63
ретінде, ЗТ үшін жауапты танымдық құрылымды толығырақ сипаттауға мүмкіндік берді.
Басқа психикалық ақаулар болса, бұл танымдық құрылым нашарлайды немесе онымен қатар
жүре беруі мүмкін. Мұндай көзқарас аутизм сияқты елеулі психиатриялық патологиялардың
эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері бойынша алынған дәлелдерге сәйкес келеді
(Baron-Cohen, 1995; Frith et al., 1994). Аутизммен ауыратын балалар зияткерлік және сөйлеу
қабілеттерін тестілеуге арналған басқа танымдық тапсырмаларға қарағанда, жалған ұстаным
міндеттерін орындау кезінде төмен көрсеткіш байқатады.
Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Шығармашылық үдеріске, өнімге немесе жеке тұлғаға қатысты қарастырылады (Barron,
2002) және ол арқылы бірегей, жоғары сапалы және дана нәтижелер шығатын тұлғааралық
әрі тұлғаішілік үдеріс деп сипатталады. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс
істеу барысында шығармашылық әлеуетінің негізі ретінде қаралатын өзіндік идеяларды
дамытуға немесе өндіруге, яғни үдеріске көңіл аудару қажет. Мұндай үдерісті түсіну үшін
конвергентті және дивергентті ойлау арасындағы Гилфордтың (1956) айырмашылықты шектеу
түсініктерімен танысқан пайдалы. Конвергентті ойлауға байланысты проблемалардың көбіне
бір дұрыс шешімі болады, ал дивергентті ойлауға қатысты проблемалар проблеманы шешетін
субъектілерден көптеген шешімдерді қабылдауды талап етеді, ол шешімдердің кейбіреулері
жаңа,
жоғары сапалы, креативті болуы мүмкін.
Балалардың креативтілігін дұрыс түсіну үшін, шығармашылық, зияткерлік қабілеттер
мен дарын арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. «Дарынды» деген термин әдетте
жоғары зияткерлік қабілеттермен пара-пар тәрізді. Бірақ Валлах (1970)
зияткерлік қабілет пен
шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғары зияткерлік
қабілеттер болуы да, болмауы да мүмкін деп есептеген. Балалар креативтілігінің көптеген
өлшемдері мағынаны жылдам ұғуға шоғырланған. Мағынаны жылдам түсінуге арналған есеп-
тер балалардан миға шабуылдағыдай белгілі бір түрткі ойларға сәйкес көбірек жауап ойлап та-
буды талап етеді. Негізінен, мазмұнын жылдам түсіну шығармашылық үдерістің аса маңызды
сипаттамасы деп саналады. Балалардың жауаптары қарапайым, дағдылы сипатта, сондай-ақ
бірегей, қайталанбас мазмұнда болуы мүмкін, бұл ретте соңғысының шығармашылық әлеуеті
бар деп саналады. Осылайша, біз балалардан «олардың ойынша «қызыл» болатын барлық зат-
тар» туралы айтуды сұрадық, балалар тек вагон, алма, күртелерді ғана емес, сонымен қатар
қызылша ауруын және суық қолдарды да санағанын көрдік.
Мұғалімдер үшін маңызы
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы ең маңызды ақпарат
оқудың танымдық теориясына байланысты шығар. Маргарет Дональдсон сияқты көптеген
психологтар мен педагогтер Пиаженің дамыту мен оқудағы «кезеңдік тәсіліне» күмән тудыр-
ды, өйткені 1950-ші жылдары Пиаже идеясы әлі кеңінен таралмаған болатын. Неврология
саласындағы соңғы
зерттеулер көрсеткендей, балалар да ересектердікі сияқты неврологиялық
құрылымдарға ие болатыны дәлелденген (Goswami and Bryant, 2010). Госвами мен Брайант ере-
сектер мен балалардың ойлауы арасындағы айырмашылықтар олардағы нейрофизиологиялық
өзгерістер тұрғысынан емес, олардың тәжірибелеріндегі алшақтықта екенін түсіндіруге бо-
лады деп есептейді. Осы арқылы проблеманы шешу үшін әзірше оқушылар оқуға «дайын»
болғанша күте тұру керек деген қалыптасқан пікірге деген сенімді шайқалтты.
Заманауи ойлау біз оқушылардың оқу тәжірибесін болжаулы даму кезеңдері аясын-
да шектемеуіміз керек деп санайды. Оның орнына біз барлық жастағы оқушыларды
бай эксперименталдық және әлеуметтік ортамен қамтамасыз етуге тиістіміз. Оқушылар
мұғалімдермен және басқа оқушылармен өзара әрекеттестікте жиі болатын орта олардың ЖА-
ДА-сына сәйкес оқуды қолдауға мүмкіндік береді. Оқудың танымдық теориясы балаларды оқу
үдерісінің белсенді қатысушылары деп санайды, сонымен қатар оқу мен дамытуға арналған