Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


*** Уайым — ер қорғаны, есі барлық, Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық. ***



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет13/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

94

95

***

Уайым — ер қорғаны, есі барлық,

Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық.



***

Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,

Иілтіп, екі басын ұстаған хақ.

Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,

Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.

***

Атасының  баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы —  

бауырың.

***

...Əкесі ұрысса балаға, ол да — достық,

Баласы ұрысса əкеге, жараса ма?

***

Біріңді, қазақ, бірің дос, 

Көрмесең, істің бəрі бос.

***

Көп айтса, көнді,

Жұрт айтса, болды — 

Əдеті надан адамның.



***

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын?

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын?!

***

Адасып, алаңдама, жол таба алмай,

Берірек түзу жолға шық, қамалмай.

Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай.

***

Атасының баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — 

бауырың.

***

Біріңді, қазақ, бірің дос, 

Көрмесең, істің бəрі бос.

***

Көп айтса, көнді,

Жұрт айтса, болды — 

Əдеті надан адамның.



***

Ел — артық сұраса да азға разы болады. Ел — аз сұрар, артыл-

тып берсең де разы болмас.

***

Биік мансап — биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, 

екпіндеп ұшып қыран да шығады.



96

97

***

Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, 

жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бəрі содан шығады.



***

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі 

нəрсе керек: біріншісі — зор билік, екіншісі — есепсіз байлық.

***

Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін

Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін.

Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,

Шығарған сөз емес қой əңгіме үшін.

***

Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, 

ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулы-

лықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбі-

не нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан, ескер-

мей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын 

жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады.

***

Қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, 

малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн 

болар ма екен?!



***

Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісін 

жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?!

***

Надан ел қуанбас нəрсеге қуанады, ұялмас нəрседен ұялады.



***

Бірлік малға сатылса — антұрғандықтың басы осы.



***

Ниетің түзу болса сенің аппақ,

Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ.

Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп,

Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.

***

Жүректің көзі ашылса,

Хақтың түсер сəулесі. 

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі.

***

Əркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек.

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек.

***

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би  болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бəрі жалған.



98

99

***

Ақылсыз би болмас,

Сəулесіз үй болмас.

Жүректе оты жоқ

Адамда ми болмас.



***

Өсекші — ел тыныш болса азады.



***

Күн жоқта жұлдыз бен ай кісімсиді.



***

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын...



***

Төңкеріліп құбылған жұрт — бір сағым,

Шынға шыдап қоса алмас ынтымағын.

***

Кекшіл болма — көпшіл бол.



***

Татулықтан артық жолдас жоқ.



***

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме.

***

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,

Сəулесі бар жігіттер бір ойланар.

***

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нəрсе — адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.



100

101


ШƏКƏРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

(1858–1931 жж.)

IX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. алғашқы ширегінде өмір 

сүрген ұлтымыздың көрнекті ақыны. Абайдың Құдай-

берді деген ағасынан туған немере інісі. Қазіргі Шығыс Қазақ-

стан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шəкəрім — 

ақын ғана емес, ол — жазушы, тарихшы, композитор əрі фило-

соф. Арнайы оқу орындарында білім алмаса да, өз бетінше ізде-

ніп, Абайдың жетекшілігімен ғылымға ден қойған өз заманын-

дағы білімдар адамдардың бірі болған. Араб, парсы, түрік, орыс 

тілдерін жетік меңгеріп, бұл тілдерден аударма да жасаған.

Қазаққа сыншылық керек.



***

Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық.



***

Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы,

Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.

***

Бағасы бір халқыма

Жабағы мен мамықтың.

Нанбайды рас антыма,

Қадірі мол тантықтың.

Айырмайды арасын

Бұлдыр менен анықтың.

Енді қайда барасың,

Түрі мынау халықтың.

***

Халқыңа еңбек қыл, ақ жолдан айнымай арыңды сақта.



***

Атадан қалған ақ сауыт

Арамға əбден былғанды.

Өнер қылды «жақсылар»

Қасқырша елді жұлғанды,

Жала жауып жалмайды

Жазасыз қарап тұрғанды,

Еліріп, еріп көп ел жүр,

Білмейді құдай ұрғанды.

Түпсіз жауға санайды

Түзу жолға бұрғанды.



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау