2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.
1-міндет. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз
етуге жәрдемдесу
6-кесте. Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша
нәтижелер көрсеткіштері
№
Р/
с
№
Көрсеткіш атауы
Өлшем
бірлігі
Іске асыру жылдары
Орындауға
жауаптылар
2017 2018 2019 2020 2021
1
Жұмыспен қамту орталықтарына
жүгінгендердің қатарынан тұрақты
жұмыс орындарына жұмысқа
орналасқандардың үлесі
%
75
78
83
87
90
ДСӘДМ,
ЖАО
2
Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша
жүгінгендердің қатарынан оған
қатысушылар құрамына енгізілген
әйелдердің үлесі
%
45
45
45
46
48
ДСӘДМ,
ЖАО
3
Жұмыспен қамту орталықтарына
жүгінгендердің қатарынан тұрақты
жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан
29 жасқа дейінгі жастардың үлесі
%
60
65
68
70
75
ДСӘДМ,
ЖАО
4
Жастар практикасына қатысушылардың
саны
мың
адам
12,7 13,2 13,6 13,8 14,0
ДСӘДМ,
ЖАО
5
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша
адамдардың саны
мың
адам
11,3 11,4 11,5 11,6 11,7
ДСӘДМ,
ЖАО
6 Жұмысқа орналасқандардың саны
мың
адам
60
75
90
130 150
ДСӘДМ,
ЖАО
2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
7-кесте. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері
№
Р/
с
№
Көрсеткіш атауы
Өлшем
бірлігі
Іске асыру жылдары
Орындауға
жауаптылар
2017 2018 2019 2020 2021
1
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын
арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау
шараларымен қамтылған оралмандар мен
қоныс аударушылар отбасыларының саны
мың
отбасы
2,7 2,7 2,7
3
3
ДСӘДМ,
ЖАО
2 Еңбекке қабілетті қоныс аударушылар
қатарынан жұмысқа орналасқандардың
үлесі
%
90
92
94
95
90
ДСӘДМ,
ЖАО
3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
8-кесте. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру жөніндегі нысаналы
көрсеткіштер
№ Р/
с №
Көрсеткіш атауы
Өлшем
бірлігі
Іске асыру жылдары
Орындауға
жауаптылар
2017 2018 2019 2020 2021
1
Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа
орналастырылған тіркелген
ізденушілердің үлесі
%
43
45
50
55
59
ДСӘДМ, "
ЕРДО" АҚ
2
Тіркелген ізденушілердің саны
мың
адам
50
54
61
68
75
ДСӘДМ, "
ЕРДО" АҚ
3
Тіркелген жұмыс берушілердің саны
мың
адам
11
14
20
26
32
ДСӘДМ, "
ЕРДО" АҚ
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті
шаралар
5.1 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және
қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету
Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар
кадрларды даярлау;
2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа
мерзімді кәсіптік оқыту.
Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі болып табылады.
5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар
кадрларды даярлау
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау
бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына
сәйкес тегін беріледі.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-
11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ
азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып
табылады.
Өзге санаттағы адамдарға:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі
күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда
тұратын балалар;
4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында
тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарламалары
бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына
келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;
7) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
8) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек
балалар;
9) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар жатады.
ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша
мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз
етіледі.
Бағдарламаға қатысу және қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шарттары білім
беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды
даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Кадрларды
даярлау және оқыту қағидалары) айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың
тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.