Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет66/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   87

262
263
ұйымдастырумен шектеліп қалуда, ал дəстүрлі білім беру ұсынылып 
отырған  білім  мазмұнын  толық  меңгеруге  кепілдік  бермейтінін 
жəне  оған  сəйкес  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  икемділігі 
нашар  дамитынын  қазіргі  бастауыш  мектеп  тəжірибиесі  көрсетіп 
отыр.  Екіншіден,  оқушылардың  оқу  икемділігін  дамыту  олардың 
оқу  іс-əрекетінің  ұйымдастырылуына,  ол  білім  мазмұнының 
берілуіне  тəуелді.  Үшіншіден,  бастауыш  сынып  оқушыларының 
компьютермен жұмыс жасауға қызығушылықтары байқалады, бұған 
бастауыш  білім  мазмұнында  көңіл  бөлінбегендіктен  икемділіктің 
қалыптасуы  төмен  деңгейде  қалып  отыр.  Сондықтан  бастауыш 
сынып  оқушыларының  сапалы  білім  алуы  үшін  ақпараттық 
технологияны  қолдану  əдістемесін  жасау  талап  етіледі  жəне  мұны 
бүгіннің өзінде жасау қажет екендігін анықтаған.
Көптеген  жаңашыл  ғалымдардың  зерттеулерінде  бастауыш 
сынып  оқушыларының  оқу  икемділігін  дамытудың  жаңа 
бағыттарының  бірі – білім  мазмұнын  оқушының  толық  меңгеруін
іске  асыратын  оқыту  технологиясын  жетілдіру  мəселелері 
айқындалады. 
Ақпараттық  технологияны  пайдалану  негізінде  бастауыш 
сынып  оқушыларының  оқу  икемділігін  дамытудың  тиімділігі  оған 
қажетті  мазмұндық жобалау, іс-əрекеттік, технологиялық шарттарды 
орындағанда  ғана  мүмкін  болатындығын  көрсеткен.  Бастауыш 
сынып  оқушыларының  оқу  икемділігін  дамытудың  құрылымдық 
моделі жасалған.
Бұл  зерттеулер  компьютерлік  технологияны  қолданып 
оқытудың  көрнектілігін  арттыруға,  математикалық  ұғымдарды 
қалыптастырғанда  олардың  дерексіздендіруден  (абстрактілігінен) 
туындайтын  қиыншылықтарды  болдырмауға,  оқушылардың, 
оқу  əрекеттерін  даярлау  арқылы  олардың  белсенділігін  арттыру 
мəселелеріне қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды. 
Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ компьютерлік 
технологияларды жасау мен қолдануды қажет етеді. Ол бағдарламада 
дəстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық-үйретушіліктің логикасы 
жүзеге  асырылады.  Бастауыш  сыныптарда  математика  сабағында 
компьютерлік оқыту бағдарламалары оқушылардың математикалық 
үдеріске  сергек  қатысуға,  компьютердің  көмегімен  мəселенің 
шешуін іздеуге ұмтылысын оятады. 
Демек,  бастауыш  сынып  оқушыларында  математикалық 
есептерді  шығаруға  қажетті  біліктіліктерді  қалыптастыруда 
компьютерлік  технологияны  пайдаланудың  маңызы  зор  десек 
қателеспейміз. 
Психологтардың  пікірлерінше,  оқушының  негізгі  логикалық 
ойлау  құрылымы,  оның  интеллектті 5 жастан 11 жас  аралығында 
қалыптасады  екен.   Осы  жаста  теориялық  сана  мен  ойлау  пайда 
болып,  тиісті  қабілеттер  (рефлексия,  талдау,  ойша  жоспарлау) 
дамып,  осы  жаста  балаларда  оқуға  деген  қажеттіліктің  мотиві  де 
пайда болады.
Екінші  жағынан  балалардың  іс-əрекетіндегі  сүйікті  форма    – 
ойын  екені  де  белгілі.  ССРО-дағы  психология  мектебінің  негізін 
салушы  Л.  С.  Выготский,  А.  Н.  Леонтьев,  Д.  Б.  Эльконин  жəне 
басқалар  ойынды  жетекші  деп  бекер  атамаған,  яғни  балалардың 
психикалық  дамуын  анықтаушы  қызмет  деп  бағалаған.  Ойын 
неғұрлым  табиғи  жолмен  баланы    əртүрлі  əрекет  түріне 
жақындастырады жəне осы кезде қажетті де пайдалы дағдылар мен 
біліктіліктерді қалыптастырады.  
Тəжірибе  көрсеткендей,  компьютерлерді  балалардың  ойындық 
дамытушы  əрекетінде 3-4 жастан  бастап  пайдалану  мүмкін  екенін 
жəне  компьютер  ойын  элементтерінің  түрін  едəуір  арттырып 
өзгертуге, олардың ойынға кіру əдісін түрлендіруге ықпал етеді.
Əрекеттің жаңа түрлерін игеру заңдылығын көрсететін өзгеріс-
тер ең алдымен баланың танымдық санасында байқалады. Компью-
тер психикалық үдерістің дамуының  бірқалыпты емес динамикасын 
(қабылдау,  образдық,  қимылдық,  логикалық  ойлану) «теңестіруге» 
мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның 
күрделі  объектісі  болып,  оны  меңгеру  баланың  іс-əрекетін 
ұйымдастыруға,  оның  құрылымдылығына,  яғни  интеллектуалдық 
құрылымның белгілі бір дəрежеде жетілуін талап етеді. Компьютер 
оқу  құралы  ретінде  потенциалдық  мүмкіндіктерді  іске  асыруға 
жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы 
немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы.
Бастауыш  мектептердегі  оқытудың  сипаттық  ерекшелігі – ең 
алғашқы  күннен  бастап  оқушылардың  меңгеруге  тиісті  ақпарат 
көлемінің  күрт өсуі болып саналады. Бұл оқушылардың көпшілігінде 
ақпаратты саралау мен есте сақтауда едəуір қиындықтар туғызады. 
Өйткені,  адаптация – жағдайға  бейімделу  барысы  мүлдем  баяу,  ал 
ақпараттарды толықтыру өте тез жүреді. Сондықтан да осы кезеңдегі 


264
265
педагогиканың  көкейкесті  міндеті  оқыту  үдерісінің  тиімділігін 
арттыру, материалды меңгеру уақытын қысқарту. Оқушылар ақпарат 
тасқынының  салмағын  қалыпты  көтеруі  үшін,  оларды  ақыл-ой 
əрекетінің (заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен 
түсінік арасындағы  тəуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені 
ажырату, логикалық тұжырым құру) əдіс-тəсілдеріне баулыған жөн. 
Осы  мəселелерді  шешу  үшін  жаңа  компьютерлік  технология  да 
табыспен қолданылып келеді.
Мектеп  информатикасының  негізгі  міндеті 1980 жылдар 
соңында-ақ  оның  басты  идеологы  академик  А.  П.  Ершовтың 
еңбектерінде қарастырылған болатын. Бұл еңбектерде «компьютерлік 
сауаттылықтың»  əрбір  адам  үшін  өте  қажет  жəне  олар  өз 
қызметтерінде компьютерді пайдалана білуі керек деп түсіндірілген 
болатын. 
Алайда, ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық 
қоғамның    қалыптасуы,  өркениетті  елдердегі  сияқты  біздің 
республикамызда  да  ақпараттық    мəдениетті  қалыптастыру 
талабы  туындады,  яғни  оқушылардан  заманауи  компьютерлік 
технологияларды  меңгеруі  ғана  емес,  өмірге  жаңа  көзқарасты, 
жаңаша ойлау стилін қалыптастыруды талап етіп отыр.
Бірінші  сынып  үшін  курстың  мазмұны:  пернетақтамен  жəне 
«Тышқан»  манипуляторымен  жұмыс  істеуді  үйрену,  тура  жəне 
кері  санаққа,  сандар  құрамына  жəне  қарапайым  арифметикаға, 
əріппен, буынмен, жəне сөзбен жұмыс істеуге жаттығу. Мұғалімнің 
оқулығынан  өзге,  оқушы  үшін    «Компьютер – сенің  досың»  атты 
бояу кітапша да бар.
Екінші  сынып  үшін  курстың  мазмұны:  алғаш  рет  жиын 
ұғымымен, олардың заңдылықтарымен, жиындарды кластарға бөлу 
сияқты  ұғымдармен  танысу.  Оқушылардың  есте  сақтау  қабілетін 
жетілдіру үшін «Санақшы, тапқыш, есте сақтағыш» атты жаттығулар  
жинағы қарастырылған.
А. В. Горячев басшылығымен Мəскеу экономика-статистикалық 
институтының  авторлық  ұжымы  «Информатика  ойындар  мен 
есептерде»  атты  курс  бастауыш  мектеп  оқушылары  үшін  арналып 
жасалған.  
Курстың негізгі міндеттері:

ақпараттық  технология  саласында  есеп  шығару 
біліктілігін  дамыту:
 есептерді шығаруда логиканы пайдалану;
 есептерді шығаруда алгоритмдік тəсілді қолдану;
 есептерді шығаруда жүйелілік тəсілдерді қолдану;
 есептерді шығаруда белгілі бір нəтижеге бағытталған тəсілді 
қолдану.
Бастауыш 
мектептерге 
арналған 
компьютерлік 
технологиялардың  қарастырылған  талдауынан  көргеніміздей, 
қалыптасқан  оқу  мазмұнының  екі  жетекші  компонентін  бөліп 
қарастыруға болады. Біріншісі – оқушылардың ойлау əрекеттерінің 
құрылымын қалыптастыратын, адам өмірі мен қоғамдағы ақпарат-
тық  үдерістің  маңызын  ұғындыратын,  ақпараттық  технологияны 
қолдануда  машықтық  біліктіліктерді  дамытушы  ғылым  ретінде 
информатиканы  оқып-үйрену  қажет.  Екіншісі – мектеп  пəндерін, 
мысалы,  математикадан  есептер  шығаруға  үйретуде,  орыс  тілінің 
сауаттылығын  арттыруда  жəне  т.б.  пəндерді  оқытқанда  оқушылар-
дың  оқу  қызметінде  компьютерлік  технологияларды  пайдалану 
қажет.  Осы  екі  компоненттің  екеуі  де  қоғамның  қазіргі  талабына 
жəне  информатика  бойынша  білім  стандартының  талабына  жауап 
береді.
Оқыту  үдерісінде  компьютерлік  технологияны  қолдануда 
оқу  мазмұнының  жетекші  компоненттерін  бөлу  басқа  да  шетел 
мектептерінде пайдаланылуда. Францияда 1986 жылы қабылданған 
бастауыш мектепте білімді компьютерлендіру бойынша деректива-
лық  құжатта  былай  делінген: «Мұғалім  компьютерге  қандай  
мақсатпен баратынын анық білуі тиіс: информатика ұғымын меңгеру 
үшін бе немесе басқа пəндерге қатысты білімді меңгеру үшін бе?». 
Осыған байланысты оқушылардың меңгерген білімдерін бағалауға 
болады.
Жоғарыда  айтылған  компьютерлік  əдістемелік-бағдарламалар-
дан өзге, Мəскеудегі «Никита» фирмасында жасалған  3 жастан 10 
жасқа  дейінгі  балаларға  арналған  дамытушы  ойындар  да  белгілі 
болып отыр. Олар балаларды көркемдік деңгейінің жоғарылығымен, 
сюжеттік  тартымдылығымен,  грaфикалық,  музыкалық  қасиеттері-
мен  өзіне  тартады.  Алайда,  олардың  көпшілігі  мектепке  дейінгі 
балалар үшін ойындық сипатта жасалған, əдістемелік нұсқауларының 
жоқтығынан оларды қолдану тиімділігі төмендейді.
Компьютерлік  «Əліппе  сабақтары»  бағдарламасы  қазіргі 
заманғы  қуатты  компьютерлерге  арналған.  Ол  балаларды  оқытуға 
ыңғайлы, өзінің керемет кең мүмкіндіктерін жақсы көрсете біледі. 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау