Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет16/19
Дата25.11.2017
өлшемі0,55 Mb.
#1766
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

3

91  Халықаралық көші-қон құқығы № 1: Көші-қон саласында терминдер сөздігі. Халықаралық көші-қон 

ұйымы. Женева, 2005. 

     92  1-баптың 4-тармақшасы 

     93  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 396-бабы . 

     94  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 396-бабы 2-тармағы 

     95  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Ше-

телдік азаматтардың Қазақстан Республикасына  келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан 

Республикасынан кету тәртібінің 36-тармағы.

VIII. МӘРТЕБЕСІ РЕТТЕЛМЕГЕН ЕҢБЕК 

МИГРАНТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ

Халықаралық көші-қон ұйымы дайындаған терминдер сөздігінде

91

 реттелмейтін еңбек 



көші-қоны жіберу елінің, транзиттік және қабылдаушы елдердің реттеуші нормаларынан 

тыс болатын жүріп-тұру, ал бару елі тұрғысынан – заңсыз кіру, осы елде болу немесе жұмыс 

істеу ретінде анықталған. Бұл Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің 

құқығын қорғау туралы Халықаралық конвенцияның 5-бабындағы анықтамаға сәйкес ке-

леді. ХЕҰ-ның № 143 конвенциясында мәртебесі реттелмеген еңбек мигранттарының негіз-

гі құқықтары айқындалады.



1. Тиісті заңдар мен ережелерге сәйкес, мемлекеттің аумағына кіруді және жұмысты бо-

луын қамтамасыз ете отырып, жұмыс іздеп жүрген еңбекші-мигранттардың қозғалысын 

бақылауға  бағытталған шараларға зиянсыз, қызметкер-мигрант бұл заңдар мен ереже-

лер сақталмаған және оның жағдайын реттеу мүмкін болмаған жағдайларда, өзіне және 

өз  отбасына  қатысты,  оның  алдыңғы  жұмысына  байланысты  сыйақылар,  әлеуметтік 

қамсыздандыру және басқа да жәрдемақыларға қатысты теңдей құқықтарға  ие бола ала-

ды.

2. Алдыңғы тармақта айтылған құқықтар туралы дау туындаған жағдайда, қызметкер 

өз ісін өзі, немесе өзінің өкілі арқылы  құзырлы органға ұсынуға мүмкіндігі бар. 

3. Елден шығарып жіберген жағдайда, қызметкер мен оның отбасы шығын шекпеулері 

тиіс. 

4. Осы Конвенцияның бірде-бір ережесі елде заңсыз жүрген немесе жұмыс істеп жүрген 

адамдарға Ұйым мүшелерінің заңды негізде тұруға және жұмыс істеуге құқықты беруіне 

бөгет болмайды.  – ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясының 9-бабы.

Халықтың көші-қоны туралы заңда

92

 заңсыз иммигранттар ретінде келу, кету, болу, сон-



дай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін 

заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдік-

тер мен азаматтығы жоқ адамдар айқындалады. Шетелдiктiң Қазақстан Республикасында 

болу ережелерін бұзуы (заңсыз кіру, белгіленген мерзімде қайтып кетуден жалтаруы, келу 

мақсатының  визада,  көші-қон  парақшасында  көрсетілген  не  тіркеу  кезіндегі  мақсаттарға 

сай болмауы, транзиттік өту ережелерін сақтамауы) әкімшілік құқық бұзушылық болып та-

былады. Осы аталған заңды бұзғаны үшін қазақстандық заңнамада

93

 әкімшілік жауапкер-



шілік көзделген. 

Жоғарыда келтірілген заңсыз иммигранттар анықтамасы елге заңсыз келген және тұрып, 

бірақ жұмыс берушінің тиісті рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан шетел-

діктерді қамтымайды. Оларға байланысты ұлттық заңнамада

94

 Қазақстан Республикасының 



аумағынан  әкімшілік  жолмен  шығара  отырып,  жиырмадан  жиырма  бес  айлық  есептік 

көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу көзделген. Елден шығарып жіберген жағдайда 

тиісті шығыстарды елден кетірілетін шетелдік азаматтар не шетелдікті Қазақстан Респуб-

ликасына шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар, ал ерекше жағдайларда – ішкі істер ор-

гандары көтереді

95



Қазақстанда 2006 жылғы 1 тамыздан 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде 

ТМД елдерінен мәртебелері реттелмеген еңбек иммигранттарын заңдастыру (рақымшылық 




3

жасау) жүргізілгендігін атап өту қажет

96

. Рақымшылық мына тұлғаларға қолданылмады:



заңнаманы бұзып келген;

Қазақстан Республикасында болу құқығын растайтын құжаттары жоқ;



өзі туралы, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы туралы жалған мәліметтерді 

хабарлаған немесе қажетті құжаттарды табыс етпеген;

лицензия алуды талап ететін, лицензиясыз қызметті жүзеге асыратын.



Аталған іс-шара, осы жағдайда қажетті, жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға 

алатын рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген мәртебесі реттелмеген еңбек-

мигранттарын қамтыды. 

Бұдан  әрі  мигранттарды  заңды  негізде  еңбекке  тарту  үшін,  жұмыс  берушілерге  ТМД 

мемлекеттерінен бұрын заңсыз түрде жалдаған мигранттарды ішкі істер органдарына тір-

кеу жолымен заңдастыру құқығы берілген мерзімі белгіленді

97

. Жұмыс беруші оларды тір-



кеуге алған сәттен бастап үш жылға дейінгі уақытқа заңдастырылған еңбекші-мигранттар-

мен, еңбек шартын жасай алады. Аталған рәсім Қазақстан Республикасына рақымшылық 

жасау  туралы  Заң  қолданысқа  енгізілгенге  дейін  күнтізбелік  алпыс  күн  бұрын  келген 

және  осы  уақыттан  бастап  еңбек  қызметін  жүзеге  асырып  жүрген  тұлғаларға  қатысты 

болды.  Заңдастырылған  еңбекші-мигранттар  арнайы  тізілімге  енгізілді,  ал  жұмыс  істе-

уге құқықтың дәлелі ретінде оларға ерекше үлгідегі көші-қон парақшасы берілді. Соны-

мен бірге Заңсыз еңбекші-мигранттарды заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау ту-

ралы  заң  заңдастырылған  еңбекші-мигранттар  еңбек  нарығына  еркін  қатынау  мәселесін 

ашық қалдырды. Жоғарыда көрсетілген заңды одан әрі іске асыру тәжірибесі көрсеткендей, 

еңбекші-мигранттар  заңдастыру  рәсімін  жүзеге  асырған  жұмыс  берушімен  ғана  еңбек 

қызметін жалғастыру құқығын алды.

Еңбекші-мигранттар тіркелген сәттен бастап жұмыс берушілер еңбекақы төлеу кезінде 

ұсталатын барлық салықтарды төлеуге тиіс болды. Сонымен қатар, заңдастырылған еңбекші-

мигранттар  жүргізілген  біржолғы  акция  барысында  зейнетақымен  қамсыздандыру  және 

міндетті әлеуметтік сақтандыру құқығын алмады және жұмыс берушілер қызметкерлердің 

бұл тобы бойынша тиісті төлемдерді жасамайды. Сонымен бірге, заңдастырылған еңбекші-

мигранттар мен олардың еңбегін пайдаланған жұмыс берушілер осының алдындағы заңсыз 

негізде еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты әкімшіліктік және қылмыстық жауап-

кершіліктен босатылды. 

 

96  «Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы» 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі  № 149-III Заңы. 

     97  Аталған іс-шара барысында 164 мыңға жуық еңбекші-мигранттар заңдастырылды.



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау