61
ГЛОССАРИЙ
Азаматтық қоғам - әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік
қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
Бедел - белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.
Әлеуметтану - қоғам дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы
ғылым
Әлеуметтану зерттеуі - қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды тұтас жүйе ретінде
қарастырады.
Әлеуметтану сауалдамасы - жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша
түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері
Әлеуметтанудағы позитивизм - ХХ ғасырдағы әлеуметтанудың жетекші бағыты.
Негізін салған О.Конт.
Әлеуметтену - тұлғаның қалыптасу процесі, әлеуметтік ортада мақұлданған
құндылықтар мен нормаларды меңгеруі, игеруі және сол әлеуметтік ортаға кірігуі.
Әлеуметтендіру агенттері - әлеуметтендіру процесінің барысына бағытталған
мақсатпен ықпал жасаушылар.
Құндылықтар - жалпы көпшілік таныған мінез-құлық стандарты, сол мақсаттарға
жетудегі негізгі жолдар мен құралдар туралы сенімдер.
Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік топтың ішкі құрылысы, топтардың
институттардың өзара әрекеттерінің реттелген жиынтығы.
Мәртебе - белгілі бір құқықтар және міндеттер жиынтығымен байланысқан қоғамдағы
тұлғаның немесе әлеуметтік топтың Жалпы қалыптық жағдайы.
Мобильдік - әлеуметтік субьектінің әлеуметтік құрылымындағы орнының өзгеруі.
Мотивация - тұлғаның немесе әлеуметтік топтың белсенділігі мен қызметінің
бағытын анықтайтын ниет.
Әлеуметтік стратификация - өздерінің әлеуметтік мәртебесімен өзгешеленетін
қоғамдағы түрлі әлеуметтік жіктелудің нәтижесі.
Әлеуметтік-саяси институттар - біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси
жүйелік түзілім.
Әлеуметтік-саяси элита - қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі
бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі,
жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге
асыратын адамдар тобы, жігі.
62
Иделды тип - дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және
әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.
Қолданбалы әлеуметтану - әлеуметтану ғылымының саласы. әлеуметтік өмірді
оптимизациялау, ұйымдастыру, дамытудың жолдары, формалары. Т.б.
Салалық әлеуметтану - қоғамдық өмірдің жеке немесе ауқымды салаларындағы
әлеуметтік құбылыстарды, жүйелерді, процесстерді зерттейтін әлеуметтану ғылымының
салалары.
Социум әлеуметтану ғылымының обьектісі, яғни адамзаттық өзара әрекеттің жалпы
формасы, әлеуметтік ақиқат.
Саяси-әлеуметтік байланыс - адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және
сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси даму - жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың,
құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
Саяси-әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен,
бірлескен, адамдар жиынтығы.
Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.
Саяси-әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары
прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
Саяси-әлеуметтік заңдар - қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын
анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты
өзара байланыстар.
Саяси-әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси
түзілім.
Саяси-әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік
және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.
Саяси-әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп
жақындасуы.
Саяси-әлеуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен
қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси
процестердің формасы.
Саяси-әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың,
субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары,
мотивтерінің қызметі.
Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
63
Урбанизация – қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы
және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
64
"Терминологиялық қобдиша"
Аддиктивтік мінез-құлық - шындық өмірден кетуге ұмтылған девианттық мініз-
кұлықтың бір түрі. Бұл мінез-кұлық өзінің психикалық жағдайын белгілі бір шартарды
қабылдау арқылы өзгерту немесе көтеріңкі көңіл күйді сақтау үшін назарын нақты іс-
қимылда аударуы аркылы білінеді.
Анамнез - баланың тәрбиесі мен дамуы туралы мәліметтер жиынтығы.
Амбиваленттік – екіжүзділік, яғни адамда бір уақытта екі бір-біріне қайшы келетін
беталыстардың (уайым, ұмтылыс, түсінік,т.б тіршілік етуі).
Ассоциалдық мінез-құлық-қоғамда әрекетететін ережелерге нормаларға деген
немқұрайлық. Қоғамға қарсы құбылыстармен салыстырғанда мұнда нормаларға қарсы
әрекет ету ұмтылысы орын алмайды.
Аутизм - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға
салынған кездегі көңіл-күй;
Альтруизм - қара басының ғана ғамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын
моральдық принсп.
Агрессия - физикалық немесе психологиялық зиян немесе нұқсан келтіруге, басқа адамды
немесе адамдар тобын жоюға бағыталған мінез-құлық, әрекет.
Аксиомма - даусыз, дәлелсіз қабылданатын ереже.
Апатия - енжарлық, селқостық, сылбарлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, үнжырғаның
түсуі.
Аномалия - қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.
Әлеумет - халық бұқарасы, көншілік, жамиғат мағынасында қолданылады, қандай
болмасын белгілі бір топқа біріккен адамдардың жиынын көрсетеді.
Әлеуметтке қарсы (қоғамға қарсы) мінез-құлық – жалпы қоғамға, нақты адамдарға
қарсы бағытталған мінез-құлық.
Әлеуметтену - тұлғаның қалыптасу процесі, әлеуметтік ортада мақұлданған құндылықтар
мен нормаларды меңгеруі, игеруі және сол әлеуметтік ортаға кірігуі.
Әлеуметтік норма - адамдардың қарым-қатынасын ретейтін қоғамда қабылданған мінез-
құлық ережесі.
Әлеуметтік топтар мен қоғам – біріккен әрекеттердің нәтижесінде осы топтағы
адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамдардың бірлестігі.
Әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар,
қадағалауысз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен
мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды
Достарыңызбен бөлісу: |