Экономикалық теория
133
Экономикалық циклді тудыратын ішкі себептер:
негізгі капиталдың қызмет мерзімі;
өндіріс көлеміне қысқаруына немесе өсуіне әсер ететін
жеке тұтынушылық;
өндіріске, сұраныс және тұтынуға тікелей және жанама
әсер ететін мемлекеттің экономикалық саясаты.
12.2. Экономикалық цикл және оның әртүрлілігі.
Орта жедел циклдердің фазасы
Циклдің әртүрлілігі болады:
- ұзынтолқынды – бірнеше онжылдықты қамтиды
(шамамен 45-50 жыл - жаңа технологиялардың пайда болуымен
байланысты, Н.Д.Кондратьев толқындары);
- қалыпты немесе орта – 8-10 жылдық. Оларға Жугляр
циклі жатады, оның себептері ақша айналымда, несие, және
материалдық негізі – негізгі капиталдың жаңартуы болып
табылатын өнеркәсіптік циклде болады;
- шағын циклдер немесе Китчин циклдері – алтынның
әлемдік қорының ауытқуымен байланысты 3-4 жылдық.
Өнеркәсіптік циклді дайындауда ерекше орынды үлкен
толқындар теориясын дайындаған Н.Кондратьев алады. Ол
өзінің циклдерінде екі фазаны – жоғарылатылма және
төмендетілмені көрсетеді. Жоғарылатылма фаза алдында
ғылыми – техникалық прогресте өзіндік жарылыс жүреді, одан
кейін көтерілу сатысында – ҒТП нәтижелерін экономикаға
кеңінен ендіріледі. 1803-1843 жылдарында болған бірінші цикл,
тоқыма фабрикаларын және тас көмірді өнеркәсіптік өндіруімен
сипатталады. Екінші (1844-1896 жж.) көмірді одан ары
өндірумен, теміржолдарын салумен, бу қозғалтқыштарын ойлап
табумен және массалық қолданумен және қара металлургияның
дамуымен сипатталады. Үшінші (1896-1947 жж.) дәуір ауыр
машина жасау, электр энергиясы, бейорганикалық химия,
құрыш құю өндірісі және электрлік қозғалтқыштармен
сипатталады. Төртінші (1947-1983 жж.) саты автокөлік жасау,
машина жасау, химиялық өнеркәсіп, мұнайды қайта өндірудің
даму кезеңі. Бесінші толқын 1983 жылы басталды және
Н. А. Маженова
134
электрониканың, робот техниканың, есептеуіш, лазерлік және
телекоммуникациялық техниканың дамуымен сипатталады. Бұл
цикл 2018 жылы аяқталуы тиіс. Одан ары адамзат қолданыста
бар нано-,био-, ақпараттық технологиялардың конвергиясымен
айналысатын болады. Тәжірибеде бұл қалпына келетін
энергияға, қалдықсыз өндіріске және т.б. өтуді білдіреді.
Өнеркәсіптік цикл қозғалысында тізбекті өтетін– кризис,
тоқырау, жандану және көтерілу фазалары байқалады.
Кризис – тауарларды артығымен өндіру, жұмыссыздардың
көбеюі, өмір сүру деңгейі мен жалақының төмендеуі, банктегі
депозиттерді
алу
кезінде
көптеген
банктер
күйзеліске
ұшырайды, бағалы қағаздар курсы төмендеп кетеді.
Тоқырау – ол біртіндеп, тауарлардың артықшылығы азаяды,
бағаның төмендеуі қысқарады, капиталдың көпшілігі банктерге
ағылады, қарыз пайыз нормасы ең төмен деңгейде болады.
Жандану және көтерілу өндірістік өсуімен сипатталады,
өнеркәсіп өндіріс көлемі қалпына келеді, ал көтерілу кезінде
өнеркәсіптік өнім енді бұл деңгейді асып берілген цикл
шегіндегі жаңа максимумға жетеді.
Кризис – бұл өндірісті төмендетуді және тоқтатуды, ал
қиын жағдайларда типті өндіріс күштерінің құлауына әкеліп
соғатын экономикадағы тепе-теңдіктің бұзылуы. Өндіріс
дағдарысының екі түрі бар – «өндіріс кризисі» және
тауарлардың «өндірілмеген кризисі». Нарықтық экономика үшін
өндіріс кризисі тән. Ол келесілерде көрінеді:
Біріншіден, тауарларды оларға төлем қабілетті сұраныспен
салыстырғанда артығымен өндіру пайда болады. Нәтижесінде
өндіріліп қойған тауарлар сәйкес өткізілмейді.
Екіншіден, салдары ретінде, көптеген кәсіпкерлер өз қарыз
міндеттемелерін төлеуге жағдайы келмейді және күйреуге
ұшырайды.
Үшіншіден, өндіріс көлемінің төмендеуі, жұмыссыздардың
көбеюіне, жұмысбастылықтардың өмір деңгейінің төмендеуіне
және сұраныстың одан сайын төмендеуіне әкеледі.
Соңында, кризистік жағдайға қолма-қол ақша қаражатын
тынымсыз іздеу тудыратындықтан несиелік жүйе де ұшырайды.
Бұл жағдайда кәсіпкерлер несиеге барлық өспелі пайызды
Экономикалық теория
135
төлеуге дайын, бірақ жаппай салымдарды алу, банктердің қарыз
беруі емес көптеген салымшыларға ақшаларын қайтару
мүмкіндігі азаяды. Көптеген банктер күйзеліске ұшырайды. Бір
мезетте бағалы қағаздар курсы төмендеп кетеді.
Кризистің артынан тоқырау келеді, біртіндеп, тауарлардың
артықшылығы (бір бөлігі төмен бағамен өткізіледі, қалғаны
бұзылады) азаяды. Тауарларды өткізу қалпына келеді, бағаның
төмендеуі қысқарады. Тоқырау кезінде өндіріс көлемі кризистік
кезеңге қарағанда біршама көбейеді. Сонымен қатар капиталдың
көпшілігі өндіріс пен саудадан өз орнын таба алмай банктерге
ағылады, яғни еркін ақша ұсынысын өсіреді. Бірақ оларға деген
сұраныс төмендеу болғандықтан, қарыз пайыз нормасына ең
төмен деңгейге дейін құлдырайды.
Жандану фазалары өндірістік өсуімен сипатталады: Жандану
фазасында кризистің алдындағы өнеркәсіп өндіріс көлемі қалпына
келеді, ал көтерілу кезінде өнеркәсіптік өнім енді бұл деңгейді
асып берілген цикл шегіндегі жаңа максимумға жетеді.
12.3. Аграрлық дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс.
Мемлекеттік циклге қарсы реттеулер
Циклдік
кризис
өндірістің
көп
бөлігін,
халық
шаруашылығының барлық аймағын қамтитын болғандықтан
«жалпы» деп аталады. Сонымен қатар, өнеркәсіптің бір саласын
ауылшаруашылығын және көлікті (мысалы, тоқыма өнеркәсібі)
қамтитын салалық кризис болуы да мүмкін.
Экономикалық кризистің басқа бір түрі – халық
шаруашылығының дамуында ірі сәйкестенбеумен туатын
құрылымдық кризис. Мұндай кризис әдетте созылмалы сипатқа
ие және одан шығу өте қиын (құрылымдық кризистің мысалға:
энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктік жатқызуға болады).
Аграрлық дағдарыстың ерекшеліктері келесіде:
- аграрлық дағдарыс ауыл шаруашылықтың өнеркәсіптен артта
қалуымен байланысты (бұл артта қалу экономикалық дамудың
жоғары деңгейіне жеткен барлық мемлекеттерге тән емес);
- аграрлық дағдарыс ұзақ болатындығы соншалық жалпы
қайта өндірістің дағдарысы кезеңімен сәйкес келмейді;
Достарыңызбен бөлісу: |