268
269
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Досжанов Б., Альменаева Р. Электрондық оқулықтарды
даярлау əдістері. – Алматы, 2002.
2. Нұрғалиева Г. К. Компьютер əлемі. – «Ұлт тағылымы»
республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. – №2, 2012.
3. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном
образовании. – М., 1999.
4. Полат Е. С., Бухаркина М. Ю. Новые педагогические и
информационные технологии в системе образования. Электронды
оқулық
. – Академия, 2002.
5. Ошанова Н. Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық
технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық
көзқарастарын қалыптастыру. – Алматы, 2008.
6. Түсіпова А. Ж. Компьютер – жаңа оқытудың технологиясы. –
Алматы, 2012.
7. Абубаева А. Электронды оқулықтарды пайдалану. – // Инфор-
матика негіздері, №4, 2006.
8. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.
–//Қазақстан мектебі №6, 2006.
9. Аяжанов С. С., Сатымбекова С. Б. Компьютерлік желілер. –
Алматы, 2011.
10. Соболева Н. Н. и др. Электронный учебник нового поколения.
– «Информатика и образование №6, 2002.
11. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
12. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар.
– Алматы, 2004.
13. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
14. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
15. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.
Ушинского, 2002.
16. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
17. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
13. ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ƏДІСТЕМЕЛІК ЖЕТІЛДІРУ
ЖƏНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕГІ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
13.1. Модульдік оқыту технологиясы.
13.2. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы.
13.1. Модульдік оқыту технологиясы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту
идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1) оқытудың жалпы мақсатын қою;
2) жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3) оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық)
бағалау;
4) оқыту əрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері
байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5) нəтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу үдерісі «модульдік» сипат алып,
құрылымы ортақ, бірақ мазмұны əр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда
толық меңгеру əдістемесінің негізгі шарттары, құрылып жатқан
педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары ескерілді.
Осыдан келіп мұғалімнің оқу үдерісін құрудағы жұмысының
өзгертуі туындайды. Толық меңгеру əдістемесінде (Дж. Блок,
Л. Андерсан жəне басқалар) əрбір оқу біліктері ауқымында
мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі)
бойынша жалпы оқыту
жоспарымен таныстыру;
3. Оқытудағы жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын
өзі баяндауы түрінде);
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру;
5. Тексеріс нəтижелерін бағалау жəне тарау мазмұнын толық
меңгерген оқушыларды айқындау;