4. Əр жұмыскер жұмыста тар мамандандырылады.
5. Ұйым қатаң иерархиялық принциппен құрылған жəне əр төменде
тұрған деңгей жоғарыда тұрған деңгейдің бақылауы мен басқаруында
болады.
6. Кадрларды тəуелсіз жұмысқа алу шеңберінде профессионалды
қызметі бойынша таңдайды. Қызметке таңдайды жəне тағайындайды.
7. Кадрлардың қызмет баспалдағы бойынша алға жылжуы жоғары
тұру немесе жеткен жетістіктермен іске асырылады. Алға жылжу
бойынша шешім жоғарыда тұрған басшылықпен қабылданады.
8. Ұйымда бір тұлғаның екі қызметті бірге алып жүруіне болмайды.
Басшы басқалары сияқты тəртіптің ережелеріне жəне бақылауға
бағынады.
Көп жағдайда «бюрократия» сөзі қатаңдықпен, қағаздың
көптігімен, тиімсіздігімен, компетентсіздігімен ассациациаланады.
Негізінде бюрократиялық модельде бұл теріс құбылыстар белгілі бір
шарттарда болады. Бюрократиялық жүйе өзінің артықшылықтарын –
əмбебаптығын өнімділігін мынандай шарттарда іске асыра алады: 1)
ұйымдағы жалпы мақсаттар мен тапсырмалар белгілі болады; 2)
ұйымдағы жұмыс бөлек операцияларға бөлінеді; 3) ұйымның жалпы
мақсаты орталықтандырылған жоспарлау негізінде өзгертуге болатын
қарапайым болуы керек; 4) жеке тұлғамен жұмыстың орындалуы
өлшенуі мүмкін; 5) марапаттау жұмыскерді мотивациялайды; 6)
басшының билігі заң сияқты мойындалады.
Органикалық ұйымдар формальды ережелер мен процедуралардың
əлсіз немесе аз қолдануымен, орталықтандырылған немесе шешім
қабылдауда
қатысумен,
жұмыстағы
жауапкершілікті
кеңінен
анықтауымен, билік құрылымының икемділігімен жəне иерархияның
деңгейінің аздығымен сипатталады. Бұл ыңғай өзінің тиімділігін
технология қолданған кезде жəне күрделі динамикалық ішкі өзгеріс
болған жағдайда көрсетеді. Бүгінгі күнде органикалық ыңғайды тиімді
қолдануының классификациялық мысалы электронды техника өндіру
мен жоғары техникалы өндіріс болып саналады. Мамандар электронды
өндірістің технологиясы, тіпті əр апта сайын өзгеретінін мойындайды.
Жақсы қадаммен жоғары технологиялы өндіріспен байланысы ішкі
орта өзгеріп жатыр.
Органикалық ұйымдар жаңа жағдаймен жақсы байланыста бола
алады, икемдірек жəне өзгеріске тез жауап бере алады.
Органикалық
ұйымды жақсырақ түсіну үшін оны идеалды бюрократияға қарама-
қарсы деп түсіну қажет. Егер механикалық ыңғай ұйымды жоғары
құрылымды рөлге бағдарлайды. Ал органикалық ыңғайда жұмысты
баяндау мынандай фразадан тұрады: «Жұмысты орындау үшін қажетті
51