Н. А. Маженова
160
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Р – баға;
Q – тауардың саны.
Осыдан:
Р • Q
М = ————
V .
Бұл теңдеудің салдарынан, ақшаға сұраныс мөлшері келесі
факторларга тәуелді:
бағаның жалпы деңгейі;
өндірістің нақты көлемінің деңгейі (ол өскен сайын
нақты табыста өседі);
ақша айналымының жылдамдығы.
Ақша нарығы, бұл ақшаға сұраныс пен ұсынысты
пайыздық ставка деңгейі арқылы анықтайтын нарық, ақшаның
бағасы белгіленеді. Ақша нарығындағы тепе-теңділік сұраныс
және ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінде болады.
Ақшаның ұсыныс қисығы тікелей түзу түрінде болады.
Бұл, ақша ұсынысын бақылайтын Ұлттық банк, оны белгілі
деңгейде ұстауға тырысады.
14.3. Банк жүйесі. Несиенің мәні және оның түрлері
Көптеген экономикасы дамыған елдерде банктер екі
деңгейлі жүйеге бірігеді. Сондай жүйе бізде де құрылды. Оның
бірінші деңгейінде ұлттық банк болса, екіншісінде, әр түрлі
мемлекеттік емес банктер бар: коммерциялық, инновациялық,
инвестициондық, жинақтық және т.б. Орталық банкті «банкілер
үшін банк» деп атайды, себебі олар басқа банктерді, қаржы-
несие мекемелерін, сондай-ақ үкіметке қызмет атқарады. Олар
тағы да:
барлық қаржы-несие жүйесін және ақша айналысын
реттейді және бақылайды;
басқа банктердің ақша құралдарын және елдің алтын-
валюта резервін өзінде сақтайды;
ақша эмиссиясын жүргізеді.
Экономикалық теория
161
Коммерциялық банктер бұл, барлық үшін банктер. Олар
әртүрлі клиенттермен, майда салушылардан ірі фирмаға дейін,
тағы олар әмбебап немесе маманданған, региондық немесе
салалық. Банк қызметінің түрлері:
депозитті қабылдау және сақтау;
несиелендіру;
есептесу қызметі – бұл мемлекет және халық, кәсіпкерлер
арасындағы салықтар, жалақы бойынша, тауарларды жеткізу
бойынша төлемге делдалдық;
вексельдер есебі (дисконтирование) – банк вексельдерді
өтеу мерзімі болмай жатып сатып алады, одан есептеу пайызын
(дисконт) өзіне алып алады (өтеу мерзімі келгенде
вексельдершілерге төлеуге ұсынады);
кеңестік мәлімет беру қызметі;
сату комиссиялық қызметі – бұлар алтынды сату, құнды
қағаздар операциясы, заемдарды орналастыру, валюта айырбасы,
лизинг қызметі, факторлық операциялар (мысалы, қарыз-
данушылардан ақшаны қайтару мен құқығын қалпына келтіру);
сенімділік операциялар қызметі (трасталық) – бұл басқа
біреудің сенімхат арқылы меншігін басқару (мысалы, жер, бағалы
қағаз).
Ұлттық банк, банк жүйесін басқаруда басты рөл атқарады.
Ұлттық банк қызметінің бөлінуі:
Әкімшілік қызметі:
талабы бойынша жарғы қорының көлемін анықтау;
банк операциялар, тексеру және саясатын жүргізу;
нұсқау, ережелер мен нұсқау шығару.
Экономикалық қызметтері:
ақша эмиссиясы;
коммерциялық банктерге несиелер беру;
банк аралық есеп айырысуды ұйымдастыру;
бағалы қағаздар нарығындағы операцияларын өткізу;
мемлекеттік борышқа қызмет ету;
коммерциялық банктерге, банкілік операциялар жүргізуіне
лицензиялар беру.
Ұлттық банктің экономикалық қызметін жүргізудегі негізгі
әдістері:
Н. А. Маженова
162
несие сату аукционындағы ставканың мөлшерін анықтау;
шетелдік валюталар мен бағалы қағаздарды сату және
сатып алу;
Ұлттық банктегі міндетті резервтердің нормасын анықтау.
Міндетті
резервтер
дегеніміз
–
Ұлттық
банктегі
коммерциялық банктердің, пайыссыз шоттарындағы сақтайтын
ақшасы.
Ол
ақша
салушылардың
мүддесін
қорғайтын
қамсыздандыру қоры ретінде болады. Банктер пассивті және
активті
операциялар
жүргізеді.
Пассивтік
операциялар
көмегімен банктер ресурстарды жұмылдырады. Активті
операциялар көмегімен оларды орналастырады.
Банктердің ресурстары өздерінің меншікті және басқа
тартылған
қаржылар
есебінен
қалыптасады.
Меншікті
қаржыларға акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ
бөлінбеген пайда жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігі
депозиттен, сондай-ақ контокорренттік және корреспонденттік
счет түрінде тартылады.
Несие бұл, жеделдік, қайтымдылық және пайыз түрінде
төлемділік жағдайында қарызға берілетін ақша капиталыны
қозғалысы.
Несие келесі формаларда көрсетіледі: коммерциялық банкі,
тұтынушылық, мемлекеттік және халықаралық. Несиенің
түрлері:
Коммерциялық
кәсіпкерлермен,
шаруашылық
субъектілерімен бір-біріне төлемді кейінге қалдыру арқылы
тауарлы нысанда беріледі.
Банктік несие-қаржылық ұйымдармен (банк, қор,
ассоциация) кез келген шаруашылық субъектілеріне ақшалай
ссуда түрінде беріледі.
Тұтынушылық
жеке
тұлғаларға
ұзақ
мерзімді
қолданылатын тұтынушылық тауарларды сатып алу кезінде
белгілі бір кезеңге беріледі.
Ипотекалық – жылжымайтын мүлікті кепілге беру
арқылы ұзақ мерзімді ссудалар түрінде беріледі.
Кредиторлар мен қарызберушілер банктер, жеке фирмалар,
мемлекет, халықаралық және регионалдық ұйымдар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |