Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
257
күйі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы
қолдану қажет.
Физика мен биологияда өзарабайланысы ретінде жалпы және ішінара
пайымдау болады. Табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика
заңдарының әсері туралы білімі оқушылардың биологиядан алған білімдерін
кеңейтуі мүмкін. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып
пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін
мыналарды жасау ұсынылады:
ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сөздік қорын
байыту, үш тілдегі физикалық терминологиямен таныстыру бойынша жүйелі
жұмыстар жүргізу;
физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және
талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру,
графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және
ауызша);
дағдыларын қалыптастыру
есептердің шешімін сауатты
ресімдеуге назар аудару;
жүргізілген тәжірибелік және зертханалық жұмыстар бойынша
кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді
дамыту;
оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру.
Оқу бағдарламасының келесі бөлімдері бойынша тақырыпты оқу
күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:
- «7.2.1.4 үдеудің не білдіретіндігін түсіну» - есептерді шешуде
формулалар қолданбай, «үдеу» түсінігінің өзін ғана енгізу. 7-сынып деңгейінде
үделген қозғалыс және «үдеу» түсінігі тек негізгі деңгейде оқытылады,
сәйкесінше жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигінің астында ауданды
есептеу, тікбұрыштың ауданын есептеуге келтіріледі.
- «7.1.1.7 графикалық әдіспен бір түзу бойымен бағытталған векторды
қоса және ала білу» - оқушыларға қиын емес есептер ұсыну және әр түрлі
денелердің қозғалысының нақты мысалында жақсы меңгерілетін «вектор»
бастапқы түсінігін енгізу ұсынылады.
- 7.3 «Қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымы»
бөлімінде
«Торричелли
тәжірибесі»
және
«Атмосфералық
қысым»
тақырыптары қаралады.
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта –
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Химия» пәні білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын
дамытуда, әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл
атқарады. Бұл пән оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың
өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Жаңа заттарды алу
мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған ортаның экологиялық