Экономикалық теория
129
көлемі өскендегі ЖҰӨ мөлшерінің көбеюін көрсететін сандық
коэффициент.
ЖҰӨ (Ұлттық табыс) өсімі
Мультипликатор МР = ----------------------------------------------
Инвестиция өсімі
Акселератор ол осы жылғы инвестиция өсімшілігінің өткен
жылдары ұлттық табыстың өсімшілігіне сандық қатынасы.
Ағымдағы жылғы инвестиция өсімі
Акселератор = -------------------------------------------------
Өткен жылғы ұлттық табыс өсімі
Макроэкономикалық модельдерде акселератор мульти-
пликатормен бірігіп, шетелдерде экономиканы реттеу үшін кең
қолданылады.
Туынды инвестиция мен жинақтылық парадоксының өзара
байланысы,
өндірістік
құламалы
қысқаруы
және
ұсақ
өндірушілердің массалық кедейлену себептері осы жерде
екендігіне назар аудару керек.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Макродеңгейдегі тепе-теңдік пен жеке тауар нарығындағы
тепе-теңдіктің айырмашылығы неде?
2. Тұтыну, жинақ, инвестициялар категорияның өзара
байланысын негіздеңіз.
3. «Кейнсиандық крестін» сызып және оны сипаттап
беріңіз. Неліктен график биссектриса айналасында құрылады?
Инвестицияны сипаттайтын сызықтар неліктен қатаң түрде
параллельді түрде жоғары жылжиды?
4. Нақты мысалда мультипликация мазмұнын түсінгеніңізді
көрсетіңіз.
5.
Маңыздылығы
инвестицияның
сол
жағдайында
экономикалық шешімдердің әсерін көбейтуінде болатын нақты
мысалда «мультипликатор» санатының мазмұнын көрсетіңіз.
Н. А. Маженова
130
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Жиынтық сұраныс
Жиынтық ұсыныс
Қор жинауға бейімділік
Тұтынуға бейімділік
Мультипликатор
Акселератор
Жинақтылық парадоксы
Сэя заңы
Инвестиция
Автономиялық
Туынды
Тест сұрақтары
1) Кейнсиан теориясына сәйкес
A) нарықтық механизм экономиканың тепе-теңділік
жағдайын кепілдейді;
B)
жиынтық
сұраныс
мемлекеттің
және
нарық
механизмімен жиынтық ұсынысын құрайды;
C) нарықтық механизм табыстың және өндірістің тепе-
теңдігін қамтамасыз етеді;
D) ұсыныс сұранысты тудырады;
E) тепе-теңдік мемлекетпен жетеді.
2) Дж. Мейнард Кейнстің ойы пайда болуына мүмкіндік
берді:
A) еңбек құнының теориясына;
B) экономиканың негізгі звеносы ретінде – микроэкономикаға;
C) шектелген игілік пайдалылығы заңына;
D) экономикалық теорияның ірі бөлімі – макроэкономикаға;
E) рента теориясына.
3) “Мемлекеттің экономиканы реттеуі тиіс” – деген
тезисті алғаш рет дәлелдеген:
A) У. Митчелл;
B) П. Вальрас;
Экономикалық теория
131
C) Ф. Хайек;
D) А. Маршалл;
E) Дж. Кейнс.
4) Дж.М.Кейнс классикалық микроэкономика теориясының
қай тұжырымдамасын сынайды:
A) Сэй заңын;
B) ақшаның сандық теориясын;
C) экономиканың өзін-өзі реттейтін нарық теориясын;
D) банк механизмін;
E) ұсыну экономикалық теориясына.
5) Дж.М.Кейнстің “Жұмыспен қамту, пайыз, ақшаның
жалпы теориясы” еңбегін жазу себебі:
A) мемлекеттің экономиканы қатал реттеуі;
B) монополияның өсуі;
C) ақшаның айналыста көбеюі;
D) терең дағдарыстан шығу;
E) бағаның өсуі.
6) Кейнсиандықтар жұмыссыздықтың негізгі себептерін
байланыстырады:
A) жетіспеген сұраныспен;
B) өте жоғарғы жалақымен;
C) жұмысшы кушіне резерв жасау қажеттілігімен;
D) еңбек нарығындағы икемділіктің жетіспеуімен;
E) саяси тұрақсыздықпен.
7) Дж. М. Кейнс «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның
жалпы теориясы» еңбегін қай жылы жарыққа шығарды?
A) 1938;
B) 1967;
C) 1936;
D) 1956;
E) 1941.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2D, 3Е, 4С, 5D,
6А, 7С .
Н. А. Маженова
132
12. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ АУЫТҚЫМАЛЫ
БОЛУЫ МАКРОЭКОНОМИКА ЗАҢДЫЛЫҒЫ РЕТІНДЕ
ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
12.1. Нарықтық экономиканың циклдік дамуы.
Циклдік тербелудің себептері
Қоғамдық өндіріс қозғалысындағы белгілі уақыт аралығында
жиі қайталанып тұратын тербеліс, оның дамуының «циклдік»
сипатын білдіреді. Бір цикл деген экономикалық бір кризистен
басқасына қозғалысын немесе бір ұшу нүктесінен басқасына
қозғалысын қамтиды. Экономикалық даму барысындағы мұндай
өзгеріс себебі әр түрлі түсіндіріледі.
Көптеген қазіргі экономистер циклдік қозғалыс себебі –
нарықтық экономика қозғалысына әсер ететін көп түрлі күштер
мен факторлардың күрделі де қайшылықты сипатына байланысты
деп жалпылай көрсетуімен шектеледі.
Циклдік тербелісті экстералды және интералды теориямен
түсіндіреді:
Экстералды теория экономикалық циклді негізінен
сыртқы факторлардың болуымен түсіндіреді.
Интералды теория экономикалық циклді экономикалық
жүйенің өзіне тиісті факторларын іштен тудыратыны ретінде
түсіндіреді.
Сыртқы себептерге экономикалық жүйенің сыртында
жатқан және экономикалық жағдайларды кезеңдік қайталануын
шақыратын объективті және субъективті жағдайлардың жатуы
мүмкін.
Сыртқы себептер, ол:
соғыс, революция және басқа саяси сілкіністер;
алтын, ұран, мұнай және басқа бағалы ресурстардың ірі
кен орындарының ашылуы;
жаңа территориялардың игерілуі және оған байланысты
халықтың көші-қоны, жер шарындағы халық санындағы тербелістер:
қоғамдық өндіріс құрылымдағы түбірлік өзгеріске
мүмкіндік беретін технология, қуатты ашылулар, өнертабу және
инновация.
Достарыңызбен бөлісу: |