Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет3/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


 
Қаржы  мәселелері  жөніндегі  мектеп  директорларына  арналған  осы  Нұсқаулық  Сорос-
Қазақстан  қорының  «Орта  білім  беру  жүйесіндегі  мектептердің  қаржысын  басқару 
жөніндегі Нұсқаулықты жасау және алға жылжыту» атты жобасы аясында әзірленген.  
 
 
 
 



 
1.  Стратегиялық бюджеттендіру  
Ұйымды стратегиялық жоспарлау дегеніміз не? Бұл ұйымның орташа мерзімді және ұзақ 
мерзімді мүмкіншілікте атқаратын қызмет жоспарын (қызмет бағытын), қойылған мақсатқа 
жету үшін оның ресурстық жабдықталуын анықтау процесі.  
Мектептегі  дәстүрлі  жұмыс  істеу  жоспарының  стратегиялық  жоспардан  негізгі 
айырмашылықтары мынадай:  
Дәстүрлі жоспар 
  жұмыс жоспары жыл сайынғы 
ұстаздардың тамыз кеңесінде 
бекітіледі, алдағы оқу жылының 
мақсаттары мен міндеттері 
анықталады; 
 
  жылдық жоспардың негізгі міндеті – 
оқу мекемесінің тиімді қызмет етуін 
қамтамасыз ету. 
Стратегиялық жоспар 
  мектептің стратегиялық жоспарының 
негізгі міндеті – мектепті дамыту; 
 
  стратегиялық жоспар оң өзгерістер 
катализаторының міндетін 
атқарумен қатар бір жылға мектеп 
жұмысының Жоспарын тұрақты 
жүзеге асыруды қамтиды.  
 
 
Стратегиялық  жоспарды  әзірлеу  кезінде  Әдістемелік  нұсқаулықтың  5-ші  қосымшасына 
сәйкес (Нұсқаулықтың 1-ші қосымшасын қараңыз) мемлекеттік органдардың стратегиялық 
жоспарларының үлгісін басшылыққа алған жөн.  
Стратегиялық  талдау  стратегиялық  жоспарлау  процесінің  ажырамас  бөлігі.    Мектеп 
қауымдастықтағы  ағымдағы  жағдайын  бағаламайынша  жағдайды  өзгерту  немесе  жақсарту 
мүмкін емес. Жиналған деректерінің ахуалдық талдауы мыналар үшін қажет:  

 
мектеп дамуындағы мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптер аясын анықтау; 

 
мәселелерді анықтап себеп-салдарлық талдауды жасау; 

 
мектеп дамуында күтілетін сценарийлерді талдау. 
Қаржы  ақпаратын  өңдеу  стратегиялық  талдаудың  маңызды  құрамды  бөлігі  болып 
табылады. Қаржы ақпаратымен жұмыс істеу циклге келесі қызмет түрлері кіреді:  
1.  Өткен кезеңнің есептілігін дайындау; 
2.  Қаржылық  талдау  жасау,  яғни  шаруашылық  қызметін  табысты  жүргізуді 
сипаттайтын  параметрлерінің  өзгеру  динамикасын  көрсететін  көрсеткіштерді 
есептеу негізінде мектептің ағымдағы жағдайын бағалау
3.  Мақсат қою және ресурстарды қолданудың ұтымды тәсілдерін анықтау
4.  Келешек  қызметін  модельдеу.  Негізгі  факторлардың  өзгеру  кезіндегі  (сатып 
алынатын  ресурстардың  бағасы,  салық  реттегіші  және  басқалары)  экономикалық 
тұрақтылықты  бағалау  және    дамудың  әр  түрлі  сценарийлерін  (оптимистік, 
пессимистік, ықтимал) жасау.  
 
Сондықтан  бюджет  -  мақсатқа  жетуге  қажет  барлық  ресурстарды  қарастыратын, 
стратегиялық жоспарды жүзеге асыратын құрал болып табылады.  
Бюджетті құру, қабылдау, кейін олардың атқарылуын бақылау процесі бюджеттендіру деп 
аталады.  Бұл  белгілі  бір  уақыт  ішінде  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  ресурстарын 


10 
 
ұтымды үлестіруге арналған қаржылық басқару жүйесінің құрама бөлігі болып табылады.  
Бюджет  –  толықтай  қаржылық  термин  болғандықтан,  алдын  ала  бюджеттендіру 
технологиясын  қаржы  көрсеткіштеріне  бағыттайды.  Басқарудың  заманауи  тәсілдері  тек 
қаржы  көрсеткіштерін  негізге  ала  отырып,  ұйымның  қаржы  қызметін  басқару  және 
жоспарлау жеткіліксіз екендігін дәлелдеп отыр.  
Жан басына қаржыландыру жағдайында (жуық арада ҚР білім беру ұйымдарына енгізілетін 
болады)  ұзақ  мерзімді  дамудың  маңызы  өте  зор  болады.  Сауатты  стратегиялық  басқару, 
ішкі процестердің тиімділігі, қызметкерлердің білімі мен біліктілігі, жоғары сапалы қызмет 
көрсетуді  ұйымдастыра  білу,  корпоративтік  мәдениет,  инновация  мен  ұйымдық 
жақсартылуды  ынталандыру,  ақпараттық  технологиялар  оның  негізгі  факторлары  болып 
табылады.  Демек,  қаржылық  есептеу  мен  жоспарлаудың  үлгісі  зияткерлік  және 
материалдық емес активтер арқасында кеңеюі тиіс.   
Қызмет  индикаторларының  теңестірілген  жүйесі  – BSC  (Balanced  Scorecard) стратегиялық 
және  тактикалық  басқарудың  жоғарыда  аталған  барлық  мәселелерін  шешуге  мүмкіндік 
береді.  Жүйенің  негізгі  міндеті  -  ұйым  ішіндегі  ұйымдастыру  бастамаларды  байқау  және 
тудыру  мақсатында  ұйымның  стратегиясын  күшейту,  оны  ресімдеу,  әрбір  қызметкерге 
жеткізу, мониторингті және кері байланысты қамтамасыз ету. 
Төменде стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендірудің үйлесуі сызба түрінде келтірілген. 
Мұнда  стратегия  -  ұйым  қол  жеткізу  керек  мақсаттарын  көрсететін  гипотеза  ретінде 
құрылса, ал бюджет осы гипотезаны тексеруге көмектесуі керек.  
 
 
BSC мақсаттар жүйесі мен көрсеткіштері келесі 4 бағыттан тұрады: 


11 
 
Қаржы
Ішкі процестер
Оқыту/дамыту
Қызмет сапасы, 
тұтынушылардың
қанағаттануы
 
«Қаржы»  бағыты  ұйым  стратегиясы  оны  жетілдіре  алады  ма  деген  жұмыс  сапасын 
көрсететін  қаржы  өлшемінен  тұрады.  «Қызмет  сапасы,  тұтынушылардың  қанағаттануы» 
атты  бағыт  ұсынылатын  білім  беру  сапасы,  тұтынушылардың  қанағаттануы  бойынша 
ұйымға  негізгі  бағалау  сипаттамасын  алуға  мүмкіндік  береді.  «Ішкі  процестер»  бағыты 
ұйымның  ішкі қызметін бағалау үшін қолданылады. Ұйым мен тұтынушылардың мүддесін 
қанағаттандыру  кезінде  маңызды  орын  алатын  шаруашылық  операциялар  анықталады 
(қаржылық есептеу, мемлекеттік сатып алу, түгендеу жүргізу), нұсқаушы тапсырмалар мен 
BSC қаржылық және тұтынушы саласының бағалау көрсеткіштері негізінде (ішкі бақылау, 
Қамқоршылық  кеңес)  қызмет  ету  бағдарламасы  әзірленеді.  «Оқыту/дамыту»  бағыты 
мақсаттар  мен  қайта  оқыту  кезінде  олардың  жетістіктерін  бағалау  көрсеткіштерінен, 
кадрлардың  біліктілігін  көтеруден,  ұжым  ішінде  қолайлы  жағдай  жасаудан  тұрады, 
сонымен  бірге  педагогикалық  технологиялардың  тиімділігі  мен  ұйымның  ақпараттық 
жүйелерін бағалайды.  
2.  Мемлекеттік бюджет 
2.1. Бюджет деңгейлері   
Бюджет – бұл мемлекеттік кірістер мен шығыстар туралы мәліметтерден тұратын құжат, 
кірістер  мен  шығыстарды  қаржы  заңнамасының  есепке  ала  отырып  үкімет  өкілеттігі, 
яғни  бюджеттің  атқарылуы  туралы  заңның  сақталуы  туралы  құжат.  Сонымен,  бюджет 
дегеніміз бұл белгілі бір мерзім аралығындағы кірістер мен шығыстардың  жоспары.    
Қазақстанда  мемлекеттік  бюджет  республикалық  және  жергілікті  бюджет  деңгейлеріне 
бөлінеді.  
Салықтар  мен 
 
түсімдер  есебінен  қалыптастырылатын  және  орталық  мемлекеттік 
органдардың,  оларға  ведомстволық  бағынысты  мемлекеттік  мекемелердің  (мысалы,  ҚР 
Президентіне  тікелей  бағынатын  министрліктер,  органдар  және  т.б.)    міндеттері  мен 
функцияларын  қаржымен  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ  мемлекеттік  саясаттың 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау