Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет67/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87

266
267
Мысалы,  ғажайып  түрде  жасалған  мультипикация  элементтері, 
компьютерлік  дизайн  жəне  музыкалық  стерео  сүйемелдеулері  бар. 
«Əліппе  сабағына»  кəсіпқой  дикторлардың  дауысы  жазылған, 
бұл  балаға  оны  үлкендердің  көмегінсіз-ақ  пайдалануға  қолайлы 
жағдай  туғызады.  Мұнда  бағдарламаланған  оқыту  идеялары  да 
жақсы қолданылады: бала бір əріпті толық меңгермей тұрып, келесі 
əріпке  көше  алмайды.  Өкінішке  орай, «Əліппе  сабағы»  негізінен 
компьютерді үй жағдайында пайдаланатын  балалар үшін арналған 
жəне  өзінің  техникалық  талабы  бойынша  оған  көп  мектептердің 
қолы жетпей отыр.
Қазіргі  уақытта  үй  жағдайындағы  компьютерлерге  балаларға 
тартымды болуы үшін оларға қойылар талапты, яғни компьютерлік 
бағдарламалардың  жоғары  көркемдік  деңгейі,  мультипликациялық 
жəне  музыкалық  элементтермен  толықтығы,  əдемі  ойластырылған 
дизайні  толық  қанағаттандырады.  Алайда,  отандық  мектептердің  
экономикалық  жағдайының  төмен  болуына  байланысты  мұндай 
бағдарламалар алдымен жеке секторлар үшін арналып жасалған.
Мектептегі  оқу  үдерісіне  компьютерлік  технологияны  ендіру, 
қиындықтармен  бірге,  басқа  да  жаңа  мəселелерді  туғызады. 
Жұмысқа  жоғарыда  аталып  өткен  шектеулерден  өзге,  санитарлық-
гигиеналық нормаларға сəйкес, тағы да талап етілетіндері:
техниканың əртиптілігі;
компьютер  жəне  шығын  материалдарының  жоғары 
құны,  сонымен  қатар  компьютерлік  əдістемелік-бағдарламамен  
қамтамасыз ету;
сервистік қызметтің сапасының төмендігі;
оқулықтар мен көмекші құралдардың тапшылығы;
тəжірибе алмасу жүйесінің жоқтығы;
информатика пəні мұғалімінің тұрақтамауы;
бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  арнайы  ақпараттық 
сауаттылығының    төмендігі.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен 
экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мəселесі бүкіл 
халықтық  деңгейге  көтерілсе  ғана  біздің  еліміз  өндірістің  жоғары 
психологиясын  меңгерген  дүиежүзілік  бəсекеге  төтеп  беретін, 
өндіріс  өнімдерін  өндіре  алатын  алдыңғы  қатарлы  мемлекетке 
айналады.  Ол  дəрежеге  жетуге  қажетті  білім  алуына  біздің  жас 
ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
Қорыта 
келгенде, 
бастауыш 
мектепте 
компьютерлік 
технологияны  қолдану  барысына  жасалған  талдау  төмендегідей 
тұжырым жасауға мəжбүрлейді:
Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері, 
балалардың  мектепке  дейінгі  жастан  бастап    компьютерге  ойын 
құралы  ретінде  үлкен  қызығушылықпен  қарауы,  олардың    сапалы 
оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта шетел жəне отандық мектептерде компьютер-
лік  технологияны  бастауыш  мектептерде  пайдалану  ауқымының 
кеңейе түсу үдерісі байқалады. Жаңа педагогикалық-бағдарламалық 
жүйелер  жасалуда,  компьютермен  жұмыс  істеудің  санитарлық-
гигиеналық  нормалары  анықталып,  үй  жəне  қашықтан  оқыту 
жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Оқу  мазмұнының  қолданбалы  компонентінің  рөлі  артып 
келеді. Негізінен пəнаралық белсенді байланыстарға орныққан оны 
теориялық біліммен салыстырғанда информатиканы ғылым ретінде 
оқытуға бағытталған.
Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың 
өзіне тəн ерекшелігі – сабақты ойын үлгісінде жүргізу.
Компьютерлік  технологияны  оқу  үдерісіне  пайдалануды 
жетілдіруде  бірқатар  кедергілер  кездеседі,  олардың  негізгісі   –  
мектептердің  экономикалық  базасының  жəне  мұғалімдердің 
ақпараттық сауаттылығының төмендігі.
Сонымен,  бастауыш  мектептерде  компьютерлік  технологияны 
пайдалану үдерісін одан əрі дамыту үшін аса көңіл бөліп қарайтын 
мəселе,  осыған  сəйкесті    педагогикалық  бағдарламалық  құралдар 
жасалынып  оқу  үдерісінде  қолданылса,  онда  бұл  құралдарды 
оқушыларды  оқыту  мен  дамыту  ісіне  тиімді  пайдалануға  жағдай 
жасалады. 
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Білім беруді ақпараттандыруды» қалай түсінесіз. Бастауыш 
білім беруді ақпараттандырудың  қазіргі кездегі жағдайын талдаңыз.
2.  Электронды  оқулықтарды  сипаттап,  электронды  оқулықпен 
жұмыс істеу əдістемесін саралаңыз.
3.  Қазіргі  заманғы  компьютерлердің  техникалық  мүмкіндік-
терін айқындаңыз.
4.  Интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасау  іскерліктеріңізді 
жетілдіріңіз, интерактивті тақта элементтерін сипаттаңыз.


268
269
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Досжанов  Б.,  Альменаева  Р.  Электрондық  оқулықтарды 
даярлау əдістері. – Алматы, 2002.
2.  Нұрғалиева  Г.  К.  Компьютер  əлемі. – «Ұлт  тағылымы» 
республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. – №2,  2012.
3.  Апатова  Н.  В.   Информационные  технологии  в  школьном 
образовании. – М., 1999.
4.  Полат  Е.  С.,  Бухаркина    М.  Ю.  Новые  педагогические  и 
информационные  технологии  в  системе  образования.  Электронды 
оқулық– Академия, 2002.
5.  Ошанова  Н.  Т.  Білім  беру  жүйесінде  коммуникациялық 
технологиялардың  көмегімен  оқушылардың  дүниетанымдық 
көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы, 2008. 
6. Түсіпова А. Ж. Компьютер – жаңа оқытудың технологиясы. – 
Алматы, 2012.
7. Абубаева  А. Электронды оқулықтарды пайдалану. – // Инфор-
матика негіздері,  №4, 2006. 
8. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. 
–//Қазақстан мектебі №6,  2006. 
9.  Аяжанов С. С., Сатымбекова  С. Б. Компьютерлік желілер. – 
Алматы, 2011.
10.  Соболева Н. Н. и др. Электронный учебник нового поколения. 
– «Информатика и образование  №6, 2002.
11.  Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
Алматы, 2005.
12.  Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. 
– Алматы, 2004.
13.  Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен 
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
14.  Жүнісбек  Ə.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология 
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
15.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  К.  Д. 
Ушинского, 2002.
16. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
17. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 
13. ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ƏДІСТЕМЕЛІК ЖЕТІЛДІРУ 
ЖƏНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕГІ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
13.1. Модульдік оқыту технологиясы.
13.2. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды  дамыту 
технологиясы.
13.1. Модульдік оқыту технологиясы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта  жаңғырту 
идеясы  алынған.
Оның  мазмұнына:
1)  оқытудың  жалпы  мақсатын  қою;
2)  жалпы  құрылған мақсатты нақтыландыруға  көшу;
3)  оқушылардың  білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) 
бағалау;
4)  оқыту    əрекеттерінің  жиынтығы  (бұл  кезеңде    жедел    кері  
байланыс негізінде түзету  жүргізілуі  тиіс);
5)  нəтижені  бағалау  енеді.
Осының  арқасында  оқу  үдерісі  «модульдік»  сипат  алып,  
құрылымы ортақ, бірақ мазмұны əр түрлі жеке блоктардан  жасалады.
Модульдік  оқыту    технологиясының  осы    нұсқасын    құруда  
толық    меңгеру  əдістемесінің  негізгі  шарттары,  құрылып  жатқан  
педагогикалық технологиялардың  негізгі  қағидалары ескерілді.  
Осыдан келіп  мұғалімнің оқу  үдерісін құрудағы  жұмысының 
өзгертуі    туындайды.  Толық  меңгеру  əдістемесінде  (Дж.  Блок, 
Л.  Андерсан  жəне    басқалар)  əрбір  оқу    біліктері    ауқымында  
мұғалімнің  қызметі  төмендегіше  құрылады:
1. Балаларды оқу  мақсаттарымен  таныстыру;
2. Сыныпты  берілген тарау (оқу  бірлігі)  бойынша жалпы  оқыту  
жоспарымен  таныстыру;
3. Оқытудағы  жүргізу  (негізінен  мұғалімнің  оқу  материалын  
өзі  баяндауы  түрінде);
4. Диагностикалық  тестіні ағымдағы  тексеру;
5. Тексеріс нəтижелерін  бағалау  жəне  тарау  мазмұнын толық  
меңгерген оқушыларды  айқындау;


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау