиясын жүзеге асырудағы ғылымның рөлі»

атты VIII  Халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- практикалық 

конференция



ПОЧТА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ОРНЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

Аекешова А.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Қазіргі  заман  бәрімізге  белгілі  ол  –  технология  заманы.  Технология  заманы 

болғандықтан  ол  күнделікті  жаңаруды  талап  етеді.  Сондай-ақ  көптеген  кәсіпорындарды 

автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз ету өте тиімді. 

Бағдарламалық  қамтамасыздандыру  –  белгілі  бір  мамандық  саласында  нақты  есептер 

шығара  алатын  программалар  жиыны.  Олар  белгілі  бір  мақсатта  пайдаланылатын  және 

әмбебап  болып  екіге  бөлінеді.  Белгілі  бір  мақсатқа  пайдаланылатын  программалық 

жасақтама  әр  адамның  нақты  есептерін  шығаруға  арналған.  Сондықтан  оны  пайдалану 

аймағы  да  шектеулі.  Мұндай  программаларды  жұмыс  иесі  өзі  жасайды  немесе  оның 

талабы бойынша маман программалаушылар өзі жасап береді. 

Автоматтандырылған  жұмыс  орнын  жасаудың  жалпы  принциптері:  жүйелілік, 

икемділік,  орнықтылық,  тиімділік  әрқашан  орындалуы  қажет.  Автоматтандырылған 

жұмыс  орнының  басқарылуы  жүйелілік  принципі- құрылымы  белгіленген  міндетіне 

сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы керек. 

Икемділк  принципі  қандай  да  бір  модуль  арқылы  құралатын  жүйе  ішіндегі  барлық 

жүйелерді  қайта  құру  және  олардың  элементтерін  бір  үлгіге  салу  мүмкіншілігін  береді. 

Бұл жүйенің икемдеушілігі деп аталады.

Орнықтылық принципі- автоматтандырылған жұмыс орнының жүйесі мүмкін болатын 

ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланыссыз негізгі қызметтерді орындау керек.

Тиімділік  принципі  жүйенің  жасаған және  оны  пайдалануға  кеткен  шығынға  қатысты 

автоматтандырылған жұмыс орнының жоғарыда келтірілген принциптеріне іске асыруды 

интегралды түрде қарастыру болып табылады. 

Қазірігі  уақытта  әр  түрлі  мамандық  саласында  ойлауды  және  еңбекті  басқаруды 

интенсивтендіру жасалып ДК негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс орны 

кең  ауқымды  таралуда.  Программалық  қамтамасыздандыру  кең  ауқымда  таралуда. 

Программалық  қамтамасыздандыруды  іске  асырғанда  программа  мен  техника  арасында 

қарама  қайшылықтарды  болдырмауды  қарастыру  керек.  Тәжірибелерді,  ғылыми 

ізденістерді талдау нәтижесінде автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын бірқатар 

талаптар анықталды: 

-

маманның 



ақпараттық 

және 


оның 

есептеушілік 

сұранысын 

жаңаша 


қанағаттандыру; 

-

қолданушының сұранысына аз уақытта жауап беру;



-

автоматтандырылған  жұмыс  орнының  жұмыс  істеу  тәсілдерін  үйренудің 

қарапайымдылығы  және  қарым-қатынасы,  сенімділігі,  қарапайым  жұмыс  істеуі; 

қолданушының тез үйрену мүмкіншілігі; 

-

қолданушыға қарағанда төзімділігі



-

компьютер желісінің құрамында жұмыс істеу мүмкіншілігі; 

Жалпы  программалық  қамтамасыздандыру  компьютер  жұмысын  басқаруды,  жаңа 

программаларды қосу және өңдеуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 

байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.




Қазіргі  кезде  қазақстандық  поштаны  көп  функционалды  қаржылық  супермаркетке 

айналдыру  үрдісі  жедел  іске  асырылуда.  Мұнда  пошталық,  қаржылық  және  басқа  да 

қызметтер  көрсетіледі.  Қазақстан  сияқты  үлкен  мемлекетте ақпараттық  қоғамның  дамуы 

жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.

Жиырма жылдың ішінде Қазақстан поштасы нарықтық заманға икемделіп алды. Қазір 

ол дамып келе жатқан маңызды салалардың біріне айналды. Елімізде «Қазпошта» АҚ-ның 

үш  жарым  мыңнан  астам  байланыс  бөлімшелері  жұмыс  істейді.  Соңғы  жылдары  пошта 

қызметтерінің  түрі  көбейді:  пошталық  жөнелтілімдерді,  EMS-жөнелтілімдерін  қабылдау 

және  пошталық  төлемдер  белгілерін,  конверттерді,  пошталық  карточкаларды,  байланыс 

карточкаларын,  лотерея  билеттерін,  несиелерді  рәсімдеу  мен  беру,  трансфер-агенттік 

қызметтерді  іске  асыру  және  т.б.  Қазіргі  пошта  көптеген  өндірістік  дамыған  елдерде 

логистика,  пошталық-банктік  қызметтер,  каталогтік  сауда,  тікелей  пошталық  жөнелтім 

саласында белсенді түрде жұмыс істеп, ақпараттық технологияларды, гибридтік поштаны, 

электрондық коммерцияны дамытуда. 2007 жылдан бастап «Қазпошта» электронды сауда 

алаңын құрды.

Бөлімшелерді  автоматтандыру  тұтынушылар  үшін  пайдалы  болып  табылады,  себебі 

қызмет  көрсету  уақыты  бірнеше  шамаға қысқарады.  Мысалы  зейнетақы,  еңбекақы 

төлеулері  тікелей  алушының  шотына  түсіп  бірнеше  күн  күттіруін  талап  етпейді  немесе 

төлемдерді қабылдап, орнында өткізуді тағы да уақыттың үнемделуін қамтамасыз етеді.

Әрбір  пошталық  программа  орнатылған  соң,  автоматты  түрде  ең  аз  дегенде  үш  бума 

құрылады:  келетін  хаттарға  арналған,  жөнелтілген  мәліметтер  үшін  (мұнда  жөнелтілген 

хаттардын  көшірмелері  сақталады)  және  қоқыс  себеті  (мұнда  абайсызда  өшіріп  алған 

жағдайдағы  хаттар  келіп  тұседі).  Әдетте  пошталык  программалар  бір  немесе  бірнеше 

адрестік  кітапты  құру,  кіріс  поштаны  автоматты  түрде  сорттау  (мысалы  нақты  бір 

адрестен  келіп  түскен  хаттарды  қоқыс  себетіне  автоматты  түрде жіберу)  үшін,  т.б. 

косымша  бумалар  құру  мүмкіндігін  береді.  Бұл  косымша  мүмкіндіктер  қажетке  сай  хат 

алысу көлемінің артуына қарай құрылады.

Әдебиеттер:

1.  В.В.Шураков.  «Автоматизированное  рабочее  место  для  статической  обработки 

данных», 1990 г.

2. Петров В.Н. «Информационные системы». – СПб.: Питер, 2002.



Ғылыми жетекші: техника ғылымдарының магистрі Капарова Л.Е.

жүктеу 93,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау