2
5.2. Еңбекші-мигранттардың кірігуі
Еңбекші-мигранттардың кірігуі жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру
қажеттігі ХЕҰ № 143 Конвенциясында атап көрсетіледі.
Ұйымның әрбір Мүшесі ұлттық жағдайлар мен тәжірибеге сәйкес әдістермен...
e) жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдікті ұйымдарымен консультация бойын-
ша, ұлттық жағдайлар мен тәжірибеге сәйкес, еңбекші-мигранттар мен олардың от-
басыларына, жұмыс беруші елдің қоғамына икемделгенге дейін олар сезінетін ерекше
қажеттіліктерді ескере отырып, елдің азаматтарына берілетін басымдықтарды теңдей
көлемде пайдалануға мүмкіндік беретін әлеуметтік саясатты әзірлейді және жүргізеді,
бірақ бұл мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігі қағидасына қолайсыз әсер етпеуге тиіс –
ХЕҰ № 143 Конвенциясының 12-бабы.
Мигранттарды кіріктірудің тұжырымдамалық тәсілдерінің оны іске асыратын елдерде
елеулі айрымашылықтары бар
62
. Мәселен, Еуропалық комиссия кірігуге мынадай анықтама
береді:
«... Кірігуді, үшінші елдің заңды тұрып жатқан азаматтары (шетелдіктер) мен қабылдаушы
қоғамның өзара құқықтары мен тиісті міндеттемелеріне негізделген екі жақты үрдіс деп
түсіну керек, ол иммигранттардың толық қатысуын көздейді. Бұл бір жағынан, қабылдаушы
қоғамның иммигранттардың заңды құқықтары жеке адамның экономикалық, әлеуметтік,
мәдени және азаматтық қызметке қатысу мүмкіндіктері болатындай етіп белгіленуін
қамтамасыз етуге жауапкершілігі болады, екінші жағынан иммигранттар қабылдаушы елдің
іргелі нормалары мен құндылықтарын құрметтейді және кірігу үрдісіне өзінің жеке бірегей-
лігін
63
жоғалтпай белсене қатысады.»
Қазақстанда мигранттардың кіріктіру шараларының қолданылуы әзірше шектеулі, әрі
олар оралмандар мен олардың отбасыларына бейімделген. Олардың көпшілігі күні кеше бір
мемлекеттің – Кеңестер Одағының азаматтары болды және бүгінде бұрынғы одақтас рес-
публикалардан келуде. Халықтың көші-қоны туралы заңға сәйкес олардың тілегі бойын-
ша, мамандандырылған бейімдеу және кіріктіру орталықтарында
64
орналастыру арқылы
бейімдеу қызметтері көрсетіледі. Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелерінің
осы орталықта болуы ақысыз негізде жүзеге асырылады. Бейімдеу және кіріктіру орталығы
қызметтерінің кешені құқықтық кеңестер беруді, мемлекеттік тілді және (қалауы бойынша)
орыс тілін үйретуді, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін артты-
руды
65
қамтиды.
5.3. Отбасылардың қайта қосылуы
ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясы сияқты, Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың от-
басы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция да еңбекші-мигрант-
тар отбасыларының қайта қосылуына жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін
көздейді.
62 Шығу және бару елдерінде еңбек көші-қоны саласындағы тиімді саясатты әзірлеу жөніндегі
Нұсқаулық ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006, 166-бет.
63 Commissio№, Commu№icatio№ o№ Immigratio№, I№tegratio№ a№d Employme№t, COM (2003) 336, 3
Ju№e 200, 17-18.
64 Қазақстан Республиасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін
атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-б «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің орал-
мандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында уақытша тұруы және оларға бейімдеу қызметтерін
көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы.
65 Халықтың көші-қоны туралы Заңның 1-бабының 1)тармақшасы.
2
66 Халықтың көші-қоны туралы Заңның 19-бабы.
67 22-бап.
68 Үкіметтің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан
Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі тәртібінің
11-2-тармағы.
1. Ұйымның әрбір Мүшесі өзінің аумағында заңды негізде тұрып жатқан барлық еңбекші-
мигранттар отбасыларының қосылуына жәрдемдесу мақсатында өз құзіреті шеңберінде
қажетті барлық шараларды қабылдай және Ұйымның басқа Мүшелерімен ынтымақтаса
алады.
2. Еңбекші-мигрант отбасының, осы бап қолданылатын мүшелері, оның жұбайы, оның
асырауындағы балалары, әкесі мен шешесі болып табылады – ХЕҰ № 143 Конвенциясының
13-бабы
1. Қатысушы-мемлекеттер отбасы – қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып та-
былатынын тани отырып, еңбекші-мигранттар отбасыларының бірлігін қорғауды
қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды.
2. Қатысушы-мемлекеттер еңбекші-мигранттардың олардың жұбайларымен немесе
қолданылатын құқыққа сәйкес некеге теңестірілуі мүмкін қатынастарда тұратын адам-
дармен, сондай-ақ олардың некеде тұрмайтын кәмелетке толмаған балаларымен қосылуына
жәрдемдесу үшін өздері қажет деп есептейтін және өздерінің құзіреті аясына кіретін
шараларды қабылдайды.
3. Жал бойынша жұмыс мемлекеті, өзінің адамгершілік пайымына қарай, осы баптың
2-тармағы ережесіне сәйкес теңдей режимді еңбекші-мигранттар отбасыларының басқа
мүшелеріне де беру туралы мәселеге оң көзбен қарайды. – Барлық еңбекші-мигранттардың
және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық Конвенцияның
44-бабы
Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан заңнамасының отбасылық иммиграцияны көші-қон
түрлерінің біреуі ретінде қарастыратынын атап өткен жөн. Иммигрант отбасының мүшесі
ретінде әйелі (ері), олардың ата-аналары мен асырауындағы балалары, сондай-ақ бұрынғы
тұрған жерінде
66
оларды асырауға міндетті болған, ата-анасы немесе қамқоршысы жоқ,
кәмелетке толмаған бауырлары, сіңлі-қарындастары танылады. Сонымен, ұлттық заңнамада
иммигрант отбасының құрамы жоғарыда аталған конвенциялардағыға қарағанда, біршама
кең анықталған және белгілі бір жағдаяттарда кәмелетке толмаған бауырлары мен сіңлі-
қарындастарын да қамтиды. Оралмандарға қатысты, ұлттық заңнаманың, оның ішінде
иммиграцияға жыл сайынғы квоталар жөніндегі ережелері, ең алдымен, отбасылық им-
миграцияны қолдауға бағдарланған. Еңбекші-мигранттар отбасыларының қосылу құқығы
заңнамалық деңгейде айқындалмаған, дегенмен, шетелдіктерге елге келу рұқсаттарын бе-
руді құқықтық реттеу тәжірибесі осы құқықтың іске асырылуына елеулі шектеулер белгіле-
мейді. Халықтың көші-қоны туралы Заң
67
бұл құқықты Қазақстан Республикасында болуға
және кетуге қажетті қаражатының болуы туралы растаманы ұсынбаған жағдайда, еңбекші-
мигранттардың отбасы мүшелеріне келуге рұқсат берілмеуі мүмкіндігімен шектейді. Бұл
талапты орындау үшін мынадай қаражаттың болуын растау қажет:
•
ол аумағында тұрақты мекендейтін мемлекеттің ең жақын әуежайына дейін эконом
класс авиабилетінің құнынан
кем болмайтын мөлшердегі;
•
ТМД елдерінен ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің ең жақын бекетіне дейін
теміржол (купеленген вагон) немесе автомобиль көлігі билетінің құнынан кем болмайтын
мөлшердегі;
•
елде болған әрбір күніне
68
екі еселеген айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын.