28
кездейсоқ факторларының ықпалы күштірек екенін тілге тиек етеді. Осылайша, отбасының
тәрбиесі қалыс қалған кезде мектеп тәжірибесі жастардың «тәрбиесінен» елеулі орын алуы
мүмкін.
Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім
түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады.
Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер
Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты
ұйымдастыру және рефлексиялық ойлаудың динамикалық үдерісінің басым бөлігі мидың
маңдай бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді
(6–7-сурет).
fMRI функционалдық
магнитрезонанстық
томография
PET –
позитронды-эмиссиялық
томография
ERP – мидың түрткі салынған
әлеуеті
Нақты тапсырманы орындау
кезінде ми
қызметінің
орналасуын көруге мүмкіндік
береді
Радиоактивтi изотоптарды
енгізгеннен кейін мидың
әртүрлi
бөлiктерiндегі қан
ағысы өлшенедi. Қан ағысы
қарқынды болған сайын
белсенділік арта береді.
Мидағы
электр белсенділікті,
сондай-ақ белгіленген
стимулдарға қатысты электр
реакциясының
жылдамдығын
және амплитудасын өлшейді
6-сурет. Нейровизуалдандыру әдістері
Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтарымен байланыстырылған,
олар:
• визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға жауап беретін мидың артқы
бөлімінің
желке тұсындағы бөлігі;
• ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін самай бөліктері;
• қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғарғы
бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.
Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын маңдай бөліктерімен өзара байла-
нысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар.
30
ойыңызша осы талап үдесінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайсыз. Ұзақ мерзімді жады-
ны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексиялық өңдеу үдерісі
жұмыс жадысында жүзеге асады.
Оқыту мен оқу үшін жадыны зерттеудің маңызы
Төменде келтірілген үзiндi доктор Джон Саймонстың жақында Кембридж университетi
эксперименталды психология кафедрасының жады зертханасында жүргізген зерттеулеріне
негiзделген.
Миды бұлшық етпен салыстыру жиі кездеседі, өйткенi миды жаттықтырсаң, ол
жұмыс істеуін жақсарта бастайды. Бодибилдинг спортымен айналысатындар кiр та-
старын көтеру арқылы бұлшық еттерін қатайтып, күшейте алады, демек, Сіз де есіңізде
сақтағыңыз келетін ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішіңізден) жаттықсаңыз,
онда өзіңіздің жадыңызды жақсарта аласыз.
Зерттеушiлер көп жылдар бойы мұндай әдiспен ақпаратты қайталау оны қысқа
мерзiмдi жадыда сақтап және ұзақ мерзімді жадыға беру үшін керек деп санаған. Бұл әдіс
біздің инстинктімізбен сәйкес келеді, мысалы, біз телефон нөмірін есте сақтағымыз келсе,
онда оны ой-санамызда қала ма деген ниетпен ішімізден көп рет қайталаймыз. Көптеген
студенттер дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды
қайталап оқу, нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деп ойлайды.
Ақпаратты көп қайталасаң, жадыңда ұзақ сақталатындығы дәлелденген. Зерттеулердiң
бiрiне қатысушыларға сөздер тiзiмi беріліп, оларды белгілі бір уақыт ішінде дауыстап
айту сұралады. Қатысушылардан қайталаған сөздерді еске түсіруді сұрағанда, жадыда
жатталған сөздердiң саны тiзiмнің неше рет оқылғандығына тiкелей байланысты болаты-
ны анықталды. Соған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай механикалық қайталауға
қарағанда, жадыда ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып, стратегиялық
амалдарға сүйеніп есте сақтау анағұрлым тиімдірек болып шықты.
«Нақтылайтын» өңдеу
Көптеген адамдар актерлер өз рөлдерiн механикалық қайталауды пайдаланып жаттайды
деп есептейді, бірақ Хельга Нойс жүргізген (2006) зерттеу бұның олай емес екендігін көрсетті.
Нойс актерлер өздерінің рөлдерін сценарийдің сөздеріне емес, бұл сөздердің мағынасына
және кейіпкердің жағдайына мән беріп жаттайтындығын анықтады. Бұл зертханалық
зерттеулердiң нәтижелерiмен расталды: сөздер тізбегін қайталау материалды ұзақ уақытқа
есте сақтау мүмкіндігін жақсартатынына қарамастан, осы ақпаратты тиісті фактілер
мен білімге байланыстырып қарастыратын «нақтылай» өңдеу («elaborative» processing)
әдісі анағұрлым тиімдірек болып табылады. Зерттеулердiң бiрiнде қатысушыларға келесі
сұрақтарды пайдалана отырып, сөздерді жаттауға ұсыныс жасалған:
а) Сөз бас әріппен жазылған ба?
ә) Сөз қарапайым ба, әлде күрделі ме?
б) Сөз жиһаздың бөлігіне жата ма?
Ең жоғары есте сақтау деңгейі анағұрлым тереңірек, нақты және қайта өңдеуге
негізделген пысықтауды қажет ететін (б) сұрағына жауап бергенде байқалды.
Басқа бір экспериментке қатысушылар сөйлемдерді тек жаттап есте сақтаған (мы-
салы, «Дәрігер қорғаушыны жек көрді») немесе нақтылайтын сөйлемдерді (мысалы, «На-
шар тәжірибесіне қатысты оның атына сотқа талап-арыз берілуіне байланысты дәрігер
қорғаушыны жек көрді») қолдана отырып жаттаған. Нақтылау әдісі сөйлемдерді анағұрлым
тез жаттауға мүмкіндік береді, танымдық қызметті қолдану бастапқы сөйлемді тереңірек
кодтауға әкелетіндігін көрсетті.
Зерттеулердiң бiрiнде емтиханға дайындалу үшін олардың қайсысы тиімді болаты-
нын білу үшін нақтылаудың әр алуан түрлері салыстырылды. Қатысушылардың бiр то-
бына мәтiнді оқырдың алдында ойлану үшiн сұрақтар түріндегі тақырып берiліп, басқа