Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
А.Б.Мирманов, Қ.Ж.Наурыз, Д.Б.Кенебаева
050719 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бағыты бойынша бакалавр дәрежесіне ізденушілердің дипломдық жұмыстарын орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Астана-2010
«С.Сейфуллин атындағы
ҚАТУ-нің» оқу әдістемелік
кеңесінде қаралды және
мақұлданды
« » ____ 2010 ж.№ ___ хаттамасы
|
«Бекітемін»
«С.Сейфуллин атындағы
ҚАТУ АҚ» Басқармасының
ОӘК төрағасы
__________ А.М. Әбдіров
____ «_____» ______2010 ж.
|
Авторлар: А.Б.Мирманов, К.Ж.Наурыз, Д.Б.Кенебаева
Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
050719 - «Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары және кәсіптік білім МБС-на (ҚР МБС 3.08.345-2006) сай және «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ-ң СМЖ-ні талаптарына сәйкес құрылған.
Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауларда түсіндірме жазбахат, графикалық бөлімдер, мазмұндау стиліне және тілге қарасты талаптар, оны ресімдеу, сонымен қатар дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау және дайындау үрдісіне қойылатын сұрақтар кірістірілген.
Рецензенттер:
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Б.Р.Қасымова
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті энергетика факультетінің «Электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., аға оқытушы Б.Ә.Байниязов
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының отырысында қаралды ж/е мақұлданды «03» 12 2009 ж. № 5 хаттамасы.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетикалық факультетінің әдістемелік комиссия отырысында қаралды ж/е мақұлданды хаттама № 5 «12 » 01 2010 ж.
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2010 ж.
Мазмұны
|
|
|
|
1 Мақсаттары мен есептері
|
4
|
2 Жұмысты ұйымдастыру
|
5
|
3 Тақырып таңдау және бекіту
|
6
|
4 Дипломдық жұмыс мазмұны
|
7
|
5 Құрылымдық элементтеріне талаптар
|
8
|
6 Түсіндірмелі жазбахатты ресімдеу
|
11
|
7 Графикалық материалға талаптар
|
20
|
8 Қорғауға дайындық
|
24
|
9 Дипломдық жұмысты қорғау
|
26
|
10 Нормативтік сілтемелер
|
27
|
11 Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
29
|
А қосымшасы
|
30
|
Б қосымшасы
|
31
|
В қосымшасы
|
32
|
Г қосымшасы
|
34
|
Д қосымшасы
|
35
|
Е қосымшасы
|
36
|
Ж қосымшасы
|
37
|
З қосымшасы
|
39
|
И қосымшасы
|
40
|
К қосымшасы
|
41
|
Л қосымшасы
|
42
|
М қосымшасы
|
43
|
Н қосымшасы
|
44
|
О қосымшасы
|
45
|
П қосымшасы
|
47
|
Р қосымшасы
|
50
|
С қосымшасы
|
51
|
|
|
1 Мақсаттары мен есептері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің 2005 жылғы 23 желтоқсанында №779 бұйрығымен бекітілген 050719 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» («РЭ және Т») бағытында бакалаврларды дайындаудың Мемлекеттік білім стандартына (ҚР МБС 3.08.345-2006) сәйкес, бітірушілерді төменде көрсетілген Мемлекеттік аттестация қарастырылған:
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан;
Дипломдық жұмыстар бойынша ізденіп, дайындап қорғау.
Бакалаврлардың бітіруші біліктілік дипломдық жұмыстары МЕМСТ және МСЖ бойынша орындалған, ұсынылатын жұмысқа сәйкес графикалық материалдар қосымшасы бар, мәтіндік құжат түрінде ұсынылады.
Дипломдық жұмысты жазу (дайындау) және қорғау үшін 6 кредит несие, 270 академиялық сағат бөлінеді.
«РЭ және Т» бағытының бакалавр дәрежесі бойынша ізденушілердің дипломдық жұмыстары келесі негізгі мақсаттарды қояды: студенттердің оқу үрдісіне алған теориялық, тәжірибелік білімдерін кеңейту, бекіту және жүйелеу болып табылады.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыс қоғамның экономикалық дамуында студенттердің өздік және тиімді жұмыс істеу дайындығын бағалауға бағытталған.
Дипломдық жұмыс – бітірушінің біліктілік және студенттердің өздік жұмысы болып табылады. Онда «РЭ және Т» бағытында бойынша бакалаврларды дайындаудың ерекшеліктері ескеріліп, бөлек, жекеше есептерді шешумен байланысты экпериментальды және/немесе теориялық зерттеулер болуы тиіс. Сонымен қатар, дипломдық жұмыс ретінде жеке тапсырмамен орындалған студенттердің типтік емес курстық жұмыстар қатары сияқты еңбектерін жатқызуға болады.
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары «РЭ және Т» бағытында дайындалатын бітірушілердің біліктілік жұмыстарының мазмұнын анықтайтын талаптарға сәйкес болуы шарт. Тақырыптарды анықтағанда, бакалаврлардың дипломдық жұмыстарының көп жағдайда ғылыми-зерттеу сипатына ие болуы ескерілуі қажет.
Дипломдық жұмыстың сапасы, ондағы материалдардың өңделу тереңдігі, қорғау қорытындысы бойынша МАК (Мемлекеттік Аттестациялық комиссиясы) МБС талаптарына сәйкес, бітірушінің дайындық деңгейін бағалап, оған 050719 «РЭ және Т» бағыты бойынша бакалавр академиялық дәрежесін беру сұрағы шешіледі.
2 Жұмысты ұйымдастыру
Дипломдық жұмысты орындау келесі негізгі деңгейлерден тұрады:
Ғылыми жетекші мен тақырып таңдау және бекіту;
Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма алу және жетекшімен бірге негізгі сұрақтар мен орындалу мерзімі көрсетілген күнтізбелік жоспар құру;
Дипломдық жұмысты орындау:
қарастырылатын сұрақтың жай-күйін зерттеу;
зерттеу сұрақтарын;
үрдістерді зерттеуге қажетті физикалық және/немесе математикалық модельдеу әдістерін таңдау;
сұлбалық шешімдер мен олардың тексеру есептерін жасау немесе тереңдету;
зерттелетін үрдістерді есептеу, сараптама жүргізуге ДК (дербес компьютерлерге) арналған арнайы бағдарламалар жасау немесе стандартты және әмбебап бағдарламаларды таңдау.
Түсіндірмелі жазбахатпенен сызбалы-графикалық материалдарды рәсімдеу;
Жетекшінің пікірін алу;
Пікір/рецензия берушіні тағайындау және пікірін алу;
Дипломдық жұмысты қорғауға қажетті баяндаманы сызбалы-графикалық және тарқатылатын көрсетілімділік материалдарды дайындау;
МАК дипломдық жұмысты қорғау.
Дипломдық жұмыстың көлемін, студенттің жұмысты орындау мерзімін жетекші анықтайды және:
Дипломдық жұмысты орындауға тапсырманы береді;
Күнтізбелік жоспарды түзуге көмек көрсетеді;
Қажетті әдебиеттерді, типтік жұмыстарды және де басқа да тақырып бойынша көздерді ұсынады;
Тиісті кеңестерді өткізеді;
Басқа да мамандарды кеңес беруге шақырады (қажет болған жағдайда);
Жұмыстың орындалу деңгейін жүйелі түрде бақылайды.
3 Тақырып таңдау және бекіту
Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын бітіруші кафедра («РЭТ») анықтайды және олардың тізімін жыл сайын 7 семестрдің басында студенттерге жариялайды.
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары телекоммуникациялық жүйелер мен желілер және оған жақын салалардың жағдайы мен болашақтағы дамуына сәйкес болуы тиіс. Жұмыстардың ғылыми-техникалық деңгейіне және актуальдығына бітіруші кафедраның меңгерушісі мен жетекшілері жауапты болып табылады. Кейбір жағдайларда жұмыс тақырыбы студент жағынан ұсынылуы мүмкін.
Бітірушінің біліктілік жұмысты дайындауға кететін уақыты төрт аптадан төмен болмауы тиіс.
Оқу жылының 1 желтоқсанына (7 семестрде) дейін студент дипломдық жұмыс тақырыбын және жетекшіні таңдауы тиіс. Тақырыбы арнайы өтініш бланкісіне жазылады. Мұндай бланкілерді кафедраның аға лаборанты немесе оқу шеберінен алады. Толтырылған өтініштер бланкісіне жетекші мен кафедра меңгерушісінің қолы қойылып, бітіруші кафедраға өткізіледі.
Дипломдық жұмыс тақырыбы және жетекшінің аты-жөні, студент атына факультет деканы ұсынысы бойынша, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. Бекітілген жұмыс тақырыбы мен жетекшінің аты-жөні, дипломдық жұмысты орындау үрдісінде өзгертілмейді.
Дипломдық жұмыстың орындалуын қадағалау үшін кафедра меңгерушісі периодты бақылау мерзімін бекітеді. Осы мерзімде студент өзінің ғылыми жетекшісіне және кафедра меңгерушісіне есеп береді. Осы бақылау бойынша дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық дәрежесін анықтайды.
Дипломдық жұмыс мазмұны
Дипломдық жұмыс түсіндірмелі жазбахаттан және бөлек плакаттар түрінде орындалған сызбалы-графикалық бөлімдерден тұрады.
Түсіндірмелі жазбахат анық және қысқа пішінде, зерттеулер қорытындысынан, есептерден, сұлбалық шешімдерден, атап айтқанда, келесі құрылымдық элементтерден тұруы тиіс:
Титуль беті;
Дипломдық жұмысқа тапсырма;
Жұмыстың (жобаның) ақпартізімі;
Аңдатпа;
Мазмұны;
Кіріспе;
Қажетті бөлімдері (бөліміші, пунктер,пункт іші) бар жұмыстың бөлшегі;
Қорытынды;
Қолданылған көздер тізімі;
Қосымшалар (орындаушының жұмысына байланысты).
Түсіндірмелі жазбахаттың бөлек құрылымдық сұлбалары арақатынасы, бітіруші кафедраның тақырып сипаты шарттарына сәйкес болуы тиіс.
Түсіндірмелі жазбахаттың жалпы көлемі қолмен жазылғанда, 70-80 мәтіндік беттен, ал машиналық мәтіндік 60-70 бетті құрауы тиіс.
Дипломдық жұмыстың сызбалы-графикалық материалы сол жұмыстың тақырыбына сәйкес болуы тиіс:
Құрылғы жұмысының идеясын және оның сыртқы обьектілерімен байланысын түсіндіретін құрылымдық сұлбасы;
Құрылғының функциональды сұлбасы және қажет болған жағдайда оның жұмысын түсіндіретін уақыттық диаграммалары болуы;
Принципиальді сұлбалар;
Құрылғылардың және оның бөлек элементтерінің конструкторлық сызбалары;
Әртүрлі көрсеткіштердің кестелері;
Зерттеулер алгоритмдері;
Аналитикалық көрсетімдер/өрнектер;
Бағдарламалардың блок-сұлбалары;
Диаграммалар мен графиктер;
Еңбекті қорғау.
Графикалық материалдар форматы, шартты белгіленулер, шрифтілері, масштабы бойынша қолданыстағы МЕМСТ, КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың біртұтас жүйесі) талаптарына сәйкес болуы керек.
Графикалық материалдардың бет санын дипломдық жұмыс жетекшісі белгілейді және оның саны 4-5 дананы құрайды.
Құрылымдық элементтеріне талаптар
1)Титуль беті
Титуль беті дипломдық жұмыстың бірінші беті болып саналады. Титуль бетінің бланкісін (Б қосымшасын қараңыз) аға лаборант немесе оқу шебері береді.
2) Дипломдық жұмысқа тапсырма оқу шебері немесе аға лаборант берген арнайы бланкісіне (В қосымшасын қараңыз) жетекші тапсырма беріп толтырады.
3) Жұмыстың (жобаның) ақпартізімі
Ақпартізімде (Г қосымшасын қараңыз) шартты белгілену, түсіндірме жазбахаттың және графикалық жұмыстың бөлімдердің атауы, сонымен қатар, дипломға әр түрлі қосымшалар туралы мәліметтер (мысалы, диск, қосымша бөлек папкада және т.б.) көрсетіледі.
4)Аңдатпа/Түйін
Аңдатпада дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны берілуі тиіс, атап айтқанда, зерттеу объектісі, шешімдер, жұмыстың мақсаты, ендіруге байланысты алынған шешімдер мен ұсыныстар, қолдану ортасы. Түйінді ресімдеу МЕСТ 7.23.80 и ГОСТ 196000.74 сәйкес іске асырылады.
Аңдатпа Мемлекеттік және орыс (ресми) тілдеріне беріледі. Оның көлемі бір беттен аспауы тиіс. Аңдатпа үлгісі Д қосымшасында берілген.
5) Мазмұны
Мазмұны кіріспеден, жұмыстың негізгі бөлімінің барлық бөлімдермен қосымша бөлімдерден пунктілерден (егер атауы болса), қорытындыдан қолданылған әдебиеттер (көздер) тізімінен, қосымшалардан тұрады. Олардың дипломдық жұмыстағы элементтері басталған беттерінің нөмірлері мазмұнының үлгісі Е қосымшасында көрсетілген.
6) Кіріспе
Кіріспенің мақсаты – дипломының өз жұмысындағы шешетін есептеріне байланысты сұрақтарын біртұтастығын көрсету болып табылады.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкесті мәселелерді шешуге бағытталғанын көрсетуі тиіс. Мұнда жұмыста қаралатын мәселелердің қазіргі таңдағы жағдайын бағалау және оны ғылым мен техниканың анықталған бір салаларында қолдануының қажеттілігі мен алатын орнын көрсету қажет.
Кіріспенің көлемі 2-3 беттен аспауы тиіс. Кіріспені жұмыс біткеннен соң редакциялау қажет. Оның үлгісі Ж қосымшасында берілген.
7) Негізгі бөлім
Түсіндірмелі жазбахаттың «негізгі бөлімі» бірнеше бөлімдерден тұрады, оның мазмұны мен көлемі таңдалған дипломдық жұмыстың тақырыбына тәуелді болып табылады.
Дипломдық жұмыстағы зерттелетін сұрақтардың жай-күйін сараптау, есебін анықтау, жобалық тапсырманы маңыздандыру сияқты сұрақтары негізгі бөлімінде қаралуы міндетті болып табылады.
Ғылым мен техниканың белгілі бір облысының қазіргі заманғы даму деңгейіне аналитикалық шолу жасауда, жаңа идеялар, мәселелер мен әдістер, аналитикалық шешімдердің жолдары, техникалық іске асыру немесе компьютерлік моделдеу жұмыста қаралып отырған мәселелерге байланысты болуы керек, қолданыстағы аспаптар мен құрылғылар туралы ақпараттар және олардың ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Сонымен қатар, мұнда бұрын жарияланған кітаптардағы, еңбектердегі, баяндамалардағы, есептердегі ескерілген мәліметтерге жалпы шолу жасап қана қоймай, осы жұмыстарда алған нәтижелер бойынша критикалық сараптама жасалуы тиіс. Белгілі әдістердің, алгоритмдер мен программалардың/бағдарламалардың, сонымен қатар жұмыста қаралатын сұрақтарға байланысты аспаптар мен құрылғылардың кемшіліктері мен қасиеттеріне көңіл бөлінуі тиіс.
Жұмыстың есебін белгілеу, жоғарыда көрсетілген аналитикалық шолудың логикалық аяқталуы болып табылады. Мұнда дипломдық жұмыстың мақсаты түзіледі, есептері анықталады, яғни ғылым мен техниканың белгілі бір саласының тәжірибесінде, теориялық бөлімдерінде қолданудың маңыздылығы мен шешілуі қарастырылады.
Жұмыс/жоба тапсырмасын маңыздандыру-жобаланатын жүйенің, құрылғының немесе аспаптың құрастыруының/іске қосуының техникалық талаптарынан тұрады. Сонымен қатар, мұнда аппаратуралар кешенінде жобаланатын объектінің орны, мақсаты, жүйедегі объектінің элементтерімен өзара әсерінің/байланысының ерекшеліктері, объектіге әсер етуші әр түрлі әрекеттер, объектінің техникалық параметрлері мен сипаттамалары қарастырылуы керек. Осы бөлімде таңдалатын аналог (және аналог жоқ болған жағдайда) маңыздандырылуы тиіс.
Негізгі бөлімнің бірнеше бөлімшелерінде дипломдық жұмыс тақырыбының егжей-тегжейіне (спецификасына) сәйкес алға қойылған есептердің шешу әдістерін маңыздандырылуы, қолданудың нәтижелері, параметрлерінің теориялық есептері, жобаланатын құрылғының сипаттамалары, тиімді нұсқаларды таңдау, жобаланатын құрылғының немесе оның бір бөлек торабының сұлбасын жасау/құру сияқты сұрақтар қаралуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың түсіндірмелі жазбахатының бөлек бір бөлімінде немесе оның негізгі бөлімінде біркелкі, қарастырылған есептерді шешуге арналған стандартты, болмаса әмбебап компьютерлік бағдарлама (программа) қарастырылуы керек. Атап айтқанда, бағдарламаның қолданылуы маңыздандырылып, нәтижелері көрсетілуі тиіс. Немесе, осы бөлімде/бөлімшесінде дипломанттың есепке сәйкес өзі құрастырған бағдарлама немесе алгоритмі берілуі тиіс.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста міндетті түрде математикалық модельдеу, теориялық есептер, экспериментальды зерттеулер нәтижелері және алынған нәтижелердің салыстырмалы сараптамалары болуы тиіс.
8) Қорытынды
Қорытындының мақсаты - дипломдық жұмыс нәтижесінен алынған баға. Мұнда келесі сұрақтар ескерілуі тиіс:
Жоба тапсырмасы талаптарына сәйкес жұмыстың орындалуы;
Жұмыста ұсынылатын шешімнің теориялық және техникалық деңгейі және оның ғылым мен техниканың белгілі бір саласының даму перспективаларына, қазіргі жағдайына сәйкестілігі;
Жұмысты орындау үрдісінде экспериментальды зерттеулердің алатын ролі;
Дербес компютер (ДК) көмегімен жұмыста көрсетілген қандай есептер шешілді, сарапталды, модельдеуді және қандай нәтижелер алынды.
Жұмыстың тәжірибеде қолдану мүмкіндігі жөнінен ұсыныстар;
Дипломдық жұмыста қарастырылған сұрақтар мен есептердің болашақтағы дамуының негізгі перспективалары.
Жұмыс қорытындысы белгілі және анықталған сипатқа ие болуы тиіс. Оның көлемі 1-2 беттен аспауы керек. Қорытынды үлгісі З қосымшасында көрсетілген.
9) Қолданылған көздер (әдебиеттер) тізімі.
Тізімде (И қосымшасын қараңыз) дипломдық жұмысты орындау барысында қолданылған барлық көздер жайынан толық хабар болуы тиіс. Қолданылған көздер тізімі жұмысты орындау барысында қолданылған қатарға байланысты жасалынады, яғни жұмыста қойылған көздерге сілтемелерге сәйкес болуы тиіс.
10) Қосымшалар
Қосымшаларда дипломдық жұмыспен байланысты, бірақ негізгі бөлімде жариялауға тым үлкен немесе негізі болып саналмайтын материалдар беріледі.
Қосымшаларда көрсетілуі мүмкін материалдар:
Түсіндірмелі жазбахатты толықтыратын;
Аралық математикалық дәлелдеулер, формулалар, есептер;
Цифрлы (санды) қосымша деректердің кестелері;
Жұмыс барысында зерттеу нәтижесі үрдісінде жасалған ДК орындалатын нұсқаулар, әдістер, программа (бағдарлама) есебі мен алгоритмнің түсіндірмесі;
қосымша сипатқа ие суреттер, көркемдеулер (иллюстрациялар) және басқа материалдар;
жұмыс барысында жасалынған эксперименттерге, өлшеулерге және сынауларға қолданылған аппаратуралар мен аспаптардың түсіндірмелері.
Түсіндірмелі жазбахатты ресімдеу
Түсіндірмелі жазбахат жапсыра тігілуі тиіс.
Жетекшінің пікірі және рецензенттің/пікір берушінің рецензиясы дипломдық жұмыспенен бірге тігілмейді. Түсіндірмелі жазбахаттың ресімделуі 5.04.020-2008 ҚР МБС талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
Жалпы талаптар
Түсіндірмелі жазбахаттың мәтін жазылған беттері және дипломдық жұмыс құрамына кіретін суреттер, кестелер, ДК шығарылған беттер А4 (297*210мм) форматына сәйкес болуы керек.
Түсіндірмелі жазбахат қолмен орындалған жағдайда қызыл және жасыл түсті сиялар қолдануға болмайды. Қолмен орындалған жағдайда да, машиналы жазу тәсілінде де (баспа дәне графикалық құрылғыларды қолданып, ДК шығару құрылғылары көмегімен шығарылған жағдайда) ақ түсті А4 қағазының бір ғана бетіне жазылады немесе басылады, ал мәтін жазылған жолдар арасы бір интервал болып табылады.
Түсіндірмелі жазбахат қай тәсілмен орындалса да, ондағы мәтінің, суреттердің, кестелердің ресімдеу сапасы (ДК көмегімен шығарылған мәтінді беттердің сапасы да) анық, таза орындалуы тиіс.
Мәтінді орындағанда, оның біркелкі тығыздығы, суреттер және де басқа көрсетілімдердің контрастылығы мен анықтығы да сақталуы тиіс. Жазбахаттағы сызықтар, әріптер, сандар, таңбалардың орындалуы анық болуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың түсіндірмелі жазбахаттың ДК орындалған жағдайда (ДК шығыс шықпасына қосылған баспа және графикалық құрылғылар көмегімен) шрифт түсі қара, әріптердің, сандардың және басқа да таңбалар биіктігі – 14 кегль, Times New Roman шрифтімен орындалуы тиіс. Түсіндірмелі жазбахат мәтінін жазу немесе баспалы түрде басып шығару үшін келесі мөлшерлер сақталуы тиіс: А4 форматты қағаздың сол жағынан – 30 мм, жоғары жағынан – 20 мм, оң жағынан – 10 мм, төменгі жағынан – 25мм ашық жер қалдырылуы тиіс.
Түсіндірмелі жазбахаттың орындалу үрдісінде анықталған мәтіндегі қателер, графикалық дәл орындалмаған жерлері өшіріліп, ақ бояумен (корректор көмегімен) түзетілуі мүмкін (машиналы тәсілде қателер қара түсті сияменен, ал қолжазбалы түрде орындалған жағдайда сәйкес сиямен қайта түзіледі). Бірақ бір бетте (А4 форматты) бес ғана қатені жөндеуге болады (бір символ – бір түзету болып табылады).
Аңдатпа, мазмұны, кіріспе, қорытынды, қолданылған көздер тізімі атаулары – дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып саналады және олардың орналасуы, берілуі заңдылығы сақталуы тиіс (4 бөлімді қараңыз).
Аталған дипломдық жұмыстың (ДЖ) құрылымдық элементтерінің аты (тақырыбы) мәтін жазылған (орындалған) беттің ортасына орналастырылады, соңына нүкте қойылмайды және бас әріптермен жазылады, асты сызылмайды, шрифтісі жартылай майлы түрде болады.
Түсіндірмелі жазбахаттың негізгі бөлігін бөлімдерге, бөлімшелерге, пунктілерге бөлу қажет. Пункттер қажет болған жағдайда пункт ішілік топқа бөлінуі мүмкін. Мәтінді пунктермен пункт ішілік топтарға бөлгенде берілген ой (ақпарат) аяқталуы тиіс.
Бөлімдер, бөлімшелер, пункттер, пункт іші топтар араб сандарымен белгіленеді және 1,25 см мөлшерлі азат жолдан басталып жазылады.
Әр бөлімнің, бөлімшенің, пункттер, пункт іші топтардың аты (тақырыбы) болуы тиіс. Олар сол бөлімдердегі, бөлімшелердегі, пунктердегі, пункт іші топтардың ақпараттың, мәтіннің мазмұнын анық және қысқа түрде көрсетуі тиіс.
Бөлім, бөлімше, пункттер, пункт іші топтардың тақырыбы (аты) азат жолдан үлкен әріппен басталады, соңына нүкте қойылмайды және асты сызылмайды.
Егер тақырыбы (аты) екі сөзден тұратын болса, онда олардың арасына нүкте қойылып жазылады. Сонымен қатар, мұнда сөзді тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Әрбір жаңа бөлім жаңа беттен басталуы тиіс. Бет соңында екі қатардан кем сөйлемі бар тақырыпты (атауын) қалдыруға болмайды.
Түсіндірмелі жазбахат беттерін нөмірлеу
Түсіндірмелі жазбахат беттерін нөмірлеу үшін араб сандары алынады. Нөмірлеу бүкіл жұмыс бойы (қосымшаларды қоса) тізбектей жүргізіледі. Бет нөмірлері оның төменгі жағының ортасына қойылады және соңына нүкте қойылмайды.
Жұмыстың титуль бетіне, тапсырмасына, аңдатпасына және мазмұнына бет нөмірі қойылмайды, бірақ түсіндірмелі жазбахаттың жалпы нөмірленуіне кіреді.
Түсіндірмелі жазбахаттың бөлек беттерінде орналасқан суреттерге, кестелерге, ДК-ден шығарылған баспа беттерге жалпы нөмір жүйесінен нөмір беріледі. А3 форматты беттегі суреттер, кестелер, ДК – баспа беттер бір бет болып саналады (жалпы нөмірлеу жүйесіне кіреді).
Бөлімдер, бөлімшелер, пункттер, пункттер тобын нөмірлеу
Түсіндірмелі жазбахаттың негізгі бөлігінің (бөлімдер, бөлімшелер, пункттер, пункт іші тобын нөмірлеу) араб сандары көмегімен іске асырылады және азат жолдан бастап жазылады. Сонымен қатар, олардың соңына нүкте қойылмайды.
Түсіндірмелі жазбахаттың негізгі бөлігінің бөлімдеріне бүкіл мәтін бойынша реттелген нөмірлеу қойылады, мысалы 1,2,3 және т.б., ал қосымшалардың нөмірлеуі басқаша болады.
Бөлімшелердің нөмірі өзі жататын бөлімнің нөмірімен сәйкес болуы тиіс. Оның нөмірленуі бөлімнің және бөлімшенің нөмірлерінен тұрады, екі санның арасына нүкте қойылып жазылады, мысалы 1.1, 1.2, 1.3 және т.б. бөлімдерде бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше пункттерден тұруы мүмкін.
Егер мәтін бірнеше бөлімшелерден тұрмаса, ондағы пунктердің нөмірленуі, сол бөлім төңірегінде болуы шарт және пункттің нөмірленуі бөлім мен пункт нөмірлерінен тұрады (араларына нүкте қойылады). Мысалы:
1 Типтері мен негізгі мөлшерлер
1.1
1.2 Бірінші бөлімнің пунктерінің нөмірленуі
1.3
Егер мәтінде бөлімшелер болса, ондағы пункттердің нөмірленуі, сол өзі жататын бөлімшелер нөмірленуі төңірегінде болуы шарт, яғни бөлімнің, бөлімшенің, пунктінің нөмірлерінен тұрады, араларына нүкте қойылып жазылады, мысалы:
3 Сынау әдістері
3.1 Аппараттар, материалдар және реактивтер
3.1.1
3.1.2 үшінші бөлімнің бірінші бөлімшесінің пункттерінің нөмірленуі
3.1.3
Пункттер, қажет болған жағдайда, пункт топтарына (немесе пункт ішіне) бөлінуі мүмкін. Олардың нөмірленуі бөлімнің, бөлімшенің, пунктінің және пункт тобының реттік нөмірленуіне сәйкес болуы керек. Нөмірленуіндегі сандар арасына нүкте қойылып жазылады, мысалы: 4.2.1.1; 4.2.1.2; 4.2.1.3 және т.б. Бірақ жұмыс барысында пункт топтарына бөлу негізінен ұсынылмайды.
Егер, бөлім бір ғана бөлімшеден тұрса, онда бөлімше нөмірленбейді. Дәл осылай, бөлімшеде бір ғана пункт болса және пункт ішінде бір ғана пункт тобы/іші болса, оларда нөмірленбейді.
Мәтін ішінде санап жазулар/келтірулер болуы мүмкін. Олардың әрқайсысының алдына дефис, қажет болғанда кішкентай әріппен белгілеу қолданылуы мүмкін.
Ескерілетін жайт, мәтінде олардың біреуіне сілтеме қойылуы мүмкін. Әріптер арқылы санап жазуларды қолдағанда келесі әріптерді қолдануға болмайды: ё,з,о,г,ь,й,ы,ъ. Әріп арқылы санап жазулар белгіленгенде, жақша қолданылады және жоғарыдағыға қарағанда шегеріліп жазылады.
Егер, санап белгілеулер әрі қарай тереңірек тоқталуды қажет еткен жағдайда араб сандары арқылы бөлініп жазылады. Мұнда сандардан соң жақша қойылады да, жоғарыдағы белгілеулерге қарағанда шегеріліп жазылады, мысалы:
Тарату ортасы есебінде келесі байланыс жолдары қолданылуы мүмкін:
- ________;
- ________;
- _________:
а) _________;
б) _________;
1) _________;
2) _________;
в) __________;
- _________.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) әрбір бөлімін жаңа беттен бастау керек. Бір бөлім ішінде бөлімшелер өзара мәтіннен екі жол шегінеді.
Суреттер
Суреттерді (сызбалар, көркемдеулер, графиктер, сұлбалар, диаграммалар, компьютерлік баспа беттер, фотосуреттер) түсіндірмелі жазбахаттың мәтінінде бірінші ескерілгеннен соң немесе келесі бетте көрсету керек.
Суреттерді орналастыру түсіндірмелі жазбахатты айналдырмай көруге лайық болуы немесе ол мүмкін болмаған жағдайда сағат тілі бойынша айналдырып көру мүмкінділігіне ие болуы қажет.
Жұмыста келтірілген сызбалар, суреттер, көркемдеулер, графиктер, диаграммалар, сұлбалар МЕМСТ, ЕСКД (конструктролық құжаттардың біртұтас стандарттары) талаптарына сай болуы тиіс.
Сызбаларды, суреттерді, графиктерді, даиграммаларды, сұлбаларды компьютерлік баспа көмегімен жасауға рұқсат етіледі.
«Сурет» сөзі және оның атауы жолдың ортасына жазылады. «Сурет» сөзінің өзі оның атауы және суретке қатысты беттің ортасында орналасады. Суреттен кейін және алдында мәтінге қатысты бір жол қалдырылады.
Суреттерді нөмірлеу бөлім аумағында іске асырылады, яғни суреттің нөмірі бөлім нөмірі мен суреттің өз нөмірінен тұрады, сандардың арасына нүкте қойылады, мысалы 1.1 сурет.
Суреттер қажет болған жағдайда атауына және түсіндірмелі деректерге (сурет асты мәтіні) ие болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірмелі деректерден кейін беріледі және келесідей түрде орындалады:
1.1 сурет Аспап бөлшектері
Графиктегі қисық сызықтардың және де басқа да деректердің белгіленуі мен атауын тікелей көрсету ұсынылмайды. Мұндай мағлұматтарды сурет асты мәтінінде орналастыру қажет, мысалы: 1-бастау, 2-бекітпе, 3-құйма.
Графиктің осьтері бойынша бөліп қойылған шамаларды белгiлейтiн жазулар параллель осiнiң жолдарымен орналасады. Жазуларда бөлiп қойылған шама және өлшем бiрлiгiнiң атауларын көрсетедi. Өлшем бiрлiктер стандартты қысқартуларда көрсетедi және шамасының атауларынан үтiрмен бөледi, мысалы: кернеу - мкВ, тоқ - А. Шартты өлшемсiз бiрлiктердiң қолданылған жағдайда «шартты өлшемді» жазу керек, мысалы: Өрiс кернеулiгi, шарт.бірлік.
Физикалық шамалардың атауын олардың шартты көрсеткіштеріне ауыстыру рұқсат етіледі, мысалы: U, мВ; E, мкВ/м; I, мА. График осьтерін тіл мен көрсетудің қажеттілігі жоқ.
Әрбір қосымшалардағы суреттер мен көркемдеу бөлек араб цифрлар көмегімен нөмерленеді, мысалы, А.3 сурет.
Барлық қосымшалардағы көркемдеулерге/суреттерге түсіндірмелі жазбахатта олардың реттік нөмірлері көрсетілген сілтемелері болуы қажет.
Көркемдеулерге сілтемелер (нөмері көрсетіліп) келесідей жазылуы керек: «1.2 суретке сәйкес...» .
Суреттерді ресімдеу мысалдары К қосымшасында көрсетілген.
6) Кестелер
Кестелерді көрсеткіштерді жақсы көріну және ыңғайлы салыстыру үшін қолданылады. Кестенің аты бар болған жағдайда оның аты қысқа, нақты болу керек. Кестенің атын оның нөмірімен сызықша арқылы бөлініп кестенің сол жақ үстінде азат жолсыз орналастырады. Кестеден кейін мәтін алдында бір бос жол қалдырылады.
Кесте бөлігін тасымалдау кезінде кестенің атын тек кестенің бірінші бөлігінде ғана қалдырады.
Түсіндірмелі жазбахатта кестеге сілтеме бірнеше рет берілсе, онда кестені тікелей бірінші рет ескерілген мәтіннен кейін беру керек.
Барлық кестелер үшін мәтінде сілтемелер болу қажет. Сілтеме кезінде «кесте» сөзі оның нөмірінің белгіленуімен жазылу тиіс.
Жолдарының саны көп кестені келесі бетке тасымалдауға болады. Кесте бөліктерін басқа бетке тасымалдағанда, «Кесте» сөзі және оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің сол жағында бір рет көрсетіледі. Басқа бөліктерінде оң жақтан « ... жалғасы» сөзі жазылады және кестенің нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1.1 кестенің жалғасы». Кестені басқа бетке тасымалдаған кезде оның аты тек бірінші бөлігінің үстінде орналасады.
Графтардың саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бет шегінде бір бөлікті екіншіге орналастыруға болады. Егер кестенің жолдары мен графтары бет форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде басы қайталанады, екінші жағдайда – бүйiрі.
Егер кестенің графтарының әр түрлі жолдарында қайталаушы мәтіндер бір сөзден тұрса, онда оны бірінші жазуынан кейін тырнақшаға ауыстыруға болады; егер екі және одан да көп сөз болса, онда бірінші қайталаудан соң, оны «жоғарыдағыдай қайталанады» сөздермен ауыстырады, ал кейінгі жағдайда – тырнақшамен алмастырылады. Қайталанған сандар, маркалар, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақша қойылмайды. Егер цифрлық немесе басқа мәліметтер кестенің қандай да бір жолында берілмесе, онда сызықша қойылады.
Кестені нөмірлеу бөлім шегінде іске асырылады. Бұл жағдайда, кестенің реттік нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің нөмірінен тұрады.
Әрбір қосымшаның кестесін нөмірлеу бөлек-жеке жүргізіледі, яғни қосымша кестесінің нөмірі араб сандары көмегімен іске асырылады, сан алдына қосымшаның белгіленуі жазылады.
Егер құжатта (қосымшада) бір кесте ғана болса, онда ол «1 кесте» немесе «В.1 кесте» (егер ол В қосымшасында көрсетілген жағдайда) деп белгіленуі керек.
Кесте графтары мен жолдарының атаулары бас әріппен басталып жекеше түрде жазылады. Тақырыпшалар атаулары бір ғана сөйлемнен тұрса, кiшi әрiптермен, ал егер жеке мағанаға ие сөйлемдерден тұрса, бас әріптен басталып жазылуы керек. Кесте тақырыбы мен ақырыпшалар соңына нүкте қойылмайды.
Графтар тақырыбы/аты кестенің жолдарына параллель жазылады. Қажет болған жағдайда графтардың аттарын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі.
Д қосымшада кестелердiң ресiмдеуiнiң мысалдары көрсетілген.
7) Ескерту
«Ескерту» сөзін азат жолдық шегініспен бас әріппен бастап жазу керек және оның асты сызылмайды.
Ескертулерді құжатта, егер мәтіннің мазмұнына, кестелер немесе графикалық материалдарға анықтамалық мәліметтер немесе түсіндірмелер қажет болған жағдайда көрсетеді. Ескертулерде талап-шарттар берілмеуі тиіс.
Ескертулерді мәтіндік, графикалық материалдардан немесе бұл ескертулерге қатысты кестелерден соң орналастырады. Егер, құжаттың белгілі бір мәтінінде ескерту саны бір ғана болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен басталып жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер нүктесіз араб цифрларының реті бойынша нөмірленеді. Кестеге ескертулер кестенің аяқталуын таңбалаушы сызықтар үстінде кестенің соңында орналасады, мысалы:
Ескерту________________________________________________________________________________________________________________
Бірнеше ескертулер араб цифрлардың реті бойынша нөмірленеді.
Ескерту
1____________________________________________
2____________________________________________
3____________________________________________
8) Формулалар мен теңдіктер
Формулалар мен теңдіктерді мәтіннен кейінгі жеке азат жолдан бастап ерекшелеу қажет. Әрбір формула мен теңдіктің жоғары және төмен жағынан бір бос жол қалдыру керек. Егер теңдік бір жолға сыймаса, онда тепе-теңдiк (=) таңбасынан кейiн немесе қосу (+), алу (-), көбейту (*), бөлу (:) таңбаларынан немесе басқа да математикалық таңбалардан кейін келесі жолға көшiруi керек және де таңба келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту таңбасы ретінде формулалары тасымалдауда "х" таңбаларды қолданады.
Сандық коэффициентер және символдардың мәндерін түсіндіру бірізді түрде, яғни формула астында көрсетіледі. Бірінші жолда түсіндіру қос нүктесіз «мұндағы» сөзінен басталады.
Формуланы есептеу кезінде, әріппен белгіленген барлық шамалар СИ негізгі бірліктерде өрнектеу керек және нәтижені сол СИ негізгі бірлікте алу керек. Бұл ережелерді орындау кезінде формула жайында және оның түсіндірмесіне қосымша белгілеулер берілмейді.
Сонымен қатар, жұмыста формулалардың жазылу түрін СИ туынды бірлік шамаларда және оның есептеу нәтижесін СИ туынды бірліктерде өрнектеуге болады.
Мұндай жағдайда, түсіндірмелерде қай бірліктер шамалары бойынша іске асырылатыны көрсетіледі. Ал есептеулердің соңғы нәтижелерін өрнектейтін бірліктер формуладан кейін үтірмен ажыратылып жазылады:
U=I*R, мВ (1.1)
мұндағы I-ток, мкА; R-резисторлы кедергі, кОм.
Түсіндірмелі жазбахаттағы формулаларды нөмірлеу жолдың оң жақ шетінде жақшада араб цифрлармен көмегімен (әрбір бөлім шегінде реттік нөмірмен) іске асырылады.
Қосымшаларда берілген формулалар әрбір қосымша шегінде бөлек, алдына қосымша белгіленуі жазылып, араб цифрлары көмегімен нөмірленуі керек.
Мәтіндегі формулаларға сілтемелер реттік нөмірлері жақшада жазылып, беріледі, мысалы «(1.1) формулада».
Сонымен қатар, мәтіндегі формулаларды да нөмірлеу бөлімдер бойынша бөлек-жеке жасау ұсынылады. Бұл жағдайда формуланың нөмірі арасы нұктемен ажыратылған бөлімнің нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен тұрады, мысалы «(3.1)».
Жоғарыда көрсетілген талаптар, математикалық теңдеулерді келтіруде де ескерілуі тиіс.
9) Сілтемелер
Қолданылған әдебиеттерге (қайнарларға) сілтемелер тік (квадрат) жақша көмегімен, тізім бойынша реттік нөмірін көрсету арқылы іске асырылады. Мысалы, [1].
Түсіндірме жазбахата берілген мәтінге, стандарттарға, техникалық шарттарға және де басқа құжаттарға сілтемелер жасауға рұқсат етіледі (егер анықтаған талаптарға толық ж/е біржақты сәйкес келсе, құжаттарды қолданғанда қиындық туғызбайтын болса).
Жұмыста барлық құжатқа немесе бөлімдер мен қосымшаларға сілтемелер жасауға болады. Берілген түсіндірме жазбахатындағы бөлімшелерге, пункттерге, кестелер мен суреттеулерден басқа жұмыстардың бөлімшелеріне, пункттеріне, кестелері, суреттері мен көркемдеулерге сілтемелер жасауға болмайды.
Бөлімдерге, бөлімшелерге, пункттерге, қосымшаларға сілтеме жасағанда олардың реттік нөмірін көрсету керек, мысалы:
«4.1 бөлімінде...», «3.3.4 пунктісі бойынша .....», «(3.1) формуласы бойынша», «(2.1) теңдігінде», «8.1 суретінде», «А қосымшасында».
Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтемелері жасағанда, олардың тек ғана белгіленуі көрсетіледі, мысалы МЕСТ 7.1 ( бұл жағдайда пайдаланған қайнарлар тізімінде стандарттар мен техникалық шарттар туралы ақпарат болуы керек).
10) Қолданылған әдебиеттер (қайнарлар) тізімі
Қолданылған әдебиеттер (қайнарлар) тізімі түсіндірмелі жазбахаттың бөлімдерінің реттік нөмірленуіне ж/е ондағы сілтемелерге сәйкес түзіледі.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде бұл тізімге барлық қолданылған материалдар кіреді ж/е МЕСТ 7.1 талаптарына сәйкес болуы қажет.
Үш немесе бірнеше авторлар болған жағдайда тек біріншінің тегі мен аты-жөнін көрсетуге рұқсат етіледі және одан кейін – «және т.б-лар» деп жазылады.
Тізімді құру үшін қолданылған қайнар көздерін сипаттау мысалдары И қосымшасында көрсетілген.
11) Қосымшалар
Қосымшаны түсіндірме жазбахаттың жалғасы ретінде оның келесі беттерінде ресімдейді.
Жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілу керек.
Әрбір қосымшаны жаңа беттен басталу керек. Оның белгіленуі (дәрежесімен бірге) беттің жоғары жағына, орта тұсына «Қосымша» деген жазу арқылы көрсетіледі, мысалы А қосымшасы.
Қосымшалар Ё,З,Й,О,Ч, Ь,Ы,Ъ әріптерінен басқа орыс алфавиттің бас әріптері көмегімен белгіленеді.
Жұмыс барысында орыс әріптерін және латын алфавитін толық қолданған жағдайда қосымшаны араб цифрларымен белгілеуге рұқсат етіледі.
Егер құжатта бір қосымша ғана болса, онда ол «А қосымшасы» деп белгіленеді.
Әрбір қосымшаның мәтіні, қажет болған жағдайда әрбір қосымша шегінде нөмірленетін бөлім, бөлімше, пункттер, пункт ішілерге бөлінеді. Нөмірдің алдында бұл қосымшаның белгіленуі қойылады.
Қосымшалар беттерінің нөмірленуі түсіндірме жазбахат нөмірленуімен бірге атқарылады, яғни оның жалғасы болып табылады.
Қосымшаларда кірістірілген суреттер, кестелер, формулалар әрбір қосымша шегінде араб цифрлары көмегімен нөмірленеді, мысалы: А.2 сурет – А қосымшасының екінші суреті, Б.3 кесте – Б қосымшасының үшінші кестесі, (В.1) формуласы – В қосымшасының бірінші формуласы.
Мәтіндік материалдар, спецификациялар (егжей-тегжейін ашуын), тізімдердері бар қосымшалар А4 форматында орындалады. Сұлбалар мен сызбалардың көшірмелерінің өлшемдері оның айқындылығымен анықталады.
Егер түсіндірме жазбахатта қосымша есебінде, берілген түрдегі құжатқа ресімдеу талаптарына сәйкес және өзіндік мәні бар құжат қолданылса, оны түпнұсқа түрінде өзгертусіз қосуға болады.
7 Графикалық материалға талаптар
Негізгі ережелер
Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты графикалық бөлімнің құрамында конструкторлық сызбалар, құрылымдық, функционалды және принципиалды сұлбалар мен демонстрациялық плакаттар болады. Графикалық материал А1(594*841) форматында орындалады. Графикалық беттерді ресімдеу мысалдары М қосымшасында көрсетілген. Беттің міндетті элементі штамп болып табылады. Штамп МЕСТ 2.104-68 сәйкес жасалады. Штамптың графаларын толтыру Н қосымшасында көрсетілген.
ГАК мүшелері үшін графикалық материалдармен қоса, таратылатын демонстрациялық материалдың бірнеше комплекттерін дайындау ұсынылады.
Әрбір таратылатын материалдың комплекті қорғауға шығарылатын графикалық материалдың бірлігі қанша болса, сонша парақ құрамында болады. Барлық беттер А4(210*297) форматында орындалу қажет және нөмірлену керек.
Графикалық материалды ресімдеу
МЕСТ 2.701-84 сәйкес сұлбалардың атауы мен коды олардың түрімен және типімен анықталады.
Сұлбаның коды сұлбаның түрін анықтайтын әріптік бөлімнен және сұлбаның типін анықтайтын цифрлық/сандық бөлімнен тұрады.
Сұлбаның әріппен белгіленуі түрі төменде келтірілген:
электрлік - Э;
гидравликалық - Г;
пневматикалық- П;
газды (пневматикалықтан басқа) - X;
кинематикалық - К;
вакуумдық - В;
оптикалық - Л;
энергетикалық - Р;
бөлу - Е;
аралас/комбинациялық - С.
Сұлба типінің санмен белгіленуі:
құрылымдық - 1;
функционалдық - 2;
принципиалды (толық) - 3;
қосу (монтажды) - 4;
қосылу - 5;
жалпы - 6;
орналасу - 7;
басқалары – 8;
біріктірілген – 0.
Мысалы, электрлік принципиалды сұлба - ЭЗ; электрлік бөлу сұлбасы - E1; электрлік қоу ж/е ажырату – ЭО.
Басқа да жағдайлар арнайы түрде ресімделеді.
конструкторлық сызбаларды орындауға талаптары арнайы құжаттарға [2.004-88 МЕСТ Конструкторлық және технологиялық құжаттарды орындауға қойылған талаптар] сәйкес.
құрылымдық, функционалдық және принципиалдық электрлік сұлбаларды орындауға талаптар.
Барлық сұлбалар ЕСКД стандартының 7-біліктілік тобына сәйкес жасалады және ресімделеді. Сұлбаларды орындауға жалпы талаптар 2.701-84 МЕСТ, электрлік сұлбаларды орындау ережелері 2.702-75 МЕСТ, цифрлық есептеу техниканың электрлік сұлбаларды орындау ережелері 2.708-81 МЕСТ анықтайды.
Құрылымдық электрлік сұлбада (шифрі Э1) барлық негізгі функционалды бұйымдар бөлігі мен олардың арасындағы негізгі байланыс көрсетілуі керек. Өзара байланыс жолдарында үрдістің жүру бағытын тілмен көрсету ұсынылады (мысалы, сигналдың бағытын).
Сұлбадағы функционалды бөлік шартты графикалық көрініс ретінде немесе тіктөртбұрыш түрінде көрсетіледі (2.721-74 -2.758-82 МЕСТ), ал олардың атауы, типі, белгіленуі тіктөртбұрыштың ішінде жазылады. Егер функциональды бөліктер саны көп болған жағдайда, оларды реттік нөмірмен белгілейді (көріністің оң немесе үстіңгі жағына, кесте түрінде ).
Функциональды электрлік сұлбада (шифрі Э2), барлық функционалды бұйымдар бөлігі (элементтер, құрылғылар мен функционалды топтар) мен олардың арасындағы байланыс көрсетіледі.
Әрбір функционалды бөлігін графикалық шартты белгілеу түрінде, кей жағдайда тіктөртбұрыш түрінде көрсету болады. Әрбір функционалды бөліктің белгіленуі болуы керек. Және графикалық көрініс жанында н/е бос өрісінде оның негізгі техникалық сипаттамаларын көрсетеді (мысалы, сигналдың формасы, жұмыс жиілігі, өшу және т.б).
Сұлбада уақыт бойынша үрдістердің тізбегін анықтаушы кестелер немесе диаграммалар, түсіндіруші жазулар орналастырылады, сонымен қатар сипаттамалық нүктелерде үрдістің параметрлерін көрсетеді.
Принципиалды электрлік сұлбаларда (шифрі Э3) барлық электрлік элементтер немесе құрылғылар және олар арасындағы барлық электрлік байланыстар көрсетіледі және сұлба кіріс/шығыс тізбегімен аяқталуы тиіс. Сұлбада сонымен бірге кіріс және шығыс тізбегінің сипаттамалары орналасады, сонымен қатар өзгертуге болатын параметрлер, мәтіндік нұсқауларды және кестелерді орнатуға ұсынылады.
Сұлбалар ажыратылған бұйымға жасалады. Мұндағы барлық элементтер, құрылғылар және байланыс жолдары шартты графикалық белгілеулер түрінде көрсетіледі.
Бұйымға кіруші және сұлбада көрсетілген әрбір элементтер немесе құрылғылар 2.708-81 МЕСТ сәйкес әріп-сандық позициялы белгілеуі болу керек. Позициялы белгілеулер құрылғының шартты графикалық белгіленуі жанына қойылады.
Элементтер туралы барлық қажетті мәліметтер элементтер тізіміне кірістіріледі. Элементтердің тізімінің формасы мен оны толтыру тәртібі 2.702-75 МЕСТ көрсетілген. Элементтердің тізімін кесте түрінде ресімдейді. Оны негізгі жазудың үстінде сұлбаның бос өрісінде орнастырылады немесе жеке А4(210*297) форматындағы парақта дербес құжат түрінде орындалады. Одан кейін ол түсіндірме жазбахатына қосымша ретінде орналастырылады.
Сұлбаның негізгі жазулары сызбадағыдай 1 форма бойынша, ал элементтер тізімі спецификация тәрізді 2 және 2а форма бойынша орындалады, ол 2.104-68 МЕСТ көрсетілген.
Сұлбаларда және жоспарда шартты белгілерді ресімдеуге
талаптар.
Принципиалды және монтажды электрлік сұлбалардың электрорадиоэлементтерінің шартты белгіленуі сызбаларда ЕСКД (МЕСТ 2.721-74) стандартына сәйкес орындалады. Мысалдары О.1 және О.2. суреттерінде көрсетілген.
МЕСТ 21.406-88 стандарты шартты графикалық сымды құрылғылардың белгіленуін орнатады, сонымен бірге сымды хабарлама желілері мен құрылғылар және оларды орналастыру жайларына да қолдануға рұқсат етілген. Ал, жоспар мен сұлбаларда негізгі ж/е қарапайым белгілеулерді қолдануға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, шартты белгілеулердің мөлшерлері регламенттелмейді (көріністің айқындылығын қамтамасыз етуі тиіс).
Бірінші реттік желінің станциялары мен тораптары, тарату желінің пунктері және біріктірілген тораптар мен станциялардың шартты белгілену П.1 кестесінде көрсетілген.
Әр түрлі тарату жүйелеріндегі шеткері және транзиттік станциялар көмегімен байланысты ұйымдастыру сұлбаларындағы элементтердің шартты белгіленуінің нақты мысалдары Р қосымшасында көрсетілген.
Байланысты ұйымдастыруда синхронды цифрлық иерархиялы (тарату жүйелері аппаратурасымен) тарату желісінің шеткері және аралық пункттердің шартты белгіленуінің мысалдары С қосымшасында көрсетілген.
Демонстрациялық плакаттарға талаптар
Демонстрациялық плакаттар құрамында зерттеу алгоритмі, аналитикалық өрнектер, бағдарлама блок-сұлбасы, кестелер, диаграммалар және графиктер болуы мүмкін. Плакаттар қорғауда дипломдық жұмыстың материалын баяндау үшін арналған және конструкторлық құжат болып саналмайды. Бірақ диаграммалар мен графиктерді жасау кезінде 2.319-81 МЕСТ жағдайларын есепке алу керек.
Әрбір плакаттың рамкасы болу керек. Егер плакаттың негізгі жазуы 1 форма бойынша орындалса, онда құжат аты графасында оның негізгі мазмұны бойынша плакаттың аты жазылады; бұйымның белгіленуі графасында – дипломдық жұмыс аты жазылады. Бұл жағдайда плакаттың аты парақтың үстінгі бөлігінде жазылмайды. Плакаттың мазмұнына байланысты және жетекшінің қарастыруы бойынша негізгі жазу парақтың үстінгі немесе төменгі бөлігінде орындалу мүмкін.
Барлық конструкторлық сызбалар мен электрлік сұлбаларға дипломдық жұмыстың жетекшісі және авторы қол қояды.
Демонстрациялық плакаттар Microsoft Office Power Point программасының көмегімен орындалған слайдтар түрінде көрсетілуі мүмкін.
8 Қорғауға дайындық
Аяқталған дипломдық жұмыс құрамына түсіндірме жазбахат, студенттің өзі қол қойылған титульдық бет және графикалық материалдар кіреді. Жетекші тексеруінен кейін, мақұлданып, титульдық бет пен графикалық материалдарға қол қойылады.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі пікір жазады.
Студент ж/е жетекшінің қолдары қойылған дипломдық жұмыс рецензияға/пікір білдірушіге жіберіледі.
Студент дипломдық жұмысын қорғауға алдын ала жазылу керек. МАК жұмыс істеу кестесі дипломдық жұмысты қорғаудан бір ай бұрын бекітіледі.
Студент дипломдық жұмысты қорғауға дайындалу кезінде келесіні орындау қажет:
- қорғау баяндамасын құру;
-жұмыс тақырыбы бойынша негізгі пәндердің материалдарын қарастыру;
- қорғау уақытындағы іс-әрекеттің ретін ойластыру және баяндауға жаттығу.
6) Баяндаманың құрылымы түсіндірме жазбахаттың құрылымына сәйкес, бірақ нақтылығымен және мазмұнын қысқа баяндаумен ерекшеленеді.
Кіріспеде (2-3мин.) берілген дипломдық жұмысты орындау қажеттілігін дәлелдеу баяндалады, қарастырылған мәселелердің өзектілігі айтылады, дипломанттың жұмысында алдында қойылған есеп қарастырылады.
Негізгі бөлімде (6-7 мин) қойылған есептердің шешу жолдары, әдістері аналитикалық ж/е сандық есептер, теориялық зерттеулер нәтижесі (экпериментальды нәтижелер-егер орындалса) туралы айтылады.
Қорытындыда (1-2мин.) тәжірибенің қолдану жұмысы бойынша мүмкін болатын ұсыныстар, оның техникалық немесе теориялық деңгейі және орындалған жұмыс қаншалықты жобалық тапсырма талаптарына сәйкес екенін ж/е тәжірбиеде қолдану мүмкіншілігі көрсетіледі.
Жетекшінің пікіріне талаптар
Жетекші пікірде диплом шеңберінде қабылданған шешімдер туралы, оның актуалдығының деңгейін, жұмыстың алға қойған мақсаттарға сай орындалу деңгейін көрсетуімен қатар, жұмыстың түпнұсқалылығын, ұсынылған шешімдердің мақсаттылығын қысқаша сипаттау керек.
Негізі ықыласты - дипломдық жұмысының сапасы мен теориялық дайындығы, өзіндік жұмысқа қабілеттілігі, дайындығы, ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілігі, мақсаттылығы және т.б. қасиеттері бойынша дипломантты болашақ маман ретінде бағалау қажет.
Пікір соңында жұмыстың ғылыми және тәжірибелік құндылығы көрсетіледі және студенттің орындаған жұмысының жалпы бағасы беріледі: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық. Сонымен қатар, оған академиялық бакалавр дәрежесін иемдену мүмкіндігі туралы қорытынды береді.
Пікір басып шығарылған түрде беріледі ж/е онда жетекшінің жұмыс орны және атағы, ғылыми дәрежесі, қызмет атқаратын лауазымы көрсетіліп, (жақшада жетекшінің тегі, аты-жөні жазылады) жетекшісінің қолы қойылады.
Рецензенттің пікіріне талаптар
Сын-пікірде тақырыптың актуалдығын, жобалық есеп пен тақырыбының аты орындалған жұмысқа сәйкестілігі, игеру нысандарына қойылған техникалық талаптарды дәлелдеу, қабылданған техникалық шешімдер мен өткізілген есептердің дұрыстығын, жұмыстың түпнұсқалылығын, прогресивтілігін, сонымен қатар, жазбахат мәтінінің нақты ж/е сауатты жазылуын, жұмысты ресімдеудің сапалылығын бағалау болып табылады.
Ерекше ықылас - рецензент жұмыстың кемшіліктеріне назар аудару керек.
Сын-пікірдің соңында жұмыстың жалпы бағасы болу қажет (өте жақсы, жақсы, бағалау қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлық емес). Осында дипломанттың бакалавр академиялық дәрежесін иемдену мүмкіндігі мен мүмкінсіздігі туралы қорытынды жасалу керек (қанағаттанарлықсыз баға қойылған жағдайда).
Дипломдық жұмыс жетекшісінің пікірін ресімдеу қандай болса, сын-пікірді ресімдеу талаптары сол қалыпта болады.
9 Дипломдық жұмысты қорғау
МАК отырысына дипломдық жұмысты қорғауға оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған студенттер ғана жіберіледі.
Қорғау алдында, студент графикалық материалдарын (баяндама айту тәртібімен) көрсету үшін рет-ретімен іледі. МАК мүшелеріне студент демонстрациялық материал комплектілерін таратады.
Студентке дипломдық жұмыс бойынша баяндау үшін 15 мин уақыт беріледі. Қорғау барысында студент өз жұмысында қабылданған шешімін дәлелдеуі қажет. Дискуссия кезінде, ол әдеп ережелерін сақтауы қажет.
Баяндаманы аяқтаған соң студент МАК мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Жауаптар қысқа және техникалық сауатты болу керек.
Қорғау соңында жетекшінің пікірі оқылады, ал МАК-ң бір мүшесі рецензенттің дипломдық жұмысқа берген сын-пікірі оқылады. Кейін дипломшыға рецензенттің ескертпелеріне жауап беру үшін сөз беріледі.
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі МАК отырысында хаттаманы ресімдеуден кейін сол күні хабарланады, Хаттамада келесі сұрақтар жазылады: дипломдық жұмысқа баға; біліктілік беру; университетті бітірушіге қандай диплом беріледі (жәй немесе үздік), дипломдық жұмыс мазмұны мен оның қорғалуының (мысалы, дипломдық жұмыстың тәжірібелік құндылығы) оң және кері аспектілері; қойылған сұрақтар; ерекше пікірлер.
Дипломдық жұмысты қорғаған студентке МАК шешімімен академиялық бакалавр дәрежесі беріледі.
10 Нормативтік сілтемелер
Берілген әдістемелік нұсқауларда келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген:
№389-1 27 шілде 2007 ж. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
№603-II ҚРЗ 9 қараша 2004 ж. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
№195 2 наурыз 2005 ж. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген, жоғары кәсіптік білім беретін бағдарламаларды іске асырушы ұйымдардың қызметтерінің типтік ережелері;
МЖБС 5.03.001-2004 №380 30 сәуірден 2004 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бекітілген. №1 23.092005 ж, №644 және №2 18.08.2006 ж. №464 өзгертулер енгізілді.
МЖБС 3.08.345-2006 №779 23 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бекітілген Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты.
МЖБС 5.04.020-2008 №26 23 қаңтардан 2008ж. «Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты. Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты орындау ережелері. Негізгі ережелер.» Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бекітілген.
ҚР СЖ 1.5-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартизация жүйесі. Стандарттар мазмұны, ресімдеу, айту, құруына жалпы талаптар.
ӘН СӘК 110.07-2009 әдістемелік нұсқау. Дипломдық жұмысты ресімдеу, ұйымдастыруға жалпы талаптар.
МЕСТ 7.32-2004. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Ресімдеу ережелері және құрылымы. Минск: Стандарттар,2001.
МЕСТ 2.701-84. Сұлбалар. Түрлері мен типтері. Орындауға жалпы талаптар. М.: Стандарттар, 1984.
МЕСТ 2.702-75. Электрлік сұлбаларды орындау ережелері. М.: Стандарттар, 1985.
МЕСТ 2.708-81. Цифрлық есептеу техникасының электрлік сұлбаларды орындау ережелері. М.: Стандарттар, 1981.
МЕСТ 2.721-74 – 2.758-82. Сұлбаларда шартты графикалық белшіленуі. М.: Стандарттар, 1985.
МЕСТ 2.710-81. Электрлік сұлбаларда әріптік-цифрлық белгіленуі. М.: Стандарттар, 1985.
МЕСТ 2.104-68. Негізгі жазулар. М.: Стандарттар, 1970.
МЕСТ 2.319-81.Диаграммаларды орындау ережелері. М.: Стандарттар, 1984.
МЕСТ 7.1-84. Кітапханалық және баспа ісі, ақпарат бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттың библиографикалық сипаттау. Жалпы талаптар мен құру ережелеру. М.: Стандарттар, 1984.
МЕСТ 7.82-2001. Кітапханалық және баспа ісі, ақпарат бойынша стандарттар жүйесі. Библиографикалық жазу. Электронды ресурстарды библиографикалық сипаттау. Жалпы талаптар мен құру ережелеру.
МЕСТ 21.406-88. Өткізгіштік байланыс құралдары. Жоспар мен сұлбаларда шартты графикалық белгілеулер.
11 Қолданған әдебиеттер тізімі
Правила организации деятельности высших учебных заведений. Приказ МО и Н РК от 11 марта 2001 г., № 151.
О порядке организации и проведения итоговой аттестации, обучающихся в высших учебных заведениях. Приказ МО и Н РК от 12 июля 2000 г., № 174.
ГОСО РК 3.08.345-2006 по направлению подготовки бакалавров 050719 - «Радиотехника, электроника и телекоммуникации». Приказ МО и Н РК от 23 декабря 2005 года, № 779
СТ РК 1.5-2000 Государственная система стандартизации Республики Казахстан. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию стандартов.
СТ РК 1.5-2000 Государственная система стандартизации Республики Казахстан. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию стандартов.
МИ СМК 110. 07 – 2009 Методическая инструкция. Общие требования к организации, проведению и оформлению дипломной работы (проекта). Астана: КАТУ, 2009
ГОСТ 17657-79. Передача данных. Термины и определения. М.: Стандарты, 1979.
ГОСТ 7.1-84. Система стандартов по информации, библиотечному и издательскому делу. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления. М.: Стандарты, 1984.
ГОСТ 21.406-88. Проводные средства связи. Обозначения условные графические на схемах и планах
ГОСТ 2.701-84. Схемы. Виды и типы. Общие требования к выполнению. М.: Стандарты, 1984.
А қосымшасы
Өтініш бланкісі (үлгі)
«РЭТ» кафедрасы меңгерушісіне
____________________________
энергетикалық фак-тің курс бөлім студенті _________________________
(студенттің аты-жөні)
Ө Т І Н І Ш
Сіздің кафедраңыз бойынша ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
тақырыбына дипломдық жобаны орындауға рұқсат беруіңізді сұраймын. Тақырыпты бекітіп және кафедрадан ___________________________________________________
(жетекшінің аты)
жетекшілікке тағайындауыңызды сұраймын.
«____» _______________ 2010 ж. __________________
(қолы)
«Рұксат беремін» кафедра меңгерушісі ________________ (қолы)
Заведующему кафедрой «РЭТ» ____________________________
студента (ки) ___ курса энергетического факультета_________ обучения
____________________________
(Ф.И.О. студента)
З А Я В Л Е Н И Е
Прошу разрешить выполнить дипломный проект (работу) по Вашей кафедре на тему: _________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Прошу утвердить тему и назначить руководителя от кафедры __________________________________________________________________
«____» _______________ 2010 г. ____________________
(подпись)
Разрешаю зав. кафедрой ____________________
(подпись)
Б қосымшасы
Титульдық беті (үлгі)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
ТАҚЫРЫБЫ
______________________________________________________________
жазу әріптерімен, майлы шрифтпен
ОРЫНДАҒАН: ___ курс студенті
|
|
қолы
|
|
|
|
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:
Ғылыми дәрежесі, оқытушының қызметі
|
|
|
КЕҢЕСШІЛЕР:
|
|
|
қоршаған ортаны қорғау бойынша
|
|
|
экономикалық бөлім бойынша
|
|
|
еңбек қорғау бойынша
|
|
|
қалыпты бақылау бойынша
|
|
|
Дипломдық жоба қорғауға жіберілді
№ ___ хаттамасы ____________
(күні,айы, жылы)
Кафедра меңгерушісі _____________
АСТАНА 20__
В қосымшасы
Тапсырма бланкісі (үлгі)
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Энергетика факультеті ______________________________________________________
Радиотехника, электроника ж/е телекоммуникациялар кафедрасы
050719 - Радиотехника, электроника ж/е телекоммуникацилар мамандығы
БЕКІТЕМІН
Каф.меңгерушісі_________________
қолы аты-жөні
«_____» ____________ 20_____ ж.
Дипломдық жұмысты (жоба) орындау бойынша
Тапсырма
студент ________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Жұмыстың (жобаның) тақырыбы: ______________________________________________________________
______________________________________________________________
«____» ________ 20____ж. № _____бұйрығымен бекітілген
Студенттің аяқталған жұмысын тапсыру мерзімі_____________________
Жұмысқа берілген мәліметтер ______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Есеп-түсіндірмелі жазбахат мазмұны (іске асыру сұрақтарының тізімі)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
В қосымшаның жалғасы
Графикалық материалдың тізімі (міндетті сызбалардың нақты көрсетуімен) ______________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиет ______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Жоба бойынша кеңесшілер (жобаға қатысты бөлімдерді көрсетуімен)
Бөлім
|
Кеңесші
|
Бақылау
|
Мерзімдер
|
Қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |