61
қабілеттері жоқ деп есептеген (Inhelder & Piaget, 1958). Пиаже балаларға A:B::C:? суретті тап-
сырма ұсынып, суретті жиынтықтан D-ны табуды сұрады. Ол балалардың проблеманы шешу
үшін негізінен, төмен деңгейдегі өзара байланысқа сүйенгенін, мәселен, С-мен байланысты не-
месе С-ға ұқсас суреттерді таңдағанын анықтады (Piaget et al., 1977). Пиаже А – В және C – D
арасындағы деңгейі жоғары өзара байланысты анықтауға қабілеттердің болмауының негізінде
балалардың формалды оперативтік сатысына (шамамен 11 жас) жеткенге дейін ұқсастық
бойынша пайымдауға қабілетті болмайды деген тұжырым жасады. Бірақ, алдыңғы зерттеу-
лер балалардың ұқсастық бойынша пайымдау қабілетіне күмән туғызса да, соңғы зерттеулер
бұл пікірді теріске шығарды (бастауыш мектеп жасындағы балалар ұқсастық бойынша тиімді
пайым жасай алатынын көрсетті). Егер үш жастағы балаларға проблеманы шешуге қажетті
байланыс таныс болса, онда олар A:B::C:D классикалық ұқсастықты дұрыс орналастыра ала-
ды (Goswami & Brown, 1989). Чен және оның әріптестері (1977) 13 айлық нәресте қолы жете
қоймайтын ойыншықты алу үшін оған бұның модельденген стратегиясы көрсетілген жағдайда,
ол бұл білімін қолдана алатынын көрсетіп берді. Бұл ретте аталған стратегия ұқсастық бой-
ынша пайымдау өмірдің бірінші жылында қол жеткізілетін маңызды жетістіктердің бірі бола
алатынын меңзейді.
Моральдік пайымдау
Өнегелі даму – психология мен педагогикадағы негізгі тақырыптардың бірі. Пиаже өнегелі
дамудың екі кезеңдік үдерісін сипаттады, ал Кохлберг өнегелі даму теориясында әртүрлі
үш деңгейдегі алты кезеңді бөліп көрсетті. Кохлберг өнегелі даму – бұл өмір бойы жүретін
тұрақты үдеріс деп болжап, Пиаженің теориясын дамытты. Кохлберг өз теориясын бастауыш
мектеп жасындағы балалар топтарымен жүргізген зерттеулер мен сұхбаттарына негіздеді. Бұл
зерттеуге қатысушыларға моральдік дилеммалар беріліп, әр сценарий бойынша олардың ойла-
рына негіз болған пайымдауларды анықтау ұсынылды. Бұдан әрі Кохлберг балаларға ұсынған
«Ганс дилеммасы» деп аталған мысал келтірілген…
«Ганстың дәрі ұрлауы
Еуропада бір әйел рактың ерекше түрімен сырқаттанып, өлім аузында жатады.
Дәрігерлердің пікірінше ол әйелге көмектесе алатын бір дәрі бар екен. Бұл – радийдің бір түрі,
оны осы қалада тұратын фармацевт жуырда ойлап тауыпты. Мұндай дәріні шығару өте
қымбат жұмыс, ал фармацевт оны сатуға он есе қымбат баға қойған. Радий үшін ол 200
доллар төлеп, дәрінің кішкентай мөлшерін 2000 долларға бағалады. Сырқат әйелдің күйеуі
Ганс таныстарының барлығынан қарыз сұраса да, соманың жарты құнын, яғни 1000 дол-
лар ғана жинайды. Ол фармацевке әйелінің өлім аузында жатқанын айтып, дәріні арзанырақ
сатуды немесе кейінірек төлеуге рұқсат етуді сұрайды, бірақ фармацевт: «жоқ, мен бұл
дәріні таптым және мен осы дәрімен ақша табамын» – деп жауап береді. Осы сөзге қатты
ашынған Ганс дәріханаға баса-көктеп кірді де әйелі үшін сол дәріні ұрлап әкетті. Ганс дәл
осылай істеуге тиіс пе еді?» (Kohlberg, 1963).
Кохлбергті қызықтырғаны – Ганс дұрыс істеді ме деген сұраққа беретін жауаптары емес
еді, ғалымды қатысушылар өз шешімін негіздеген пайымдары қызықтырды. Жауаптар өнегелі
даму теориясын негіздеу сатылары бойынша жіктелді. Бұл модель әрқайсысы екі кезеңнен
тұратын үш деңгейге бөлінді.
I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
1-кезең. Тілалғыштық және жазалау.
Өнегелі дамудың ең ерте кезеңі, бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында кең
тараған. Бұл кезеңде балалар ережелерді абсолютті және мызғымас деп санайды. Ережеге
бағыну маңызды, себебі бұл жазаға ұрынбау дегенді білдіреді.
2-кезең. Тұлғалық ерекшелену және өзара әрекеттесу.
Өнегелілік дамудың бұл кезеңінде балалар дара көзқарастарды ескереді, қылықтар туралы
жеке қажеттіліктерге қаншалықты сәйкес келетініне қарай ой білдіреді. Ганс дилеммасында,
62
балалар Ганс қажеттіліктеріне қызмет ететін іс-әрекет ең дұрысы дегенді ұстанды. Өнегелі
дамудың бұл сатысында өзара түсіністік болуы үшін ол жеке мүддеге сәйкес келуге тиіс.
II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
3-кезең. Тұлғааралық қатынастар.
Әдетте «жақсы ұл – жақсы қыз» деп қарастырылады. Бұл сатыда даму әлеуметтік тұрғыдан
күтілетін нәтиже мен рөлдерге қол жеткізуге шоғырланады. Конформизмге және «жақсы» бо-
лып саналатынның барлығына; таңдаудың өзара қарым-қатынастарына әсері туралы ойларға
назар аударылады.
4-кезең. Әлеуметтік тәртіпті қолдау.
Өнегелі дамудың бұл сатысында адамдар пайымдау жасағанда қоғамды тұтас қарастырады.
Ережелерді орындау және борыш пен өкілеттілікті атқару арқылы заң мен тәртіпті қолдауға
ерекше назар аударылады.
III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау
5-кезең. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар.
Бұл кезеңде адамдар түрлі құндылықтарды, басқа адамдардың пікірі мен көзқарастарын
ескере бастайды. Заңның қағидалары қоғамды қолдау үшін аса маңызды десек те, қоғам
мүшелері мұндай стандарттармен келісуге тиіс.
6-кезең. Әмбебап қағидаттар.
Кохлберг бойынша моральдік пайымдаудың соңғы деңгейі әмбебап этикалық қағидаттарға
және абстрактілі пайымдауға негізделеді. Бұл кезеңде адамдар, егер олар қағидалармен және
заңдармен келіспесе де, әділдіктің үйреншікті болған қағидаттарына сүйенеді.
Зерде теориясы оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
«Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды арнайы делдал ретінде түсінудің, яғни олардың
зердесін ұстаным, тілек сияқты арнайы күйлердің теориялық тұжырымдамасы тұрғысынан
интерпретациялаудың ерекше танымдық қабілеті. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін
ақыл-ой күйінің кең спектрін (ұстаным, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз.
Қысқаша айтқанда, зерде теориясы – өз санаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына
ой жүгірте білу деген сөз.
«Жалған ұстаным»
ЗТ тұжырымдамасы даму психологиясынан шығады. Балалар ниетті және басқа да
маңызды сана операцияларын (көз тігу бағыты, назар аудару, талаптану) түсіну қабілеттерін
ерте көрсетеді. Соған қарамастан, 80-жылдардың басында Г.Виммер мен Дж.Пернер 3–4 жасқа
жеткенге дейін ЗТ толыққанды дамымайтынын көрсетті. Ғалымдар 3 жастан 5 жасқа дейінгі
балалардың жалған көзқарасты басқа біреуге таңуын қадағалау және тексеру үшін бірнеше
эксперимент жүргізді. Эксперименттердің бірінде балалар кейіпкер Максидің шоколадын
жәшікке тастап кеткен кезде оның анасы шоколадтың кішкене бөлігін ас дайындауға алады да,
тәттіні басқа жерге қойып кеткені туралы сценаны бақылайды. Макси қайтып келгенде экс-
перимент жасаушы: «Макси шоколадты қай жерден іздейді?» деген сұрақ қояды. 1983 жылғы
алғашқы нәтижелер, 5 жастан үлкен балаларда Максиге жалған түсінік беру проблемалары
кездеспейтінін, бұл жасы кішірек балаларда кездесетінін көрсетеді (олар Макси шоколадты
анасы қойған жерден іздейді деп ойлайды). Жалған ұстанымның алдына қойылған міндет – ба-
лалар дамуындағы кезеңдер арасындағы нақты бөлінуді айқындау, атап айтар болсақ, ол ақыл
мен ақиқатты «айқын» көрсету кезеңі және ақыл мен ақиқатты «айқын емес» көрсету кезеңі.
Бұл олардың шынымен болған жайт пен адамдар көзқарасына негізделген пікірді оңай айыра
алатынын білдіреді.
Жалған ұстанымды пайдалана отырып жүргізілген бақылау
нәтижелері баланың санасын-
да үш жаста күрт өзгерістер болатынын көрсетті. Бұл көптеген психологтар мен философтарға
(Leslie, 1987; Fodor, 1992) шамамен үш жасқа қарай күшейе түсетін туа біткен модуль