Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет74/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87

294
295
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. 
Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, 
өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз 
ойларын,  өздері  байқаған  ақпараттарды  өз  сөздерімен  айта  алады. 
Бұл  сатыда  оқушылар  бір-бірімен  əсерлі  түрде  ой  алмастыру,  ой 
түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың 
əр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта 
түйіп,  жаңа  өзгерістер  жасайтын  кезең  болып  табылады.  Əр  түрлі 
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты 
құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн 
диаграммасы», «Еркін  жазу», «Семантикалық  карта», «Т  кестесі» 
сияқты  стратегиялар  əр  сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр-жеңілдігіне 
қарай лайықтала қолданылады.
Осы  кезеңдердің  ұтымды  өткізілуі  мынадай  нəтижелерге  кол 
жеткізеді:
оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен 
жəне түсіністікпен қарауға үйретеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның 
дамуын қамтамасыз етеді;
ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге 
ұмтылдырады,  сабаққа  қызығушылығы  артып,  балалардың 
белсенділігі өте жоғары болады.
kaz-news.ru | ekhut.ru | omsk-media.ru | samara-press.ru | ufa-press.
ru
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Бастауыш мектептің 
оқу үдерісінде қолданылатын стратегияларға түсінік берейік. 
Джиксо – ұжымдық оқыту əдісі. Мақсаты – жалпы мəселені ал-
дымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда əрбір оқушы 
бір сəт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі ар-
тады.
Əдісті  қолдану  төмендегіше  ұйымдастырылады.  Алдымен 
ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп 
аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз 
алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың 
тақырыбы  талқыланған  соң  осы  мəтінді  түсіну  қажет  екендігі 
ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мəтіннің 1-бөлігін 1-лер, 
2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. 
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мəтіннің 
тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя 
топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мəтінді тұтас түсіну 
əр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, 
өздерінің  үйреніп  келген  бөліктеріндегі  мазмұнды  ортаға  салады. 
Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға 
үйренеді.  ДЖИКСО  стратегиясы  мазмұнды  жоғары  табыспен 
меңгеру,  оқығанды  есте  сақтау  үшін  өте  тиімді.  Оқушының  оқуға 
деген  қызығушылығы  артады,  ұжымда  жақсы  қарым-қатынас 
қалыптасады, саналы тəртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп 
қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі  түрлі  түсініктеме  күнделігі.  Оқушылардан  дəптердің  бетін 
(не  таратылып  берген  парақты)  ортасынан  вертикаль  сызықпен 
бөлу сұралады. Мəтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына сол 
жағына  мəтіндегі  қатты  əсер  еткен  тұстарды,  үзінділерді  жазады. 
Сол  əсер  еткен  үзінділер  жайлы  пікір  жазады  (нені  еске  түсіреді, 
себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.)
Əр оқушы мəтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң 
жұпта,  топта  талқылау  ұйымдастырады.  Жұмыс  аяқталған  кезде 
мұғалім  қорытуға  арналған  əзірлеп  келген  сұрақтарын  қойып, 
жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын 
білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- Автор оқырманды қалай қызықтырады?
- Кейіпкерлердің іс-əрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл  əдіс  те  алдыңғы  сияқты  оқушыларды  ұжым  болып, 
жұмыс  жасауға  үйретеді.  Ақпаратты  өз  бетінше  меңгеруге  жағдай 
жасайды.  Сөз  астарын,  құдіретін  түсінуге  бағыттайды.  Сондай-ақ, 
əдістің  тиімділігі – сабақтан  тысқары  қалатын  оқушы  болмайды, 
оқыған мəтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты 
ойын,  пікірін  білдіру  арқылы  оқушының  тілі  дамиды.  Осылайша 
ұйымдастырылған  оқу  сабақтары  арқылы  сауатты  оқырман 
қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін  жазу.  Бұл  əдісті  сын  тұрғысынан  ойлау  жобасындағы 
сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім 


296
297
сабақ  бойына  қарастырылған  жаңа  ақпарат  жайлы,  одан  алған 
əсерін, не үйренгенін, нені əлі де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы 
өз  пікірін  қағаз  бетіне  түсіруді  тапсырады.  Жазуға  уақыт  береді. 
Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін 
таныстырады.  Ең  жақсы  деп  танылған  жұмысты  ұжымда  оқуға 
болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, 
ойын түйіндеуге үйрететін бұл əдісті кез келген сабақта қолдануға 
болады.
Венн  диаграммасы.  Бір-бірімен  айқасқан  екі  шеңбердің  екі 
жағына  салыстыруға  берілетін  объектілердің  сипаттамалары 
жазылады.  Ал  айқасқан  жерге  екеуіне  ортақ  сипаттар  тізіледі. 
Салыстыруға  арналған  тапсырмаларды  осы  диаграммаға  салып, 
оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау 
операциясын меңгереді.
РАФТ.  Бұл  стратегияны  «кейіпкерге  хат»  деп  алса  да  болады. 
Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, 
өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мəтіннің 
мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара 
оқып,  ой  елегінен  өткізеді.  Рафт  оқушылардың  тілін  дамытады, 
қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға 
жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. 
Жуан-жіңішке  сұрақтар:  оқушылар  мəтінмен  жұмыс  істей 
отырып, мəтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. 
Бұл  дегеніміз,  оқудың  барлық  əдістерін  меңгеру  болып  табылады. 
Өйткені,  оқушы  алдымен  қатесіз,  түсініп  оқуға  тырысады,  қойған 
сұрағына  өзі  жауап  беруге  дайын  тұрады,  басқа  балалардың 
сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін 
біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. 
Қосжазба  күнделігі:  мəтінде  берілген  оқиғаларға  өзінің  пікір 
жазады,  ендеше,  оның  сөздік  қоры  молаяды,  кейіпкердің  жан 
дүниесін түсінуге тырысады. 
«Эссе»  стратегиясы  бойынша  өз  ойынан  əр  түрлі  пікірлер 
құрастырып, оны дəлелдеуге үйренеді.
Сауалнама-интервью    стратегиясы  да  жаңа  білімді  меңгертуге 
үлкен  септігін  тигізеді. «Сауалнама-интервью»  стратегиясы 
бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары 
бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін 
ізденуге  жетелейді,  ойлануға  үйретеді.  Педагогикалық  технология 
оқушылардың  жеке  басын  дамыту  мен  білім  беру  мақсатына  жету 
жолындағы  педагогикалық  қызметтің,  іс-əрекеттің  жүйелі  дамып 
отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. 
Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. 
Технологияның  мақсаты – оқушылардың  шығармашылық 
ойлауын сыни тұрғыдан дамыту.
Шығармашылық  дегеніміз – адамның  өмір  шындығында  өзін-
өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тəсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. 
Шығармашылық  қабілет  əр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін. 
Мұғалімнің  міндеті – оқушыға  оның  бойында  жасырынып  жатқан 
мүмкіндіктерін  ашып  көрсету.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
шығармашылық  қабілеттерін,  сабақта  жəне  сабақтан  тыс  уақытта 
дамытуда  СТО  жобасының  көптеген  стратегияларын  қолдануға 
болады: 
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа 
пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
•  Берілген  тапсырманы  түрлендіру  бағыттағы  жұмыс 
/эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, т.б. стратегиялар/
• Əңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, 
мəтіндегі 
ұқсастық 
пен 
айырмашылықты 
табуға 
/Венн 
диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
•  Кейіпкерге  мінездеме  беру,  өз  ойын    жазғызу  /авторға, 
кейіпкерге хат жазу стратегиясы /
•  Шығармада  екі  кейіпкердің  қарама-қарсы  элементтерін 
сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/ 
      Ал  сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту мақсатымен келесі жұмыстар жүргізуге болады:
• Мұражайға апару;
• Əр түрлі кездесудер өткізу;
• Əр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталас өткізіп, алған əсерлері 
бойынша шығарма жазғызу;
•  Балаларға  арналған  журнал-газеттерге  жаздырып,  оны  сабақ 
кезінде үнемі пайдалануға мүмкіндік беру;


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау