Аэжбу бітірушілер қауымдастығының Бітірушілер қамқоршылар кеңесі мәжілісінің №6-3 хаттамасы



жүктеу 66,78 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.12.2017
өлшемі66,78 Kb.
#4380


АЭжБУ Бітірушілер қауымдастығының Бітірушілер - қамқоршылар 

кеңесі мәжілісінің 

 

№ 6-3 ХАТТАМАСЫ 

 

Алматы қ.                                                                           «29» сәуір 2015ж. 



 

Бітірушілер-қамқоршылар  кеңесі  мәжілісінің  өтетін  орны:  Алматы 

қаласы,  Байтұрсынов  көшесі  126,  «Алматы  энергетика  және  байланыс 

университеті» коммерциялық емес АҚ, «А» ғимараты,  № 213 бөлме. 

Бітірушілер-қамқоршылар 

кеңесі 

мәжілісінің 

өтетін 

уақыты: 

29.04.2015ж., сағат 18.00. 



Бітірушілер-қамқоршылар  кеңесінің  мүшелері:  19  адам,  сонымен  қатар 

дауыс беру құқы бар 13 адам. 



Бітірушілер-қамқоршылар  кеңесінің  13  мүшесі  қатысты,  оның  ішінде  7 

дауыс  беру  құқығына  ие,  4  адам  (Календарев  А.Н.,  Балабатыров  А.С., 

Каршегенов У.Т., Уражанов К.М.) күн тәртібіндегі мәселерді сырттай дауыс 

беру арқылы шешуге қатысты (бюллетеньдер, келу парағы қоса берілді). 



 

КҮН ТӘРТІБІ: 

 

1.  2014-2015 

оқу  жылында  Қауымдастық  мүшелерінің  ғылыми 

мақалалары  мен  жарнамалық  материалдарын  «АЭжБУ  Хабаршысы» 

журналына және «Энтел» газетіне жариялауды ұйымдастыру. 

2.  Кәсіпорындар мен ұйымдардың жас мамандарға қажеттілігі туралы.   

3.  2014-2015  оқу  жылында  АЭжБУ  бітірушілері  жұмыс  істейтін 

кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпараттық және желілік технологиялар 

бойынша келіп түскен проблемалық мәселелер туралы.  

4.  АЭжБУ Бітіруші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу бойынша 

түскен ұсыныстар және жоспарлар туралы. 

5.  Әр түрлі мәселелер. 

 

Процедуралық  мәселелерді  шешу:  күн  тәртібін  және  шешімдер 



қабылдау тәртібін бекіту.  

 

Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі 



ШЕШТІ

 

І. Келесі күн тәртібі бекітілсін: 

1.  2014-2015 

оқу  жылында  Қауымдастық  мүшелерінің  ғылыми 

мақалалары  мен  жарнамалық  материалдарын  «АЭжБУ  Хабаршысы» 

журналына және «Энтел» газетіне жариялауды ұйымдастыру. 

2.  Кәсіпорындар мен ұйымдардың жас мамандарға қажеттілігі туралы.   



3.  2014-2015  оқу  жылында  АЭжБУ  бітірушілері  жұмыс  істейтін 

кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпараттық және желілік технологиялар 

бойынша келіп түскен проблемалық мәселелер туралы.  

4.  АЭжБУ Бітіруші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу бойынша 

түскен ұсыныстар және жоспарлар туралы. 

5.  Әр түрлі мәселелер. 

 

 ІІ.  Күн  тәртібі  мәселесі  бойынша  шешімдер  ашық  дауыспен 

қабылданады.  

Дауыс  беру  нәтижесі:  жақтаған  –  11  адам,  қарсы  –  жоқ,  қалыс  қалған  – 

жоқ. 

 

6-3.1. 2014-2015 оқу жылында Қауымдастық мүшелерінің ғылыми 



мақалалары мен жарнамалық материалдарын «АЭжБУ Хабаршысы» 

журналына және «Энтел» газетіне жариялауды ұйымдастыру 

 

Күн  тәртібінің  мәселесі  бойынша  СОжМҚДФ  деканы,  мәдени-



ұйымдастыру секторының мүшесі Аршидинов М. сөйледі. 

«АЭжБУ  хабаршысы»  журналының  редакциясына  ағымдағы  оқу 

жылында келесі ғылыми мақалалар келіп түсті: 

-  «Оптикалық  талшықтар  өскіндерінің  бас  тарту  ықтималдылығы» 

Кемельбеков Б.Ж., профессор, Бітірушілер қауымдастығының мүшесі.  

-  «Кабельдік  өнім  циклі  және  жиынтық  құны»  Тұтқабаев  Е.А.,  Бітірушілер-

қамқоршылар  кеңесінің  мүшесі,  ҚР,  Орта  Азияның  және  Кавказдың 

«Siemon» компаниясы өкілдігінің басшысы;  

Түскен  мақалалар  жуырдағы  номерде  жарияланатын  болады.  2014-2015  оқу 

жылында  «Энтел»  газетінде  Бітірушілер-қамқоршылар  кеңесінің  мүшесі, 

«Alageum  Electric»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  Е.  Ильясовтың 

компанияның қызметі мен келешекті дамуы туралы мақаласы жарияланды.  

Республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінде:  

-  «KEGOC» АҚ Алматы МЭС мамандарының ЭЭФ 3-курс студенттеріне 

өткізген дәрістері туралы ақпараттар;  

-  Бітірушілер-қамқоршылар  кеңесінің  мүшесі,  «Шығыс-Қазақстан  РЭК» 

АҚ президенті – А. Балабатыров туралы ақпарат жарияланды.  

Университет  студенттеріне  «АЖК»  АҚ,  «АлЭС»  АҚ,  «Жерсу»  ИПК, 

«Алматытелеком»  және  т.б.  сияқты  базалық  компания  мамандарынын 

дәрістер оқуын жалғастыру ұсынылып отыр. «АЭжБУ хабаршысы» журналы 

және  «Энтел»  газеті  Бітірушілер  қауымдастығының  барлық  мүшелерін, 

соның  ішінде  Бітірушілер-қамқоршылар  кеңесінің  мүшелерін  белсенді 

ынтымақтастыққа 

шақырады. 

Әр 

кәсіпорынның 



өз 

жоспарлары, 

проблемалары  мен  келешектері  бар  –  белгілі  бір  мәселелерді  бірлесіп  

хабарлау,  қарастыру,  шешу  тиімді  екенін  ұсынамыз;  маңызды  оқиғаларды, 

мерейтойлар  мен  кездесулерді  ақпарлап  отыруды  ұсынамыз.  Соның 

нәтижесінде,  студенттер  өндіріс  орындарындағы  қазіргі  ұстанымдардан 




хабардар  болып,  болашақта  жұмыс  таңдауына  қызығушылықтары  оянатын 

болады.  

 

Ректор  К.  Бакенов:  «Компания  мамандары  тарапынан  өткізілетін 



дәрістер  студенттердің  қызметтер  және  бөлімше  жұмыстары  туралы  нақты 

ақпараттарды  игеруіне,  сондай-ақ  практикадан  өтуде  және  жұмысқа 

орналасуда  өздеріне  қажетті  орындарды  таңдай  алуына  жол  сілтейтін 

болады» - деп толықтырып кетті.  

 

Аршидинов М. сөзін тыңдап, Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі  



 

ШЕШТІ:  

1.  Ақпарат мәліметке алынсын.  

2.  Кеңес  мүшелері  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  қызметтерін  хабарлау 

және жас мамандарды тарту бойынша жұмыстарды белсендірсін.  

 

Дауыс  беру  нәтижесі:  жақтаған  –  11  адам,  қарсы  –  жоқ,  қалыс 

қалған – жоқ. 

 

6-3.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жас мамандарға қажеттілігі 



туралы 

 

    Бұл  мәселе  бойынша  РТжБФ  деканы,  әлеуметтік  сектор  мүшесі 

Медеуов У. сөйледі. 

2014-2015 оқу жылында кәсіпорындардан келесі тапсырыстар түсті: 

1.  Тенгизшевройл компаниясы GPA-3 және одан астам балдармен  келесі 

мамандықтар  бойынша  4-курс  студенттеріне  тестілеу  жұмыстарын 

жүргізді:  автоматтандыру  және  басқару,  аспап  жасау,  жылу 

энергетикасы,  электр  энергетикасы,  тіршілік  әрекет  қауіпсіздігі  және 

қоршаған  ортаны  қорғау.  Әңгімелесуден  17  студент  сәтті  өтті,  екінші 

туры  болжаммен  маусым  айының  аяғы  мен  шілде  айының  басында 

өткізіледі.   

2.   “ASTEL”  АҚ  компаниясына  тұтынушыларды  қолдау  секторының 

инженері қажет, ол келесі міндеттерді атқарады:  

-  Жабдықтың желідегі жағдайының мониторингі;  

-  Клиенттік база деректерімен жұмыс істеу;  

-  Клиенттердің сауалдарына жауап беру;  

-  компанияның  техникалық  қызметтерінің  Клиент  проблемаларын 

шешуін қадағалау.  

3.  АРЕК  компаниясы  электр  энергетикасы  және  РЭТ  мамандығы 

бойынша бос орындарға өтінім жіберді, бірақ тұрғын үй ұсынылмаған. 

Бітірушілерге  бастапқы  еңбек  төлемімен  жатақхана  ұсынысынсыз 

жұмыс істеу қиын.  




4.  «АКЕТО»  компаниясына  5В070200  –  Автоматтандыру  және  басқару 

мамандығы бойынша бітірушілер қажет.  

Компания  қызметі:  жабдықтарды  жарнамалау  және  сату,  техникалық 

кеңес  беру,  жобаны  әзірлеу,  басқару  шкафын  жинау,  оқу  шараларын 

өткізу және т.б. 

5.  «Казахстан  Электро»  ЖШС  компаниясы  –  келесі  мамандықтар 

бойынша  өтілден  өтуге  шақырады:  жобалау,  электрмен  жабдықтау, 

электр тораптары, газбен жабдықтау, автоматтандыру және басқару.  

Компанияның Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе қалаларында филиалдары 

бар,  бірақ  жатақханамен  қамтамасыз  етпейді.  Ағымдағы  кзеңде 

АЭжБУ-дың 58 студенті конкурстық іріктеудің екінші турына өтті. 

Кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық өтінімдері бойынша студенттерге 

ақпараттар берілді.  

«АлЭС» АҚ-дан өтінім келіп түсті. 4-курс студенттері жұмысқа орналасу 

үшін  жарияланған  бос  орындармен  танысты.  Ағымдағы  жылда  «АЖК»  АҚ, 

«Казахмыс  Энерджи»  ЖШС  және  басқа  да  өңірлік    компаниялардан 

өтінімдер түспеді.  

Осы  жылы  университетті  жетім  және  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған 

балалар қатарынан 29 студент бітіреді, олардың 3-еуі – РТжБФ бітірушілері, 

2-ААТФ,  3-ЭЭФ,  1-ЖЭФ  бітірушілері.  РТжБФ  бітірушілері  қазіргі  уақытта 

тестілеуден  және  әңгімелесуден  өтіп  жатыр.  6  бітірушіге  жұмысқа 

орналастыруда көмек көрсетілді.  

Ректор К. Бакенов сөз сөйледі: Университет бітірушілерін тиімді жұмысқа 

орналастыру үшін кәсіпорындардың бүгінгі оқушыларға қоятын талаптарын 

білуіміз  қажет.  Олар  өз  ұсыныстары  мен  ескертулерін  Бітірушілер-

қамқоршылар кеңесінің әлеуметтік секторы мүшелеріне хабарласа, оны одан 

әрі кафедралардағы жауаптылармен талқылау қажет, одан кейін университет 

мамандарды  даярлау  бағдарламасына  түзетулер  енгізетін  болады. 

Нәтижесінде  бітірушілерді  жұмысқа  орнасалтыру  және  тапсырысшылардың 

кадрларға қанағаттану деңгейі артатын болады.  

Сөйлеушілерді тыңдап және талқылап, Бітіруші-қамқоршылар кеңесі  

ШЕШТІ:  

  

1.  Ақпарат мәліметке алынсын.  

2.  Университет  2015  ж.  15  маусымына  дейін  жұмысқа  орналастыру 

бойынша  бағдарлама  әзірлесін,  онда  бос  орындар  іздеу,  мамандарға 

деген  сұраныстар,  бітірушілерге  қойылатын  талаптар  және  сәйкесті 

кафедраларға хабарлау мәселелері қамтылады.  



Дауыс  беру  нәтижесі:  жақтаған  –  11  адам,  қарсы  –  жоқ,  қалыс 

қалған – жоқ. 

 

 




 

6-3-3.    2014-2015 оқу жылында АЭжБУ бітірушілері жұмыс істейтін 

кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпараттық және желілік 

технологиялар бойынша келіп түскен проблемалық  

мәселелер туралы 

 

Күн  тәртібінің  мәселесі  бойынша  АТФ  деканы,  ақпараттық-технологиялық 



сектор  мүшесі  Табултаев  С.С.  сөйледі.  Ол  ақпараттық-технологиялық 

сектордың  29.11.2014  ж.  бекітілген  жоспарына  сәйкес  АТФ  бітірушілер 

жұмыс  істейтін  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  деректер  базасы 

толықтырылып  отырғанын  хабарларды  (12  ұйыммен  толықты).  Ағымдағы 

жылда  төмендегі  кәсіпорындарға  ынтымақтастық  туралы  ұсыныс  хаттар 

жіберілді:  

1.  «ABiTech» ЖШС 

2.  «ПКК Казэлектрокоплект» ЖШС 

3.  «Алматы теплокомуноэнерго» ЖШС 

4.  «АлЭС» АҚ  

5.  «InformConsulting» ЖШС 

6.  Ғарыш техникасы және технологиялары институты  

7.  Инновациялық технологиялар институты  

8.  «Энергия Плюс» ЖШС 

Жеке кәсіпорындар мен ұйымдар өтінім-ұсыныстарын 2015 ж. мамырында 

түсіреді. 

Инфокоммуникациялық  технологиялар  саласында  қазіргі  бағдарламалық 

қамтуларды  қолдана  отырып,  сымсыз  байланыстар  жүйесін  зерттеу 

проблемасы  бойынша  №00114Q  шаруаш.шарт  түрінде  «Энергия  Плюс» 

ЖШС-мен  ынтымақтастық  жалғасуда.  Осы  ұйыммен  2015  ж.  қыркүйегінде 

жаңа қаржылық шарт жасау жоспарланып отыр. «Ғарыштық зерттеулер және 

технологиялар  ұлттық  орталығы»  АҚ  құрамына  кіретін  Ғарыш  техникасы 

және  технологиялары  институтының  директоры  Д.Ш.  Ахмедов    өз  хатында 

келесі мәселелер бойынша ынтымақтастық орнатуды ұсынады:  

1.  ҒЗЖ бірлесіп өткізу;  

2.  АЭжБУ  «Аэроғарыш  техникасын  басқару  жүйелері»  бітіртуші 

кафедраның материалдық-техникасын нығайту;  

3.  Оқитындардың деңгейін институт зертханасының өндірістік базасында 

5В074600  –  Ғарыш  техникасы  және  технологиялары  мамандығы 

бойынша  зерттеу,  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  өткізу 

жолымен арттыру;  

4.  Институт  зертханаларында  5В074600  –  Ғарыш  техникасы  және 

технологиялары  мамандығы  бойынша  студенттерді  өндірістік 

практикадан өткізу.  




Инновациялық  технологиялар  институтының  директоры  А,  Оскенбаев 

тарапынан  қашықтан  оқыту  жүйесін  дамыту  мәселесі  бойынша  бірлесіп 

ғылыми-техникалық зертхана құру туралы ұсыныс түсті. 

Университет  өзінің  бітірушілері  жұмыс  істейтін  ғылыми-зерттеу 

институттарымен,  ұйымдармен  және  кәсіпорындармен  ынтымақтастық 

орнатуға  тырысады.  

АЭжБУ  білім  деңгейі  сапалы,  нарықтық  сұранысы  бар,  өндіріске  жаңа 

технологияларды  енгізу  мен  оларды  шешуге  дайын  және  ЖОО-ның 

кәсіпорындармен  ынтымақтастығын  нығайтатын  мамандар  дайындауға 

дайын.  


Ректор К. Бакенов: Инновациялық технологиялар институтының ұсынысы 

өзекті.  Қашықтан  оқыту  жүйесі  студенттер  мен  магистранттарға  ғана  емес 

оқытушылар  үшін  де  маңызды.  ААТФ  студенттерінің  дайындық  деңгейін 

арттыру  үшін  университет  Ғарыш  техникасы  және  технологиялары 

институтының  ұсынысын  толық  қабылдайды.  Даму  бағыттарын  бірлесіп 

әзірлеу қажет.  

Табултаев  С.С.  мәлімдемесін  тыңдап  және  талқылап,  Бітірушілер-

қамқоршылар кеңесі  



ШЕШТІ:  

1.  Ақпарат мәліметке алынсын.  

2.  Университет ғылыми-зерттеу  институттарымен  және  кәсіпорындармен 

бірлесіп  ақпаратты-техникалық  секторды  дамытудың  келешекті 

бағыттарын  анықтасын  және  ОПҚ  мен  оқитындарды  даярлау  және 

біліктілігін арттыру бойынша шараларды 2015 ж. 15 маусымына дейін 

әзірлесін.  

Дауыс беру нәтижесі: жақтаған –11 адам, қарсы – жоқ, қалыс қалған 

– жоқ. 

 

 



6-3.4. АЭжБУ Бітіруші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу 

бойынша түскен ұсыныстар және жоспарлар туралы 

 

Күн  тәртібі  мәселесі  бойынша  СОжМҚДФ  деканы,  мәдени-



ұйымдастыру секторының мүшесі Аршидинов М. сөйледі. Ол ағымдағы оқу 

жылында университет бітірушілер кездесуін мамырдың соңғы сенбісінде (30 

мамыр) өткізуді жоспарлағанын хабарлады. 

Осы  жылы  Альма  Матер  қабырғасында  ЖОО-ны  35  және  40  жыл 

бұрын  бітірген  электр  энергетика  және  жылу  энергетика  факультеттерінің 

бітірушілері  кездескісі  келіпті.  Қазіргі  уақытта  тізімді  келісу  мен  бекіту, 

бітірушілерден материалдар жинау жүргізілуде. 

Ректорат  әртүрлі  жыл  бітірушілерінің  кезекті  кездесуін  өткізу  және 

дайындау  іс-шарасының  жоспарын  бекітті.  Ректорат  әртүрлі  жыл 

бітірушілерінің  кезекті  кездесуін  дайындау  және  өткізу  бойынша  шаралар 




жоспарын  бекітті.  Осы  шарада  Даукеев  Ғұмарбек  Жүсіпбекұлының 

мемориалды  тақтасының  ашылуы  өткізіледі.  Министр  департаментінен, 

«KEGOC» АҚ, Ғ. Даукеевтің курстастары мен  жақындары шақырылады.  

 

Мәлімдемені тыңдап, Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі  



ШЕШТІ:  

1.  Ақпарат мәліметке алынсын.  

2.  Әртүрлі  жыл  бітірушілерінің    кезекті  кездесуін  2015  ж.  30 

мамырында 

өткізу 

және 


дайындау 

шарасының 

жоспары 

мақұлдансын. 



Дауыс  беру  нәтижесі:  жақтаған  –11  адам,  қарсы  –  жоқ,  қалыс 

қалған – жоқ. 

  

 



6-3.5. Әртүрлі мәселелер. Университетің Бітірушілер-

қамқоршылар Қауымасдығының мүшелерін марапаттау 

 

Күн  тәртібі  мәселесі  бойынша  ректор  К.Бакенов  сөз  сөйледі: 

Бітірушілер  қауымдастығы  2009  ж.  құрылды.  Қауымдастық  мүшелері 

Қазақстанның  түрлі  өңірлерінде  еңбектенеді  және  олардың  әрқайсысы 

қауымдастық қызметіне көмектерін көрсетуде. Әрине, белсенді жұмыстарды 

Бітірушілер-қамқоршылар кеңесінің мүшелері атқарып жатыр, олар ұйымның 

бірінші  күнінен бастап  жетім  және  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 

қатарындағы  мұқтаж  студенттерге  арналған  Қорға  демеушілік  етіп  және 

ЖОО-ға  материалды-техникалық  қолдау  көрсетіп  келеді.  Сонымен  қатар, 

Қауымдастық  мүшелерінің  тағы  бір  белсенді  санатына  оқу  орнымыздың 

оқытушылары  мен  қызметкерлер  де  жатады  (тізім  қоса  беріледі).  Тұлғалар 

Алғыс хатпен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталады. 

 

 

         Төраға                         



 

 

       К. Бакенов 



 

         Жауапты хатшы   



 

 

       Д. Иментаева 



жүктеу 66,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау