Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
254
Аталған бөлімшелерді оқыту оқушыларды қоршаған ортаны түсіну,
сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі
зерделеуге көмектеседі.
Биология бойынша бағдарламаның негізгі ерекшеліктері болып биология
бөлімдерін зерделеу жүйелілігінде оқытудың «шиыршық»
принципін
пайдаланылады. Бағдарламада 7-сыныптан бастап біртіндеп мазмұнының
тереңдеуімен және күрделенуімен биология курсының барлық негізгі
мәселелері оқытылады.
Демек, оқушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық
процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру
мүмкіндігін алады.
Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды
зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:
«Тірі ағзалардың әралуандылығы» – оқушыларды ағзалардың әр түріне
арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісіне оқыту.
«Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалау
(аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).
«Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу
(химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта
жан-жақты зерделейтін болады).
Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға
бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта –
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Мектепте
«Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі
өмірге дайындауда маңызды мағынаға ие.
Жаңартылған мазмұндағы 7-сыныпқа арналған «Физика» пәнін оқытудың
мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің
жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды
практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау
қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде
жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың
ғылыми әдістерін меңгерту;
2) білім алушылардың интелектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік
және рефлективтік мәдениетін, физикалық экспериментті және зерттеу
жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға
тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған
ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
қолдану.