Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет14/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

35 
 
жобасына  қол  қояды  және  оны  әлеуетті  өнім  берушіге  жiбередi  (Ереженің  4  және  5 
қосымшалары). Шарт жобасының әр бір парағына тапсырыс беруші қол қоюы тиіс. 
 
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың 
жобасын  әлеуетті  өнім  берушіге  жiберген  күннен  бастап  күнтiзбелiк  отыз  күннен  аспауға 
тиiс.
 
 
Өнiм  беруші  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  жасасқан  күннен бастап  он  жұмыс  күнi 
iшiнде  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарттың  орындалуын  қамтамасыз  етудi  енгiзуге 
мiндеттi.  Өнім  беруші  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарттың  орындалуын  қамтамасыз 
етудi  өзімен  жасалған  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша  өз  мiндеттемелерiн 
уақытылы, толық және тиiсті түрде орындайтынына кепiлдiк ретiнде енгiзедi. 
 
Келісім шарттың қамтамасыз ету көлемі келісім шарттың жалпы сомасының 3 % құрайды. 
Егер  алдын  ала  төлем  жасалынса,  онда  келісім  шарт  орындалуының  қамтамасыз  етулуі 
алдын ала төленген сомасына сай болуы тиіс, ал сол сома  мемлекеттік сатып алу туралы 
келісім шарттың жалпы сомасының 3 пайызынан кем болмау керек. 
 
Мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шартта  осы  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша 
міндеттемелердің  орындалмағаны  не  тиісінше  орындалмағаны  үшін  тұрақсыздық  төлемі, 
сондай-ақ  тапсырыс  берушінің  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарттың  толық  сомасынан 
тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті көзделуге тиіс. 
 
Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты осы Заңда 
белгіленген  мерзімде  тапсырыс  берушіге  бермесе  немесе  мемлекеттік  сатып  алу  туралы 
шартты  жасасып,  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарттың  орындалуын  қамтамасыз  етуді 
енгізбесе,  мұндай  әлеуетті  өнім  беруші  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шартты  жасасудан 
жалтарды деп танылады. 
 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу 
туралы  шартты  тапсырыс  беруші  оны  жасағаннан  кейiн  не  өнім  беруші  конкурстық 
құжаттамада  не  аукциондық  құжаттамада  көзделген  шарттың  орындалуын  қамтамасыз 
етудi  толық  енгiзгеннен  кейiн  бес  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей  мемлекеттiк  сатып  алу 
туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады. 
Өнім  беруші  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  бойынша  қабылдаған  мiндеттемелерiн 
орындамаған  не  тиісті  түрде  орындамаған  жағдайда,  тапсырыс  беруші  он  жұмыс  күнінен 
кешіктірмей,  міндеттерді  жауапсыз  орындайтын  өнім  берушілерді  реестрге  тіркеу  үшін 
аумақтық сот органдарына шағым түсіреді. 
5.6. Мектеп директорларының тәжірибесінен  
Мемлекеттік  сатып  алу  процедурасы  бойынша  көптеген  сұрақтар  тәжірибелі  мектеп 
директорларында да қиындық туғызады. Мысалы: 

 
Міндеттерін  жауапсыз  атқаратын  (арам  пиғылды)  өнім  берушілермен  не  істеу 
керек; 

 
қаражат  үнемделген  жағдайда,  бұл  соманы  мектептің  басқа  мұқтаждарына 
пайдалануға бола ма; 


36 
 

 
бағдарлама әкімшілерімен жұмыс ісстеу барысында қиын жағдайларға тап болған 
кезде, өзін қалай ұстау керек

 
ыстық  тамақтануды,  мектеп  асханасының  жұмысын  қалай  ұйымдастыру  керек 
және басқалары.  
Төменде  кең  етек  алған  жағдайларды  мысалға  ала  отырып,  осындай  жағдай  туындаған 
кезде басшылыққа алынатын нұсқаулар келтіріліп отыр: 
1.  «Өнім  беруші  900  мың  теңгеге  тауар  ұсынуы  керек  еді,  мен  тек  600  мың  теңгенің 
тауарын  алдым.  Маған  айдың  соңына  дейін  бұл  ақшаларды  игеру  керек,  шотымда 
қаражат болмауы тиіс. Нәтижесінде – игерілмеген қаражат. Өнім беруші кепілдік хат 
негізінде  600  мың  теңгені  төлеп,  тауардың  қалған  бөлігін  кейін  әкеліп  беруге 
міндеттенеді.  Оған  осы  ақшаны  жіберуім  керек,  әйтпесе  менде  қаражат  игерілмей 
қалмақ. Маған әкімші ақша игерілмей қалмау керек деген». 
Ешқандай  кепілдік  хат  болмау  керек.  Тауар  жоқ  жерде  ақша  да  жоқ.  Сыбайлас 
жемқорлық  деп  айыптағанша,  қаражаттың  игерілмей  қалғаны  жақсы.  Ең  алдымен,  заң 
нормаларын басшылыққа алған жөн. Бұл жағдайда жауапкершілік бағдарлама әкімшісіне 
емес, мектеп директорына жүктеледі. 
2.  «Өнім беруші  конкурсты ұтып алды, онымен шартқа отырдық, оны қазынашылықта 
тіркедік.  Ол  барлығын  есептеп  келгенде  қаржының  жетпейтіндігін  білді.  Жұмыс 
көлемінің 70% орындалған кезде бізден тек оған ақша аударғанын күтті. Содан сол ол 
жоғалып  кетті.  Онымен  жасалған  шартты  бұза  алмадық.  Қазынашылыққа  бардық, 
заңгерлерді  жалдадық,  оның  барлығы  біз  оны  таппайынша,  оның  өзі  ескертуге  қол 
қоймайынша  шарт  бұзылмайды  деді.  Жолымыз  болып,  біз  оны  тауып  алдық.  Оны 
іздеп  таппағанда  не  болар  еді?».  «Менде  мұндай  жағдайға  тап  болған  едім,  алайда 
біздің  шартты  бұзды,  себебі  шартта  мынадай  өзгешелік  бар  еді:  бұл  үйде  ол  адам 
тіркелмеген және т.с.с. Ал қажет адамның тіркелген жері болғанда, курьер бұл хатты 
қайтарып берді, осы жағдайды қабылдаған жоқ».  
Сот  мұндай  істерді  қызмет  көрсетуді  ұсынушылардың  тіркелген  орны  бойынша 
қарастырады. Ең алдымен, пошта арқылы өнім берушіге хабарлама жіберу керек. Егер 
өнім  берушіні  табу  мүмкін  болмаса,  онда  оны  арам  пиғылды  өнім  берушілер  тізіміне 
тіркеу керек. 
3.  «Табиғи  сары  майға  тапсырыс  бердік,  конкурсты  бағасы  төмен  өнім  беруші  ұтып 
алды.  Нәтижесінде  маргарин  әкеліп  «барлығы  алып  жатыр,  сіздер  де  алыңыздар» 
дейді. 
Егер  сіз  тауардың  сапасы  төмен  немесе  нормаға  сәйкес  келмейді  деп  санасаңыз, 
сараптама жасатып, акт құрып, тауарды қайтарып беруіңіз керек. 
4.  «Аз қамтылған балаларды тамақтандыру. Жалпы білім беру қорының қаржысынан аз 
қамтылған  балаларға  қызмет  көрсету  бойынша  конкурсқа  қатысамыз.  Асхананы 
жалдаушыға,  яғни    өнім  ұсынушыға  конкурс  жариялаймыз.  Жыл  сайын  мен  жалға 
алушыларды  ауыстырып  отырамын,  себебі  олар  бағасын  төмен  ұсынады.Айталық 
маған 3 миллион берді, олар 1,5 миллион теңгесін алып тастады. Бағдарлама әкімшісі 
мектептен  осы  бір  жарым  миллионды  алып  тастай  ала  ма?  Осы  қордан  ақшаны 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау