Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет32/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

 
      2. Қызметкердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол сияқты 
еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізе 
отырып белгіленуі мүмкін.
 
      
220-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек
 
                
жағдайлары
 
      1. Үйде істелетін жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келмейтін және 
оларды орындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар 
қамтамасыз етілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
 
      2. Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
 
      1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп 
беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, 
материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып орындау;
 
      2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен, материалдармен, жартылай 
дайын өнімдермен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;
 
      3) дайын өнімді алып шығу тәртібі мен мерзімдері;
 
      4) қызметкерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар 
міндетті түрде көзделуге тиіс.
 
      
221-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс
 
                
уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек
 
                
қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз
 
                
ету жағдайлары
 
      Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жұмыс берушінің қызметкердің жұмыс 
уақыты режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті 
қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы талаптардың 
сақталуы жөніндегі жағдайлар еңбек шартында белгіленеді.
 
 
24-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
222-бап. Мүгедектердің еңбек ету құқығын іске асыруы
 
      1. Мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін 
пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, 
жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.
 
      2. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы 
бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның 
денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін 
жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас 
тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым 
салынады.
 
      
223-бап. Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайлары
 
      1. Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс 
режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, 
гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша 
еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен 
салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын 
шектей алмайды.
 
      2. Мүгедектер еңбегін ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
 
      3. Жұмыс істеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келісімдерде, жұмыс 
берушінің актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленген қосымша 
кепілдіктер берілуі мүмкін.
 
      4. Жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген мүгедектердің толық емес жұмыс уақыты 
режимі, жүктемені азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық 
қорытындыларды орындауға міндетті.
 


 
      
224-бап. Мүгедек қызметкерлердің жұмыс уақытының
 
                
қысқартылған ұзақтығы
 
      1. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан 
аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді.
 
      2. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлердің күнделікті жұмысының 
(жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс.
 
      
225-бап. Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық
 
                
есебін қолдануды шектеу
 
      1. Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық 
есебін қолдануға жол берілмейді.
 
      2. Егер үшінші топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық
 
көрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін
 
режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді.
 
      
226-бап. Мүгедек қызметкерлердің түнгі уақыттағы
 
                
жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке
 
                
күндердегі жұмысын, оларды іссапарға жіберуді
 
                
шектеу
 
      Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс және мереке 
күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мұндай жұмыстарға 
медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келісімімен 
ғана жол беріледі.
 
      
227-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек
 
                
демалысын беру
 
      Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келісе 
отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес беріледі.
 
      
228-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы
 
                
қосымша демалыс беру
 
      Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бір 
мезгілде не мүгедек қызметкердің қалауы бойынша жұмыс жылының басқа уақытында 
беріледі.
 
 
25-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
229-бап. Азаматтық қызметке кіру
 
      1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша 
жүзеге асырылады.
 
      2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын 
ұйымдастырып, өткізеді.
 
      3. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына 
орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайды.
 
      4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің 
актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.
 
      
230-бап. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі
 
      Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі айқындайды.
 
      
231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер
 
      Азаматтық қызметші:
 
      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету 
құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес 
мақсатта пайдалануға;
 
      2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық
 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау