23
оқыту]. In Teaching Texts, Learning –centred leadership II (pp. 127-138). Nottingham: National
College for School Leadership.
Katzenmeyer, M., & Moller, G. (2001). Awakening the Sleeping Giant: Helping Teachers Develop as
Leaders (2
nd
ed.) [Ұйқыдағы алыптың оянуы: Мұғалiмдерге көшбасшылықтың сапаларының
дамуына көмек (2-басылым)]. Thousand Oaks, CA: Corwin Press.
Leithwood, K., Day, C., Sammons, P., Harris, A., & Hopkins, D. (2006). Seven strong claims about
successful school leadership [Мектеп көшбасшылығы туралы айтылған жеті мықты пікір].
Nottingham: National College for School Leadership.
Lieberman. A., Moore-Johnson, S., Fujita, H., & Starratt, R. (2007). Where Teachers can lead
[Мұғалімдер неге бастай алады]. Developing teacher leadership, the ILERN Materials.
Nottingham: National College for School Leadership.
McBeath, J. (2004). Distributed Leadership in Action: A study of current practice in schools [Іс-
әрекеттегі таратылған көшбасшылық: Мектептердегі ағымдағы тәжірибені зерттеу].
Nottingham: National College for School Leadership.
MacBeath, J., Frost, D., Swaffeld, S., & Waterhouse, J. (2006). Leader’ship for Learning: Making
the Connections [Оқытудағы көшбасшылық: Байланыс орнату]. Cambridge: University of
Cambridge Faculty of Education.
National College for School Leadership. (2004). Learning to Lead [Басқаруды үйрену]. NCSL’s
Stratgey for Leadership Learning. Nottingham: National College for School Leadership.
West-Burnham, J. (2009). Rethinking Educational Leadership [Білім беру көшбасшылығын қайта
ұғыну]. London: Continuum Books.
24
ОЙЛАУ ЖОЛДАРЫ
АДАМДАРДЫҢ ҚАЛАЙ ОҚИТЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛІМ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕР
Бұл тарауда адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған.
Бірінші бөлімде жаңа теориялық әзірлемелер қарастырылып, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері
түрлі тәсілдер арқылы оқыту тәжірибесімен байланыстыра қарастырылған, бұл мұғалімдерге
соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу дегеніміз не?
Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін
анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады
(негізгі міндет – «көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Мұның нәтижесі – оқушының
пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай
алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
1-3-тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл
сыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын іс-
әрекеті болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген оқыту үдерісінің бастапқы үш тұжырымдамасы
бір кезеңдерде білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге барғанға» ұқсайтындай болып көрінеді.
Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш сана-
тынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5-тұжырымдамалар анағұрлым
күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының
ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» не-
месе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек
беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай заманауи көзқарас «Мектептегі мұғалім
көшбасшылығы» бағдарламасында іске асырылатын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін
қалайды.
Оқу – кешенді үдеріс. Бірнеше минут мына мәселелер төңірегінде ойланып көріңіз.
Сіз нені үйренгеніңіз жөнінде мұқият ойланыңыз: бұл білім, білік, тәжірибелік
дағды немесе қағидат болуы мүмкін.
1. Сіз бұны қалай білдіңіз (қалай үйрендіңіз)?
- Сіз не істедіңіз? Немесе: қандай жағдай орын алды?
2. Бұған тағы кімдер және қалай үлес қосты?
3. Оқу нәтижесінде қандай өзгерістер туралы білдіңіз?
- Оның Сіз үшін мәні қандай болды?
4. Сіз үшін алынған білім нәтижесі қандай болды?
5. Сіздің бұны үйренгеніңізді өзгелер неден байқайды? Олар үшін жетістіктің
көрінісі қандай болмақ?
25
Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және жеке үдеріс екенін көрсетеді. Бұдан түйетін ой – бұл
саладан бейхабар адамдарға өзгелердің қалай білім алатынын нақты білу ауыр екені. Алай-
да оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау және қабылдауын
бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны тұтастай қарастыра
отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу үдерісінде бір-бірімен
өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді.
Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты
мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен
тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен ұстанымдарының
кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы ны-
санды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтeр, ынталандырушы,
аффектілік теоретиктер және когнитивті психологтeр. Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін
«тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері
тобы қосылған деген болжам жасауға болады (5-сурет). Біз ғылыми қордың мұраларын
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи
идеялармен танысамыз.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну
Әлеуметтік
психология
Когнитивті
психология
Нейроғылым
Аффекттік
теориялар
5-сурет. Адамдардың қалай оқитынын түсінуге бағытталған психологиялық
«экспедициялардың» негізгі бағыттары
Достарыңызбен бөлісу: |