Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет101/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
246 
Сонымен  қатар  проблемаларды  өнертапқыштықпен  шешу  теориясы 
ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын 
пайдалану,  оқу  курсы  мазмұны  арқылы  өз  білімін  толықтыру  мен 
бағдарламаның  құрамдас  бөліктерін  өздігінен  қолдана  білу  қабілетін, 
оқушылардың 
интеллектуалдық 
және 
шығармашылық 
қабілеттерін, 
когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек. 
Бұл  білім  саласы  пәндерінің  мазмұны  бөлімдер  бойынша  берілген. 
Бөлімдер атаулары төмендегі кестеде келтірілген.    
 
65-кесте – Оқу бағдарламалары бөлімдерінің атаулары 
 
Математика, 
5-сынып 
Алгебра, 
7-сынып 
Геометрия, 
7-сынып 
Информатика, 
5-сынып 
Информатика, 
7-сынып 
Сандар  
Геометрия 
Компьютерлік жүйелер
 
Алгебра  
Ақпараттық процестер 
Статистика 
және 
ықтималдықтар теориясы 
Компьютерлік ойлау 
Математикалық  тіл  және 
математикалық модель 
Денсаулық және қауіпсіздік 
 
Бөлімдер  бөлімшелерге  бөлініп,  әр  бөлімшені  оқып  игеру  сыныптар 
бойынша  күтілетін  нәтижелер  түрінде  оқу  мақсаттары  жүйесінде  көрсетілген: 
дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктер.     
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдрламаларында барлық 
пәндер  бойынша  ұзақ  мерзімді  жоспар  берілген.  Онда  курс  материалы 
тоқсандарға  бөлініп  көрсетілген.  Ұзақ  мерзімді  жоспарда  тақырыптарды 
игеруге  және  бөлімшелерді  игеруге  жұмсалатын  сағат  сандары  көрсетілмеген. 
Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, 
бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.  
2013  жылғы  оқу  бағдарламаларымен  салыстырғанда  оқу  пәндердің 
базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.  
1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні. 
2017-2018 оқу жылы 5-сыныпқа бастауыш сыныптарда қолданыстағы 
бағдарлама бойынша оқытылған оқушылар келеді. Сондықтан, 5-сыныпта 
«Математика»  оқу  пәнінің  базалық  мазмұны,  шамалы  өзгерістерді 
қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу 
бағдарламасымен 
салыстырғанда 
жаңартылған 
мазмұндағы 
оқу 
бағдарламасында  «Жиын»  тарауы  және  «шиыршық»  принципін  сақтау 
мақсатында  «Кеңістік  фигураларының  жазбалары»  тарауы  қосылған,  оларды 
оқуға  оқу  жылына  берілген  170  сағаттан  сәйкесінше  5  сағат  және  3  сағат 
бөлінеді.   
Сонымен  қатар  базалық  мазмұн  тарауларын  оқып  игеруге  бөлінген 
сағаттарда  айырмашылық  бар.  «Натурал  сандар  және  нөл  саны»  тарауын 
игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
247 
сандары  өзгеріссіз.  «Математикалық  моделдеу  және  анализ»  бөліміне  баса 
назар аударылған.  
Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады.    
Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға 
көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.   
 2. 7-сынып,   «Алгебра» оқу пәні. 
Оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 
салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 
5  тарау  оқытылатын  болса,  жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасында                          
6  тарау  оқытылады.  Бұл,  «функция»  ұғымына  қатысты  материалдар  жеке 
«Функция.  Функцияның  графигі»  тарауы  етіп  берілген  және  бұл  тарауға                         
6-сыныптан  «Функция  ұғымы»,  «Функцияның  графигі»,  «Сызықтық  функция 
және  оның  графигі»,  «Сызықтық  функциялардың  графиктерінің  өзара 
орналасуы»,  «Екі  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеулер  жүйесін  графиктік 
тәсілмен  шешу»  тақырыптары  көшірілген.  Бұл  тақырыптар  6-сынып 
оқушыларының  игеруіне  қиындық  туғызады  деп  есептеп,  практик-
мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.  
Практикаға 
бағытталған, 
зерттеушілік 
және 
шығармашылық 
тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек. 
3. 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні 
7-сыныпта  оқушылар  «Геометрия»  оқу  пәнін  оқуға  енді  ғана  кіріседі, 
сондықтан  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда  жаңартылған 
мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.  
Бұл арада пәнінің практикалық бағыттылығы күшейтіледі. 
4. 5-сынып, «Информатика» оқу пәні. 
Ширшықтық ұстанымын сақтау үшін 5-сыныпта «Ақпараттық процестер» 
бөліміндегі  «Модельдеу»  бөлімшесі  «Компьютерлік  ойлау»  бөліміне 
ауыстырылды.  
5. 7-сынып, «Информатика» оқу пәні. 
Қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда  жаңартылған 
мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.  
 5,7-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына 
ерекше  көңіл  бөлінуі  керек.  Пән  үшін  айрықша  болып  танылатын 
оқушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ 
үшін оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. 
Мысалы:  «Оқушылар  әлеуметтік  желіні  пайдалану  мен  атрибуттарын 
ауызша талқылай алады».  
Программалау  тілі  ағылшын  тілі  болып  табылатынын,  көптеген 
компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. 
«Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша 
ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде 
сақтаулары  керек.  Мұғалімдер  оқушылардың  назарын,  информатика  бойынша 
(
http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon
)  лексиконда  сипатталғандай  академиялық 
тілді  пайдалануға  аударту,  сондай-ақ  ұқсастықтар  мен  метафораларды 
пайдалана отырып күрделі жүйелерді түсіндіру мүмкіндігі сияқты информатика 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау