47
әрі
птестерімен бірлестікте жүйелі түрде жүзеге асырылатын үдеріске айналдыру аса маңызды
болып табылады. «
Рефлексиялаушы практик» деген ұғым философ, психолог және оқу ре-
форматоры Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд
Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «
Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы
рефлексиялық ойды шешілуге тиіс мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып,
оқытуға ерекше ықпал етті: идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды
зерттеу және талдауға бастама жасап іске асыру; болжамды тәжірибеде сынап көру.
Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексиялық тәжірибені
педагогтердің проблеманы анықтап, өз іс-әрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып
шешу әдісі ретінде қарастыратынына байланысты. Шонның
«Рефлексиялаушы практик:
кәсіпқойлар іс-әрекетте қалай ойланады» (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды.
Оның «техникалық ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара отырып,
кәсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «
рефлексия» түсінігін қоюы бұл іске қосқан
зор үлесі болып табылады.
Техникалық ұтымдылық кәсібилікпен салыстырғанда негізгі па-
радигма бола алмады. Оның «
іс-әрекеттегі толғаныс» деген ұғымы кейде «
іс барысындағы
толғаныс» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын
эмоциялар мен тоерияларды ескеруді көздейді, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайға
сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін «
іс-әрекеттен
кейінгі толғаныс» жүреді.
Бұл үдеріс кейінірек, біз жазбаны аяқтап, оны әріптесімізбен немесе тәлімгермен талқылай
бастағанда жүзеге асырылады. «Іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» актісі топта не болып жатқанын,
өзіміздің белгілі бір жағдайда неге дәл осындай іс-әрекет жасағанымызды зерттеуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар біз өзіміздің іс-әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар
мен сұрақтарды анықтаймыз.
Төмендегі
дағдылардың кейбіреуі
рефлексиялық оқыту тұрғысынан қолданылады:
• проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;
• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын
түсіну;
• тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;
• нақты және түсінікті сипаттама;
• белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;
• нәтижелерді түсіндіру, дәлелдерді бағалау, тұжырым жасау;
• шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау;
• жасалған тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;
• алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.
Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
Рефлексиялық оқытуға балалардың үйренгендері жайында сын тұрғысынан ойлау кіреді.
Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды
талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап,
қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. Бұл арқылы
олар, мәселен, саяхатшылар мен көлік туралы біледі, өйткені бұл адамдардың өмір жолын
тілге тиек ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге құрылған немесе тарихтағы өзгерістер
мен үздіксіз ізденістер туралы біліп, адамның әлеуметтік-экономикалық өміріне әсер ететін
қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу мүмкіндіктеріне
ие болады.
Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы,
балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт
пен спорт, музыка мен ойын-сауық сияқтыларды талқылауға болады.