Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет104/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
252 
білім  алушылар  бір  далалық  зерттеу  (мысалы,  бақылау  және  өлшеу),  бір 
картосхема  құрастыру,  бір  номенклатура  тапсыру  және  деректер  базасы 
формасындағы бір кесте құрастырулары тиіс, яғни бұл жұмыстарды әр сабақта 
жасау  қажетті  емес.  Тақырыпты  ортақ  оқу  мақсаттарымен  толықтыру  реті 
мұғалімнің қалауынша жүзеге асырылады.  
Ортақ  оқу  мақсаттарын  бағалау  оқытудың  негізгі  мақсатын  бағалау 
аясында  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  «7.3.3.6  -  мұхит  суының  қозғалыстарын 
жіктеп,  түсіндіреді»  мақсатын,  «7.2.1.1  -  тақырып  бойынша  картосхемаларды 
жасай  алады»  мақсатымен  толықтырған  жағдайда,  білім  жетістігін  бағалау 
негізінен  7.3.3.6  мақсатын  бағалау  арқылы  жүзеге  асырылады,  ал  ағыстар 
географиясын  көрсететін  картосхеманың  болуы,  бағалау  критерийлерінің  бірі 
рөлін атқарады. Сонымен қатар іс-әрекеттің бір түрінің көмегімен екінші өтпелі 
мақсатты  да  қамтуға  болады,  мысалы,  7.2.1.2  -  географиялық  номенклатура 
нысандарын  картадан  көрсетеді.  Білім  алушының  өзі  құрастырған 
картосхемасынан  ағыстарды  көрсетуі  негізгі  оқу  мақсатын  бағалаудың  бір 
критерийі болып саналады. 
Оқудың  әр  мақсаты  бойынша  тапсырмалар  әзірлеу  міндетті  емес. 
Мұғалімдер  оқудың  бірнеше  мақсатын  қамтитын  бір  тапсырма  әзірлеулеріне 
болады. 
Жүйелі-әрекеттік  тәсілді  жүзеге  асыру  жағдайында  әр  тапсырма 
тәжірибеге  бағытталған  болып  табылады.  Бірінші  және  екінші  бөлімдердің 
ортақ  оқу  мақсаттары  бұл  тәсілді  күшейтуге  мүмкіндік  береді  (бұл  өтпелі 
мақсаттардың  топтамасы  әр  тақырыпты  оқытудың  ұзақ  мерзімді  жоспарында 
анықталған).  Демек,  бағдарламада  міндетті  практикалық  жұмыстар  тізімі 
қарастырылмаған. 
Білім  алушылар  мұғалімнің  басқаруымен  географиялық  ақпарат 
көздерімен, географиялық зерттеу әдістерін қолданумен (далалық әдіс, бақылау 
әдісі), 
схемалар, 
графиктер, 
диаграммалар, 
профильдер 
құрастыру, 
географиялық  карталармен  жұмыс  істеу  арқылы  орындайтын  зерттеушілік 
жұмысқа көп көңіл аударылады. 
Пән  мұғалімдеріне  әр  білім  алушыға  қажетті  білімді  алуға  жағдай 
жасайтын,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  (АКТ)  пайдалану 
ұсынылады.  «Геограия»  пәнін  оқу  барысында  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдалану: 
-  білім алушының оқу-танымдық қызығушылығын арттыру
-  оқу процесін тиімді ұйымдастыру; 
-  білім 
алушының 
оқу-танымдық 
әрекеттерін 
белсендендіру 
мүмкіндіктерін береді. 
«География»  оқу  пәні  бойынша  бағдарламада  қарастырылған  далалық 
зерттеу, бақылау және эксперименттік жұмыстарды мұғалімдер сыныптан тыс 
орындарда өткізе алады.  
«География» оқу  пәні бойынша  оқу  жүктемесінің 7-сыныптағы  көлемі  – 
аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
253 
«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде 
оқушыларға  қоршаған  ортаның  көп  түрлілігі  мен  эволюциясы  туралы  білім 
береді,  тірі  ағзалардың  даму  заңы  мен  заңдылықтарын  қарастырады,  сонымен 
қатар  әлемнің  таңғажайып  құбылыстарын  оқып-тануға  және  зерттеуге 
мүмкіндік береді.  
7-сыныпқа  арналған  «Биология»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  оқу 
бағдарламасы  оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, 
топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды 
орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.  
«Биология»  пәні:  биологияның  оқу  құрал-жабдықтарын  пайдалану 
бойынша, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған 
мәліметтерді  жинау,  өңдеу  және  түсінік  беру  сияқты  бірқатар  практикалық 
дағдыларды  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Биологияны  оқу,  оқушыларға  алған 
білім, білік пен дағдыны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.  
«Биология»  пәнінің  мақсаты  –  оқушыларға  органикалық  дүниенің 
көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен 
заңдылықтары,  сонымен  қатар  адам  оның  ажырамас  бөлігі  туралы  білім  мен 
түсінік жүйелерін беру. 
Оқу пәнінің міндеттері: 
1)  жер  бетіндегі  барлық  тірінің  құндылығын  түсіну  үшін  өмірдің 
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың 
негізгі 
патшалықтары 
ағзаларының 
көбеюі 
мен 
дамуы, 
экожүйе, 
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру; 
2)  экологиялық  этика  нормалары  мен  ережелерін,  табиғатқа 
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 
3)  генетикалық  сауаттылықты  қалыптастыру  -  салауатты  өмір  салты 
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау
4)  оқушылардың  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту,  биологиялық  білімдерін 
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, 
экологиялық  менеджмент  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 
практикалық іс-шараларға қатысу
«Биология»  пәні  бойынша  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  негізі 
оқытудың төрт бөлімін қамтиды:  «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі, құрылымы 
және  функциялары»;    «Көбею,  тұқым  қуалаушылық,  өзгергіштік»;  
«Эволюциялық  даму,  ағза  және  қоршаған  орта»;    «Кіріктірілген  қолданбалы 
ғылымдар».  
Биология  бойынша  білім  беру  бағдарламасы  оқытудың  бастапқы 
сатыларының  өзінде  пән  туралы  бүтіндей  түсінік  қалыптастыруға  мүмкіндік 
береді.  
Биология  бойынша  оқу  бағдарламасына  мынадай  бөлімшелер  енгізілді: 
«Тұқым  қуалаушылық  және  өзгергіштік  заңдылықтары»,  оның  шеңберінде 
тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология 
және  биотехнология»  –  микроорганиздер,  антибиотиктер  және  антисептиктер 
туралы түсініктер енгізіледі. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау