14
Бюджеттік жолнұсқа жасалды
1
, мұнда бюджеттік құрылымның негізі туралы, бюджеттік
жүйенің құрылымы, бюджеттік процеске тартылған мемлекеттік органдар мен мүдделі
топтардың рөлдері мен құзыреттілігі, жеке бюджеттердің көлемі, кірістер мен шығыстар
тізімі, оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлу, сонымен қатар бюджеттік
процесс, оның негізгі кезеңдері, яғни құру, қарастыру, бекіту, бюджеттің атқарылуы,
олардың атқарылуы жөніндегі есептілікті құру мен бекіту тәртібі туралы толық ақпарат
алуға болады.
2.3. Бюджеттік процеске қоғамның қатысуы
Азаматтар бюджеттік қаржыларды қалыптастыру, орындау және бақылау кезеңдері туралы,
мемлекеттік орган жұмыстарымен қанағаттанарлық дәрежесі туралы кері байланыс пен
пікірлерін айту арқылы әсер ете алады. Қоғамдық ұйымдарға біріккен азаматтар бюджеттік
шығындарға ықпал ете алады. Бюджеттік жүйенің принциптері қоғамға және үкіметтік емес
ұйымдарға бюджеттік процесстерге тиімді ат салысуға мүмкіндік береді. Ашықтық
принципі қоғамға бюджет туралы ақпарат алуына мүмкіндік туғызады.
Жергілікті бюджетті қарастыру кезінде мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобы
құрылады. Бюджеттік процеске қатысуға ынта білдірген азаматтық қоғамның ұйымдары
олармен бірігіп жұмыс істей алады, және жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс тобының пікірлерін
ескере отырып тұрақты комиссия тиісті дәйектемелер мен есептеулер арқылы жергілікті
бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды әзірлейді.
Мүдделі адамдар мен ұйымдар бюджеттік процестің бірінші кезеңіне, шығындар лимитін
анықтауға, бюджеттік бағдарламаларды құруға, сондай-ақ қатысудың әртүрлі
механизмдерін қолдана отырып республикалық бюджет (жергілікті бюджет туралы шешім)
туралы заңды қабылдауға да қатыса алады. Мысалы, қоғамдық тыңдаулар, лоббилендіру,
эдвокаси науқаны (ұсыну/қорғау, қоғам мүддесін алға бастыру) және т.б.
Мысал ретінде бюджеттік талдау, мониторинг саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес
ұйымдардың Қазақстан ұлттық бюджет желісін (ҚҰБЖ)
2
құруын және қоғамның бюджеттік
процеске қатысуын алуға болады.
Ашықтық, есеп беру және мемлекеттік қаржы ресурстарын әділ бөлуді қамтамасыз ету
ҚҰБЖ және оның серіктестер қызметінің стратегиялық маңызды бағыты болып табылады.
Үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз зерттеушілердің басымды бағыттарының бірі -
бюджеттік процесте ғылыми қосымша зерттеу жүргізу. ҚҰБЖ құрамындағы үкіметтік емес
ұйымдар «Жергілікті бюджеттің ашықтық индексі» атты жұмысты әзірлеуді бастауға,
зерттеу жүргізуге итермеледі, осылардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы бойынша
барлық жергілікті бюджеттің ашықтығын бағалау жүргізілмек.
ҚҰБЖ қызметі бюджеттік процесте азаматтық сектордың жұмысын жүйелендіруге,
шоғырландыруға және институционализдауға бағытталған. Азаматтарды, қоғамдық ұйым
жұмысшыларын, журналистерді, түрлі деңгейдегі депутаттарды жұмылдыра отырып
бюджеттік ресурстарды әділ түрде бөлу арқылы ҚР азаматтарының жағдайын жақсартуға
ҚҰБЖ дайын екендігін көрсетеді.
1
http://eval-net.org/conference/2012/Presentations2012/Budget_guide_rus_light.pdf
2
http://nbsk.kz/
15
«Сандж зерттеу орталығы» ҚҚ 2010-2012 жылдар аралығында бюджеттің ашықтығы
жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Бюджеттің ашықтық индексін» (Open Budget Index,
OBI) анықтау үшін «Халықаралық Бюджеттік Серіктестік» (International Budget Partnership,
IBP) атты халықаралық жоба шеңберінде зерттеу ұйымдастырылады. 2012
жылы бюджеттің
ашықтығын зерттеуі 100 баллдық жүйе бойынша Қазақстан өз баллын
38-ден
48-ге
көтергенін анықтады, яғни Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда бюджеттік ақпаратқа
азаматтардың қолжетімділігін маңызды түрде жақсартты. Қазақстан тұрғындары
мемлекеттік қаражатты басқаруға араласып, шешім қабылдауға қатысып, үкіметтен есеп
беруді талап ете алатындығын көрсетеді.
3
Осындай зерттеулердің нәтижесінде қоғамдық сектор мемлекеттік органдармен қызметтес
болып, еліміздегі бюджеттік процестің дамуына ықпал етеді.
3. Мектепті қаржыландыру көздері
3.1. Білім беру саласын бюджеттік қаржыландыру
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жиынтық принципі бойынша республикалық және жергілікті бюджет
есебiнен жүзеге асырылады.
Үкімет органдарының өкілеттіліктерін шектеу жүйесіне байланысты жергілікті бюджеттер
білім беру саласының шығындарын қаржыландырады. ҚР Бюджеттік кодексіне сәйкес
жергілікті бюджеттен мыналар қаржыландырылады:
бастауыш, орта және жалпы орта білім беру, оған қоса оқытудың кешкі (ауысымдық)
түрін, интернат түріндегі ұйым арқылы ұсынатын жалпы
орта білім беру;
мектепке дейінгі даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу
бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдарды сатып алу, жеткізіп беру;
балалардың қосымша білім алуы;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын
мемлекеттік білім беру мекемелерін (қылмыстық-атқару жүйесінің түзету
мекемелеріндегі білім беру мекемелерін қоспағанда) материалдық-техникалық
қамсыздандыру;
жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынан айырылған балаларды мемлекеттік
қамқорлыққа алу, оларды міндетті түрде жұмыспен, тұрғын үймен қамту;
мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалардан басқа білім беру
мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;
аудандық (қалалық) масштабта мектептік олимпиадаларды жүргізу; жеке оқушылар мен
тәрбиеленушілер категориясын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру; мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту.
(Аудан бюджетінің шығыстары (облыстық маңызы бар қалалар), ҚР Бюджеттік кодексінің
56-бабы).
3
http://internationalbudget.org/