Н. А. Маженова
136
- аграрлық дағдарыс өзіндік кезеңі болмайды. Бұл келесідей
себептерден туындайды:
1) табиғи – климаттық жағдайлар, мысалы, көпжылдық
құрғақшылық;
2) соғыстар, өрттер, мыңдаған гектар жерлерді көп
мерзімге пайдаланудан шығарып тастайды;
3) ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімге «баға
қайшылары»;
4) өнеркәсіптікке қарағанда ауылшаруашылығында еңбек
өнімділігінің төмен деңгейі;
5) мемлекеттің ауылшаруашылығын әлсіз қолдауы.
Құрылымдық дағдарыс жеке сфера мен салалардың дамуы
арасындағы
диспропорциясынан
туындайды,
созылмалы
сипатқа ие және циклдік дағдарыстың басталуымен әрқашан
сәйкес келе бермейді. Құрылымдық дағдарыстарға мұнай, азық-
түліктік, энергетикалық, шикізаттық, валюталық, экологиялық
дағдарыстар жатады.
Қазіргі кездегі мемлекет экономиканың «тым қызып кетуін»
ұстап тұра алатындай экономикалық құралдары бүтіндей
жинағына ие. Осы мақсатта икемді салық жүйесі пайдаланылады:
пайдаға (қосымша құнға) саналатын салық ставкасын төмендете
немесе жоғарылата мемлекет белгі әрекет аумағында іскерлік
белсенділікті ынталандырады (немесе, керісінше тоқтатады).
Сол мақсатта несиелік саясатты қолданады – пайыздық
есептік ставкасын төмендете не жоғарылата отырып капиталдың
қосымша салымын салуға қызығушылықты көтеруге болады
немесе оларды салмауға болады.
Өндіріс дамуына үлкен үлес қосатын және циклдікті
бәсеңдету мемлекеттік бюджет саясаты арқылы жүргізіледі.
Осылайша, бюджет есебінен ірі даму бағдарламаларды (мысалы,
өндірістік инфрақұрылым) қаржыландыру қоғамға қажетті
бизнестің даму үшін алдын ала жағдай жасайды. Цикл мерзімі
азаяды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы
орташа кризистік цикл 8-10 жыл болса, қазіргі кезде ол орташа
5 жылға тең. Циклдің құрылымына өзгерістер енеді.
Экономикалық ғылымға «ұзақ цикл» деп аталатын ұзақ
мерзімді қамтитын периодтық тербелістерді анықтауға мүмкіншілігі
Экономикалық теория
137
туды. Осындай өзгерістерге (тербелістерге) ағылшын экономисі
Х. Кларк назар аударды. Ол 1793 және 1847 жылдар арасындағы
(54 жыл), өте үлкен аралық кездейсоқтық емес, негізгі себептері
бар деген болжам жасады. Оның еңбегіне үлкен үлес қосқан, енді,
оның атымен ұзақ циклдер немесе «ұзын толқындар» деп атау
қабылданған орыс ғалымы Н. Д. Кондратьев болды. 100-150
жылдық көптеген өзара байланысты көрсеткіштер қатарымен
көптеген Европа елдерінің даму динамикасын зерттей отырып, ол
келесідей маңызды қорытындыларға келді.
Нарықтық жүйенің дамуы толқынды түрде, үлкен циклдер
ауқымында (45-60 жыл) дамиды. Әрбір осындай цикл үлкен екі
фазадан – «көтерілу» фазасы және «төмендеу» фазасынан тұрады.
Ұзақ мерзімді тербелістің периодтылығының материалды негізі
қызметінің ұзақ мерзімділігімен негізгі капиталдың жаңаруы, ал
жаңарудың өзі өндіріске жаңа технология: шикізат көздері мен
энергия, жаңа мамандық жұмыскерлерін енгізумен байланысты.
12.4. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемдері
және типтері
Қоғам қажеттілігі сапа жағынан өседі және өзгереді. Олар
тұрғындардың санының өсуіне байланысты артады. Бір уақытта
өседі және адамдардың қажеттілігі әртүрлі болып өзгереді.
Мұндай объективті процестерді ғылымда «Қажеттіліктердің
арту заңы» деп атайды.
Адам саны өсуде, ал олардың қажеттіліктері ұлғаюда,
экономика осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті
игіліктердің үздіксіз өсімін қамтамасыз етуі керек. Тарих
экономикалық жүйенің тіршілікке қабілеттілігі бұл мәселені қандай
деңгейде шешу керектігімен анықталынатындығын көрсетті.
Қоғамдық өндіріс масштабындағы экономикалық өсу
тауарлар мен қызмет көрсетулердің жылдық өндіріс көлемінің
артуымен көрінеді. Сондықтан, экономикалық өсу жалпы ұлттық
өнім (ЖҰӨ) көрсеткіштермен өлшенеді. Және осы мақсаттар
үшін оның динамикасы қолданылады. Есептеуде тек нақты ЖҰӨ-
нің өндірісі есептелінеді. ЖҰӨ номиналды түрінде артуына
байланысты экономикалық өсу ретінде қарастырылмайды.
Н. А. Маженова
138
Экономикалық өсуді абсолютті және салыстырмалы
шамалармен өлшейді. Экономикалық өсу екі түрге бөлінеді:
экстенсивті және интенсивті.
Экономикалық өсудің экстенсивті типі оның бұрынғы
техникалық негіздерін сақтай отырып, өндіріс факторларының
сандық көбеюіне жеткізеді.
Экономикалық өсудің интенсивті типі болжайды, өнім
өндіру масштабының көбеюін және өндіріс факторларының
сапалы жетілдіру жолдарын; өндіріс құралдарын прогресивті
және экономикалық еңбек заттарын қолдану, жұмыс күшінің
квалификациясын жоғарылату.
Экстенсивті өсу өндірістің қосымша факторлары – жер,
еңбек, капитал арқылы артады және олардың сапалық және
техникалық деңгейлері өзгеріссіз қалады. Қоғам ресурстары
және еңбек ресурстары шексіз болып келмейді.
Интенсивті өсу жетілдірілген техникалық базадағы еңбек
өнімділігінің артуы есебінен және өндіріс факторларының
тиімді пайдалануымен болады. Бұл жағдайда қоғам алдында
өндіретін игіліктердің бір уақытта сандық және сапалық
артуымен әртүрлі міндеттерді – қоғам мүшелерінің тұрмысын
көтеруді қамтамасыз ету, материалдық негізді құру, ғылыми
және мәдениеттің дамуына қаржы салу, елдің қауіпсіздігін
қамтамасыз
етуді
ашуға
мүмкіндік
береді.
Осыдан
экономикалық интенсивті өсудің артықшылығын көреміз.
Өндірістің дамуында экстенсивті және интенсивті өсу
факторлары бірігіп, үйлесіп кетеді. Мысалы бір уақытта еңбек
күшінің санымен оның сапасы немесе өндіріс өрісінің кеңеюі және
өндірістік процестегі техникалық базаның жетілуін арттырады.
12.5. Экономикалық өсу факторлары, оның оң және
теріс жақтары
Экономикалық өсу факторлары:
Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстардың байлығына ие
болу жоғары қарқынды экономикалық өсуге кепіл бермейді.
Оларды тиімді және рационалды пайдалану мәнді.
Достарыңызбен бөлісу: |