31
80 8-баптың 2-тармағы.
81 Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығымен бекітілген Бас-
тауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру
ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережесінің 3-тармағы.
82 Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 586 және № 587 бұйрықтарын
қараңыз.
мәртебесіне қарамастан, мемлекет аумағында тұратын, мектеп жасындағы барлық
азаматтарға таралады» деп көрсетілген. Еңбекші-мигранттардың балаларына қатысты бұл
ережелер Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау
туралы Халықаралық Конвенцияда дамытылған.
Еңбекші-мигранттың әрбір баласының тиісті мемлекеттің азаматтарымен өтініш
білдіру теңдігі негізінде білім алуға негізгі құқығы бар. Тұрақты мәртебесінің болмауы се-
бепті, ата-анасының кез келгенінің болуына немесе жұмыспен қамтылуына қатысты, осын-
дай баланың жал бойынша жұмыс мемлекетінде болуына қатысты, тұрақты мәртебесі
болмауы себепті мемлекеттік мектепке дейінгі оқу орындарында болуға рұқсат бермеуге
немесе онда болуын шектеуге болмайды – Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отба-
сы мүшелерін әлеуметтік қолдау туралы Халықаралық Конвенцияның 30-бабы.
Қазақстанда еңбек көші-қоны саласындағы екі жақты келісімдер деңгейінде қаралып
отырған мәселелер 1999 жылғы Әзірбайжанмен үкіметаралық келісім жағдайында көрініс
тапқан. Онда, еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасты-
ру Тарапының тиісті оқу орындарына қабылдауды реттейтін жалпы ережелерге сәйкес жер-
гілікті еңбекшілер сияқты негізде және жағдайларда, жалпы білім алуға, кәсіптік даярлаудан
және қайта даярлаудан өтуге құқығы бар деп қарастырылған. Еңбек көші-қоны саласындағы
басқа екі жақты келісімдерде бұл тармақтар қарастырылмаған.
2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
80
Қазақстанда тұрақты тұру құқығын алған шетелдіктер үшін қазақстандық азаматтармен тең
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығына кепілдік бе-
реді. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік білім беру тапсырыстарына сәйкес конкурстық негізде,
егер олар осы деңгейлердің әрқайсысын бірінші рет алып отырған болса, онда техникалық
және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы
беріледі. Жоғарыда аталған заңды ережелердің күші еңбекші-мигранттар мен олардың от-
басы мүшелеріне қолданылмайды, өйткені бұл тұлғалар Қазақтан аумағында уақытша
тұратындар деп танылады.
Сонымен бірге, ұлттық заңнама уақытша халықаралық мигранттардың балалары үшін
мектепке дейінгі тәрбие және оқу мекемелері мен жалпы білім беру мектептеріне қатынау
мүмкіндігіне қатысты тікелей тыйымдарды белгілемейді әрі еңбекші-мигранттардың бала-
ларына белгілі бір мүмкіндіктер береді. Мәселен, баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезін-
де ата-аналарынан мекен (тіркелу)
81
орнын растайтын құжатты ғана тапсыру талап етіледі.
Алайда, тіпті, көршілес Орта Азия мемлекеттерінен келген еңбекші-мигранттардың бала-
ларымен де оқу бағдарламалары мазмұнындағы айырмашылықтарға байланысты, мектепте
білім алу мүмкіндігіне қатысты түйінді мәселе туындауы мүмкін. Осыған байланысты оқу
мекемесіне қабылдау туралы мәселе білім беру ұйымы әкімшілігінің қарауына қалдырылуы
мүмкін. Мигранттардың балаларының кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждерде оқу
мүмкіндігі анағұрлым реттелген сипатқа ие
82
. Шетелдік азаматтар мен елде тұрақты мекен-
деу құқығын алған азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азама-
ты болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері Қазақстан азаматтарымен тең жағдайға ие.
Басқа шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар білім беру мекемелеріне, Қазақстан
Республикасы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық
шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.
32
VII. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ҚОРҒАУДЫ ҚАМТИТЫН ӘЛЕУМЕТТІК
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы бекіткен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Халықаралық пактінің 9-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер әрбір адамның
әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырылу құқығын таниды.
ХЕҰ-ның № 93 және №143 Конвенциялары еңбекші-мигранттар мен азаматтар арасында
әлеуметтік сақтандыру саласындағы құқықтардың тең екенін ресми мәлімдейді. Еңбекші
мигранттар үшін осы құқықтың мынадай аспектілері аса маңызды мәнге ие:
•
жергілікті қызметкерлермен тең жәрдемақы алу құқығын алу;
•
жәрдемақы экспортын қоса, елден кету кезінде алынған құқықтарының сақталуы;
•
әр түрлі елде алған құқықтардың жинақталуынан пайда табу.
83
ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясында
84
мәртебелері реттелмеген еңбекші-мигранттар «өзі
және өз отбасысы қатысында олардың бұрынғы жұмысымен байланысты», соның ішінде
әлеуметтік қамсыздандыру мен басқа да жәрдемақыларға қатысты «құқықтары жөнінде
өтіну теңдігін» пайдалануы тиіс. Сонымен қатар, Халықаралық еңбек ұйымы мына
төлемдер бойынша шетелдіктердің азаматтармен тең құқықтарын тануға бағытталған,
қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде басқа да бірқатар конвен-
ция қабылдады:
•
медициналық көмек;
•
науқастану;
•
жүктілік және бала күтімі ;
•
мүгедектік;
•
зейнетақы төлемдері;
•
асыраушыдан айрылу ;
•
кәсіптік ауру және өндірістегі жазатайым оқиғалар;
•
жұмыссыздық;
•
отбасылық жәрдемақылар
85
.
ХЕҰ-ның № 157 Конвенциясы, сонымен қатар, еңбекші-мигранттардың елден кеткен
жағдайда және мүгедектігі, жасы, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақыларды,
өндірістік жарақат жағдайында зейнетақыны, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда
жәрдемақыларды экспорттау құқықтарының сақталуы жөніндегі ережелерді белгілейді.
1994 жылғы ТМД Келісімі мен бұрынғы кеңестік республикалармен еңбек миг-
рациясы жөніндегі екі жақты келісімдер еңбекші-мигранттардың зейнетақымен
қамсыздандырылудан басқа, әлеуметтік сақтандырылуы мәселелері де мемлекеттің жал
бойынша жұмыс саласындағы ұлттық заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс екеніне не-
гізделеді. Зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты осы келісімдердің бірқатарында
зейнетақымен қамсыздандыру саласында ТМД қатысушы мемлекеттер азаматтарының
құқықтарына кепілдіктер туралы 1992 жылғы келісімге сілтеме жасалады. Алайда, бұл
келісімде еңбекші-мигранттарға қатысты арнайы ережелер жоқ.
Қазақстанда еңбекші-мигранттардың әлеуметтік сақтандырылуға құқығы туралы мәселе
ең алдымен зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне, сон-
дай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаның салдарынан келтірілген зиянды өтеуге қатысты.
83 Кету және бару елдерінде еңбек көші-қоны саласында тиімді саясат жүргізу бойынша басшылық.
ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006, 174-бет.
84 9-бап, 1-тармақ.
85 ХЭҰ-ның Ел азаматтары мен шетелдіктердің жазатайым оқиғалар кезінде өтемақы төлеу
саласындағы тең құқықтығы туралы № 19, Ел азаматтары мен шетелдіктердің әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы тең құқықтығы туралы № 118, Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы
құқықтарды сақтандырудың халықаралық жүйесін белгілеу туралы № 157 Конвенцияларын қараңыз.