Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет34/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50

Н. А. Маженова 
 
118 
Еселі есеп 
Трансферттік төлемдер 
Таза экономикалық тұрмыс жағдай 
Индекс-дефлятор 
 
Тест сұрақтары  
 
1)  Мына  көрсетілгендердің  қайсысы  таза  экспорт 
есебімен ЖҰӨ көлемін бейнелейді: 
A) ЖҰӨ = С + І + G – NX; 
B) ЖҰӨ = C – І – G + NX; 
C) ЖҰӨ = C + І – G + X; 
D) ЖҰӨ = C + І + G + X + N; 
E) ЖҰӨ = C + І + G + NX. 
 
2) Нарықтық шаруашылықтың негізгі тұлғалары: 
А) үй шаруашылықтары, бизнес және үкімет; 
В) өнеркәсіп, сауда және қаржы капиталистері; 
С) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері; 
D) өндіріс факторларының иелері; 
Е)  кәсіподақтар,  кәсіпкерлер    бірлестіктері,  мемлекеттік 
институттар. 
 
3) Номиналды ЖҰӨ өлшенеді: 
A) экспортты бағада; 
B) ағымды бағада; 
C) базалық өзгермейтін бағада; 
D) өткен кезең бағасында; 
E) әлемдік бағада.  
 
4) Дефлятор дегеніміз – бұл: 
A) тиімділік көрсеткіші; 
B) ЖҰӨ мен ұлттық пайда арасындағы айырмашылық; 
C) номиналды және нақты ЖҰӨ арасындағы қатынас; 
D) елдің экономикасына капитал салу көрсеткіші; 
E) экономикалық циклдің фазаларының бір көрсеткіші. 
 


Экономикалық теория 
 
119 
5) Ұлттық табыс – бұл: 
A)  жоспарлы  түрде  ұйымдастырылған  еңбек  пен  жасалған 
таза өнім; 
B) ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдері; 
C)  кәсіпорындардың  белгілі  уақыт  ішінде  шығарған  өнім 
мөлшері; 
D)  қоғамдық  жиынтық  өнімнің  жаңа  құн  түріндегі 
өндірілген бөлігі
E)  барлық  тұтынылған  тауарлар  мен  қызмет  көрсету 
саласы. 
 
Тест сұрақтарының  дұрыс жауаптары: 1Е, 2А, 3В, 4С, 5D . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Н. А. Маженова 
 
120 
11. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК 
 
11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның  
          қамтамасыздануы. Экономикалық тепе-теңдік  
          және теңсіздік 
 
Нарықты  экономика  –  бұл  өзі    бір  үлкен  нарық.  Бұл 
макронарық  –  басқа  микронарыққа  әсерін  тигізеді.  Сатыпалушы 
мен  сатушының  арақатынасы  микроэкономика  деңгейінде  де 
күрделі,  ал  барлық  нарықты  экономика  ауқымында  арақатынас 
бірнеше  рет  күрделенеді.  Макроэкономика,  талдаудың  ерекше 
әдісін талап етеді, себебі оған тиісті тәуелділік микроэкономикада 
белгісіз.      Экономистер  макроэкономикалық  модельдер  жасай 
отырып, қандай мақсаттар қойып отырғанын қараймыз. 
Экономикалық  теорияның  түпкілікті  түсінігі  болатын 
категория  экономикалық  тепе-теңдік.  Экономикалық  тепе-
теңдік – бұл ұлттық экономиканың, барлық нарықта бір уақытта 
сұраныс 
пен 
ұсыныстың 
тепе-теңдік 
болу 
жағдайы. 
Экономикалық 
тепе-теңдік 
макроэкономикалық 
теорияда 
орталық  орын  алады,  неге  десе  ол  экономиканың  оптималды 
жағдайын  көрсетеді.  Бұл  қоғамдық  өндірістің  жоғарғы  деңгейі 
мен  экономикалық  өсу  қарқынын,  толық  жұмысбастылық, 
инфляцияны төмендету қамтамасыз етудің қажетті жағдайы. 
Нарықты  экономика  жағдайын  бір  уақытта    болатын  екі 
жағдайдағы  –  тепе-теңдікте    және  теңсіздікте,    тепе-теңдік 
және 
динамика 
ретінде 
сипаттауға 
болады. 
Нарықты 
экономикада  барлық  өндірілген  өнімдер  (жиынтық  өндіріс) 
тауарға  айналады  (жиынтық  ұсыныс)  және  сатылуы  қажет 
(жиынтық  сатылу  көлемі).  Ал  барлық  табыс  (жиынтық 
табыс)  жұмсалуы  қажет  (жиынтық  сұраныс)  және  өткерілу 
керек  (жиынтық  тұтыну).  Тек  сонда  ғана,  жиынтық  сұраныс 
пен  жиынтық  ұсыныстың  мөлшері  тең  болады  (AS=AD). 
Осындай 
идеалды, 
нарықты 
экономиканың 
жағдайы, 
экономикалық тепе-теңдікте болады. Өмірде оған жету мүмкін 
емес. Бірақ оған ұмтылу қажет.  
Макроэкономика  деңгейінде,    барлық  өндірілген  тауарлар 
мен  қызметтерді  біріктірсе,  онда  ол  жиынтық  ұсыныс,  ал 


Экономикалық теория 
 
121 
қоғамның  осы  тауарлар  мен  қызметтерді  тұтыну  мүмкіндігі 
болса, ол жиынтық сұраныс болып табылады.  
Нарықты  экономика  тұрақты  қозғалыста  болады,  және  ол 
жиынтық  сұраныс  пен  жиынтық  ұсыныстың  теңдігін  бұзып 
отырады.  Тек  сондай  ауытқулар  арқылы  «экономикалық  
динамика»    болады.  Бұл    нарықты  экономиканың  дамуы  деп 
айтамыз. 
Сондықтан,  экономикалық  тепе-теңдік  жиынтық  сұраныс 
пен  жиынтық  ұсыныстың  теңдігін  талап  етеді  (AD=AS),  ал 
экономикалық динамика теңсіздікке итереді. Соған қарамай осы 
екі  қойылатын  міндетке:  теңдікке  және  теңсіздікке  нарықтық 
экономика жауап бере алады. 
Макроэкономиканың негізгі көрсеткіштерін санды өлшеуге 
болады. 
Макроэкономикалық 
модельдер 
математикалық 
теңдеулер  түрінде  болады.  Макроэкономикалық  модельдер 
теңдескен  мінездеме  болады.  Ол  баланстыққа  жеткізетін 
сәйкестік дейміз. Бұл теңдіктер шамалайды: 
  өндіріс пен тұтыну арасында; 
  табыс пен шығынның; 
– ресурстар және оны пайдалану арасында; 
  сұраныс пен ұсыныс  арасында. 
Тепе-теңдікке  жету  белгілі  қиыншылықты  туғызады.  Бұл 
экономикадағы  тепе-теңділікті  бұзатын  нақты  құлдырау  мен 
дағдарыс,  жұмыссыздық  және  инфляциямен  расталады.  Тепе-
теңділік  экономиканың  механизмін  экономистер  өздері  жасап 
отырған макроэкономикалық модельдерінде  көрсетуге талпынуда.    
18  ғасырдағы  Франция  экономикасының  мысалындағы  жәй 
ұдайы  өндірісті  сипаттауы  Ф.  Кенә  (1694-1774)  кестесі.             
К.  Маркстің  моделі  капиталистік  жәй  және  ұлғаймалы  ұдайы 
өндіріс  пен  айналымының  моделі.  Еркін  бәсеке  заңы 
жағдайындағы  жалпы  экономикалық  тепе-теңділік  Л.  Вальрас 
моделі  (Австрия).  Шығындар  –  шығару  (В.  Леонтьев)  моделі. 
Дж. М. Кейнстің қысқа мерзімді экономикалық тепе-теңдік моделі. 
Бұл  модельдер  экономика  тек  өндіріс  сферасына  ғана 
қатысты  болған  кезге  сәйкес  келетін.  Қазіргі  экономикада 
өндірістен  тыс  сфералар  (бөлу,  қайта  бөлу,  айырбас)  үлкен 
мәнге ие.  


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау