Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата25.11.2017
өлшемі0,55 Mb.
#1766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



КІРІСПЕ

Осы есеп беру Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) «Тұрақты серіктестік 

Ресей Федерациясындағы, Кавказдағы және Орта Азиядағы жұмыс күші көші-қонын тиімді 

басқаруды қамтамасыз ету құралы ретінде» жобасының аясында дайындалды. Жүргізілген 

жұмыстың  негізгі  мақсаты  Қазақстан  Республикасының  еңбекші-мигранттардың 

құқықтарын  реттейтін  ұлттық  заңнамасын,  сондай-ақ  осы  саладағы  халықаралық  стан-

дарттар мен тәжірибесін салыстырмалы бағалау болды. Сонымен қатар жұмыстың мақсаты 

еңбек  көші-қоны  саласындағы  лайықты  еңбекті  ілгерілету  мен  еңбекші-мигранттардың 

құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тиімді саясатты іске асыруға қажетті заңнамалық 

шаралар бойынша ұсынымдар дайындау болды.

 Осы жұмысты дайындау барысында еңбекші-мигранттардың қазақстандық заңнамаға 

сәйкес құқықтары қарастырылды, халықаралық еңбек көші-қонын құқықтық реттеудегі не-

гізгі тәсілдер мен елде белгіленген оларды іске асыру рәсімдері зерттелді. Талдау жүргізу 

кезінде  негізгі  назар  еңбек  көші-қонына  аударылды,  оның  тиімді  реттелуі  жүйесіз  еңбек 

көші-қоны  мәселелерін  нәтижелі  шешудің  бір  алғышарты  ретінде  қаралады.  Салыстыр-

малы талдаудың басым бөлігі шығу және бару елдеріндегі еңбек көші-қоны саласындағы 

тиімді саясатты әзірлеу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес

1

 құрылды, оған мынадай негізгі та-



раулар енгізілді:

1.  Қысқаша мазмұны;

2.  Қазақстанға көші-қон: негізгі деректер;

3.  Еңбекші-мигранттардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі;

4.  Мигранттардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғау;

5.  Еңбекші-мигранттардың әлеуметтік кірігуіне жәрдемдесу;

6.  Әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту;

7.  Әлеуметтік қорғау;

8.  Реттелмейтін еңбек көші-қоны;

9.  Қорытындылар мен ұсынымдар.

Бұл  зерттеудің  халықаралық  құқыққа  қатысты  ел  бекіткен,  сондай-ақ  аймақтық  және 

екіжақты  келісімдермен  бекітілген  не  мақұлданған  халықаралық  конвенциялармен  шек-

телмегендігін  атап  өту  керек.  Өйткені,  көптеген  бару  елдері  еңбекші-мигранттар  туралы 

ХЕҰ  №  97  Конвенциясының,  еңбекші-мигранттар  туралы  ХЕҰ  №  143  Конвенциясының 

(қосымша ережелер), барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің 

құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияның тараптарына жатпайды. Дегенмен, 

халықаралық-құқықтық құралдардың негізінде қаланған стандарттар бұл елдер үшін ше-

телдік қызметкерлерді өздерінің еңбек нарықтарына жіберуге және олардың құқықтарын 

қамтамасыз етуге қатысты ұлттық саясатты құру және іске асыру үшін негіз ретінде қызмет 

етеді.


Зерттеу  барысында  ұсынылған  талдау  жобасы  «Тұрақты  серіктестік  Ресей 

Федерациясындағы,  Кавказдағы  және  Орта  Азиядағы  жұмыс  күші  көші-қонын  тиімді 

басқаруды қамтамасыз етудің құралы ретінде» жобасының жұмысшы/кеңесу тобының ар-

найы кездесуі барысында талқыланды (Астана қ., 2008 жылғы 28 наурыз). Оған Қазақстан 

Республикасы  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің,  оның  құрамына 

енетін Көші-қон комитетінің, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және 

Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері қатысты.

1 Шығу және бару елдеріндегі еңбек көш-қоны саласында тиімді саясат әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық. 

ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ, 2006.





І. ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1. Қазақстан жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін бір жылдан аспайтын мерзім-

ге тартуға рұқсат беруді жүзеге асыра отырып, оның ішінде, уақытша еңбек көші-қонын 

білікті  мамандар  мен  қызметкерлерге  қатысты  қолдау  саясатын  ұстанады.  Қазақстанға 

шетелдіктердің белгілі бір санаттарын иммиграциялауға жағдай туғызу және оны қолдау, ең 

алдымен, этникалық көші-қон (оралмандар)

2

 басымдықтарына және белгілі бір адамдардың 



тарихи  отанына  оралу  және  отбасыларының  қайта  қосылу  құқықтарын  тануға  негізде-

леді (әңгіме Қазақстан аумағында туылған немесе бұрын қазақстандық азаматтығы болған 

тұлғалар,  олардың  отбасы  мүшелері,  Қазақстан  азаматтарынан  жақын  туыстары  бар 

бұрынғы Кеңес Одағының республикаларының азаматтары туралы болып отыр). Бұл орай-

да, елде тұрақты тұру құқығын алған адамдар еңбекші мигрант ретінде танылмайды.

2. Қазақстанда белгіленген мигранттардың еңбегін пайдалануға рұқсат беру рәсімі ше-

телдік қызметкерлерді ұлттық кадрлармен, оның ішінде жұмыс берушінің тиісті инвести-

циялары есебінен, біртіндеп алмастыру басымдығына негізделген. Бұл тәсілдің білікті миг-

ранттарды тартуда бәсекелесуші және мекендеу құқықтары елде заңды болу мерзімі артуына 

қарай ұлғаятын өнеркәсібі дамыған елдердің көпшілігінің тәжірибесінен айырмашылығы 

бар. Сонымен қатар, ХЕҰ № 143 Конвенциясы мен Барлық еңбекші-мигранттардың және 

олардың  отбасы  мүшелерінің  құқықтарын  қорғау  туралы  Халықаралық  конвенция  елде 

екі жылдан аспайтын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде еңбек қызметін заңды түрде жүзеге 

асырғаннан кейін мигранттардың еңбек нарығына еркін қатынау құқығын көздейді. Сон-

дай-ақ, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу рәсімі күрделі сипатқа ие 

екенін әрі уақыт пен жұмыс берушінің ілеспе шығыстары бойынша тым шығынды болып 

отырғанын атап айту керек. Бұған қоса, қойылатын талаптардың көлемі жыл сайын өсуде 

және одан әрі күрделене түсуде, бұл іс жүзінде елдегі реттелмейтін еңбек көші-қоны өсуінің 

бір себебі болуы мүмкін. 

3.  Кемсітпеушілік,  оның  ішінде  ұлттық  уәж  бойынша  кемсітпеушілік  қағидасы 

Қазақстанда кеңінен танылып отыр және еңбек жағдайларына қатысты ұлттық заңнамада 

еңбекші-мигранттарға  қатысты  қандай  да  болмасын  кемсіту  ережелері  жоқ.  Алай-

да  сыртқы  еңбек  көші-қонын  уақытша  құбылыс  ретінде  қарастыру  және  оны  жұмыс  бе-

рушіге рұқсат беру негізінде реттеу іс жүзінде еңбекші-мигранттардың жұмыспен қамту 

саласындағы құқықтарының шектелуіне әкеледі, бұл еңбекші-мигранттың бір жұмыс бе-

рушіге «таңылуынан» көрінеді. Бұған қоса, Қазақстанның Экономикалық, әлеуметтік және 

мәдени  құқықтар  туралы  Халықаралық  пакті  мен  ХЕҰ-ның  №  87  Бірлесу  бостандығы 

және кәсіподақтарға бірігу құқығын қорғау туралы Конвенциясын бекіткеніне қарамастан, 

еңбекші-мигранттардың кәсіподақ құру құқықтары жоқ және олардың бұрын жұмыс істеп 

келген қызметкерлер бірлестіктері қызметіне қатысу мүмкіндіктері де әбден шектелген.

4.  Еңбекші-мигранттардың  жергілікті  қоғамға  кірігуі  жөніндегі  шаралар  Қазақстанда 

онша  белсенді  іске  асырылып  жатқан  жоқ,  және  оның  бір  қатар  себептері  бар.  Бірінші-

ден, еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі саясат оның уақытша сипатын тануға негізделген. 

Екіншіден,  Қазақстанға  келетін  еңбекші-мигранттардың  көпшілігі  аз  ғана  уақыт  бұрын 

біртұтас одақтық мемлекеттің (КСРО) азаматтары болған және бұрынғысынша жал бойын-

ша жұмыс істейтін мемлекетте кірігуде елеулі тілдік және мәдени қиыншылықтарды сезін-

бейді. Монғолия мен Қытай сияқты елдерден келетін мигранттардың кірігу мәселерін шешу 

үшін  мамандандырылған  орталық  базасында  бейімдеу  қызметтерін  көрсету  көзделген. 

Бұған қоса, еңбекші-мигранттардың негізгі шығу мемлекеттерімен визалық тәртіптің бол-

мауы жағдайында және виза саясатының тұтастай ашық сипатына байланысты жағдайында 





Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте шетелде өмір сүрген және Қазақстанға тұрақты 

мекендеу мақсатымен келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері.


жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау